Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Дене тәрбиесіндегі жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық қағидалармен сабақтастыру.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімі Кейкі батыр атындағы
№4 жалпы орта білім беретін мектебі»ММ
Тақырыбы: Дене тәрбиесіндегі жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық қағидалармен сабақтастыру.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі : Ауезбеков Ералхан Темирханович
2020 жыл
Дене тәрбиесіндегі жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық қағидалармен сабақтастыру.
«Бүгінгі күннің негізгі талабы – жедел дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, ұлттық тілді,тарихты жетік меңгерген, отандық мәдениетті бойында қалыптастырған, шығармашылығы дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру» - деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев әрбір жылғы халқына жолдауында айтқан еді.
Бүгінде білім – қоғамның əлеуметтік-экономикалық, интеллектуалдық жəне рухани дамуының стратегиялық бағдары ғана емес, сонымен қатар біздің қоғамымыздың қауіпсіздігінің кепілі.
Салауатты өмір салтын насихаттауда, салауатты өмір сүру мəдениетін қалыптастыру мəселелерін жетілдіретін, осы саладағы басымдылықтарды анықтайтын ғылым да, өскелең ұрпақты оқыту, тəрбиелеу формалары мен жаңа əдістерді ұстанатын білім де қажет.
Мектеп оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы алған білімдері болашақ азаматтардың денсаулығын сақтап қалуға берік тірек болады. Дене тəрбиесінің əлеуметтік жүйе жəне қоғамдық құбылыс есебінде дене тəрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тəрбие талаптарына сəйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тəрбиесін қамтамасыз ету үшін керек. Дене тəрбиесі тек мектептегі дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс, мектептен де тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тəрбиесінің жүйесі жастардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы биологиялық-психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге белсенді ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді. Мұндай маңызды əдістеме ғылыми жəне оқу пəні ретінде жетекші рөл атқаратын, дене тəрбиесі саласындағы кəсіптік бағытта болашақ мұғалімдерді дайындауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарындағы оқыту жүйесіне тікелей байланысты.
Қазіргі кезеңде жалпы орта мектептердегі оқу бағдарламаларын құрастыру бағыт бағдары өзгерді. Алайда, бұлардың бəрінде мектеп оқушыларын қайда оқитындығы ескерілмейді, олардың меңгеруі тиіс негізгі дағдылар мен қабілеттер, оқу нормасын тапсыруға арналған шарттар көрсетілген.
Денені шынықтыру жаттығуларының орындалуы қозғалыс дайындығының деңгейі туралы мəлімет береді.
Дегенмен, бұл бағдарламалар базалық, үлгілік сипатқа ие, сондықтан оларды əрбір педагог жергілікті жағдай мен салт-дəстүрлерге орай өзгертулер мен толықтырулар енгізіп, өзгерте алады. Дене тəрбиесі мəселелерін шығармашылық тұрғыда шешуге, өзгермелі өмір жағдайында инновациялық процестер мен жаңашыл бағыттарды дер кезінде меңгере отырып, тəжірибеге сын көзбен қарап, дене тəрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға белсенді, салауаттылық пен дене мəдениетін меңгерген маман даярлаудың маңыздылығы артуда. Дене тəрбиесін, жаңа технология мен озат тəжірибені ұлттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі.
Дене тəрбиесінің мəнін бүгінгі жаңа заман талабына сəйкес қарастыру – бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мəдениеті, адамгершілік қарымқатынасы əрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мəдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мəні, шығу тегі жəне атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, оқушылардың дене тəрбиесін салауаттылық дене мəдениеті мəселесімен байланыста қарастыру қажеттігі біздің тақырыбымыздың өзектілігін айқындай түседі.Мектеп оқушыларының салауатты өмір сүру мəдениетін қалыптастыру дегеніміз:
І. Жеке тұлғаның өзін қоршаған жансыз жəне жанды табиғи ортамен жан – жақты үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны, елі, отбасы жəне өзі үшін барынша пайдалы өткізу дағдысын қалыптастыру;
ІІ. Салауатты өмір салты – ол денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуы мен орнығуын қамтамасыз ету мақсатында денсаулықты нығайтуға бағытталған іс – шараларды жүргізу.
