Материалдар / ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫНДА ТАМЫР ӨЛШЕУДІҢ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘЛІМЕТТЕРІН ЖИНАУ ӘДІСТЕРІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫНДА ТАМЫР ӨЛШЕУДІҢ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘЛІМЕТТЕРІН ЖИНАУ ӘДІСТЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Тамыр соғуын өлшеу мәліметтеріне дұрыс талдау жасай білу, оқушыларға кейінірек өз әрекеттерін дұрыс бағалауға және сынып оқушыларына жүктемені дұрыс жоспарлауға, басқару әдістерін иеленулеріне жәрдем береді. Күзету- секундомер жәрдемі бір оқушы арқылы жүргізіледі. Бұл үшін тәртібі жақсы, оқушылардың тапсырмаларын тапжылтпай орындайтын оқушы таңдап алынады. Осы оқушыға күзет объекті туралы алдын ала ескертілуі керек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қаңтар 2022
815
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҒЫНДА ТАМЫР ӨЛШЕУДІҢ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘЛІМЕТТЕРІН ЖИНАУ ӘДІСТЕРІ


Абдураимов Бахтияр Кахарович

Хамза атындағы №2 жалпы орта мектеп, Түркістан қаласы


І

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде»,-деген даналық ата сөзі тегін айтылмаған.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа «Қазақстан -2030» Жолдауына сәйкес және денсаулықты нығайтуға ықпал ететін орта құру арқылы мектеп ұжымын салауаттылыққа жеткізу-мектептегі оқу мен тәрбиенің дұрыс жүйелі жүргізіліп жұмысына байланысты. Әрбір бала мен ересек өзінің денсаулығына жауапкершілікпен қарап, денсаулықты қалыптастыруда ұсынылған шарттар мен ережелерді жемісті игеріп, өз мүддесі үшін керектігін түсіне біліп, денсаулығының әрқашанда жақсы болуына үлес қосуы керек.

Дененің дамуы табиғаттың объектив заңдарына: организм және оның өмірлік жағдайларының бірлігі заңына, функция және структура өзгерулерінің бір біріне байланысты заңына, ағзада жайлап салмақ пен сана өзгеру заңы және т.б заңдарға сүйенеді. Адам денесінің дамуы жоғарыдағыдай объектив заңдар өзінің көрінісінде әрқашан әлеуметтік жағдайларға байланысты. Олардың көрінісіндегі әрекет айналасы және формасы адам тұрмысының нақты тарихи жағдайлары, әлеуметтік дамуы объектив заңдармен белгіленеді.

ІI

Жүрек тамыры жүйесі. Соңғы жылдарда ғылыми әдебиеттегі мәліметтер бойынша, адам тынысы мен жүрек, қан тамыры жүйесінің ағза физиологиялық резервіндегі мәні ерекше екендігі айқындала түсіп отыр. Әсіресе, мұндағы қан айналудың орталық органы жүрек пен тыныс алудың негізгі мүшесі- өкпенің маңыздылығында сөз жоқ. Қанның барлық қызметтері жүрек, тамыр жүйесінде үздіксіз айналып жүріп отырғанда, айналадағы табиғат пен ағза арасындағы байланыс-су, оттегі, тағамдар арқылы ұдайы болып отырады. Тыныш тұрған кезде жүрек бір минутта 70-80 рет, ал дене жаттығуы немесе денемен жұмыс кезінде 180 ретке дейін соғады. Жүрек сондай үлкен жұмысты істеуі үшін оны шынықтыру қажет. Жүректің бір рет жиырылып босауын жүрек циклі дейді, бұл ересек адамдарда орташа есеппен минутына 70-75 рет болады, әрбір циклына 0,8 сек уақыт кетеді.

ІІІ

Тамыр соғуын өлшеу мәліметтеріне дұрыс талдау жасай білу, оқушыларға кейінірек өз әрекеттерін дұрыс бағалауға және сынып оқушыларына жүктемені дұрыс жоспарлауға, басқару әдістерін иеленулеріне жәрдем береді. Күзету- секундомер жәрдемі бір оқушы арқылы жүргізіледі. Бұл үшін тәртібі жақсы, оқушылардың тапсырмаларын тапжылтпай орындайтын оқушы таңдап алынады. Осы оқушыға күзет объекті туралы алдын ала ескертілуі керек.

