Материалдар / Денсаулық сақтау технологиясы кеңес
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Денсаулық сақтау технологиясы кеңес

Материал туралы қысқаша түсінік
«Балабақшада қолданылатын заманауи денсаулықты сақтау техналогиясы» Педагогтарға арналған кеңес.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Наурыз 2023
268
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Атырау облысы білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің

«№ 16 «Дюймовочка» бөбекжай-бақшасы » коммуналдық мемлекеттік қазыналықкәсіпорны.









«Балабақшада қолданылатын заманауи денсаулықты сақтау техналогиясы»

Педагогтарға арналған кеңес.





Дайындап, өткізген:

дене шынықтыру жетекшілері

педагог-модератор Жолтай Е.М.
















Ақпан-2023ж







«Балабақшада қолданылатын заманауи денсаулықты сақтау техналогиясы»

Педагогтарға арналған кеңес.



Педагогикалық денсаулық сақтау технологияларын қолдану

Түрі

Күн тәртібіндегі өткізетін  уақыты

Өткізу әдістерінің ерекшелігі

 

  1. Денсаулықтарын сақтау және ынталандыру

Стретчинг

(созылу)

Тамақтан соң 30 минуттан  кейін желдетілген топта немесе спорт  пен музыка залында ортаңғы топтан бастап, аптасына екі рет 25-30 мин

Сымбаттары бұзылған және жалпақтабандылықтын алдын-алуға ұсынылады. Бұлшық еттерге жүктеменің үлесі тең болуы керек.

Ырғақты - қозғалыс

Тамақтан соң 30 минуттан  кейін желдетілген топта немесе спорт  пен музыка залында ортаңғы топтан бастап, аптасына екі рет 25-30 мин.

Жүктеменің көлемі  және өлшемі баланың жас ерекшелігіне қарай болу. Көркем құндылыққа назар аудару

Динамикалық үзіліс

Сабақта балалардың шаршауларына қарай, 2-5 мин.

Шаршаудың алдын-алу үшін барлық балаларға ұсынылады. Сабақтың ерекшелігіне қарай көзге. Тыныс алуға және басқада жаттығуларды қосуға болады.

Қимылды және спорттық ойындар

Серуенде, топта сабақтың бөлігі ретінде, барлық топтарды күнде

Ойындар баланың жас шамалық ерекшелігіне және маусымдыққа, уақытына сәйкес іріктелінеді. МДМ-де спорттық ойындарының элементтері ғана қолданылады.

Релаксация

Барлық топта кез-келген ыңғайлы бөлмеде. Педагог технологияның қарқындығын мақсатпен балалардың  жағдайына байланысты анықтайды.

Табиғат үнінін, классикалық баяу әуенді (Чайковский, Рахманинов) қолдануға болады.

Саусақ жаттығулары

Күнде барлық топтарда жеке-дара немесе жарты топпен

Күнде кез-келген ыңғайлы уақытта Барлық балаларға, әсіресе сөз мүкістігі бар  балаларға ұсынылады

Көзге арналға

Көзге түскен жүктеменің қарқынына қарай күнде 3-5 мин

Педагогтың көрсетуі, көрнекілікті қолдану ұсынылады.

Тыныс алу жаттығулары

Дене тәрбие және сауықтыру жұмыстарының әртүрлі формасында

Процедураның алдында балаларға мұрын гигиенасы жөніндегі міндеттер нұсқауын беру, бөлмені желдетіп алуОбеспечить проветривание

Сергітетін жаттығулар

Күнде түскі ұйқыдан, 5-10 мин.

Өткізу түрі әртүрлі: керуетте жатып, молынан жуыну, қабырғалы жолмен жүру, ауасы әртүрлі деңгейдегі бөлмеде жеңіл жүгіру

Дене тәрибе сабағы

Спорт немесе музыка залында  аптасына екі  рет

Сәбилер тобында – топ бөлмесінде, 10-15 мин.  Ортаңғы -15-20, Ересек 20-25, Дайындық тобында -25-30 минут

МДМ-нің жұмыс істейтін бағдарламасына сәйкес желдетілген бөлмеде өткізіледі.

