Материалдар / дене шынықтыру мұғалімінің педогогикалық шеберлігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

дене шынықтыру мұғалімінің педогогикалық шеберлігі

Материал туралы қысқаша түсінік
материал бала тәрбиесіне керек деп ойлаймын бұл жерде баланы дұрыс тәрбиелеу балаға уақытты кобірк көңіл болу туралы Елбасымыздың бағдарламасы жайында баланы дұрыс үйірмеге беру баланы ойымен бөлісу баланың саллауатты өмір салтын ұстануы дұрыс жолға салу мұғалімнің кәсіби шеберлігі айтылады осы арқылы балаға дұрыс жол корсетсе ата анамен байланыс жасау арқылы мұғалімнің кәсіби шеберлігін кажет етсе
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Ақпан 2019
6712
11 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІ МҰҒАЛІМІНІҢПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІ.

Мұстафаева.Г.Ү Т.Рұсқұлов ауданы .Айтқұл Шынасилов атындағы орта мектебі.

Дене шынықтыру сабағындағы мұғалімнің ең басты қаруы қарапайымдылық .Оқушының бойындағы жауапкершілікті арттыра түсу үшін ұстаз оған сенім артыуы тиіс.Оқушының өз бетінше шешім қабылдауына жағдай туғызған жөн.Бірақ мұғалім әрбір оқушыны бақылап жүріп, оларға дер кезінде қажетті тәрбие беріп отыруы керек.Тәрбиенің дұрыс берілуі көбінесе мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне,оның моральдық және мәдинеттілігіне,коллективте психологиаялық дұрыс жағдай туғыза білетін шеберлігіне, біліктілігіне байланысты.Оқушылардың еңбек тәрбиесіне көңіл бөле отырып, олардың қозңалыстық қасиетін дамыту, мұғалім тарапынан дұрыс жолға қойылса онда оқушының сабақтан тыс уақыттарда үй шаруашылығындағы дене қозғалысына аса пайдалы еңбекке деген жұмыс істеу қабілетінің артатыны да қазіргі таңда өз тәжирбемізден байқалып отыр. «Дене тәрбиесі» деген сөз дене мәдинеті деген ұғымды білдіреді.Демек,біздің міндетіміз мәдинетті ,еңбекқор адамды тәрбиелеу.Мәдинетті адам еңбектің қадірін жақсы біледі және өзінің де еңбегі жемісті болады.Дене шынықтыру сабағы оқушыларға эстетикалық тәрбие беруге септігін тигізеді.Біріншіден тазалыққа үйретеді–спорт залдың безендірілуі мен жабдықталуы жатады.Екіншіден , спорт киімдерінің тазалығы .Эстетикалық тәрбие сабақ кезінде музыканы пайдаланумен байланыстырады.Дұрыс қозғалыс пен жүріс-тұрыс, әдемі дене бітімі де эстетикалық тәрбие берудің әсерінен болады. Оқушыларға епті, күшті, сымбатты болу әркімнің қолынан келетіндігін түсіндіру қажет. Ол үшін үнемі дене жаттығуларын жасауды,күн тәртібін сақтауды, спорттық секциялаға қатысуды. Таза ауада жүріп дене бітімін шынықтыруды талап етуіміз керек.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2050 бағдарламасында «Қазақстан азаматтарының денсаулығы білімі мен әл-ауқатыбарлық қазақстандықтардың өмір сүру жағдайларын, білім мен мүмкіндіктерін ұдайы жақсарту» – деп атап көрсетті. Сондай-ақ дене тәрбиесі мен спорттың маңызын арттыруда елімізде сауықтыру жұмыстарының түрлері мен әдістерін жетілдіру ұсынылған.Қазақтың ұлттық қимылды ойындарын пайдалану арқылы баланың дене қимыл сапасын және қабілетін жан –жақты дамыту көзделген. Бұл мақсаттарға жетуде дене шынықтыру сабақтары мен денені сауықтыру жұмыстары,ертеңгілік гимнастика , сергіту сәттері ,үзілісте жүгізеді.Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің әлументтік маңызы барған сайын арта түсуде. Өйткені соңғы жылдардағы зерттеу жұмыстарының нәтижелері , әсіресе мектепке дейінгі кезеңде мақсатты түрде жүргізілетін педагогикалық шаралар нәтижесінде балалардың ,шыдамдылық төзімділік , жұмыс істеу қабілеті және басқа жеке тұлғаның жан –жақты және гормониялық дамуына қажетті сапалары қалыптасатындығын айқындайды. Еліміздің болашағы бүгінгі мектеп қабырғасындағы ұрпақ екені даусыз.