Материалдар / ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ МАМАНДЫҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ МАМАНДЫҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ МАМАНДЫҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Маусым 2021
331
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

УДК 372:75


ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ МАМАНДЫҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Магистр. Науатов Серикхан Кадирханович

1981serik@mail.ru

Таразский региональный университет им.М.Х.Дулати

Тараз, Қазақстан


Аннотация: Дене шынықтыру және спорттық білім жүйесінің мақсаты барлық жастағы азамаматтардың оқып, үйренуге, өндірістік еңбекке және шығармашылық қызметке дене даярлығын қамтамасыз етуге жағдай жасаудан тұрады. Дене мәдениетін жетілдірудің маңызды бағыты спорт мектептерінде, мамандандырылған спорт залдарында, спорт үйірмелері сияқты қосымша білім беру жүйелерінде оқытып, үйрету үдерісін даралау болып табылады.

Түйінді сөздер: Дене шынықтыру, спорт, жүйе, міңдет, жеке түлға және ерекщіліктер.


Дене шынықтыру және спорт бойынша оқу бағдарламасының мазмұнын таңдаудың әдістемелік негіздері оқытып, үйрету үдерісінің жалпы және арнайы міндеттерін шешумен байланысты. Бұл қандай да бір спорт түрінің ерекшелігіне байланысты оқу-тәрбие жүйесін ұйымдастыру және жүзеге асыруға дифференциалды жолмен шешу қажеттілігімен байланысты.

Дене шынықтыру және спорттық білім жүйесінің мақсаты барлық жастағы азамаматтардың оқып, үйренуге, өндірістік еңбекке және шығармашылық қызметке дене даярлығын қамтамасыз етуге жағдай жасаудан тұрады.

Бұл мақсат дене шынықтыру мен спорттың қазіргі заманғы даму сатысында жетілдірудің жалпы және арнайы міндеттерін шешумен жүзеге асады.Білім беру мекемелеріндегі оқытып, үйрету және тәрбиелеу үдерісінде дене шынықтыру мен спорт жүйесінің негізгі жалпы міндеттеріне мыналар жатады:оқып, үйренушілердің дене сапаларын дамыту және жетілдіру;әрбір оқып, үйренушіге дене мәдениетінің негізгі қолданбалы дағдыларын меңгерту;мақсатқа лайықтылық, батылдық және шешімшілдік, бастамашылдық және тапқырлық, табандылық және жігерлілік, ұстамдылық және байсалдылық, ұжымшылдық сезімі және өзара жолдастық көмек беру сияқты адамдық қасиеттерге тәрбиелеу;денсаулықты нығайту және ағзаны шынықтыру, қолайсыз қозғаушы күштердің және кәсіби қызмет жағдайының әсеріне орнылықты арттыру.

Дене шынықтыру курсының арнайы міндеттері – оқытып, үйретудің мақсаттар мен міндеттерін іске асыруға, бағыттылық оқыту бағдарламасына дене мәдениетінің барлық бөлімдерін кіргізу, олардың әрқайсысын меңгеруге оқу уақытының үйлесімді қатынасын белгілеу, оқу-тәрбие үдерісін жандандыру. Әрбір міндеттің өзінің өзгеше ерекшелігі болады.Бірінші міндет – дене мәдениеті міндеттерінің ішінде басты орынды дене сапаларын дамыту және жетілдіру алады.Төзімділікті, күшті, шапшаңдықты және әбжілдікті дамытудың жоғары деңгейінің маңызы жалпыға белгілі және көпшілік мойындаған қағида болып табылады. Қазіргі заманғы жағдайда бұл дене сапаларының маңыздылығы тек дәлелденіп қойылған жоқ, сонымен бірге адам ағзасының жалпы тұлғалық жағдайына олардың әсерінің сандық және сапалық сипаттамасы алынған.

Жоғары дене дайындығы деңгейі бар, үлкен дене жүктемелері мен жүйке-психикалық күштенудің әсері жағдайында жан-жақты дамыған адам, тәжірибе бойынша, жұмыс қабілеттілігі, қажуы, жүйке орнықтылығы көрсеткіштері бойынша басқа адамдарға қарағанда едәуір басымдықта болады.