Мәселелі ойындар (тренингтар)

Күннің екінші жартысында немесе кез-келген бос уақытта педагогтың алдына қойған міндеттіне қарай ұйымдастырылады.

Сабақ педагогтың баланың ойын әрекетіне оған білтіртпей қосылуы арқылы өтеді

Тіл қатынас ойындары

Ересек тобынан бастап аптасына 1-2 рет, 30 минуттан өткізіледі.

Сабақ  белгілі тірек-ызба бойынша және бірнеше бөлімдерден құрылады. Олар әңгімелесу, сызба-нұсқалар, әртүрлі деңгейдегі ойындар, сурет салу, жапсыру, т.б.

Нүктелі  массаж

Ересек тобынан бастап кез-келген ыңғайлы уақытта және күзгі және көктемгі індеттердің алдында өткізіледі.

Тұмау ауруымен жиі ауыратын балалармен қатаң түрде арнайы әдістер арқылы өткізіледі. Көрнекілік құрал қолданылады.

Арттера-пия

Ортаңғы топтан бастап сеанс бойынша 10-12 сабақ, 30-35 минут өткізіледі.

Сабақ жарты топ бойынша 10-13 адаммен  өткізіледі. Диогностикалық құрал және сабақтың хаттамасы болуы керек.

Әуен әсері

Айына 1-2 рет сабақтан тыс уақыта сауықтыру-шынықтыру жұмысы ретінде өткізіледі

Басқа технологияларға көмекші ретінде: шиленісті шешуге, эмоцияның жоғары кездерінде қолданылады

Ертегі терапиясы

Айына 1-2 рет

Дамыту және психологиялық жұмыстар үшін қолданылады. Ертегіне ересек немесе топтасып айтуға болады.

Түстердің әсері

Алға қойылған міндеттерге қарай айына 1-2 рет

МДМ-нің безендірілген түстеріне ерекше назар бөлу керек. Бөлменің ішкі көріністерінің түстерін дұрыс таңдау – баланың шиленісін шешуіне және эмоциялық икемделуіне жақсы

Мінез-құлқын түзету

Ересек тобынан бастап сеанс ретінде 10-12 сабақ 25-30

Сабақ арнайы әдіс-түсілдер арқылы аз топты 6-8 баламен Ойын түрінде әртүрлі мәселелі балалармен жүргізіледі.

 













Семинар: «Денсаулық сақтау технологияларын пайдалана отырып баланың денсаулығын нығайту»

Семинардың мақсаты: Педагог тәрбиешінің тәжірибелік қызметінде келесі денсаулық сақтау технологияларын қолдану және меңгеру. Балабақша мамандарының, оқыту-тәрбиелеу процестерінің нәтижелерін көтеру, педагогтар бойында балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған құнды бейімділіктерді қалыптастыру, балабақшаларда денсаулық сақтау технологиясын жүзеге асыру негізінде педагогтардың ойлау белсенділігін арттыру.

Міндеттері:

Денсаулық ұғымына түсінік беру.

Қатысушы педагогтарға дене тәрбиесін дамытуші орталықтары арқылы денсаулық сақтау технологияларын тәжірибеде қолдануға бағыт сілтеу.

Өткізу түрі: педагогикалық шеберхана.

- Қайырлы күн, құрметті педагогтар. Бүгін мен сіздермен денсаулық сақтау технологияларын пайдалана отырып баланың денсаулығын нығайту туралы семинар өткіземін.

- Мен біздің кезекті кездесуімізді өздерімізді жақсы қырынан таныстырумен бастағым келеді. Қазір мына доп кімнің қолына барса Сол адам өзінің атын айтады және атынның бірінші әріпіне сай сипаттама береді. Мысалы; Айгүл-ақжарқын, Бағила бейбітшіл деген сияқты. Доп дайындау

(танысу - сәлемдесу).