Сол себептен мұғалім сабақты тартымды етіп теория мен практиканы ұштастыруында жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі баса назарда болуы қажет.
Бұл мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас, сабақты жақсы оқитын, спортқа бейім оқушылармен белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жақсы ойлар туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуін ойластыру тиіс.
Барлық оқушылар өз қабілетін ең төменгі жеңіл тапсырмаларды орындаудан бастайды, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана, келесі күрделі деңгейдегі жаттығуларды орындауға көшіп отырады.
Бұл оқушылар арасындағы бəсекелестікті жəне əр оқушының өз қабілетіне, қызметіне сəйкес жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасалады. Жаңаша əдістерді сабақтарда үнемі қолданысқа енгізуде теория мен практиканың ұштасуына мəн бергенде ғана жұмыстың мазмұндылығы көріне алады. Осы бағыттарда сын тұрғысынан ойлау жəне деңгейлеп оқыту технологияларының тиімді əдістерін дене шынықтыру пəнінде қолдануды ұсынамын. Алдымен «Дене шынықтыру пəні не береді?» –деген сұраққа:» Қимыл қозғалысты береді.
Машықтандыру.
Дене мəдениетін қалыптастыру.
Денені шынықтыру, тəрбиелеу.
Жалпы дамыту жаттығуларын меңгертеді.
Мемлекеттік стандарттық бағдарламаны жоспарлай білуді, нормативтік тест жаттығуларды игертуді береді. Дене тəрбиесі сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын тиімді пайдалануға да болады. Осы технологияның шығармашылық бөлігін басшылыққа ала отырып, ой толғау жасауға болады (мысалы, дене шынықтыру сабағын ойын түрінде ұйымдастыру), сол арқылы, оқушылардың бейімділігін арттыруға болады.Күтілетін нəтиже - дене тəрбиесі пəніне деген қызығушылықтарының артуы. Оқушы шығармашылығы, өзін-өзі басқаруы, құрметі, эстетикалық талғамы да артып келеді. Мысалы, дене шынықтыру сабағында 3-4 сыныптарына сергіту сəтін алатын болсақ, өз тəжірибемде 4-сыныптарға өткізген «Көңілді ойындар» атты сабағымда, алдымен оқушыларға ой толғау жасау мақсатында, қазақтың ұлттық ойын түрлеріне тоқталдым, ұлттық ойындар туралы өз түсініктерін сұрай отырып, сабақ барысы кезінде орындатуды жоспарладым. Міне, осы арқылы оқушылар сабақтың жарыс түрінде топтық ойын əдісінде болатына көз жеткізеді. Ойлау қабілетін дамыту тұрғысында 4 сыныптар арасында «Лəңгі» сайысы оқушылардың ой-қабілетін, жылдамдық ерекшелігін, тез шешім қабылдауына жəне топтық əрекет жасауына септігін тигізері сөзсіз.
Айтылмаса да, жазылмаса да, дала заңындай қабылданатын қағидалар осы ойынға да қатысты. Лəңгінің шығу тарихына үңілсек, Орталық Азия елдеріндегі көшпенді тайпалар арасында пайда болған көрінеді. Үнемі ат үстінде жүретін жауынгерлер мұны денешынықтыру ретінде ойнаса керек. Тақым мен аяқтың мықтылығын шынықтыруда таптырмайтын тəсіл де осы болған. Жауынгерлердің бұл жаттығуы кейіннен ережесі бар ойынға айналған. Заманына қарай ойын түрі де өзгеріп отыратыны қалыпты жағдайдай қабылданатыны бар. Расында, бұрынғы асықтың орнын боулинг пен гольф басса, əзірге лəңгінің орнын басатын ойын түрі табылмай тұр.
