Материалдар / Деңгейлік курс бойынша С есебі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Деңгейлік курс бойынша С есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2018
910
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дюсупова Аяулы Кайратовна «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» С есебі

1 топ Мұғалім портфолиосы

ПШО филиалы

Өскемен қаласы

С есебі Рефлексия және даму.

Өз тәжірибесі мен мектептегі әріптестер тәжірибесіне өзгерістерді енгізу және басқару бойынша рефлексиялық есеп:

«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасы екі басым бағытта әзірленген:

Біріншісі – мұғалімдердің оқыту мен оқудың табыстылығы туралы заманауи түсініктерге сай келетін бай білімді игеруі.

Екіншісі – мұғалімнің құзіреттілігін жетілдіру және өз әріптестерінің кәсіби дамуына ықпал етуі үшін оның коучинг және тәлімгерлік тәжірибесін қалыптастыру сияқты өзара байланысты үдерстерге көңіл бөлу. Бұл бағыттардың екеу де Бағдарламаның барлық негізгі аспектілерінде үндес болып келеді, сондықтан оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер оларды қолдану барысында әріптестерді оқыту немесе бағыт-бағдар беру тұрғысынан қарастылады. [МАН 7бет]

«Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасының негізгі идеясы – өз ойын еркін жеткізе алатын, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, ақпараттық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру болып табылады.Сындарлы оқыту теориясының курсында бірінші бетпе-бет кезеңінде теориямен қатар көптеген әдіс-тәсілдерді: топта талқылау, презентация жасау, пікірлесу арқылы бір-бірімізді тыңдауға, сыни тұрғыдан ойлауға үйрендік. Бірінші бетпе-бет кезеңінің сабақтарында тренер орта мерзімді жоспарлауды жасауды көрсетті. Мен мектебімде өзім тәлім алушы болып жүргендіктен маған орта мерзімді жопарлау мен соның ішінде қысқа мерзімді жоспарлауды жасау қиындық тудырмады.Сондықтан да орта мерзімді жоспарлап мақсатын құрып және одан күтілетін нәтижені жасап тренерге көрсеттім.Ал қысқа мерзімді жоспар жасауда орта мерзімді жоспарды басшылыққа ала отырып, қысқа мерзімді жоспар жасауға кірісіп кеттім. Мектептегі тәжірибе кезеңінде тізбектелген сабақтар топтамасын және оның ішінен бір сабақты ашық сабақ ретінде өткіздім. Ондағы мақсатым оқушыларды сыни ойлауға тәрбиелеу және де өзін-өзі бағалауға, бірін-бірі бағалауға үйрету болды. Сыни тұрғыдан ойлау өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Ал сабақ сыни тұрғыдан ойлау принциптеріне негізделген болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін және бағалауларын басқалардан тәуелсіз құратын болады. Өз бастарымен жұмыс істеп, ең қиын деген мәселені өзі шеше алулары үшін оқушыларға жеткілікті түрде бостандық берілуі тиіс. Менің бойымдағы өзгерісім бірінші бет-бет кезеңінде теориямен қатар орта мерзімді жоспарлау мен қысқа мерзімді жоспар жасауды, сыни тұрғыдан ойлауға үйрену және сабақ барысында пайдалану, өзімнің бойымнан байқадым. Бұл екі үдерісте де айтарлықтай өзгерістер болды. Мектептегі тәжірибе кезеңінде тізбектелген сабақтар топтамасы ойдағыдай өтті. Тізбектелген сабақтар топтамасында жеті модуль идеясы көрініс тапты. Жоспарлаған тізбектелген сабақтар топтамасына төмендегідей өзгеістер енгізілді:

біріншіден тізбектелген сабақтар топтамасында мен екінші сабағымды алған болатынмын. Алайда ауылда бір апта таңғы уақыттан кешкі уақытқа дейін жарық болмағандықтан алған сабағымның күнтізбелік жоспардағы уақыты өтіп кетті. Сол себепті тізектелген сабақтар топтамасының ақырғы төртінші сабағын алуыма тура келді.Ол мынадай «Фтор, бром, иодтың қасиеттері мен қолданылуы» тақырыбында 8-сыныпта өтті. Сонымен қатар тізектелген сабақтар топтамасындағы жоспарда төртінші сабағымның әдіс-тәсілдерін өзгертіп, толықтырулар енгіздім. Сабақтың жоспарын жазуда  мақсаты мен күтілетін нәтижені анықтап, оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырып, оқу материалы және өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз етілді.Бұл сыныпта үш деңгейлі оқушы бар. Жалпы барлық оқушылар сабаққа өте қызығушылықпен қатысты. Себебі оларға ең ұнағаны аттары жазылған смарт бэйджик арқылы топқа бөлу мен сабақта қолданаған әдіс-тәсілдер, оқшылардың бірін-бірі бағалауы мен трлі қызықты тапсырмалардың жүруі болды.