- Біз өзімізді таныстырдык, енді семинар жұмысын бастасақ болады.

Бүгінгі біздің кездесуіміз, құрметті әріптестер, теледидар бағдарламасы түрінде өтеді "Денсаулықты сақтаймын - өз-өзіме көмектесемін!" (музыка қосылады). Әсерлі, сезімтал, жағымды музыка

2. Бағдарлама басында

Сөйтіп, «Денсаулық туралы» айдарына өтеміз.

Жаттығу "Әуе шары" (адам денсаулығының құндылығы туралы).қағаздар дайындау

Жерден ұшып бара жатқан әуе шарының суретін саламыз. Әуе шарының себетіне адамның суретін салу. Бұл сізсіз. Сіздің айналаңызда көк аспан, күн шұғыласын шашып тұр. Осы суреттің қасына сіз әуе шары мен саяханқа шыққанда алып шығатын өзіңіз үшін 9 құндылықты жазыңыз. (мысалы, ақша, денсаулық, отбасы, жұмыс, махабат, т.б.). Енді көз алдыңызға елестетіңіз, әуе шарыңыз аяқастынан төменге құлдилады және сізге төменге құлап түсетін қауіп төнді. Сізге бірінші төбеге көтерілу үшін, балласттан (әуеде ұшу аппаратының ұшу биіктігін тәртіптейтін жүк) құтылу керек. Балластты тастаңыз, демек жазған 3 сөзді сызып тастаңыз, (тағы 3 сызыңыз). Тізімде не қалдырдыңыз?

Өмір құндылығы негізінде шеңберге алу. Жүргізуші тақтаға жаза бастайды. Егер сөздер қайталанса + белгісін қояды. Қосу белгісінің санына қарай өмір құндылықтарына рейтинг жасайды. Мысалы, 1-орын денсаулық, 2-орын отбасы және т.с.с.

Жүргізуші: Жұртқа мәлім, мықты денсаулық сәтті оқыту мен тәрбиелеуге жағдай жасайды, ал сәтті тәрбие мен оқыту -денсаулықтың жақсаруы. Яғни, білім мен денсаулық ажырамас ұғым.

Кейде балаға алғашқы сұрақ қойсаң, « адам өміріндегі ең қымбат әрі құнды нәрсе не», десең, олар көбіне былай жауап берді «ақша», «көлік», «алтын» немесе т.б. Кейде жетекші сұрақтар негізінде «денсаулық», «өмір» дейді, кейденегізгі құнділіқтардың атын атамайтын кездері де болады. Кейде сұрасаң: «Сіздер ауырасыңдар ма, балалар?» Барлығы тату: «Ия» - «Сендерді немен емдейді?» - «дәрі береді». «Ал, балалар дәрісіз емделуге бола ма?» - «Жоқ!» Осындай жауаптар, баланың денсаулығын сақтауға жетелейді. Балалық шақтан «бала өмір бойы денсаулығындағы сақталған нәрсені төзуіне тура келеді».

Януш Корчак былай дейді: «Балалар үлкендер сияқты дені сау, мықты болғысы келеді, сол үшін не істеу керек. Түсіндірсе сақтануға тырысады»

3. Сөйтіп, «Балабақша да» айдарында

Біз бүгін біздің балабақшамызда денсаулық сақтау технологияларын пайдаланудағы тәжірибемізбен бөлісеміз. Қазір сіздерге ересектер тобындағы ұйқыдан кейінгі жаттығулар кешенін көруді ұсынамын. Тәрбиешісі Нуржауова Бағила. (ұйқыдан кейінгі жаттығулардың орындалуы туралы тәжірибелік бейнеролик). Бейнероликті көрсету.

4. «Біздің шеберхана» айдары. БАЯНДАУ және ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Балабақшада денсаулық сақтау технологияларын орындау.

