Материалдар / Дене терапиясы бойынша тренингтік бағдарлама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дене терапиясы бойынша тренингтік бағдарлама

Материал туралы қысқаша түсінік
тренингке терапевтикалық тәсілдерді қосу арқылы психикалық дені сау тұлғаны тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қазан 2018
1151
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кіріспе

Бүгінгі күні барлық жер шары 15% психикалық ауруларға ұшырайды. Неге ? Өмір адамдарға неғұрлым жоғары талаптар қояды. Ауыр жұмыс өзекті мәселелер, қиыншылықтар, табысқа, ақшаға деген мәңгілік мұқтаждық және т.б көптеген мәселелер адамдардың төзімділігін төмендетеді. Нәтижесінде адамдар шаршап, тітіркенгіш, қозғыш күйде болып, қобалжып, қақтығыстарға түседі. Бұл жалпы күйді одан ары нашарлатады. Мұның барлығының нәтижесі стресс, депрессияға әкеліп бастап үлкенге дейін стресске ұшырап жатады. Стресс бұл қоршаған ортаның кез келген негативты әсерлерге организмнің реакциясы.

«Стресс» сөзі ағылшын тіліне ежелгі француз және орта ғасырлық ағылшын тілінен енді. Және алғашында «дистресс» деп айтылды. Стресспен байланысты іс -әрекет жағымды және жағымсыз болуы мүмкін. Дистресс үнемі жағымсыз.

Стрессті жеңу үшін дәрігерлер сұйықтықты көбірек ішуді ұсынады. Себебі стресстің физиологиялық нәтижесінде ағзағың ылғалсыздануы болады. Шай ,кофе және алкоголь – зәр шығарушы болып келеді, сондықтан олардың пайдасы аз. Тәтті емес шырындарды ішу керек.

Стресстің негативті эффектілерін физикалық жаттығулармен айналысып төмендетуге болады. Психологтар мен дәрігерлер эмоцияларды – ашулану, қорқу, көңіл –күйдің нашарлауы, жылау ұстамауға кеңес береді. Стоггольмнің ми биохимиясы институтының мәліметтері бойынша жылау зиянды реакцияларыдың дамуына жол бермей адамның ағзасындағы биохимиялық процесстерге әсер етеді.

Әркімнің стресске реакциялары, стресстің өту ерешеліктері, стресстің салдары, стресске қарсы тұру ерекшеліктері әр түрлі болады. Мысалы, бір адамдар стрессті оңай жеңсе, басқалары ұзақ уақыт стресстік күйде болып, кейін созылмалы стресске ұшырайды. Бұл әр индивидтің тұлғалық ерекшеліктеріне, психологиясына, өмірлік жағдайларына, жасына, денсаулығына, жынысына және т.б байланысты.

Сонымен қатар жоғарыда айтылып кеткендей, стресс жағдайына заңгерлер де ұшырайды, өйткені олар үнемі адамдар мен көп қарым – қатынаста бола отырып, олар эмоционалды түрде шаршайды. Осы заңгерлердің стресс жағдайынан қолайлы шығып кетуіне немесе эмоционалды түрде шаршамау үшін мен осындай тренингтік бағдарлама құрдым. Өйткені біз білеміз, заңгерлердің жұмысы өте ауыр болып келеді. Осы тренинг арқылы заңгерлердің жұмысын және эмоционалды жағдайын жақсартуға немесе көмектесуге болады деп санаймын. Сонымен стресс адамның серіктерінің бірі. Стресс түрлері, факторлары көп, бұл жағдайда жағдайда адам шығар жол жоқ деп есептеуі мүмкін, бірақ қазіргі кезде бұл жолдар саны аз емес. Бұл мәселені зерттеуде ғалымдар алға жылжыса да стрессті жеңуден оның алдын алу жеңілірек болады.

Гештальт топтарында, кездесу топтарында және басқада топтар арасындағы қатысушылар мен вербалды қарым – қатынасқа және физикалық күйге көңіл бөледі. Сонымен қатар басқада топтар бар, мұнда тұлғаның физикалық және дене параметрларына аса мән береді. Бұл топтарды дене психотерапиясы деп атайды.

