Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
девиантты мінез-құлыққа бейім оқушыларға арналған арт терапия тренингісі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАРБАҒАТАЙ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІ
«М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ» КММ
ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ БАР ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН АРТ- ТЕРАПИЯ ТРЕНИНГСІ
Психолог Айгерим Жаманкулова
Көкжыра ауылы
КІРІСПЕ
Қазіргі кездегі педагогикалық өзекті және күрделі мәселелердің бірі – «қиын балалар» мәселесі. Соңғы уақыттағы статистика мәліметтеріне сүйенсек, оқушылар арасындағы нашақорлық, алкогольді пайдалану, адам өлтіру, ұрлық сияқты жағымсыз іс-әрекеттері жылдан-жылға күрт өсуде. Осыған байланысты коғамдық ақпарат құралдарында мақалалар жазылып, педагогикалық ғылыми-зерттеулер жүргізіліп жатсада, «қиын бала» мәселесі әліде күн тәртібінен түспей келеді.
«Қиын бала» мәселесі, ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында «Мінез-құлықтағы қиындық және қиын балалар» ұғымында ғана, ғылыми тұрғыда
зерттеу өрісіне енбеді, бірақ, әрдайым социолог, психолог, юрист, дәрігер, педагог мамандарының зейінін өзіне үнемі аударып отырды, сөйтіп, өткен ғасырдың орта шенінен бастап арнайы педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік ғылыми-зерттеулердің нысанасына айналды.
Әсіресе кәмелетке толмағандар мен жастар арасында қылмыс көптеп кездеседі. Бұл жағдай психологиялық тренинг өткізуді талап етуде. Біздің тренингтің мақсаты девиантты мінез- құлқы бар балалардың тұлғалық дамуын зерттеу. Нақтырақ айтсақ сурет салу арқылы девиантты мінез- құлқы бар балалардың қарым- қатынасын, өмірлік мақсатын, басқа құрбыластарын қабылдауын, өзіндік ішкі “Мен”- ін анықтау. «Девиантты мінез-құлқы бар жасөспірімдер мен балаларға арналған тренинг» тренингті мектептерде, ЦВИАРН- да, жасөспірімдер колониясында кеңінен қолдануға болады.
Арт-терапияның тарихына назар аударсақ, арт- терапия психотерапияның жаңа әдісі. Оның дамуына АҚШ- та Маргарет Наумбург әсер етті. Арт- терапияның дамуына Фрейдтің санасыздық және Юнгтің персоналды және универсалды символдары туралы ойлар көп әсер етті. Арт- терапия дәстүрлі психотерапияның көмекші құралы ретінде де, жеке психотерапевтикалық әдіс ретінде де қолданылады.Арт- терапия ішкі қақтығыстардың, күшті эмоциялардың шығуына, терапевтикалық процестердің жеңілдеуіне, символдарды интерпретациялауда, психикалық ауруларды диагностикалауда, қатысушылардың өзін- өзі бағалауын жоғарлатуда, өз сезімдерін сезінуге, сондай- ақ шығармашылық қабілеттерін дамытуға көмектеседі.
Арт- терапияны пайдаланатын жетекшілер қатысушыларға өз жұмыстарына еркін ассоциалануға, олардың мағынасын өзбетінше талқылауға мүмкіндік береді. Кейбір жаттығуларда мысалы, бірігіп сурет салу немесе топтық бейнелердің синаллактикалық бейнелеуі барлық топтың қатысуына арналған. Гуманистік бағыттығы топ жетекшілері қатысушыларға өзінің ішкісезімдеріне сенуді ұсынады.
Әрбір мүшенің жұмысын жетекші өзі немесе барлық топпен бағалайды. Алғашында арт- терапияны ауруханалар мен психиатриялық клиникаларда аурулар мен эмоционалды бұзылыстары бар адамдар үшін қолданған. Қазіргі кезде арт- терапияның қолданылу аймағы өсіп келеді, ол өзінің психоаналитикалық алғашқы негізінен біртіндеп алыстап барады.
