Материалдар / «Деструктивті діни ағымдардың қыз балалардың санасына әсері»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Деструктивті діни ағымдардың қыз балалардың санасына әсері»

Материал туралы қысқаша түсінік
Діни қозғалыстардың адам денсаулығына келтіретін қаупі оның адам психикасына жасайтын ықпалынан көрінеді. Адам психикалық дабылдардың әсерінен өз көзқарастарын, пікірлерін, сезімдері мен мақсаттарын басқаша түрде қайтадан құрады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қазан 2018
626
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Деструктивті діни ағымдардың қыз балалардың санасына әсері»

Діни қозғалыстардың адам денсаулығына келтіретін қаупі оның адам психикасына жасайтын ықпалынан көрінеді. Адам психикалық дабылдардың әсерінен өз көзқарастарын, пікірлерін, сезімдері мен мақсаттарын басқаша түрде қайтадан құрады. Жаңа діни қозғалыстар, әдетте әр түрлі қоғамдық бірлестіктердің, қауымдастықтардың, қайырымдылық қорларының, ағылшын тілі курстарының психологиялық тренингілер мен сауықтыру орталықтарының атын жамылып әрекет жасайды. Олар өздерінің іс-әрекетін бүркемелеп, алдына қойған шынайы мақсаттарын жарысады. Діни жаңа ұйымдар тоталитарлық, деструктивті культ немесе секта бола отырып жеке тұлғаға және қоғамға, ұлттық қауіпсіздікке, оның әртүрлі салаларына қауіп-қатер төндіреді.

Деструктивті (бұл сөз «бүлдіргіш» деген мағынаны білдіреді) діни ағымдар – азаматтарымыздың құқықтарын бұзатын, оларға психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, зиянын тигізетін діни ағымдар. Олардың ортақ сипаты  – діни ілімінің ақиқаттылық деңгейінен емес, оған мүше адамдардың қоршаған әлеуметтік ортадан оқшаулануы мен жетекшілік еткен азаматтарға көзсіз бағынуынан көрінеді.Жалған діни қауымда мұндай ықпалға түскен адам кінәлі, әлденеге мазасызданған, топқа тәуелді, сәби тәрізді қауқарсыз кейіпте болады. Қауымның жаңа мүшесі (неофит) дербестігін, өзбетінше шешім қабылдау және сыни пікірлер айтып, өз көзқарасын білдіру қабілетін мүлдем жоғалтады. Оның үстіне, мұндай тәуелділіктегі адамның бойында есалаңдық, шизофрения, өзіне-өзі қол жұмсап, зорлық жасауға бейімділіксияқты қасиеттері пайда болады. Мұндай психикалық әсер ету немесе адамды мәңгүртке айналдыру, бағдарлау, адамдардың миын айналдыру, қоғамдық сананы басқарып, жетекшілік ету жаңа діни ұйымды басқарудың әдісі мен ұйымға билікті жүзеге асырудың тәсілі болып табылады. Түңілгендік, шарасыздық, мазасыздықты басынан кешірген кез-келген адам деструктивті культтің потенциалды құрбаны болуы мүмкін. Адасқан адамдар сектадан кәдуілгі өмірде өздері жоғалтып алған, айрылған нәрселерін тапқысы келеді: жақындары тарапынан түсіністік және қолдау, сенімділікке ие болып, перспективасының анықтығын білу, сонымен қатар бойындағы тәуелділік пен қорқыныш, сондай-ақ жауапкершілік және кінәлілік сезімінен арылуды жаңа діни қозғалыс мүшелері көп жағдайда ақиқаты тану ретінде, діни үйлесімділік ретінде қабылдайды.

Жастардың жаңалыққа тез бейімделіп, таңсық көруі кәзіргі қоғамымыздағы тәрбиеге кері әсерін тигізуде.Мұндай жағдайларды болдырмаудың теориялық жағы әлі көп зерттелмеген.Бұл қоғамымыздағы қыз балалардың тәрбиесін жақсы жолға салуға деген бетбұрыстарға мүмкіндік бермеуде. Дегенмен, тәрбие ісіне атсалысушылар осы мәселені жоғары көтеріп, жағымсыз жағдайларға әсер етуде. Осы келеңсіздіктерді тудыратын жағдайлар тәрбиедегі қарама-қайшылықты туындатуда.

Қыздарымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Дәлірек айтқанда, жұрттың діни білім, имани тәрбиеге деген сұранысы, қажеттілігі өсіп,талабы биіктеп барады.

Қазіргі таңда осы талап-тілегін қанағаттандыра алмай, жат ағымдардың жетегінде кету сияқты көріністер орын алуда. Абай атамыз айтқандай: «Адамды – адам ететін де иман, Сұлтан ететін де иман», «Рухани байлық – бақытқа жеткізеді» – демекші, дін ойлауды, іздестіруді және үйренуді бұйырады. Жұмыс істеп, табысқа қол жеткізуді уағыздайды.Дін–имандылықтың, әділдіктің, сыпайылықтың, парасаттылықтың, көпшілдіктің, төзімділіктің кепілі. Діні, тілі жоқ халықтың – болашағы жоқ.

Дәстүрлі дін -өмірдің мәні мен мақсатын ашады, адамның ішкі жан дүниесін байытып, өнегелі көзқарас пен өнегелі әрекет құралдарымен сабақтастықта және өзара бірлікте тиімді пайдалану қажет;

Нақты қыз бала туралы мағлұматтарды – оның қалауларын, қызығушылығын, достарына, оқуға деген қарым-қатынасын біртіндеп анықтай отырып, оның жеке тұлғасының дамуының діни бағыттылығын айқындауға мүмкіндік туды. Сонымен бірге олардың мінез-құлқындағы қарама-қайшылықтарды да есепке алып отырдық.

Қыз балалармен бірге сабақта, қоңырауда жүргізілетін жұмыстар ғана әрбір қыз баланы терең түсінуге және онымен дұрыс қарым-қатынас жасауға септігін тигізеді. Зерттеу проблемасы күрделі болғандықтан, оның барлық салаларын қамтып шығу мүмкін емес. Деструктивті діни ағымдар мәселелерін зерттеу келешектің ісі болып табылады.

Қыз балалар санасына діни ағымдардың әсерін зерттеу жұмыстары кең және жан-жақты болғанда ғана олардың тұлғалық қалыптастыруға болатыны анық.

Қыз балалардың санасына имани әдептілік қағидалары мен қоғам бірлігін, тәрбиелік жүйелерді қалыптастыруда баса назар аудару қажет.

Бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi.Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқаратыны белгілі.
Бүгінгі қыз –ертеңгі ана,ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата –ана және қоғам.

Ынтымақ бар жерде тәрбие де бар. Ынтымақ бар жерде береке, бірлік те бар. Қоғамдық тәрбие жанұядан басталады. Ал сол жастар «рухани» байлықпен   қалыптасады. Қандай бағытпен жүреді, қандай ізгі істер жасайды, қандай қоғам келешекті қалыптастырады? Ол жалғыз мектеп проблемасы болмауы керек. Оған ата-аналар да, қоғамның әрбір мүшесі де бірігіп атсалысуы қажет.

Ертеңгі ана, бүгінгі  қыздарымызды  тәрбиелеу ананың және барша   қауымның   міндеті. Халқымыз   «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама философиялық  ой  сыйғызған. Яғни  қыз бала тәрбиесіне тек қана анасы ғана жауапты  емес, бүкіл  ауыл, ру  жауапты  болып отыр. Қыз  баланы   құрметтеу, олардың   алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу — халқымыздың игі дәстүрлерінің бірі.

Мектеп өмірі, оқушы тұлғасын әлеуметтендіру проблемасы әріптестік педагогиканы талап етеді. Және мектеп пен ата-ана, қоғам бірлескен кезде ғана тәрбие үрдісі өз жемісін нәтижелі бере бастайды.










Қостанай обл

Жангелдин ауданы

с: Қалам-Қарасу

Ғ.Қайырбеков атындағы орта мектебінің

Тәрбие жөніндегі орынбасары

Карпыкова Гульнар















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!