Мысалы: көз алдыңызға келесіні елестетіңіз, сіздің қызыңыз немесе жігітіңіз, сізге сіздің жанқұрбаныңызға немесе жолдасыңызға кететінін айтты. Осы жағдайды сезініп, өзіңіздің денеңіздегі өзгерістерді байқайсыз. Кеудеңізге қысым түсіп, дем алу жылдамдығыңыз жиелей бастайды, бет бұлшықеттері жиырылып қиындай түседі. Дене психотерапиясы, бұл жағдайды саналы түрде түсінбесеңізде бұл сіздің организіміңізде белгілі болып тұрады. Адамға қандай да бір хабар келсе, ол адамның іс -әрекетінде, дем алуында, бұлшықеттерінің қысымында сонымен қатар өзін - өзі жаман сезуінде байқалады. Асқазанның ауруы, гипертония және басқада соматикалық бұзылыстар, бұл психикалық реакцияның нәтижесінде сонымен қатар ұзақ стресстің болуынан көрініс береді.

Дене терапия принципін ұстанушылар психикалық әдісінің көпшілігі саналы түрде түсіндіріледі. Дене терапиясы бұл психикалық және физикалық барьерді өту, сонымен қатар адамның тыйым салу зонасына кіру, бұл адамның денесін бір тұтастығына әсер етеді.

Дене терапиясы

Стресске тұрақтылық тренингі.

Мақсаты:

  • Өз денелерін түсіну;

  • Қатысушылардың эмоционалды босаңсуы;

  • Психикалық күйлерді басқару арқылы денені босату;

Қатысушылар: Заңгерлер

Өту формасы: ашық


Өту уақыты: 1,5-2 сағат


Ресурстар: екінші аяқ киім,жеңіл киініп келу;

Кездесу 1.

"Денеге бағытталған тренинг"

Жүргізуші: Ортаға бәріміз шығып, тренингте қалаған атымен танысуға болатынын жүргізуші айтады, содан кейін жүргізушінің командасы бойынша шеңбер арқылы жіпті беріп қатысушылар таныса бастайды.

Мақсаты: Өз денесінің иесі немесе қожасы болу.

Амандасу: Танысу жіп арқылы өтеді. Жіпті беру арқылы қатысушылар өздерінің тренингте өзі қалаған атымен танысуға болады, сонымен қатар жіпті оригиналды түрде бір –біріне беру және оны қайталамау керек.

Өту уақыты: 10-15минут

Рефлексия сұрақтары:

  • Өзіңізді қалай сезіндіңіз?

  • Жіпті берген кезде қиындық туды ма?

  • Енді өзіңізді қалай сезініп отырсыз?





"Қозғалыс және дене"

Мақсаты: Өзін түсіну және өз денесін сенімді қарым –қатынас орнату.


Жүргізуші: Бәріміз тұрып дөңгелек құраймыз, және үшке бөлінеміз.

Бұл жаттығу қатысушылардың бір –бірімен амандасуға арналған.

  1. топ Европалықтар;

  2. топ Жапондықтар;

  3. Африкандықтар;

Әр бір қатысушы осы топтағылармен амандасып шығады. Бірінші топтар қолдарын беру арқылы амандасады; Екінші топ еңкею арқылы;

Үшінші топ мұрындарын үйкелеу арқылы амандасады және керісінше рөлдерді ауыстырып, қатысушылардың қалауы бойынша өздері амандасады. Соңында ұнамаған топтың немесе елдің амандасуымен және қоштасуын қолдануға мүмкіндік беруге болады.


Өту уақыты:10-15минут.

Рефлексия сұрақтары:

  1. Сіз қатысушылармен жақындасқанда қандай сезім болды?

  2. Қатысушылардан энергетика сезіндіңіз бе?




"Скульптор және глина"

Жүгрізуші: Қатысушыларды ортаға шығарып, оларды екіге бөлінуін сұрайды, немесе қалаулары бойынша кім скульптор, кім глина екенін келісіп алуын сұраған соң бұл жаттығуға кіріседі.


Мақсаты: Өз денесін босату және партнерді сезіну.


"Глина" өз денесін еркін ұстап, скульптордың зейінінде болады. Жұмысын аяқтаған соң скульптор ат қояды, содан кейін рөлдермен ауысады.