Сабақтың жақсы дәрежеде өткенін және де күтілетінін нәтижеме жеткенімді оқушыларымның берген кері байланысынан көрдім.Бүкіл оқушының ой пікірін тыңдау арқылы оларға көп нәрсе үйретуге, оқытуға болады. Мен оқушыларға сыни ойлануға дағдыландыратын жоғары мәртебелі сұрақтар қоюға біртіндеп қалыптастым десем де болады, және осы сұрақтар арқылы оқушыларда да еркін ой, әлеуметтік көзқарас қалыптаса бастады. Сонымен бірге сыныптағы әр оқушының пікіріне құрметпен қарап, балалар сабақ үлгеріміне қарамастан, кез келген тақырыпта берілген сұрақтарға өздерінің құнды ойларын қоса алатындығына көз жеткізді. Выготскийдің атап көрсеткеніндей «Жақын арадағы даму аймағында» жұмыс істей отырып, оқушылардың когнитивті дамуы жақсарды. Олардың еңбегі әрдайым формативті түрде бағаланып, көңілін көтеретіндей мақтау сөздер айтылып отырды. Формативті бағалау барысында балалардың барлығының да аз-көп демей жеткен жетістіктері мадақталып отырды. Себебі сыныптағы бағалау Александер (2011) айтқандай, тек қана техникалық тәсіл емес. Бағалау – одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин [Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 56-бет]. Мен өз сабағымда формативті бағалауды оқыту қолданудың өте маңызды екендігіне көз жеткіздім. Менің өзгергенім бұрынғы дәстүрлі бағалауды кемшін екендігін және формативті бағалау арқылы оқушыларды шынайы бағалайтынын және тиімді бағалау екендігін түсіндім. Оқушылардың сабақ айту кезіндегі жіберіліп жатқан аз-кем кемшіліктеріне қарамастан, олардың еңбегін, ынтасын мақтап-мадақтап формативті бағалап отырдым. Кемшіліктерді, яғни қайсыбір қателіктерді өз беттерімен анықтауына талпындырдым. Ол үшін түрткі сұрақтар беріп, олардың әрі қарай терең ойлана жауап берулеріне, жан-жақты ізденулеріне бағыт-бағдар беріп отырдым. Топтық және жұптық жұмыстарда оқушының бойында диалогтік оқыту арқылы жүзеге асты. Выготскийдің атап көрсеткеніндей «Жақын арадағы даму аймағында» жұмыс істей отырып, оқушылардың когнитивті дамуы жақсарды. Шәкірттерімнің жеткен әрбір жетістігі достарының да өзімнің де тарапымнан қолдау тауып отырды. Олардың еңбегі әрдайым формативті түрде бағаланып, көңілін көтеретіндей мақтау сөздер айтылып отырды. Формативті бағалау барысында балалардың барлығының да аз-көп демей жеткен жетістіктері мадақталып отырды.