Екінші міндет - дене мәдениетінің негізгі қолданбалы дағдыларын әрбір оқып, үйренушінің меңгеруі жүруде, жүгіруде, секіруде, өзін-өзі қорғау әдістерін орындаудағы әрекетте және қозғалу біліктілігіндегі қалыптасуды қарастырады.

Адамның қозғалыс біліктілігінің бөлшегі ретінде әдістер мен жаттығулар дене және психологиялық сапаларды дамыту және жетілдірудің тиімді құралы болып табылады. Олар экстремальды жағдайларда апаттық-құтқару құралдарын, жеңіл суға сүңгудің (водолаз) жабдықтарымен, киімімен жүзу, сүңгу және басқа судағы және су астындағы әрекеттер, күтпеген жағдайда кедір-бұдырлы, жыртылған жермен жүгіру, қарлы- борасын жағдайында қашықтықты қажет болған жағдайда шаңғымен жүріп өту сияқты арнайы дағдыларды меңгеруге негіз болады

Үшінші міндет – оқытып, үйрету және тәрбиелеу үдерісінде оқып, үйренушілердің жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыру.

Жеке тұлға – адамның психологиялық-әлеуметтік қасиеттерінің негізгі иесі.

«Жеке тұлға» ұғымында жеке адамның қоғам құрамында болатындығы анықталатын белгілері айқындалады.

Мақсатқа ұмтылуға, батылдыққа және шешімшілдіке, бастамшылдыққа және тапқырлыққа, табандылыққа және қажырлылыққа, ұстамдылыққа және сабырлылыққа, ұжымшылдық сезіміне және өзара жолдастық көмектесуге тәрбиелеу өскелең ұрпақтың және азаматтың жеке тұлғасы сипаты мен сапаларын қалыптастырудаға маңызды міндеті болып табылады.

Жоғарыда атап көрсетілген сапаларды дене мәдинеті мен спорт құралдары арқылы дамыту және жетілдірудің іс жүзіндегі мүмкіндіктері адамдардың жеке ерекшеліктерімен алдына қойылған оқу және тәрбиелік міндеттерді шешуі есепке алынып пайдаланылатын арнайы жаттығулар мен әдістемелік тәсілдерді шұғылдану сабақтарында орындау кезінде оларды жүйелі және мақсатты бағытта қолдану жағдайында ғана жүзеге асырылады.

Адамның өзінің даралық қасиеті (индивидуальность) қоғамдық-тарихи мәдинетті дамытудағы іс әрекет пен білім иесі ретінде әрбір адамның тіршілік қызметіндегі дара ерекшеліктері мен алдына қойған оқу және тәрбиелік міндеттерін жүзеге асырудағы өзіне тән қайталанбайтын рухани күйі мен ішкі сезімі болып табылады.

Төртінші міндет- оқу тәрбие үдерісіндегі сауықтыру бағыты. Бұл бірінші кезекте денсаулықты нығайту және ағзаны шынықтыру, қолайсыз жағдайлардың әсеріне орнықтылықты, төзімділікті арттыру және кәсіби қызметтің өзіне тән ерекшелігі болып табылады.

Бұл міңдетті шешуде теория мен іс тәжірибені дене мәдениеті мен спорттың үдерісіндегі байланысы принципі өз көрінісін табады.

Кез келен спорттық міндетті шешу тек студенттің денсаулыға есебінен ғана емес, керісінше денсаулықты үнемі нығайту және ағзаны шынықтырудағы мақсатты міндеттерді орындау негізінде қамтамасыз етілуі тиіс. Жақсы денсаулық дене мәдинеті мен спортты дұрыс ұйымдастырудың басты нәтижелерінің бірі ретінде қарастырылады.

Оқу және кәсіби қызмет үдерісінде пайда болатын әртүрлі бейнедегі қолайсыз қозғаушы күштердің (факторлардың) көптігі, адам ағзасының орнықты төзімділігін арттыру шараларын талап етеді. Мұның негізі, жан-жақты дене даярлығын қажетті денгейіне жеткізу болып табылады.

