Материалдар / Дэн Сяопин – көрнекті қытай реформаторы 11 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дэн Сяопин – көрнекті қытай реформаторы 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Мамыр 2021
1835
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Кагазбекова Акмарал Окасовна

Сыныбы:11 сынып

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Дэн Сяопин – көрнекті қытай реформаторы.1-сабақ

Осы сабақта қол жеткізілуге тиісті оқыту мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.3.3.3 мемлекет тарихындағы тұлғаның рөлі жайлы қорытындылар жасау;

11.3.3.7 әлеуметтік-экономикалық процестерді түсіндіру үшін «қытайлық ерекшелігі бар социализм»ұғымын қолдану;

Сабақтың мақсаттары

Дэн Сяопиннің тұлғалық қасиеттері мен қызметіне сипаттама беру;

Дэн Сяопин реформаларының Қытайдың дамуы үшін маңызын бағалау.

Бағалау критерийлері

Мемлекеттің тарихи дамуының заңдылықтарын анықтайды

Тұлғаның тарихтағы рөліне баға береді

Тілдік мақсаттар


Білім алушылар біледі:Қытайдың әлемнің ең қарқынды дамып келе жатырған еліне айналуына не себеп болғаны туралы сөйлеу.

Пәндік лексика және терминология:

«Қарқынды алға басу»,«Мәдени революция»,жаңғыру, хунвейбиндер,халық коммунасы

Диалог құруға/ жазуға арналған пайдалы сөздер:

«Қарқынды алға басу»саясатының мақсаттары …………

«Мәдени революция»дегеніміз………

Хунвейбиндер-бұл………………………….

Құндылықтарды меңгерту

Адам құқықтары мен ар-намысына деген құрмет сезімін,толеранттық пен өзара түсіністікті тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар

География,дүниежүзі тарихы

Сабақтың концептісі

Өзгеру және сабақтастық

АКТ пайдалану

дағдылары

Ақпарат іздеу мен іріктеуге байланысты өзіндік жұмыс дағдыларын дамыту,фактілер мен құбылыстар арасындағы байланыстарды салыстыру және анықтау

Бастапқы

білім


Ұсынылатын бастапқы білімге білім алушылардың империяның даму тарихы туралы білімі қосылады.Әсіресе еуропалық колониялық империализм туралы 9-сыныптағы материал бойынша алған білімдерін пайдалану ұсынылады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер


Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

Сыныппен амандасу.Білім алушыларды түгелдеу

Оқулық,бор,дәптер,смартфон,ноутбук

Сабақтың басы

(5 мин)


Мұғалім сабақтың басында Мао Цзэдун мен Дэн Сяопиннің портреттерін көрсетіп,сұрақтарға жауап берулерін сұрайды:

Портреттен кімді көріп тұрсыздар? Бұл тарихи тұлғалар туралы не білесіздер?

Сұрақтарға жауаптарды талқылай отырып, білім алушылар сабақ тақырыбын,оқыту мақсаттары мен бағалау критерийлерін өз беттерімен анықтайды.Дэн Сяопин – Қытайдың көрнекті саяси қайраткері, реформатор. Ол Қытайдағы «қытайлық ерекшелігі бар социализм» деп аталатын жаңа саяси бағыттың негізін қалаушы.Дэн Сяопин 1904 жылы 22 тамызда Сычуань провинциясының Байфан елді мекенінде дүниеге келді. Туған кезде оған Дэн Сисян деген ат қойды, бұл «даналыққа үміт беруші» дегенді білдіреді. Орта мектепті бітіргеннен кейін Францияда оқуын жалғастырып, зауытта жұмысшы, от жағушы, даяшы болып істеді. Дэн Францияда жүргенде марксизм идеяларымен танысты, 1922 жылы «Қытай жастарының Социалистік одағына» мүше боп қабылданды. 1924 жылы Дэн Қытай Коммунистік партиясының (ҚКП) мүшесі болды. 1926 жылы Дэн Сяопин Франциядан кетуге мәжбүр болды, өйткені француз полициясы коммунистік идеяларды насихаттады деп айыптады. Марксизм идеяларын тереңірек түсіну үшін Дэн Мәскеуге барып, Шығыс Коммунистік еңбекшілер университетінің, содан кейін Қытайдың Сунь Ятсен атындағы Қытай еңбекшілері Университетінің студенті болды. 1927 жылы ол Қытайға оралып, азамат соғысына белсене қатысты.

Коммунистер азамат соғысында жеңіске жетті. 1949 жылы 1 қазанда олар Қытай Халық Республикасының (ҚХР) құрылғанын жариялады. Жаңадан құрылған мемлекетте Дэн Сяопин бірқатар маңызды мемлекеттік қызметтерге тағайындалды. 1952 жылы шілдесінде Дэн ҚХР Мемлекеттік әкімшілік кеңесі премьер-министрінің орынбасары лауазымына ие болды. 1953 жылдың жазында ол ҚХР қаржы министрі болып тағайындалды. 1956 жылы Дэн Сяопин ҚКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы болды. Алайда «мәдени революция» жылдарында (1966 – 1976 жж.) Дэн Сяопин Қытай экономикасына капитализм элементтерін енгізуге тырысқаны үшін барлық үкіметтік орыннан шеттетілді. 1976 жылы ҚКП Орталық Комитетінің төрағасы Мао Цзэдун қайтыс болғаннан кейін ол саясатқа қайта оралды. 1978 жылға қарай ол Қытай үкіметінің ең ықпалды мүшелерінің бірі болды. Дэн Сяопин экономиканы қалпына келтіруге және кедейлікпен күресуге бағытталған реформаларды бастайды.