Менің өзгергенім бұрынғы дәстүрлі бағалауды кемшін екендігін және формативті бағалау арқылы оқушыларды шынайы бағалайтынын және тиімді бағалау екендігін түсіндім. Тізбектелген сабақтар топтамасының сабақтарында байқалды. Оқушы нәтижеге жету үшін өзінің мүмкіндіктерін ғана емес, сонымен қатар нәтижеге жету жолын да алдын-ала біліп отырды және оқыту үшін бағалау жүргізілді. Сыни ойлауы қалыптаса бастады. Мен өзім сабақ барысында өзгергенім, сыни тұрғыдан ойлайтын, зерттеушілік және шығармашылық сұрақтарға жауап бере алатын, таным қабілеттері бар жеке тұлға дайындай алатын мұғалім болуым қажет екендігін түсіндім. Оқушыларым тек мұғалімнің жетегін күтіп отырмай, өздерінше сабаққа анализ жасауға, бағалауға үйренді. Және алдағы уақытта да осы модульдерді кеңінен қолдану арқылы оқушыларды одан әрі көшбасшылыққа дамытамын деген мақсат пайда болды.Ендігі уақытта осы курсты аяқтағаннан кейін дәстүрлі сабақтан арылып, мектепте осы сындарлы оқыту теориясын іске асырамын деп ойлаймын. Қазіргі уақытта оқушыларға сабақ барысында тың идеяларды іске асырмасан, оқушы сабақта жалығып кетпеуі керек. Бұрынғы сабақтарымызда оқушының көңілін сабаққа аудару үшін басқа да түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, сабақтың қызықты өтуін қамтамасыз ететінмін. Бірақ «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасының теориялық негіздерін басшылыққа ала отырып өткізген алғашқы сабағымның өзінде оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, балалар оқу үдерісіне түгелдей қатысты. Оның дәлелі – сабақ барысындағы балалардың жұмысы ғана емес, әрбір шәкірт жүрегінен шыққан шынайы пікірлері, яғни кері байланыстары. Әрине сабақтың оң нәтижеге жетіп, табысты болуы үшін мұғалім құзыры жоғары дәрежеде болу керек.

Мұғалімдер ұстаз мамандығының этикалық және моральдық құндылықтарын ұстанып, балаға мейірім және құрмет көрсете білетін әділ жан бола білгенде ғана, шәкірттеріне сеніміне ұялатып,құрметке ие бола алады. Оқушы мен ұстаз арасындағы шынай қарым-қатынас орын алғандықтан өз сабағымда жоғары нәтижеге жетіп, балалардың көтеріңкі көңіл күйінің куәсі бола алдым. Осылайша Бағдарламаның жеті модулін қолдана отырып өткізген алғашқы сабағымнан-ақ өз мамандығыма деген сүйіспеншілігім арта түсті. Өкінішке орай, көпшілік оратада қарсылық тудырып, дәстүрлі сабақпен шектеліп қалған мұғалім мамандығының өз атына сай дәрежеге көтеріліп, ұстаздар еңбегіне жаңа леп беріп, көптен күткен серпіліс енгізіп отырған Оқытудағы «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасының теориялық негіздері уақыт талабына сай қажеттілік екеніне көзім жетті. Алдағы уақытта, мүмкіндігінше, бұл жаңа әдіс-тәсілдің өзім үшін әлі де болса тың тұстарын меңгере түсіп, тәжірибеме енгізуді алдыма мақсат етіп қойып отырмын.Коуч және тәлімгерліктің мақсаты мен міндеттерін үйрене отырып, коучинг және тәлімгерлікті ұйымдастыра алады. Коучинг негізгі идеясы – әріптестердің өз тәжірибелеріндегі белсенді әрекеті.[МАН 103бет]