Бүгінгінің балалары лəңгі ойнамақ түгіл, шыбықты ат қылып мінбейді, менсінбейді. Бүгінде балалар арасында жақыннан көрушілік басым.
Алыстан көру қабілеті кемшіл.
Мектепте парта мен тақтаның арақашықтығы, анау айтқандай, ұзақ емес екені белгілі. Компьютерде де азғана қашықтықтан қарау көру қабілетін нашарлатады. Көзілдірікке тəуелділердің қатары көбейіп барады. Асық ойнағанда баланың көру қабілетін жақсартуға мүмкіндік мол. Жалпы біздер өз сабағымызда қатып қалған қағидадан ауытқи отырып, сабақ барысында сергіту сəтін тұрақты жаттығулардан емес,халқымыздың дəстүрінде көз айымға айнала білгін, жəне ұлттық нақыштағы сипатқа ие ұлттық ойындардан бастауды тəжірибеге еңгізіп жүрміз. Бұл арқылы ұмыт болып бара жатқан дəстүр мен казіргі заман талабына сай қарқынды дамып жатқан жаңа үлгідегі өзгерістер арасында алтын қандай да бір көпір жалғауды ұйғарып отырмыз. Себебі, ата бабаларымыз сөз еткендей «тарихынды білмей, болашақты болжау мүмкін емес»деген сөз осы орайда ойға оралады.
Жоғарыда аталған ұлттық спорттық ойындардың өтілу нəтижесінде оқушының:
- Салт - дəстүрді құрметтеуі;
- Ұйымшылдығы,ізденімпаздығы;
- Намысқойлығы;
- Жүйке жүйесінің шынығуы;
- Ойлау қабілетінің дамуы;
- Білім алуға құштарлығы;
Жаңа идеяларды еңгізу барысындағы орындалатын міндеттер:
Дене тәрбиесі сабағында оқытудың дәстүрлі емес құралдарын қолдану барсында оқушылардың дене тәрбиесін дамыту технологияларын жетілдіруге; дене тәрбиесі сабақтарында оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуге, дене тәрбиесі арқылы жеке тұлғаның психофизиологиясын өзгеруге: өзін-өзі реттеуін қалыптастыру; дене тәрбиесі сабақтарын пәнаралық байланыс арқылы жетілдіру; дене қабілетін рухани құндылықтар арқылы дамыту; релаксация арқылы жеке тұлғаның психофизиологиялық қабілеттерін дамыту; психикалық қуат мүмкіндіктері мен дене тәрбиесін сабақтастырып дамытуға т.б. қол жеткізуге болады.Ең бастысы, оқу үрдісінде міндетті пəндерде оқушылардың теориялық білімін əлеуметтік тұрғыдан қалыптастыруға мəн беру керек.
Қорыта айытқанда :
1)Əр оқушының білімі, қабілеті қалыптасады.
2)Оқушының бойындағы жетістіктері көрінеді.
3)Оқушылар қиындықтарды жеңеді, əлеуеті артады.
4)Жан-жақты дамуға қол жеткізеді.
Əдебиеттер тізімі:
1. Назарбаев Н.А. Казахстан- 2030. - Алматы: Білім, 1997.-96с
2. Акиева Г.С. Педагогические основы развития и совершенствования системы охраны здоровья школьников. - Алматы, 1997
3. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы – оқушыны дамыту құралы ретінде. – Алматы, 2015.
4. Өстеміров К., Айтбаева А. Қазіргі білім беру технологиялары. –Алматы, 2017.
5. Сыздықова Ғ.С. Бала денсаулығына əсер етуші факторлардың əсері.//Қазіргі заман жағдайында денсаулық сақтаудың білім беру кеңістігін қалыптастыру.
Республикалық ғылымипрактикалық конференцияның материалдары.
Шымкент: Асқаралы, 2010.
6. Жумадилова Г.С. Жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мəселелері.
Салауатты өмір салты: Əлеуметтік жаңарудың көрінісі ретінде.Астана-20