Өту уақыты: 10минут

Рефлексия сұрақтары:

  1. Өзіңіздің рөлінде қалай сезіндіңіз?

  2. Өзіңіздің партнеріңізді сезіндіңіз бе?



Қолға бағытталған жаттығулар.

Жүргізуші: Қатысушыларды ортаға шыққандарын сұрайды немесе шеңбер бойына тұрып, жүргізушінің командасы бойынша бұл жаттығуды бастауға кіріседі.

Мақсаты:Денемізді сезіну


Бір уақытта екі қолыңызды қатты жұмасыз, шамаңыз жеткенше, команда бойынша қолдарыңызды босатыңыз. Бұл жаттығу әсіресе көп жазған адамдарға бағытталған. Осы жаттығуды бірнеше рет қайталау керек. Келесі бұл енді саусақтарыңызды кең ашып тұрып,оны босату ол бұлшық еттің босаңсуына жағымды әсер береді. Бұныда бірнеше рет қайталау керек. 20сек сайын пауза болу керек.



Иығымызға бағытталған жаттығу.

Жүргізуші: Ортаға қатысушыларды шығарып, олар мен жұмыс жасауға кіріседі.

Иығымызға біз үнемі ауыр жүк артамыз, бұлар стресс пен қысымдар. Сондықтан бұл жаттығу иыққа арналған, бұнда біз иығымызды жоғары қарай көтеріп, құлақтың ұшына дейін тигіземіз. Сіз иығыңыздың ауырлығын сезіну керексіз.Бұл жаттығу иық бұлшық еттіңің релаксациасына арналған.



Өту уақыты:15-20минут


Рефлексия сұрақтары:

  1. Өзіңізді қалай сезіндіңіз?

  2. Денеңізді сезіндіңіз бе?

  3. Осы жаттығуларды жасауда қиындықтар туды ма?




"Кездей соқ позалар"

Жүргізуші: Қатысушылар шеңбер бойымен жүреді. Жүргізушунің немесе өз еркімен қатысушылардың шапалағы бойынша, кездей соқ позада өз денелерін қою керек, осыған байланысты олар өз позаларына түсініктеме беру керек.




Өту уақыты:10 минут


Рефлексия сұрақтары:

  • Неліктен осы позаны таңдадыңыз?

  • Бұл поза сіздің көңіл –күйіңізге байланыстыма?

  • Сізге поза таңдаған қиын болды ма?



Қоштасу ретуалы: Европалықтар,жапондықтар және африкандықтардың ретуалын қолданамыз.






Кездесу 2

«Сыйлық»

Жүргізуші: Қазір бәріміз бір – бірімізге сыйлық жасай отыра пантомимика арқылы сыйлығымызды бейнелеп көрсетеміз. Мысалы: балмұздақты, кіркіпі, гулді және т.б


Мақсаты: вербалды емес дағдыны үйрену.

Өту уақыты: 10-15минут

Рефлексия сұрақтары:

  1. Сізге сыйлықты бейнелеу қиын болды ма?

  2. Сіз қандай сезімде болдыңыз?

  3. сыйлықты алдын ала ойладыңыз ба?




«Сенің ең жақсы қасиетін»

Жүргізуші: Қатысушылардың бөлме ішінде еркін түрде жүруін талап етіп, олардың бір – бірінің жақсы қасиетін айтуын сұрайды.


Мақсаты: өзара рефлексия


Өте уақыты: 10минут


Рефлексия сұрақтары:

  1. Өзініңзді қалай сезіндінің?

  2. Басқалардың қасиетін айтқанда қиналдыңыз ба?


«Герместің гимнастикасы»

Жүргізуші: Қатысушылардың шеңбер бойына жиналуын сұрайды. Жаттығуды орындамас бұрын жүргізуші инструкцияны оқып береді.


Инструкция: бұл жаттығу бұлшық еттің босаңсуына арналған сонымен қатар бұл жаттығуды 5 минуттан кейін қайталап отыру керек, және терең дем алып 4сек ұстауыңыз қажет, одан кейін демімізді шығаруымыз керек, осы жерде қатысушы дем алуының қалай босаңсуын сезіну керек.