1978 жылғы желтоқсанда өткен ҚКП ОК 11-шақырылымының үшінші пленумында Қытайдағы социализм құрылысының қорытындысы шығарылды. Пленумда Мао Цзэдун бастаған «үлкен секіріс» саясаты Қытайдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын едәуір нашарлатқаны анықталды. Қытай үкіметі Дэн Сяопин ұсынған елдің экономикалық жүйесін жаңғырту туралы шешім қабылдаған ол социалистік жүйені сақтай отырып, жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға біртіндеп көшуді ұсынды. Дэн Сяопин нарықтық экономиканы социализм жағдайында да дамытуға болатынына сенімді болды. Ол өзінің ұстанымын мына сөздермен түсіндірді : «Мысықтың түрі қандай болғаны маңызды емес, ол тек тышқан ауласа болды» . Осылайша коммунизм идеологиясының экономиканың дамуына әсері шектеулі болды. Нәтижесінде Қытайда экономикалық жүйенің аралас типі – жоспарлы экономиканың нарықтық экономика элементтерімен үйлескен түрі қалыптасты. «Төрт жаңғыру» деп аталатын бағыт бойынша ауылшаруашылығы, өнеркәсіп, қорғаныс және ғылым саласы жаңарудан өтті.

Дэн Сяопиннің тұсында қытайлық ерекшелігі бар социализмді дамыту бағыты жасалды. «Қытайлық ерекшеліктері бар социализм» – ұлттық ерекшеліктерді ескерген Қытайдағы социализм дамуының үлгісі. Социализмнің осы моделін дамыта отырып, Дэн Сяопин мен оның жақтастары басқа елдердің тәжірибесін қайталаудан бас тартты, бірақ халықтың көптігі, егістік жерлердің жетіспеушілігі, кедейлік мәселесі, бай табиғи ресурстар секілді қоғамының ерекшеліктерін ескерді.

Дэн Сяопиннің Қытайдың дамуына сіңірген еңбегі орасан зор. Ол Қытайды әлеуметтік-экономикалық дағдарыстан шығаруға көмектесетін жаңаша ойлауды ұсынды. 1997 жылы ҚКП-нің XV съезі Дэн Сяопиннің идеяларын партия жарғысына енгізу арқылы реформаларды жалғастыру туралы шешім қабылдады.

Дэн Сяопиннің мүсіні, Шэньчжэнь қаласы Лянхуашань саябағы, Қытай, 2019 ж.

Сабақтың ортасы

(15 мин)















(5 мин)






(5 мин)









Бейнежазбамен жұмыс.

Тапсырма:

Бейнежазбаны мұқият тыңдап шығып, ұсынылған кезең бойынша менталды картаны құрыңыз.

1949 – 1952 жж. кезеңді зерттейді.

1953 – 1957 жж. кезеңді зерттейді.

1958 -1960 жж. кезеңді зерттейді.

1961 -1965 жж. кезеңді зерттейді.

1966 -1976 жж. кезеңді зерттейді.

Дескрипторлар:

Зерттелетін кезеңнің кем дегенде 2 негізгі тарихи оқиғасын анықтайды.

Өзінің көзқарасын дәлелдеу үшін дәйектер келтіре алады

Білім алушылардың жұмыстарын таныстыру

Талқылауға арналған сұрақтар:

Қытай социализмінің ерекшеліктері неде?

Қытайда 1970-ші жылдардың аяғына дейін қандай социализм тұрғызылды?

Қытайлық қайта құрудың себептері мен мәні неде?

Дэн Сяопиннің нақыл сөзінің мағынасын түсіндіріңіз

"Мысықтың түсі қандай болғаны маңызды емес – бастысы,тышқан ұстаса болғаны"

Дескрипторлар:

Дэн Сяопиннің қытай тарихындағы рөліне баға береді

Кемінде 2 дәйек келтіреді

Оқиғалардың дұрыс ретін анықтаңыз:

Қытайда билік басына коммунистердің келуі

Прагматикалық реформалар

«Қарқынды алға басу»саясатының іске аспай қалуы

«Мәдени революция»

Қытайдың қарқынды дамып келе жатқан мемлекетке айналуы

Елді жаңғыртудағы ұмтылыстар

Дескрипторлар:

Ретімен кем дегенде 3 оқиғаны анықтайды

Өзін-өзі бағалау

Тақтада мұғалім оқиғалардың дұрыс ретін көрсетеді.













Сабақтың  соңы

(10 мин)


1.Сычуань провинциясының Байфаң елді мекенінде Дэн Сяопиннің дүниеге келген жылын көрсет.1904 ж.

2.Дэн Сяопин орта мектепті бітіргеннен кейін Францияға аттанды

3.Дэн Сяопин – әйгілі қытай саясаткері және кім екенін көрсет

Реформатор

4.Дэн Сяопиннің бағдарламасы (-лары)

Төрт жаңғырту» курсы

Қытайлық ерекшелігі бар социализм

5.Дэн Сяопин білім алған оқу орындарын көрсет.Дұрыс жауап саны:2

1.Шығыс еңбекшілерінің коммунистік университеті

2.Сунь Ятсен атындағы Қытай жұмысшылар университеті



Оқу тапсырмасы

Терминдермен жұмыс


Рефлексия


















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!