Қорыта айтқанды, девиантты мінез-құлықты балалармен тәрбиелік жұмыстарын жүргізуде римдік философ Сенеканың: «әрбір адам өмірінің тек кейбір жақтарын ойлап талдайды, бірақ ешкім жалпы өмір туралы ойланбайды» деген ой-пікіріне сүйене отырып, девиацияға коррекция жасаушы әрбір маман психолог, баланың тек кейбір мінездік кемшіліктерін түзетіп қана қоймай, оларды, қоғамдық өмірдің талаптарымен ұштасқан дұрыс қарым-қатынас жолына қайтып әкеліп, ары қарай қалыптаса дамуына, әлеуметтенуіне көмектесуі қажет. Бұл психологиялық іс-әрекеттер мазмұны, қоғам өмірінде бекіген адамгершілік қадір-қасиеттер мәнімен, талаптарымен тікелей байланыстыра, адамдар арасындағы қарым-қатынастар (достық, жолдастық, туыстық, сүйіспеншілік, махаббат т.б.) нормаларымен ұштастырыла жүзеге асырылғанда, балалар бойында девиантты мінез-құлықтың өріс алмауына және оларды мектеп қабырғасынан бастап әлеуметтендіруге мүмкідік жасалады.
Тренинг мақсаты:
-
Топтағы қарым- қатынасқа зерттеу жүргізу;
-
Қатысушылардың басқа адамдарды белсенді қабылдауын қамтамасыз ету;
-
Қатысушылардың өмірлік мақсатын анықтау;
-
Қатысушылардың өзіндік “Мен”- ін анықтау;
Тренинг не үшін керек: Топ арасындағы өзара қарым- қатынасты анықтау, өмірлік мақсаттарын жетілдіру, Қатысушылардың ішкі “МЕН”- ін анықтау, зейінділігін жетілдіру.
Әдістер мен техникаларды қайда қолданамыз: Жоғары оқу орындарындағы студенттерге, мектепте оқушылар мен мұғалімдерге, психиатриялық ауруларға.
Қатысушылар: 8-15 жас аралығындағы балалар.
Формасы: Ашық.
Уақыты: 3 күн сайын 2 сағаттан бір тренинг.
Әдістер мен техникалар: Сәлемдесу ритуалдары, арт- терапияға қатысты жаттығулар, қыздыру жаттығулары, қорытынды жаттығулар, рефлексия сұрақтары.
Құрал- жабдықтар: Қағаз, әртүрлі қаламдар мен қарандаштар, фломастерлер, маркер, краска,өшіргіш, балшықтар, тастар, ағаштардың тамыры, гүлдің жапырақтары.
Үстелдердің орналасуы: Ортада шеңбер бойымен орандықтар, сурет салу үшін әрбір қатысушыға бөлменің кез- келген бөлігінен үстел, ортақ сурет салатын үстел керек.
Құрамы:
-
Бірінші кездесу: “Менің өмірлік мақсатым”;
-
Екінші кездесу:”Мен және басқа адамдар”;
-
Үшінші кездесу:”Менің рухани өсуім”;
Жүргізушіге арналған коментарий:Әрбір жаттығуды түсіндіруі керек, егер қандай да бір қатысушы сурет сала алмаса,қолдау көрсетуі керек. Тренинг барысында жүргізуші девиантты балалардың өзін-өзі шынайы ұстауын қадағалауы керек, балалар өз проблемасын түсінетіндей сұрақтар қоя білуі керек. Девиантты мінез- құлқы бар балалардың сенімділігі мен белсенділігін арттыру,бұл жұмыстың нәтижелігіне септігін тигізеді.
1- кездесу “Менің өмірлік мақсатым”
Мақсаты:
-
Топтағы қарым- қатынасқа зерттеу жүргізу;
-
Қатысушылардың басқа адамдарды белсенді қабылдауын қамтамасыз ету;
-
Қатысушылардың зейінділігін анықтау;
Уақыты: 2 сағат.