Тамыр соғуды өлшеу, бірінші рет, сабаққа қоңыраудан 5 минут бұрын жүргізіледі. Мұнда бақылаушы, бақылау жүргізілетін оқушының тыныш күйде, яғни оның тамыр соғу көрсеткіші бірқалыпты күйде екендігіне сенім білдіруі керек. «Пульс»-латынша тамыр соғуы, жүрек қысқаруы нәтижесінде қан тамырларының ырғақты тебірену, кеңейіп тартылуы, демек сау адамдарда тамыр соғуы 1 минутта 60 рет тамыр соғуына тең. Балаларда үлкендерге қарағанда тамыр соғуы артықтау, қыз балаларда ұл балаларға қарағанда біршама артық болады.

Тамыр соғуы негізгі білектің ішінде білек артериясында анықталады. Бұл үшін тексерілушінің білегін білек үстімен ұстау керек, бұнда бас саусақ білектің ең шетінде, басқа саусақтар болса оның пульстанушы білек артериясының терісін басатын болсын. Тамыр соғуы 10 секунд ішінде өлшенеді. Тамыр соғуын алғашқы рет өлшегенде бақыланатын оқушының тамыр соғу көрсеткіші бірқалыпты күйде болуы керек. Сондықтан бақылаушы дене тәрбиесі сабағынан алдын болған сабақтан шығуға қоңырау шалынумен сыныпқа кіруі мен бақыланатын оқушының тамыр соғуын өлшеп, есептеп хаттамаға жазып қоюы керек. Тамыр соғуын өлшеудің кейінгі аралықтары орындалатын жұмыстың сапасына байланысты түрлі уақытта жүзеге асырылуы мүмкін.

Тамыр соғуын төмендегідей өлшеу ұсынылады:

  1. Егер жұмыс үзіліссіз болса, сапқа тұру, жүгіру, шынықтыру жаттығулары т.б. 3 минутта кем аралықта тамыр соғуын тексерудің қажеті жоқ. өйткені оқушының тез тамыр соғуын өлшеу сабақтағы нақты жүктемені анықтауға жәрдем бермейді.

  1. Әрбір сабақ бөлімі біткен соң.

  2. Үлкен күштенуді талап ететін жүгіру, гимнастика снарядтарында орындалатын жаттығулар, жүгіріп келіп секіру, эстафетаны анықтау т.б жаттығуларды орындаған соң.

Соңғы екі талапты орындау шарт, бірақ бірінші талап қажетті емес. Мысалы 9 минутта тамыр соғуын өлшеу керек еді, сабақтың барысында көрініп тұрғандай 1-2 минуттан соң сабақтың дайындық бөлімі аяқталады. Мұндай кезде пульсті 9 емес, 10-11 минутта тексеріп өлшеген дұрыс. Егер бақыланатын оқушы жаттығу орындап тұрған болса жоғарыдағы жағдай қайталануы мүмкін.

IV

Тамыр соғуын өлшеу мәліметтерін талдау. Сабақ аралас түрде жүргізіледі. Оқушылар дене тәрбиесі сабағынан бұрын қазақ тілі сабағында болды. Сабақ басталуынан бес минут алдын бақылаудағы оқушының тамыр соғуы 1 минутта 78 еді, сапқа тұрған оқушының тамыр соғуы 84-ке көбейді, себебі оқушы жоғарғы қабаттан спорт залға түсіп киінуі керек. Жалпы шынықтыру жаттығуларынан соң оқушының тамыр соғуы 108-ге жетті. Себебі оқушы 8-10 жаттығуларды сабақ тақырыбына сәйкес орындайды. Сабақтың дайындық бөлімі мақсатқа сай өткізілді.

Тамыр соғу әрбір сабақ бөлімі аяқталған соң өлшенеді. Сабақтың 25 минутында 10 минутта бір қалыпта жүгіріп шығу тақырыбынан соң алынды: онда оқушының тамыр соғуы 150 ге жетті. Себебі, оқушылар 10 минут жүргізгенде ағзаға сәйкес әсерін тигізеді. Жүректің жұмысы тездеп, тамыр соғуы да көбейеді. Кейін екі жақты баскетбол ойыны болды. Мұнда Ергешованың тамыр соғуы 114-ке төмендеді.

Сабақ соңында 108-ге төмендеді. Бақылаудағы оқушыны алдына шақырып алуға болмайды, өйткекні бұл жүктеменің шындығын бұзады. Дұрысы бақылаушының өзі оның алдында болғаны дұрыс.

V

Алынған мәліметтерді есептеу, диагностикалық кесте жасау және мәліметтерді талдау. Алынған мәліметтерді есептеуде 10 секундтағы тамыр соғуының нәтижесі алтыға көбейтіліп хаттаманың бесінші графасына алтыншы графаға тамыр соғуының 1 пайызға өзгеруі жазылады. Мысалы, төмендегідей, бірінші тыныш күйдегі өлшенген тамыр соғуы 100 % деп алынады.

