Материалдар / ДЕҢГЕЙЛЕП-САРАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ДЕҢГЕЙЛЕП-САРАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қаңтар 2019
895
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Миялы орта мектебі


















Қарлығаш Рабай Тәлеуғалиқызы




























ДЕҢГЕЙЛЕП-САРАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ


Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие болды. Қазақстан – дербес мемлекет. Еліміздің болашағы – бүгінгі балалар. Ал олардың қандай азамат болып шығуы мұғалімдерге байланысты. Сондықтан педагогтеріміздің алдында үлкен міндет, ауыр жүк тұр. Жасыратыны жоқ, бұрын оқыту ісіне біржақты қарап, оқытуды тек сабақты жақсы беру деп санап келдік. Соның салдарынан ауыртпалық мұғалімнің мойнына түсті, ол өзі сабақ айтады, сөйлейді, сұрайды, қосымшамен толықтырады, яғни сабақ үрдісінің барысында ұстаздық қызметі басым еді. Бала тек тапсырманы орындаушы ғана болды. Қазір бұл әдіс-тәсілді қоғамның дамуы қабылдай ала ма? Жоқ. Себебі, заман ағымына сай оқыту мен тәрбие ісін жаңаша жетілдіруді өмірдің өзі талап етеді. Ендеше бұрынғы дәстүрлі оқыту жүйесінің озығында, тозығында қайта қарап, оқытудың жаңа технологияларын сабаққа енгізуге шұғыл бетбұрыс жасалды. Жас ұрпаққа заман талабына сай білім беру әрбір ұстаздан шығармашылықпен жұмыс істеуді, үлкен ізденісті талап етеді. Білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. [3]

Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Осындай сұраныстарға орай оқытудың әртүрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Оқытудың жаңа технологияларын күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере, педагогтік мақсат-мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық белсенділігі, шығармашылық ізденісі өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады.

Жалпы педагогика ғылымында баланы оқытумен тәрбиелеудің мақсаты – жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылғандықтан, бұл жерге де, жаңа технология бойынша, әдістемелік жүйенің басты компоненті – оқыту мақсаты болып қалады. Бірақ ол мақсат жеке тұлғаға өздігінен дамуға жағдай жасау сондықтан оның өзіндік танымдылық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет.

Жас ұрпаққа әрбір жеке пәндерді тиімді ұғындырудың жолы- жаңа технология негіздерін пайдалану болып табылады. Сондай педагогикалық оқыту технологиясының бірі – оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытатын профессор Ж.Қараевтың «Саралап-деңгейлеп оқыту» технологиясы. [1]

Тиімді де орынды пайдаланған оқыту технологиясының бірі, деңгейлеп- саралап оқыту- сапалық білім негізі бола алады. Деңгейлеп-саралап оқыту оқушыларды өздігінен ізденіп, өз бетінше білім алуға дағдыландырады, сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деп жіктерге бөлуді жояды. Саралаудың негізгі ұстанымы оқыту мазмұнын тарылту емес, ол мұғалім тарапынан оқушыларға таразыланған көмек болуы тиіс. Негізінен тәжірибеде саралап оқытудың екі түрі кеңінен қарастырылады: деңгейлік және бағдарлық.

Деңгейлік-саралау – оқушылардың бір сыныпта, бір бағдарлама және бір оқулықпен оқу материалын түрлі деңгейде меңгеруі.

Бұл технология, біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлау, елестету мен еске сақтау қабілеттерін, ынтасын, белсенділігін, білім сапасын дамытуға көмектеседі. Деңгейлік саралау технологиясы оқушының да мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған. Балалардың даму деңгейінің біріңғай болмауына және қабілеттеріндегі айырмашылықтар мен басқа да себептерге байланысты оқу үздіктері мен үлгермеушілердің пайда болатыны белгілі. Осыған орай, деңгейлеп саралап оқыту технологиясы әр оқушының қабілетіне, мүмкіндігіне, деңгейіне қарай оқытуды көздейді. Сабақ барысында міндетті 3 деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаймын. Тапсырмаларға төмендегідей талаптар қойылады.

1. Оқушылық деңгей:

1) Жаттап алуға лайықталған болу керек;

2) Алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауға мүмкіндік берілуі;

3) Тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек.