Қажетті құралдар: Қағаз, әртүрлі қаламдар мен қарандаштар, фломастерлер, маркер, краска,өшіргіш.
“Сәлем, Тұлға”
Мақсаты: Қатысушылардың басқа адамдарды белсенді қабылдауын қамтамасыз ету, қызықты ақпарат алу.
Уақыты: 15 минут
Жүргізуші: Бөлменің ортасына шеңбер бойымен отырамыз. Қазір біз сәлемдескенде, бір- бірімізді саяси тұлғалармен, киноактерлермен, тарихи адамдармен, әдеби жанр бейнелерімен теңеуді қолданамыз. Мысалы:
“ Сәлем, Айгүл, сен мен үшін Роза Рымбаеваға ұқсайсың”.”Сәлем, Марат, сен мен үшін Джек Лиға ұқсайсың” т.б. секілді жалғасады.
Жүргізуші: Теңеу жасаған адамға қатысушылардың кез- келгені неге ондай теңеу қолданғаны туралы сұрай алады.
Жүргізуші: Енді қатысушыларға тағы бір рет қарап жаңа ғана тағайындалған атымен тағы бір рет сәлемдесіңіз.
Жүргізуші: Өздеріңізді қалай сезінесіздер, ойларыңызбен бөлісіңіздер.
Рефллексия сұрақтары:
-
Сізге өз есіміңіз ұнады ма?
-
Кімге қатысушыларды теңеу қиынға соқты?
-
Кімге оңай болды? Не үшін?
-
Не үшін осандай теңеуді таңдадыңыз?
Жүргізушіге коментарий: Әрбір қатысушыда бейджик болуы керек, олар тренинг барысында қойылған есімдерін қолдануға тырысуы керек.
Қыздыру жаттығуы “Импульс”
Мақсаты: Қатысушылардың көңіл- күйін көтеру, зейінділігін арттыру.
Уақыты: 10 минут.
Жүргізуші: Бәріміз орнымыздан тұрамыз. Ортаға өз еркімен бір қатысушы шығады. Ал қалғанымыз бір- біріміздің қолымыздан ұстап импульс жібереміз.Ортадағы адам импульстің кімнен өткенін табуы керек, Егер дұрыс тапса, сол адам ортаға шығады. Егер таппаса 2-3 рет мүмкіндік береміз. Ортаға келесі қатысушы шығады.
Қорытынды: Қатысушылардың сезімдерімен бөлісу.
Рефллексия сұрақтары:
-
Кімге импульсті табу қиын болды? Не үшін?
-
Кімге оңай болды?
-
Қандай сезімде болдыңыздар?
Арт- терапиялық жаттығу:”Менің елтаңбам”
Мақсаты:Қатысушылардың өмірлік құндылықтары мен алдағы мақсаттарын анықтау.
Уақыты: 1 сағат
Жүргізуші: Бөлменің кез- келген бөлігінен орын алыңыз. Әрбір қатысушы өз елтаңбасын салуы керек. Елтаңбаны салуға 10 минут беріледі. Егер сурет салуға икеміңіз жоқ болса, көңіл- күйіңіз түспесін, бәрі қолымнан келеді және бәрі жақсы болады деп ойлаңыз.
Жүргізуші: Енді көрме ұйымдастыру үшін, әркім өз суретін номерлейді және оны өзі ғана білуге тиіс. Суретті бөлмеге ілген соң әрбір қатысушы қағаз алып, елтаңба иелерін анықтайды. Кейін орнымызға отырып әркім өз ойын айтады. Мен дұрыс жауапты оқыған соң, жеңімпазды анықтаймыз.
Рефлексия сұрақтары:
-
Неге елтаңбаны осылай салдыңыз?
-
Сізге елтаңба суретін салу қиынға соқты ма?
-
Не үшін бұл елтаңбаны сол қатысушыға тән деп есептейсіз?
-
Суреттің нақты қай бөлігіне қарап анықтадыңыз?