Екінші рет өлшенген тамыр соғуының біріншісіне қарағанда неше % өскендігін анықтау үшін пропорция жасап, есептелінеді.

Мысалы: Хаттамадағы тыныш күйде өлшенген тамыр соғу 1 минутта 78 рет, екіншісі 84 рет болсын.

Соған қарай пропорция жасалады.

78-100%

X=84 x 100:78=107.6

84-x

Үшіншісі-108 рет және пропорция жасаймыз

78-100% X=100 x 100: 78 =138.4

108-x

Кестенің вертикал ұшы, тамыр соғуының абсолют көрсеткіштері, горизонтал ұшы сабақтың минуттық бөлімдердегі барысының уақытын көрсетеді. Хаттамадағы тамыр соғуының саны және уақыт көрсеткіштерінен пайдаланып, координаталардағы нүктелер белгіленген соң нүктелер бірлестіріліп, бақылау жүргізілген оқушының сабақ барысындағы тамыр соғуының диагностикалық сызығы анықталады.

Сонан соң жоғарыдағы құжаттарға негізделіп, сабақ ауырлығының жазба талдауы орындалады. Мұнда төмендегілер жазылуы тиіс.

Сабақтың тапсырмалары, түрі, оқушылардың сабаққа қатысуы. Сабақ барысында тамыр соғуының өзгерісі, оның себептері. Сабақтың біркезеңдеріндегі ауыртпалықтардың мақсатқа сай болуы. Сабақтың соңында тамыр соғудың саны және оның дене тәрбиесі сабағынан кейін 5 минутта қайта қалыптасуы. Талдау соңында бақылаушы оқушылардың сабақтағы жүктемесі бойынша өз пікірін жазуы керек.

Толық аяқталған құжат бақылаушы тарапынан бекітіліп, қол қойылып, сабақты өткен оқытушыға танысып шығу үшін беріледі, ол өзінің пікірлерін білдіріп құжатқа қол қояды.

2013 жыл 17 сәуірде эксперимент үшін дене тәрбиесі сабағында 10-г сынып оқушысы С.Маткаримов және 7-б сынып оқушысы Ф.Ергешованың тамыр соғуы алынды. Сабақты мұғалімдер А.Ергешов пен Х.Мырзаев өтті. Тексеруді яғни пульсиметрияны Б.Абдураимов қабылдады.

Төменде С.Маткаримов пен Ергешованың тамыр соғуы диагностикалық сызықтары көрсетіледі.

Маткаримовтың тамыр соғуының диагностикалық сызық кестесі

Ергешованың тамыр соғуының диагностикалық сызық кестесі.

2013 жыл 17 сәуірде мектептің дене тәрбиесі пәні мұғалімі Б.Абдураимовтың өткізген дене тәрбиесі сабағында тамыр соғуын есептеу.

Х А Т Т А М А С Ы:


Сабаққа қатысқан оқушылардың саны: -26

Бақылаудағы оқушының фамилиясы Ергешова Ф

Сабақтың тапсырмалары:

1. Жүгіруде шыдамдылықты дамыту.

2. Бір қарқынды жүгіруді үйрету.

3. «Класс смирно» ойыны арқылы оқушылдарды тыңдау, назарын аудару.




Оқушы жұмыстарының мазмұны

Тамыр соғуды өлшеу

Тамыр соғуы

Тамыр соғуының пайызға өзгеруі

10 секунд

1 минут

1

2

3

4

5

6

1

Сабақ басталудан 5 минут алдын

00

13

78

100

2

Сапқа тұрғаннан кейін

1

14

84

107,6

3

ЖДЖ-дан соң

15

18

108

138,4

4

10 м жүгіруден соң

25

25

150

192,3

5

Баскетболдан соң

40

19

114

146,1

6

Сабақтың соңы

45

17

102

130,7

7

Сабақтан соң

50

15

90

115,3



Сабақ барысында бірінші - төртінші бағана, бесінші, алтыншы бағана сабақтан соң толтырылады.

Бірінші бағанаға әр өлшеудің тәртіп нөмірі, екіншісіне бақылаудағы оқушы жұмысы барысының мазмұны жазылады.

Үшіншісіне-тамыр соғуы өлшеніп тұрған уақыт, төртіншісіне -10 секунд ішінде тамыр соғудың саны жазылады. Бақылаудың пайдасы дене тәрбиесінде оқушыларға дұрыс жүктеме беру. Дене тәрбиесі пәні мұғалімдері оқушыны кейінгі сабаққа бірқалыпты күйде шығаруға әрекет етуі тиіс.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!