Яғни, мұндай талаптар жаңа тақырыпты игеру соңында шығарған есептерге ұқсас тапсырмалар құру арқылы орындалады және олар оқушының өзі шығарған ереже анықтамаларын бекітуге арналады. Мұндай тапсырмалар құрастырған кезде олардың танымдылығы мен қызықтылық жақтарына ерекше көңіл аударған жөн.

2. Алгоритмдік деңгей:

1) Өткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет болады;

2) Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Бұлар: логикалық есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар;

3. Эвристикалық шығармашылық деңгей:

1) Танымдық ізденім түріндегі тапсырмаларды орындау барысында жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс. Мұндай жұмыс –анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізгісін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді. Мұндай есептерді шешу барысында оқушылар жаңа есептерге тап болады да, проблемалық жағдай туындайды. Оны шешу үшін оқушы жаңа әдістер іздеуі керек;

2) Өздігінен мысалдар мен есептер құрастыру және оны өздігімен шығару, өмірден алынған мәліметтер диаграмма, графиктер салу жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекі құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар;

3) оқушыларды белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша , бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың икемділігін байқататын дүние жасап шығуы негізделген (теорема дәлелдеу, заңдылықтарды оқулыққа сүйенбей мұғалімнің көмегінсіз қорытып шығару;)

4) Олимпиада есептерін шығару;

5) Берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, баяндамалар дайындау.

Демек бұл тапсырмалар – оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады.

1-деңгейдің тапсырмаларын орындап үлгерген оқушыларға қалау бойынша 2,3 –деңгейлік тапсырмаларды орындау тапсырылады. Нәтижесінде, оқушылардың табиғи қабілеттері мен дарындылық қасиеттерінің ашылуына және дәстүрлі оқытудағы келесі проблемаларының шешілуіне жақсы жағдай жасалады. Олар:

  • Әр оқушының барлық пән бойынша толық үлгеруіне кепілдік алуы;

  • Оқушының «екі алып қалу», «үлгермей қалу» үрейінің жойылуы;

  • Әр оқушыға үй тапсырмасын саралап беру проблемасы шешіледі;

  • Оқушыны бағалаудағы әділетсіздік проблемасы шешіледі;

  • Оқушыға табиғи жолмен кәсіптік бағдар беру және оның қабілеті жететінін саласынан дарын ашу проблемалары шешіледі;

  • Оқушылардың мемлекеттік стандартты талаптарына сай білім алуын қамтамасыз ету.

Оқушылардың күнделікті сабақта алған білімі мен іскерлігін үнемі тексерудің мәні зор. Бұл оқу процесінің ең қажетті элементі. [2]

Білімді тексеру оқушыға да мұғалімге де қатысты, себебі оқушының алған бағасы оның білім деңгейін көрсетсе, мұғалімнің жетістіктерінің көрсеткіші, сондықтан оқушының білімін тексеру – күрделі жауапты кезең.

Төменде 7-ші сыныпқа жаңа технологиямен өткізген сабағымның жоспарын ұсынып отырмын.


Сабақтың тақырыбы: Қысқаша көбейту формулалары және оларды

есептеулерде қолдана білу.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді

қысқарту және олардың мәнін есептей білу дағдыларын қалыптастыру.

  1. Дамытушылық:Оқылған тақырыптар бойынша сұрақтарға нақты жауап беруге , өз білімін көрсете отырып өз ойын жеткізе білуге үйрету.

  2. Тәрбиелік: Оқушыларды сауаттылыққа тәрбиелеу, білімдерін өз беттерінше

есеп шығаруда қолдана білуге баулу, шығармашылық белсенділігін жетілдіру.

Көрнекілігі: слайд , есептер жазылған бетшелер , үлестірме кестелер

Сабақтың түрі: Қайталау.

Сабақтың әдісі: Деңгейлеп – саралап оқыту.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау . (қайталау сұрақтары)

І-басқыш. «Оқушылық басқыш»

Ауызша сұрақтар. (оқушылардың өткен тақырыптар бойынша меңгерген білімдерін қайталап пысықтау. Анықтамаларды өзара бір-біріне айтып, теориялық білімдерін тексеру. Сәйкестендіру тестісі бойынша дұрыс жауаптарын табу.)