«Дене жаттығуларымен қалыпты және өз уақытында шұғылданып отырған адам ауруды құртуға бағытталған ешқандай емдеуді қажет етпейді».

Әбу Әли Ибн Сина.

Қазіргі кездегі елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған. Әлемдік білім кеңістігінен жалпы білім берудің басымдылық мақсаты - өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделетін, өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлға даярлау. Қай кезеңде болмасын білім мен тәрбие егіз ұғым екендігін ескерсек, отбасынан бастау алған бала тәрбиесі мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарында жалғасын тауып, болашаққа қадам басары анық. Олай болса, мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарындағы бүлдіршіндер тәрбиесін жан-жақты жетілдірудің жолдарын айқындап, бала денсаулығын сақтаудың жолдарын қарастыру заман талабынан туындап отырған жағдайлардың бірі.

Мектепке дейінгі білімде баға жетпес гигиеналық тәрбиенің тәжіриебиесі мол болғанымен, қазіргі заманға сай баланың денсаулығының нашарлап, әлеуметтік жағдай баланың дұрыс өмір сүру бейнесін қалыптастыруда жаңа қарым-қатынасты меңзейді. Ұлттық денсаулық сақтау ұйымында баланың салауатты өмір салтына тәрбиелеу негізігі міндеттердің бірі болып саналады. Баланың салауатты өмір салтын құру баланың тек психологиялық жеке-дара ерекшеліктері ғана емес, оны қоршаған ортасы мен жанұясы қолдап отыру қажет.

Қазақстандағы салауатты өмір салтын дамытудың бастамасы мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың денсаулығын сақтаудың аса қажет екендігін көрсетеді. Балабақша жұмысына денсаулық сақтау технологияларын енгізу қажетті заман талабынан туындайды.

Осыған орай жұмыстың обьектісі - мектепке дейінгі жаста баланың денсаулығын қорғау болып саналады.

Денсаулық сақтау технологияларының мақсаты - балаларға адам өмірі мен денсаулығына саналы көзқарас қалыптастыру, денсаулық туралы білім қорын толықтырып және дамыту біліктілігін сақтау, қолдап және қорғауға, валеологиялық құзыретін көтеріп, мектеп жасына дейінгі балаға салауатты өмір салтын және өмір қауіпсіздігі ережелерін дербес және нәтижелі шешуге ерік беру.

Міндеттері:

  • Баланы сауықтыруда, оқытуда, дамытуда адекватты жағдай жасау,

  • Балалардың денсаулығын сақтау және қимыл белсенділігі және ақыл ойының еңбекке қабілеттілігін көтеру,

  • Қалыпты эмоционалды күйін және психоэмоционалды күшін түсіруге жағдай жасау.

Басқа сөзбен айтқанда, біздің балаларымыз үлкен өмірге қадам басқанда тек қана жоғары денсаулық потенциалы болу емес, салауатты өмір салтын және оны дұрыс жүргізуге арналған білім қоры болк керек.

Біздің балабақшада денсаулық сақтау технологияларын толыққанды пайдалануға нақты жағдай жасамаған. Бірақ денсаулық сақтау технологияларын күн тәртібі және оқу іс әрекеті барысында топта немесе алаңда жүргізуге болады.

Денсаулық сақтау технологиялары 3 бағытта жүргізіледі:

- Денсаулықты сақтау және ынталандыру

- СӨС жүргізуге оқыту

- коррекциялық

Денсаулықты сақтау және ынталандыру бағытына мына технологиялар кіреді: ритмопластика, динамикалық үзілістер, қимылды және спорттық ойындар, релаксация, саусақ жаттығулары, тыныс алу жаттығулары, пальминг, игровая оздоровительная гимнастика.

Ритмопластика - аптасына 1 рет жүргізіледі. Ритмопластика жаттығуын жүргізу кезінде балалардың музыкалық есту қабілеті, ырғақ сезімі, икемділігі және әсемдігі дамиды және дұрыс сымбаты қалыптасады. Көркемдік құндылығына, тұлғаның физикалық жүктемесіне және оның жас ерекшелік көрсеткішіне сай келуіне назар аударылады.

