МКҚК «Салтанат» бөбекжай
-бақшасы
"Дені сау ұрпақ - ұлт
келешегі"
атты спорттық отбасылық іс -
шара
Дене шынықтыру
нұсқаушысы:
Б.К.
Рамазанова
Петропавл қаласы 2021
жыл
"Дені сау ұрпақ-ұлт
келешегі"- атты спорттық отбасылық
іс-шара
Музыка естіледі, жүргізуші
кіреді
Жүргізуші: Құрметті қонақтар! Қадірлі
достар! Универсиада 2017 әлемдік қысқы олимпиада ойындарының өтуі
аясында «Салтанат» бөбекжай бақшасыда Кіші Олимпиада ойындарын ашық
деп жариялаймыз. Қазір сіздердің қошеметтеріңізбен орталық алаңға
Олимпиадалық ойындарға қатысушы спортшыларымызды шақырамыз. Олар
біздің балабақшамыздың балалары мен олардың ата-аналары, қарсы
алыңыздар!
Командалардың
шығуы
Бүгін сіздерге сәттілік тілеп,
алғашқы Олимпиадалық жүлдені жеңіп аласыздар, деп сенеміз. Осы
мереке көңілді сәттерімен жақсы көңіл күй
сыйласын!
Спортшылар, есіңде
болсын:
Тек мықтылар ғана жеңіске жете
алады! Сіздерге сәттілік, жеңіс тілейміз!
Кіші Олимпиадалық ойындар ашық
деп жариялансын!
Спорттық би шығармасы
«Олимпиаданың ашылуы».
ҚР гимні, ту
көтеріледі.
Жүргізуші: Кіші Олимпиадалық ойынға
қатысушылар, салтанатты антты менің соңымнан
қайталаңдар:
-
спорт ережелеріне адал
болуға,
-
қарсыластарды құрметтеп,
сайыста әділетті болуға ,
-
мейірімділік пен достық,
татулық заңдарын сақтауға. Ант
етеміз!
Бәрі
бірге: Ант
етеміз!
Жүргізуші:Құрметті ойынға қатысушылар,
Олимпиадалық ойындар ол – достық, жеңіске деген ерік, жігер және де
әдемі, шыншыл спорт түрі екенін ұмытпаңыздар! Ал спорт ол
бейбітшілік. Кіші Олимпиада ойындары, қош келдіңдер!
Алақай!
Жүргізуш: Көңілді бастамалармен жеңіске
жетіңіздер деп тілейміз!.
Дене шынықтыру
нұсқаушысы:Топтар бір бірін
таныстырады
Спорттық
жарыстар.
Дене шынықтыру
нұсқаушысы:
1.Допты алып әкелу,қайта
орынына қою.
Керекті
құралдар: екі доп,
ысқырғыш.
Бірінші сайыс разминка
ретінде өтеді. Денені қыздыру үшін біз жүгіреміз. Жүгірген кезде
бірінші бала допты алып, келесі балаға жүгіріп береді. Келесі бала
сол допты қолына алып, қайта орынына
қояды.
2.Керекті құралдар: 4
құрсау, екі кедергі және ысқырғыш.
Құрсау ішімен секіру,
кедергіге дейін жету.
3.Теңге алужәне теңге алу
сөзін күру (атпен шауп бір теңгені алып сөзді кұрастыру
керек).
Керекті
құралдар: екі ойыншы ат,теңге
тыиндары, ысқырғыш.
Бала ойыншық атты өзіне
киіп, жүгіріп теңге тыин алып, керекті әріпке
қояды.
4.
Ата-аналар
сайысы: Үңгір ішімен өтіп шарды
отырып жару.
Керекті
құралдар: екі үнгір және балаларға
сәйкес әуе шарлар саны.
Үңгір ішімен жұріп-шығып
әуе шарды өз денесімен жару,қолды
тигізбей.
5. Арқан тартыс
сайысы.
Керекті
құралдар: арқан ,
ысқырғыш
Спорттық
жарыстар
Жүргізуші: Салтанатты әуен естілді. Ол
көптен күткен сәт жеңімпаздарды марапаттау сәтінің келгенін
білдіреді. Әділқазылар алқасына сөз кезегін
береміз.
Сайысты қорытындылау,
жүлделерді табыстау
Жүргізуші: Міне, осымен спорттық жарыс өз
мәресіне жетті.
Дене шынықтыру
нұсқаушысы:Топтар, сап түзеп, тік
тұрыңдар!
Жүргізуші: Олимпиадалық туды түсіру
құқығы балабақша меңгерушісі Айгүл Қоныспаевнаға
беріледі.
(Топтар туға қарап сап
түзейді.)
Музыка
естіледі
Жүргізуші: Олимпиадалық ойындарды жабық
деп жариялаймыз!
Балалар мен ата-аналарға
Олимпиадалық ойындарға қатысқандары үшін алғыс
білдіреміз!
Көрсетті міне өз өнерін
балалар,
Сайыстың да соңы жетіп
таянар
Дені сау, мықты, епті,
ақылды
Спорт сүйгіш боп өсіңдер,
балалар!
«Біз біргеміз» әнін
айтады
Балалар музыкамен
залданшығады