Менің коучинг сессиямның тақырыбы: «Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау». Мен мектептегі әріптестеріме қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалау жайлы және оның тәсілдері жайлы толығырақ мағлұмат бердім. Және де мұғалімдер ынтымақтастықта бірлесе қызығушылықпен жұмыс атқарды. Жеті модульдің бірі - Оқу үшін бағалау және оқуды бағалаудың тәсілдерін әріптестерім сабақтарында қолданады деген сенімдемін. Егер мектептегі әріптестерім дәстүрлі сабақты жаңа форматтағы сабақпен алмастыра отырып, оқушыны жаңашылдыққа тәрбиелей отыра білім берсе –менің жеткен жетістігім сол деп білемін.Бұл бағдарламаның негізгі идеяларын тәжірибемде қолдануда менің және бұл үдеріске қатысып отырған әріптестерімнің кәсибі дамуына зор ықпалын тигізді деп ойлаймын. Себебі кейбір әріптестерім жаңа форматтағы сабақ жоспарында түсінбей, қиналып келген жақтарын түсініп, қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрудың және сол бойынша сабақ өткізудің қиын емес екендігін түсінді. Сол сияқты коучинг үдерісі мен тәлімгерлік үдерісінің де жағымды жақтары мен бірқатар кедергілері де болды. «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасы мұғалімдерге әріптестерімен бірге тәлімгерлік арқылы жаңа тәсілдерді пәнге енгізу үшін жұмыс істеуге мүмкіндік беретін дағдыларды ұсынады.Тәлімгер етудегі басты ұстанымым әріптестеріммен кәсибі бағытта қарым-қатынас жасау.Тәлімгердің міндеті тәлім алушының мүмкіндіктерін ашу, стратегиялық деңгейде жаңашыл идеялармен алмасу, мақсат қою мен оған жету жолдарын жоспарлауға көмектесу міндетін атқару.Алдағы өткізген үдерістегідей тәлімгерлік жоспарына да бірқатар өзгерістер енді. Мұндағы ең басты өзгеріс таңдап алған тәлім алушым оқуға кету себебімен мен Қожақова Бақыт Ақанқызын тәлім алушы етіп алдым. Бақыт Ақанқызы жоғары білімді бастауыш сынып мұғалімі. Әріптесім жаңашылдықты жаны сүйетін, өте еңбекқор, мектептегі өзгерістерді қажет деп санайтын ұстаздардың бірі. Тәлімгерлік үдерісті жоспардағыдай өткіздім Қожақова Бақыт Ақанқызын бастауыш сыныптың 1-сыныбына жетекшілік етеді. Онда да бірінші бетпе –бет кезеңде құрған тәлімгерлік жоспар бойынша жұмыс атқардым. Тәлім алушыммен бейресми кездесу өткізіп қажеттілігін анықтадым. Келесі де тәлім алушымды сабағыма қатыстырдым. Келесі кездесуімде тәлім алушымен жұмыс жүгіздім. Бұнда жұмыс барысында тәлім алушымның өзінің ана тілі сабағына жасап келген қысқа мерзімді сабақ жоспарын тексеріп, оған сабақ кезеңдеріне бағалаудың тәсілдерін енгізуді ұсындым. Бұнда Бақыт Ақанқызы қысқа мерзімді сабақ жоспарының кезеңдеріне бағалаудың тәсілдерін енгізіп көрсетті. Мамырдың жиырма бірі күні тәім алушымның ана тілі сабағына қатыстым. Бақыт Ақанқызының ана тілі сабағы жақсы дәрежеде өтті. Жаңа фоматтағы сабақтың ережелерін орындай алды, және де алған тапсымалары да оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай, балалар да белсенді топта ынтымақтаса жұмыс жасады. Сабақ кезеңдерінде екі топта бірін-бірі бағалай алды. Тәлімгерлік ету ұзақ үрдіс болғандықтан, келесі оқу жылына да бірқатар жұмыстарды жоспарлап қойдым. Тәлімгерлік етуді Бақыт Ақанқызымен жалғастырамын. Қорыта келетін болсам, тәоім алушымның тәлімгерлік үдерісінде жақсы нәтиже көсетуі ол- тәлімгерліктің табыстылығы деп білемін.

Мамырдың жиырма бірі күні тәім алушымның ана тілі сабағына қатыстым. Бақыт Ақанқызының ана тілі сабағы жақсы дәрежеде өтті. Жаңа фоматтағы сабақтың ережелерін орындай алды, және де алған тапсымалары да оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай, балалар да белсенді топта ынтымақтаса жұмыс жасады. Сабақ кезеңдерінде екі топта бірін-бірі бағалай алды. Тәлімгерлік ету ұзақ үрдіс болғандықтан, келесі оқу жылына да бірқатар жұмыстарды жоспарлап қойдым. Тәлімгерлік етуді Бақыт Ақанқызымен жалғастырамын. Қорыта келетін болсам, тәлім алушымның тәлімгерлік үдерісінде жақсы нәтиже көсетуі ол- тәлімгерліктің табыстылығы деп білемін. Оқушылардың оқыту үдерісі арқылы мен өзімнің қызметімнің қаншалықты жауапты екенін және оқушыларды жаңа ағымдағы бағдарламасы жүйесінде оқыту мен «ХХІ ғасыр оқушысын» дайындау міндеті тұрғысынан түсіндім. Мен өзімнің тәжірибемдегі өзгерістерді енгізіп, осы үдерістерді жоспарлағандай атқара алдым, және ондағы өзгерістерді енгізгеніме өкінбеймін, себебі айтарлықтай нәтижелерге жете алдым. Олар мектептегі тәжірибе кезеңінде өткізген барлық үдерістердегі күтілетін нәтижеге қол жеткізгенім деп ойлаймын. Мұғалімдердің бағдарлама идеясын түсінуге және жеті модуль туралы білім жинақтауына оң әсер ету үшін топ отырыстарын жүйелі өткізуді жоспарладық. Тәлімгерлік ету отырыстан тыс уақыттарда да жүргізіле беретінін ескере отырып, олардың кез-келген мәселе бойынша әрдайым хабарласуына болатынын ескерттім.