  1. Екі өрнектің қосындысының квадраты неге тең ?

  2. Екі өрнектің айырмасының квадраты неге тең ?

  3. Екі өрнектің квадраттарының айырмасы неге тең ?

  4. Екі өрнектің айырмасының және қосындысының кубы ?

  1. m 2 + 2 mn + n 2 1. к2 - 22

  2. (k + 2) (k - 2) 2. (х-у)2

  3. х 2 – 2 ху + у 2 3. (m+n)2

  4. t 2 - 169 4. у3 +9 у2 +27 у +27

  5. (70-1) (70+1) 5. (t-13) (t+13)

  6. (у+3) 3 6. 70 2 -1 = 4899

ІІІ. Негізгі бөлім:

ІІ – басқыш. «Алгоритмдік» басқыш.

(Сауалнама арқылы берілген тапсырмалар қысқаша көбейту формулаларын қолдануға деңгейлеп беріледі.)

  1. Амалды орындаңдар: (m- 2n)2

А: m2 – 4 mn + 4 n2 ; B: m2 – 4 mn + 2 n ; С: m2 – 4 n2 ; Д: m2 2 n2 ;

2. Тура теңдікті табыңдар:

  1. ( 3 а2 – 2 m) 2 = 9 a4 – 4 m2 ;

  2. ( 2 m + n)2 = 4 m2 + n2 + 4 mn ;

А. 1) иә; 2) иә; В. 1) иә; 2) жоқ; С. 1) жоқ; 2) иә ; Д. 1) жоқ ; 2) жоқ ;

3. Көпмүше түріне келтіріңдер:

(х-3у)3

A. х3+3х2у+27; В.х3-9х2у+27ху2-27у3;

С.х3+9х2у+27у2+27у; Д. х3-9х2у+27ху2+27у3

4. Дұрыс емес теңдікті анықтаңдар:

А. (3 в-с) (3 в+с) = 9 в2- с 2

В. (х+4) (х-4) = х2 – 16

С. 36 n2 – 49 = (6 n +7) (7-6 n)

Д. у 4-25 = (y 2-5) (y 2 + 5)

5. Есепте: 212-112

А. 442; В.121; С.214; Д.320.

6.Көпмүшені көбейткіштерге жіктеңдер:

49 – m 2 n2

А. (7- m 2 n) (7 + m2n) ; B. (7-mn) (7 + mn);

C. (7 + mn) (7 + mn); Д. (mn – 7) (mn +7);

ІІІ басқыш. «Эвристикалық» басқыш.

(«Математикалық лото» ойыны. Қосымша дидактикалық материалдан алынған, ақ парақ қағазға жазылған есептер әрбір қатарға беріледі , дұрыс жауаптары бөлек бетшелерге жазылады. Әр қатардағы оқушылар дұрыс жауаптарын тауып торкөздердің беттерін бетшелермен жабады. )

(х+3) (х-3)


4 с 2 +12 с +9

(а-0,2)2

m 2-8 m +16


(10 сх – 6) (10 сх+6)

(10+в)2

9 a2 – 25 в 2


(3-в) 3

(а+2в)3



100 с2 х2 – 36


27-27 в+9 в2 – в3

100+20 в+ в2

а 2-0,4 а + 0,04


х 2-9

(3 а-5в) (3 а+в)

(2 с+3)2


а 3+6 а2 в+12 в2 +8 в3

(m-4)2


IV басқыш. «Шығармашылық» басқыш

Үш , төрт өрнектерінің қосындысының квадраттарын табыңдар:.

  1. (а+в+с)2 = [а+в= m] = (m+c)2 = m2+2 mc+c2 =

Shape2 Shape1 (а+в)2 + 2 с (а+в) +с2 = a2+ 2 ав+в2 +2 ас+2 вс + с2 = а2 + в2 + с2+2 ав+2 вс+2 ас.

  1. (а+в+с+d)2 = а+в=m = (m+n)2 = m2 +2mn + n2 = (а+в)2+ 2 (а+в) (с+d) +

c+d=n

+ (c+d)2 = а2+2 ав +в2+ 2 ас+2 аd +2 вс+2 вd2+2 сd+d2 = а2+ в2 2 +d2 + 2 ав+2 ас+ 2 ad +2 вd+2 cd+2 вс .