Өту уақыты: 15-20минут

Рефлексия сұрақтары:

  1. өзіңіздің денеңізді сезіндіңіз бе?

  2. сізге қиын болды ма?

  3. өзіңізді қалай сезіндіңіз?



«Кірпіш»

Қатысушылар орындыққа немесе креслоға отырады да көздерін жұмады. Қолдарын бір – біріне параллелді түрде 20-30см көтереді.


Мақсаты: ішкі қысымды шешу


Жүргізуші: «Ал енді, көзіміз жабық, қолымыз көтеріңкі, алақанымыз бір – бірімізге қараулы». Ақырын алақанымызды бір – біріне жақындатып, алыстатып көреміз, сол жерде не екенін сезінуіміз керек, осы жерде біз алақанымыздан жылу келіп тұрғанын сезе отырып, қолымыздың жақындағанын байқаймыз. Сонымен қатар бұл жаттығуды бір минутқа дейін созып, алақанымызда ауыр кірпіштің тұрғанын сеземіз. Көзіміз жабық күйде болады. Осы күйде бола отырып жерге бірнеше кірпішті қоямыз. Арасы 60сек үзіліс.

Осы жаттығуды топпен жасақ, енді екі топқа бөлінуін жүргізуші сұрайды. Бірінші топ ол кірпішті екі қолына елестетіп алып, ал екінші топ бұл кірпішті бірінші топтан алу керек. Жаттығу көзді жабық күйінде орындайды.




Өту уақыты: 20-25минут


Рефлексия сұрақтары:

  1. Өзіңізді қалай сезіндіңіз?

  2. кірпішті елестеткен қиын болды ма?

  3. қолыңыздың ауырлығын сезіндіңіз бе?




Кездесу 3

«бөлме»

Жүргізуші: Қатысушыларды бөлме ішінде еркін жүрулерін сұрайды да, оларға келесі жағдайды айтасыз, бөлме сағызпен толы және сіз осы сағыздың ішінен шығуыңыз қажет, ал енді бөлме тоқсары түсте – бөлменің қабырғалары да тоқсары, сіз өзіңізді энергиға толы деп сезінесіз, фантадағы пузыркиға ұқсайсыз, ал енді жаңбыр жауып кетті жердің бәрі су, аспан бұлтты сіз шаршап, мұңайып кетіп барасыз:


Мақсаты: эмоционалды күйді сезіну


Өту уақыты: 10-15 минут


Рефлексия сұрақтары:

  1. сіздің ішкі сезіміңіз?

  2. өзіңізді қалай сезіндіңіз?

  3. осы образға кірген қиын болды ма?




«Эмоционалды жағдай»

Жүргізуші: Қатысушыларды шеңбер бойына жинап, оларға келесі нұсқауды береміз. Бәріміз тұрып қазіргі көңіл – күйімізді мимика немесе қозғалыспен көрсетуін сұраймыз.


Мақсаты: Қысымды босату


Өту уақыты: 10-15 минут


Рефлексия сұрақтары:

  1. қатысушының сезімі?

  2. көңіл – күйі?



«Жаңа орын»

Жүргізуші: қатысушыларды ыңғайлы жерге отыруын және екі – үш рет терең дем алуын сұрайды. Ал енді сіз ойланыңыз жаңа орынға отырғыңыз келеме? Ойша енді сол ойлаған орыңызға отырыңыз да, өзіңіздің сезіміңізді және денеңізді сезінуге тырысыңыз. Енді өзңізді жаңа орында отырғыныңызды елестеріп, сол жерде сізді тітіркендіретін заттар тұрғанын көрдіңіз, сол сәтте сіз мысық сияқты тітіркеніп оянасыз, егерде сіз соны сезінсеңіз, сізде реассоциация болғанын байқайсыз.


Мақсаты : стресстік және эмоционалды қысымнан босаңсу үшін арналған жаттығу, және рухани тепе – теңдікті сезіну.


Өту уақыты: 15-20 минут


Рефлексия сұрақтары:

  1. Өзіңізді қалай сезіндіңіз?

  2. ішкі сезіміңіз?

  3. елестету қиын болды ма?


Қоштасу ретуалы: Европалықтар,жапондықтар және африкандықтардың ретуалын қолданамыз.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!