Сонымен қатар, көптеген зерттеулерде мектеп тәжірибесінің ұйымдастырылуы, мазмұны мен бағытына қатысты құзырлы мұғалімдердің табысты тәжірибесі қарастырылады. Қазіргі заманға зерттеулер кәсіби даму мұғалімнің өзін білім беру қоғамдастығының бір бөлігі ретінде қарастыруынқажет екендігіне назар аударады. Бұл тәсілдің аясында көшбасшы – мұғалім ұсынған зерттеулер мен инновацияларға негізделе отырып, мұғалімнің тәжірибесі жетілдіріледі. Кәсіби біліктілік пен білім жай ғана қабылданбайды, мұғалімдер оны өз қолымен жасайды. Адамгершілік мақсаттағы мұғалімдер өздерінің әріптестерімен айналасындағыларға әсер ету үшін, көшбасшылық қасиетін көрсетеді. Олардың көңілінде үнемі талапқа сай оқыту тұрады. Әріптестеріне ықпал ету үшін, сондай-ақ оқыту мен оқудың дамуына қолдау көрсету үшін құзырлы мұғалімдер коучинг пен тәлімгерлікке жүгініп, басқа мұғалімдердің идеяларын жүзеге асыруға қолдау көрсетіп, өз тәжірибелерін зерделеумен айналысады. [МАН 7бет]

Қорыта келе, әлемдегі реформалар мен өзгерістердің озық іс-тәжірибелерін зерттеп, зерделеп өз мүддемізге лайықтап қоғамға ендіру біз үшін қажет деп ойлаймын. Біз өзгерістен қорықпай, өзгеру арқылы көп нәрсеге қол жеткізуімізге болады. Сол қол жеткізілетін нәрселер таза еңбек пен іс-әрекет, білім арқылы келері сөзсіз. Келешекте мен мұалімдік жолымда нақты төмендегідей өзгерітерді енгізгелі отырмын:

Ұстаздарға арналған түрлі аудандық, облыстық жарыстарға қатысу;

Педогогикалық оқуларға қатысу;

Ғылыми жобаларға оқушыларды дайындау, қатыстыру;

Пәнім бойынша қашықтықтан оқыту олимпиадаларына қатысу;

Қашықтан оқыту олимпиадаларына оқушыларды қатыстыру;

Бұл біздің алғашқы қадамымыз.Тәжірибені өзгертуге ұмтылудың өзі жетістік. Елімнің ертеңі мен болашағы ол - менің іс-әрекетім,ол - менің жаңа тәжірибем,жаңа әдісім,жаңа жеңістерім...



Жалпы есеп бағалауға дайын. Бірақ та толықтыруға уақыт бар. Есепте нақты дәлелдеме көрсетілмеген.

Алдын ала жоспарлау үдерісі сіз үшін тиімді болды ма? Неге? Коучинг, Тәлімгерлік үдерісін ұйымдастыруда қиындықтар туындады ма? Оны сол үдеріс барысында қалай шештіңіз? Осы практиканы өту барысында өз тәжірибеңізге деген көзқарасыңыз қандай болды? Жалпы алған да жасап жатқан барлық қадамдар сіз үшін де сіздің білім алушыңызға да тиімді әсері болды ма? Не сәтті болды? Не сәттсіз болды? Болашақта нені жақсарту керек деп ойлайсыз? Болашақта алдыңыға қойып отырған мақсатыңыз қандай? Нені жақсарту керек деген де өзіңіздің жасап отырған қадамдарыңыз бойынша айтасыз. Оқушылардың, коучинг сессиясына қатысып отырған мұғалімдердің және тәлімалушының кері байланыстарын, жұмыстарын дәлелдеме ретінде ұсынсаңыз жақсы болар еді.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!