Кейбір жекелеген оқушыларға кеспе түрінде тапсырмалар беріледі

1 кеспе

Теңбе-теңдік дұрыс болатындай етіп көп нүктенің

орнына қандай да бір бірмүшені жазыңдар.

  1. (х+ ...) (х- ...) = х2 - у2

  2. а2 + 8а +16 =( а + .....)2

2 кеспе

Теңбе-теңдік дұрыс болатындай етіп көп нүктенің орнына қандай да бір бірмүшені жазыңдар.

  1. (х-5)2 = х2 – 10 х + .....

  2. х2- 32 = (х - ...) (х+ ....)

3 кеспе

Теңбе-теңдік дұрыс болатындай етіп көп нүктенің орнына қандай да бір бірмүшені жазыңдар.

  1. (m+n) 3 = m3 + ….m2 n + 3 mn 2 + …..

  2. (m-...) (m+...) = m2 36

4 кеспе

Теңбе-теңдік дұрыс болатындай етіп көп нүктенің орнына қандай да бір бірмүшені жазыңдар.

  1. (с-d) 3 = …. – 3 c2 d +3 cd 2 – d 3

  2. 402 – 12 = ( 40- …) (40 + ….)

IV . Қорытынды. Сабақты қорытындылау. Оқушы білімін бағалау.

Үйге тапсырма беру. (Қысқаша көбейту формулаларына өз беттерімен есептер құрастыру).













































































































































































Сабақтың тақырыбы: Сыбайлас және вертикаль бұрыштарға есептер шығару.

Сабақтың мақсаты:

а) Сыбайлас және вертикаль бұрыштар теоремасын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету;

б) Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, геометрия пәніне деген қызығушылығын арттыру;

в) Ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.

Әдісі: Деңгейлеп-саралап оқыту.

Көрнекілігі: Слайд, карточкалар, кесте.

Сабақтың құрылымы 4 деңгейлік құрылымнан тұрады.

1. Оқушылық деңгей (ауызша сұрақтар)

2. Алгоритмдік деңгей (тест)

3. Эвристикалық деңгейі (математикалық лото)

4. Шығармашылық деңгей (оқулықпен жұмыс)

Жүрісі:

І. Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеп, сабаққа ынтасын аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Негізгі бөлім.

І. Оқушылық деңгей. (оқушылар слайдқа қарап сұрақтарға жауап береді)

1. Қандай бұрышты сыбайлас бұрыш деп атайды?

2. Сыбайлас бұрыш туралы теореманы тұжырымда.

3. Қандай бұрыш вертикаль бұрыш деп аталады?

4. Вертикаль бұрыш туралы теореманы тұжырымда.

5. Қандай бұрышты жазыңқы бұрыш дейміз?

ІІ. Алгоритмдік деңгей. (тест)

1. Егер екі бұрыштың бір қабырғасы ортақ, ал қалған қабырғасы бір-бірінің толықтауыш сәулелері болса, онда бұл бұрыштарды ------------------- бұрыштар деп атайды.

А) вертикаль

В) сыбайлас

С) сүйір

Д) доғал

2. Түзудің әрбір нүктесінен оған перпендикуляр болатын ----------------- түзу жүргізуге болады.

А) екі

В) кем дегенде екі

С) бірден кем

Д) бір ғана

3. < АОВ, <ВОС сыбайлас бұрыштар. < АОВ= 470 <ВОС ны тап.

А) 1630

В) 1370

С) 1330

Д) 1030

4. Екі түзу пайда болатын бұрыштардың бірі екіншісінен 360 кем. Осы бұрыштарды тап.

А) 360; 1440

В) 1080; 1420

С) 1200; 1560

Д) 720; 1080

5. <АОВ =1000, ОС осы бұрыштың биссектрисасы, ал ОД сәулесі, ОС-ның толықтауыш сәулесі. <АОD –ны тап.