Ертең ел тізгініне ие болар жеткіншектеріміздің ғаламдық өркениеттен қалып қоймай,білімді, тәрбиелі, жан-жақты болып қалыптасуының қамтамасыз етілуі-мемлекеттік маңызы бар іс.Бүгінгі таңда білім саласында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр .Осы өзгерістерді жүзеге асыру , әіресе, ұстаздарымыздың біліміне ,кәсіби шеберлігіне көп байланысты. Парасаттылықты ,адалдықты шәкіртерінің бойларына жас кезінен ұялтаын ұстаздар десек, қателеспес едік.Сондықтан да ұстаздар десек, қателеспес едік.Сондықтан да ұстаз еңбегіне еш баға жетпес емес. «Ұстаз дегенің өзі- биік атауға тең.Болмасаң да ұқсап бақ,бір ғалымды көрсеңіз!» -деп ұлы данышпан Абай айтып кеткендей ,және де ұстаздың өзі адам құндылықтарды терең сіңірген , рухани жаны таза адам болуы,қазір жаңалықтар легімен енген сонғы технологиялық дәуір ,осыған орай қазіргі кезеңнің талабына сай өскелең ұрпақты білімді, мәдинетті, ұшқыр ойлы, халқының салт дәстүрін дәстүрлей білетін, туғанОтанын, жан-тәнімен сүйетін азамат дәрежесінде тәрбиелеу және осыған жетелеудің өзі педогогикалық шеберлік демекпін. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі,зертеушілік қызметі мұғалімдік жұмысқа дайындық барысында, іс –тәжирбиеде және қайта даярлау кезінде қалыптасып тәрбиеленеді. Ұстаздар үздіксіз ізденіп, өз білімін үнемі жетілдіріп отырады педагогикалық әдіс тәсілдерді қолданып отырса ғана өзінің кәсіби шеберлігін арттырады. Бүгінгі талапқа сай мектепте білім берудің жаңа саласына жету-мұғалімнің мейрімділігімен ,білімімен,шеберлигімен тыңыз байланысты.Өз мамандыңына жан-жүрегімен берілген ұстаз ғана ұстаздық этиканы да ұстаздық техниканы да,шеберлікті жақсы менгереді. Біздің ойымызша, педогогикалық шеберлік-бұл мұғалімнің кіріктірілген қасиеті, өйткені ол өзінің құрамына өзара тәуелді, тығыз байланысты бірліктерді, яғни білім, іскерлік шеберлік, қабілет пен қасиеттерді қамтиды.Әрине педогогикалық шеберлік күрделі құрылым болғандықтан, онын мәнін ашуды,оны түсінуге деген әр түрлі көзқарас тұғырлары қалыптасқан.Қазіргі заман талабына орай , біз педогогикалық шеберліктің негізгі иновоциялық іс-әрекет деп тұжырымдаймыз.Тек жағашылдыққа деген талпыныс, үздіксіз ізденіс мұғалімді өз ісінің мұғалімді өз ісінің биік шыңына жетелейді.Осы тұжырымдыеліміздің маңдай алды азаматтары, өз ісінің шеберлері К.Нұргалиев,К.Бітібаева,Ж. Шайжүнісов,еліміздің бір туар тұлғалары Р.Нұртазина,А, Ысқақов,Е.Очкур сынды ұстаздар қызметі негізндежасадық .Олар өз педогогикалық іс- әрекет шыңына жаңашылдыққа ұмытылыс негізіне жетті.Бірақ иновациялық іс –әрекет , кәсіптік білім мен іскерліктерсіз және тұлғалық қасиеттерсіз жүзеге асыуы мүмкін емес. Әсіресе,қазіргі таңда мұғалім шеберлікке қол жеткізу үшін өзін-өзі басқара алуы керек,бойында оптимизм лидерлік қасиет, тәуекелге бел буа білу, қуаттылық, төзімділік сияқты тұлғалық қасиеттері болуы тиіс.Аталған қасиеттер мұғалімді, жаңашылдыққа жетелейді,жаңаны жасауға ынталандырады.































Әдебиет
  • Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал мектептегі дене шынықтыру.
  • Мектептегі дене шынықтыру журналы 2013ж.
  • Мектептегі дене шынықтыру және волелогия журналы 2012ж.
  • Спорт жұлдыздары журналы 2014ж.
  • Тілеуов «Дене тәрбиесі ілімі мен әдәстемесі» Шымкент,2003ж.
  • Ғаламтодағы дене шынықтыру және спорт сайттары.








































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!