Динамикалық үзіліс баланың шаршағанына қарап, оқу іс -әрекеті барысында 2-5 мин жүргізіледі. Динамикалық үзіліске көзге арналған жаттығулар, тыныс алу жаттығулары, саусақ жаттығулары мен т.б. жаттығулары элементтері кіріктіріліп, оқу іс-әрекетінің түріне қарай жүргізіледі.

Қимылды және спорттық ойындар дене шынықтыру оқу іс-әрекетінің және сенуеннің бір бөлімі ретінде, топта аз, орта дәрежелі қимылда жүреді. Ойындар баланың жас ерекшелігіне, уақыты мен орынына сай жүргізілу керек.

Релаксация. Жағымды және жағымсыз эмоциясының теңгерімділігі баланың психикалық денсаулығына қажет, жанының жайбарақаттығын сүйемелдеу және өмірді сүйетін мінез-құлық қамтамасыздандыруы. Жұмыс жүргізу үшін жайлы әуен қажет (Чайковский, Рахманинов, Моцарт, өзіміздің ұлттық композицияларымыз), табиғат әуендері.

Саусақ жаттығулары жеке жүгізіледі, немесе топпен күнделікті жүргізіледі. Ұсақ моторикаларын жаттықтырып, сөйлеуді, кеңістікте ойлауды, зейінін, қан айналамын, қиялын, жылдамдық әрекетін ынталандырады. Барлық балаларға ұсынылады, әсіресе сөйлеуінде ақауы бар балаларға. Үзіліс уақыттың ыңғайлы кезінде жүргізіледі.

Пальминг (көзге арналған жаттығу) күннің бос уақытында көзге ауырлықтың түсі қарқынына қарай, күнделікті 3-5 минуттан жүргілдеді. Көз бұлшықеттерінің статикалық күш салуын төмендетеді, қанайналымын жақсартады. Жүргізілу кезінде көрнекіліктер пайдаланылады.

Тыныс алу жаттығулары дене шынықтыру және сауықтыру жұмыстарының барлық түрінде қолданылады. Бала ағзасының тіндерінде оттегі алмасуын белсендендіреді, оның жұмысын тұтастай қалыптандырады және үйлесімдендіреді.

Ойын сауықтыру жаттығулары ұйқыдан кейін 5-10 минут жүргізіледі. Бұл кешенге төсекте ояну, жалпақтабандылықтың алдын-алу, дұрыс сымбатты қалыптастыру, ауқымды жуыну жаттығулары кіреді. Бізде осы мақсатта арнайы денсаулық кілемшелері дайындалған. Бұл кілемшелерде балалар ұйқыдан кейін жүріп өтеді. Кілемшелер баланың табанынын өте жақсы уқалап, бұлшықеттерін және бабанының байланыс аппаратын нығайтады, ағзаны түгел қорғайды.

СӨС жүргізуге оқыту бағытын кіретіндері таңғы жаттығулары, дене шынықтыру оқу іс-әрекеттері, өзін -өзі сылау, белсенді демалыс.

Таңғы жаттығу күнделікті әуенді сүйемелдеу арқылы 6-8 мин жүргізіледі. Әуенді сүйемелдеу әрбір жаттығуды алып жүру керек. Сонымен баланың ритмикалық дағдысы мен ептілігі қалыптасады.

Дене шынықтыру оқу іс-әрекеті аптасына 2 рет жас ерекшелігіне қарай бағдарлама талабына сай жүргізіледі (дәстүрлі, мазмұнды -ойын, кіріктірілген , сауықтыру). Олар қимыл дағдысы мен ептілігін оқытуға бағытталады. Жүйелі дене шынықтыру оқу іс -әрекеті бала ағзасын нығайтып және иммунитетінің көтерілуін қамтамасыз етеді. Дене шынықтыру оқу іс-әрекетіндегі музыка бала ағзасының психологиялық және физиологиялық жағдайының жақсаруына мүмкіндік береді..