Жүргізушіге коментарий: Әрбір қатысушының суретін жүргізуші өзі номерлеуі керек, себебі қатысушылар жазуынан танып қойуы мүмкін. Қатысушылар бір- бірінің суреттерін көрмейтіндей жағдай жасау керек. Музыка қосуға болады.
Қорытынды.
Жүргізуші: Мен тақтаға плокат іліп қойдым. Сол плокатқа сіздер бүгінгі өз көңіл- күлеріңізді бейнелейсіздер. Яғни сурет топ түрінде өтеді. Суретке әрбір қатысушы өзіндік бір үлесін қосады.
Жүргізуші: Шыққан суретке қатысты әркімнің ойы және сурет қаншалықты қатысушылардың көңіл- күйіне сай келеді.
Қоштасу ритуалы.
Тренингке қатысты ойлары. Тренингтен өзі үшін маңызды не алды, ойын ортаға салу. Өзіне және өзге қатысушыларға айтар тілегі. Фейрверг түріндегі қошемет.
2- кездесу “Мен және басқа адамдар”
Мақсаты:
-
Топтағы қарым- қатынасты анықтау;
-
Қатысушылардың көңіл- күйін анықтау;
-
Қатысушылардың бір- біріне деген көзқарастарын анықтау;
Уақыты: 2 сағат
Қажетті құралдар: Қағаз, әртүрлі қаламдар мен қарандаштар, фломастерлер, маркер, краска,өшіргіш.
“Сәлем, Тұлға”
Мақсаты: Қатысушылардың жұмысқа белсенділігін арттыру, айналасындағы адамдармен белсенді қарым- қатынасқа түсуін қамтамасыз ету, қатысушылар арасында оң эмоция тудыру.
Уақыты: 15 минут
Жүргізуші: Бөлменің ортасына шеңбер бойымен отырамыз. Қазір бір- біріміздің индивидуалды ерекшеліктерімізді еске түсіре отырып сәлемдесеміз. Яғни сәлемдескен адамыңызға бірнеше жылы сөз айтыңыз. Мысалы, “Сәлем, Айгүл мен сені көргеніме қуаныштымын, менің ойымша, сен өзіңнен әлсіз адамды ешқашан ренжітпейсің”
Жүргізуші: Енді өз сезімдеріңізбен бөліссеңіздер.
Рефлексия сұрақтары:
-
Сізге қатысты айтылған ой сіздің көңіліңізден шықты ма?
-
Болашақта сондай адам болуға тырысасыз ба?
-
Кім үшін жылы сөз айту қиынға соқты?
Қыздыру жаттығуы.
Мақсаты: Көру қарым- қатынасын жақсарту, Қатысушылар арасында аса терең, сенімді қарым- қатынас орнату.
Уақыты: 15 минут
Жүргізуші: Қатысушы жеке-жеке әрбір қатысушының көзіне 3-5 минут қарауы керек.
Жүргізуші: Енді өз сезімдеріңізді ортаға салыңыздар.Кімге және неге көру қатынасын орнату қиын болды? Әсіресе қай қатысушымен?
Арт- терапия тренингі “Мен және басқа адамдар”
Мақсаты: Топтағы қарым- қатынасты анықтау.
Уақыты: 1 сағат
Құралдар: Қағаз, әртүрлі қаламдар мен қарандаштар, фломастерлер, маркер, краска,өшіргіш.
Жүргізуші: Барлық қатысушылар бөлменің ортасына шеңбер бойымен отырады. Бәрінде қағаз және қарандаш болуы керек. Әркім өзі үшін маңызды бір нәрсе салуы керек. Менің нұсқауым бойынша оң жақтағы көршіңізден сурет алып, сол жақтағы көршіңізге өз суретіңізді бересіз.Бұл суретпен жұмыс жүргізіңіз, өзіңіз қалаған өзгерісті енгізуіңізге болады. Менің нұсқауым бойынша сурет өз иесін тапқанша, ауыстырылып отырады.
Жүргізуші: Өз суретіңіздегі өзгерісті көргендегі сезіміңізді есте сақтауға тырысыңыз.