Бірқатар жағдайларда жекелеген сыртқы қолайсыз әсер етуші күштердің әсер етуіне ағзаның жоғары төзімділік көрсетуіне жетуі үшін жан-жақты дене даярлығы арнайы құралдар мен денені жаттықтыру әдістерімен толықтырылады.

Студентің психикалық дамуының қозғаушы күші, оның қабілеттері мен қоршаған ортамен байланысу түрлерінің жеткен даму денгейінің арасындағы үйлеспеушілік болып табылады.

Дене шынықтыружәне спорт саласындағы арнайы міндеттерді шешу жеке тұлғаның рухани және дене сапаларының қалыптасуы үшін үлкен маңызға ие. Оларды орындау спроттың қандай да бір түрі бойынша спортшыларды дайындаудың қажетті мүмкіндігі болып табылады.

Арнайы міндеттердің жекелеген (тобына) дене дамуында ауытқуы бар және дене даярлығы төмен студенттермен шұғылдану сабақтарын ұйымдастыру міндеттері арнайы қарастырылады. Бұл міндеттерді шешу оқытушыдан медицина саласы мен физиологияның жас ерекшеліктері мен морфологиясынан арнайы білімі болуын талап етеді.

Жеке тұлғаның құрылым негізі, яғни студенттің қызығушылығы мен қажеттілігі, күрделі психикалық құрылымының бағыты оның мінез – құлқын, іс әрекетін, спорттық қызығушылығын анықтайды.

Адамның оқу және кәсіби қызметі жағдайындағы және мінезіндегі мазмұндық айырмашылық дене мәдениеті мен спорттың жалпы және арнайы міндеттерін шешу қажеттілігін айқындайды. Арнайы міндеттерде дене дайындығына нақтылы, ерекше талап қою өз сипатын табады.

Арнайы міндеттерді шешу және оны жүзеге асыру жолдары студенттердің дене және психологиялық дайындықтарын дұрыс ұйымдастыруда негізді маңызы бар.

Алайда арнайы міндеттерді анықтау елеулі қиындықтар туындатады, яғни дене даярлығына қойылатын ерекше талаптың сипаты сырт көзге жиі байқалмайды.

Арнайы міндеттерді шешуге қойылатын негізгі талапты бөліп қарау үлкен қиыншылық туғызады, өйткені әрбір спорт түрі үшін оларды шешудің өзіндік ерекшелігі болады. Арнайы міндеттер дене мәденитінің барлық тарауларын оқыту бағдарламасына ендіру, жекелеген тақырыптар бойынша шұғылдануға бөлінген оқу уақытының үйлесімді қатынасын белгілеу есебінен жүзеге асырылады.Арнайы міндеттерді дұрыс анықтаудың негізді (принципті) мәні бар, өйткені бұл міндеттер оқу тәрбие үдерісінің мазмұны мен бағытына елеулі әсер етеді.Арнайы міндеттердің сипаттамасы спорт түрінің ерекшеліктерін сапалы ұғынуға қажеттілікпен, олардың әрқайсысының оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне қоятын талаптарына байланысты болады.

Дене мәдениетін жетілдірудің маңызды бағыты спорт мектептерінде, мамандандырылған спорт залдарында, спорт үйірмелері сияқты қосымша білім беру жүйелерінде оқытып, үйрету үдерісін даралау болып табылады, яғни олардың әрқайсысында әртүрлі спорт түрлерінің ерекшеліктерін есепке алатын күрделі бөліктерімен (дифференциял) оқу бағдарламалары болады.

Бұдан басқа, бөліктермен үйрету және даралау негізінде дене мәдениеті мен спорт бойынша оқытып, үйретуде оқу бағдарламасын қалыптастыру шұғылданушыларға биологиялық, ауа райы географиялық және әлеуметтік қозғаушы күштердің әсерлерін есепке алып жүзеге асырылады. Сонымен бірге, бұл қозғаушы күштер оқытып, үйретудің спецификалық міндеттерін анықтап, іске асыруға елеулі әсерін тигізеді.