Өзін-өзі сылау- бұл уқалау, бала өзі атқарады. Ол қанайналымды жақсартады, ішкі ағзалар жұмысының жүйеленуіне көмектесіп, сымбатты түзейді. Сылау адамның физикалық нығаюына ғана емес, психологиялық сауығуына да мүмкіндік жасайды. Бала үшін уқалау- сколиоздың , салқын тигеннен болатын аурудың, вегетативті дистонияның алдын - алу.

Белсенді демалыс (денешынықтыру уақыты, сауықтыру мерекелері, музыкалық уақыты, "Денсаулық күні"). Балалардың бос уақытын, мерекелерін ұйымдастыруда балалар өзара қатынаста болады. Сайыс тапсырмаларын, қимылдық тапсырмаларды орындау арқылы аса ерекше жүктемесіз қимылда болады. Өздері меңгерген қимыл дағдылары мен ептілігі негізінде балалардың өзіндік әртістік, қимылында жинақылық дағдылары байқалады. Дене шынықтыру мерекелері мен ойын -сауықтары міндетті түрде музыкамен сүйемелденуі керек, себебі музыка баланың сезімін, эмоционалдық ортасын дамытады. Музыка баланың қимыл реттін бекітеді, музыкалық шығарманың мінезін түсініп, есте сақтау, музыкалық бейімі қалыптасады. Баланың серуенде белсенді қимыл әрекетте болуы үшін спорттық құралдармен жабдықталу керек.

Түзету бағытына (Бейімделу): артикуляциялық жаттығулар, музыкотерапия, ертегі терапиясы, арттерапия кіреді.

Артикуляциялық жаттығулар - артикуляциялық аппараттарды жаттықтыруға арналған жаттығулар (ерін, тіл, төменгі жақ), дыбыстың дұрыс айтылуына қажетті, дыбыстың айтылуын нақтылауға, бұрыннан құралған дыбыстың айтылуының бұзылуын жеңуге көмектеседі. Дыбыстың айтылуында кемшіліктері бар балалармен тәрбиешілер жұмыс істейді. Оны үнемі қадағалап отырады.

Музыкотерапия - музыка балалардың психологиясына әсерлілігімен өте күшті. Ол жүйке жүйесінің жағдайына ықпалы күшті (тыныштандырады, босаңсытады немесе керісінше қобалжытады, еліртеді), әртүрлі эмоционалдық кейіпке ендіреді (тыныштықтан, қимылсыз күйден және жайсыз күйге, жабыраңқылық немесе агрессия). Сондықтан да балалармен музыка тыңдағанда мәніне көбірек көңіл бөлу керек. Музыканы жұмыс барысында қолданғанда әуеннің мінезіне ырғағына және дауыс қаттылығының ерекшелігінің бала психологиясының жағдайына әсер етуін ескеру керек. Қосымша технология ретінде күйзелістің алдын алуға, эмоциональдық күйді көтеруге көмекші ретінде пайдаланылады. Музыкатерапиясы оқу іс -әрекетін сүйемелдеуде өте кеңінен пайдаланылады (бейнелеу, құрастыру, айнала қоршаған ортамен таныстыру т.б. оқу іс-әрекеттерінде) Жайлы музыка, қуаныш сезімін шақыратын,тыныштық, махаббат, кішкентай тыңдаушының эмоционалды жағдайын үйлестіруге, зейінін шоғарландыруды дамытуға қабілетті.Сондай - ақ музыканы бала ұйықтайтын уақытында пайдалану баланың ұйқы алдында босаңсып, тыныштануына көмектеседі.Бала ұйқыға жатқанда көздерін жұмып көз алдыларына өздерін орманда, теңіз жағасында, немесе басқа да жағымды әсер қалдыратын орында жайлы музыка тыңдату керек. Соның әсерінен бала

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!