А) 500

В) 1300

С) 800

Д) 1000

ІІІ. Эвристикалық деңгей. (Математикалық лото)

Мұндағы тапсырма слайдқа жазылады. Қалың картоннан жасалған тік төртбұрыш торкөздерге бөлінген. Карточкадағы мысалдың жауаптары жазылған. Ойыншылар карточканы кезектесіп алып, онда жазылған мысалды шығарады. Жауабы дұрыс келген карточкамен сол жауап тұрған торкөзді жапқанда, «геометрия» сөзі шығады да, оқушылар өз ойларын айтады. Сыбайлас бұрыштардың біреуі екіншісінен 250 -үлкен. Бұрыштардың әрқайсысының шамасын табыңдар.


Сыбайлас бұрыштардың біреуі екіншісінен 250 -үлкен. Бұрыштардың әрқайсысының шамасын табыңдар.

Г

<АОВ = 500

<АОС = 200

<BOC бұрышының шамасын тап.

Е

Сыбайлас бұрыштардың біреуі екіншісінен 2 есе үлкен. Бұрыштардың әрқайсысының шамасы неше градустан болады?

О

Берілген бұрыш пен оған сыбайлас бұрыш екеуі вертикаль болады деген тұжырым дұрыс па ?

М

Егер <АВС =1150болса, онымен сыбайлас бұрыштың шамасын тап.

Е

Екі түзу қиылысқанда пайда болған бұрыштардың біреуі 170 қалған бұрыштардың шамасын есептеңдер.

Т

850 бұрышқа сыбайлас бұрыштың шамасын тап.

Р

Екі түзудің қиылысынан пайда болған бұрыштардың біреуі екіншісінен 4 есе үлкен. Осы бұрыштардың шамасын табыңдар.

И

Сыбайлас бұрыштардың біреуі 1200 екіншісін табыңдар.

Я


Дұрыс емес

650

170, 1630, 170, 1630

950

<ВОС = 300

600

77,50, 102,50

360, 1440

600, 1200


IV. Шығармашылық деңгей. (оқулықпен жұмыс)

79. Екі түзудің қиылысуынан пайда болған бұрыштардың бірі 500-қа тең, қалған бұрыштарын табыңдар. Мұндағы сыбайлас бұрыштарды, жазыңқы бұрыштарды көрсетіңдер.

Жауабы: 500, 1300, 1300

82. Сыбайлас бұрыштардың бірі екіншісінен 5 есе артық болса, ол бұрыштардың үлкені неге тең ?

Жауабы: 1500

V. Сабақтың қорытындысы.

Бекіту сұрақтар:

1. Қандай бұрышты сыбайлас бұрыш деп атайды?

2. Сыбайлас бұрыш туралы теореманы тұжырымда.

3. Қандай бұрыш вертикаль бұрыш деп аталады?

4. Вертикаль бұрыш туралы теореманы тұжырымда.

VI. Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушылар бағаланады.

VII. Үйге тапсырма беру №84. №86

Қорытынды:

  1. «Есепке алу » жүйесін жүргізу нәтижесінде үлгерімі нашар оқушылар да, кем дегенде, «оқушылық» деңгейге сәйкес білімді толық меңгеріп алатынын өз тәжірибемнен байқадым. Себебі ол осы деңгейдің тапсырмаларын толық және дұрыс орындап, өткізбегенше келесі деңгейге көшпейді. «Міндеті » деңгейді толық меңгергеннен кейін оқушы әрі қарай, ілгері ұмтылады, өзіне-өзінің сенімі артады; ілгері ұмтылады, өзіне-өзінің сенімі артады;

  2. Технологияның принциптері жағдайында өздігінен даму бағдары анықталып дамитын және өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп өсіруші, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлға қалыптастыруға болады;

  3. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясымен оқушылардың орындаған тапсырмалары олардың оқудағы жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Мұғалім қажетті білімнің оқушы үшін қай жері қиын болғанын анықтап, қосымша тапсырмалар арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыруға жағдай жасайды.

Ұсыныс:

  1. Жаңаша оқытудың дербес және топтық түріндегі ең бастысы- оқушыға деген сенім, сондықтан оқушының өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйене отырып, оқушыға деген сенімді арттыру;

  2. Жаңа технологияның жаңа мақсаты бойынша «оқытуды іздендіру» қажет. Ол – оқыту құралдарына деген көзқарасты өзгертуді талап етеді. Бұл өзгерістер бойынша оқу құралдары оқушылардың өздігімен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай құралдар болуы керек. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар қажет.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!