Оқытып, үйретудің мазмұны, сипаты, жағдайы және студенттерді даярлаудың өзіндік ерекшеліктері болады, яғни оларды оқытып, үйретудің және тәрбиелеудің арнайы бағытын анықтайды. Студенттерді арнайы бағытпен дайындау дегеніміз, қандай да бір спорттың түріне жалпы және жекелеген бейімделу міндеттерін шешудің ең жақсы дәрежесін қамтамасыз ететін дене мәдениетін оқытып, үйретудің және тәрбиелеудің формалары мен әдістерін, жүйелі құралдарын іріктеу, таңдау және іс жүзінде қолдану болып табылады.

Қазіргі өскелең өмір талабы жағдайында дене мәдеиетіне оқытып, үйрету және тәрбиелеудің арнайы бағыты жайлы мәселелер үлкен теориялық және тәжірибелік маңызға ие болуда.

Дене тәрбиесінің маңызды міндеттерінің бірі әрбір шұғылданушыны дене жаттығуларын орындауға қызықтыру болып табылады. Мұнда оқытушының біліктілігіне, қабілеттілігіне және тәжірибелілігіне, оқу орнының материалдық-техникалық және оқу-спорттық базасына, санитарлық-гигиеналық жағдайына, сабақ өтілетін орынның спорт құрал-жабдықтарымен және спорт қондырғыларымен жарақтандырылуына көп дәрежеде байланысты.

Оқу тобының ұжымын ереже бойынша бірдей жастағы шұғылданушылар құрайды. Оқытып, үйрету барысында әрбір шұғылданушының спецификалық ерекшеліктері ескеріледі, спорттық құрал-жабдығынсыз және спорт қондырғыларынсыз да орындалуы мүмкін әртүрлі жаттығулар, әдістер мен әрекеттер меңгеріледі. Студенттердің даярлық деңгейі неғұрлым жоғары болса, солғұрлым оқытып, үйрету құралдары мен әдістері де әртүрлі және күрделірек болады.

Оқытып, үйретудің арнайы бағытын анықтайтын қозғаушы күштер оқу-тәрбие үдерісінің мазмұнына және сипатымен өзара тығыз байланыста. Әрбір оқытушының барынша маңызды міндеті-студенттердің дене тәрбиесінде бұл қозғаушы күштердің барлығы жан-жақты талдануы және есепке алынуы мүмкін.Дене мәдениетіне оқытып, үйрету және тәрбиелеудің арнайы бағыттылығын жүзеге асыру, студенттердің жұмыс қабілеттілігін арттыру, сонымен бірге сабақ үлгерімін жақсарту үшін барлық құралдар мен әдістерді тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сондықтан кәсіби қызметін табысты жүргізу үшін оқытушы оқу-тәрбие үдерісінің арнайы бағыттылығын анықтайтын негізгі қозғаушы күштерді ескеру қажет; шұғылданушылардың дене және психологиялық жағдайларына олардың әсер етуі; дене мәдениетіне оқытып, үйретудің барынша тиімді құралдары мен әдістерін пайдалану.Дене мәдениетіне оқытып, үйрету мен тәрбиелеудің арнайы бағыттылығының міндеттерін шешу студенттермен жұмыс жүргізуде оқытушыдан (жаттықтырушы) кәсіби шығармашылық ізденіс және жоғары педагогикалық шеберлікті және арнайы дайындық деңгейін талап етеді


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


1.Уақбаев Е. Дене тәрбиесінің негіздері. Алматы «Санат» 2000ж.

2. С.Ш. Әбенбаев Тәрбие теориясы мен әдістемесі (оқу құралы) Алматы «Дарын» 2004ж.

3. Шилібаев Б.А. Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. Тараз қ. 2012ж.

4. Р.Р.Аманбаев. Спорт теориясы мен әдістемесінің жалпы негіздері.(оқу құралы) Алматы 2006ж. ҚС ж ТА.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!