Рефлексия сұрақтары:
-
Бұл қандай сурет?
-
Онда не бейнеленген?
-
Сіз бұл суретті қалай түсінесіз?
-
Бұл суреттегі бейнемен не істеуге болады?
Жүргізушіге коментарий: Әрбір қатысушы берілген уақыт мөлшерін сақтауы керек.Сурет сала алмаған қатысушыға қолдау білдіру.Өзгелердің пікіріне сүйенбей өз қалауынша салуын қадағалау.
Қорытынды жаттығу.
Жүргізуші: Қатысушылар бір- біріне тілек айтады. Ол жіп арқылы болады. Яғни бір қатысушы тілек айтады да, сол тілек бағытталған адамға жіпті лақтырды. Осылайша топтағы қатысушылар аяқталғанша жалғасады.
Жүргізуші: Жіпті қайта ораймыз, осы тілектеріңіздің орындалуына тілектеспін.
Жүргізушіге коментарий: Жіп әрбір қатысушыға тек бір рет келуі керек.
Қоштасу ритуалы.
Қатысушылардың тренингке қатысты өз ойларымен бөлісді. Тренинг қатысушының өзіне және өзге қатысушыларға қандай әсер қалдырды.
3- кездесу “Менің рухани өмірім”
Мақсаты:
-
Қатысушылардың өзіндік ішкі ”Мен”-ін анықтау;
-
Қатысушылардың өзіне деген көзқарасын анықтау;
-
Өзіне- өзі тілек айту қабілетін дамыту;
Уақыты: 2 сағат
Құралдар: Әртүрлі түстегі қарандаштар, балшық, тастар, ағаштар, бұл және қағаз, гүлдің жапырағы.
“Сәлем, Тұлға”
Мақсаты: Қатысушылар арасындағы қарым- қатынасты нығайту.
Уақыты: 15 минут
Жүргізуші: Бөлменің ортасына шеңбер бойымен отыруы керек. Бір- біріңізбен сәлемдесе келіп, сол сәлемдескен адамның болашағы туралы болжам айту. Мысалы: “ Сәлем, Айгүл, менің ойымша, сен болашақта 5 жылдың ішінде мейірімді боласың деп ойлаймын”
Жүргізуші: Енді өз сезімдеріңізбен бөліссеңіздер.
Рефлексия сұрақтары:
-
Болашағыңызға қатысты болжам сізге ұнады ма?
-
Болашақта сол қасиетті иеленетініңізге сенесіз бе?
-
Кімге болжам жасау қиын болды? Не үшін?
Қыздыру жаттығуы.
Мақсаты: Қатысушылардың өздеріне сенімділігін арттыру, рөлдік шеберліктерін байқау.
Уақыты: 15 минут
Жүргізуші: Өз еркімен ортаға бір қатысушы шығады. Сол қатысушы атақты бір адамның рөліне енеді.Ал отырғандар оның кім екенін шешуі керек. Егер дұрыс шешсе, екінші адам өз рөліне енеді.
Жүргізушіге коментарий: Қатысушылар бір-бірін қайталамауы керек. Қажет болса музыка қосу немесе қошеметпен қолдау көрсету.
Арт- терапия жаттығуы:” Мен және мен”
Мақсаты: Қатысушылардың өзінің ішкі әлемін бейнелеуі, толықтай өз сезімдеріне ерік беріп үйренуі.
Уақыты: 1 сағат
Жүргізуші: Қажетті құралдарды қолдана отырып өзіңіздің ішкі әлеміңізді бейнелеңіз. Бәрін өз қалауыңызша, ешкімге қарамай жасауға тырысыңыз.
Рефлексия сұрақтары:
-
Сіз өз жұмысыңыз үшін қандай материал қолдандыңыз?
-
Неге бұл материалды қолдандыңыз?
-
Сіз неге өзіңізді осылай бейнеледіңіз?
-
Сәз осы арқылы не айтқыңыз немесе не көрсеткіңіз келді?
-
Өзіңізді қалай сезінесіз?
Жүргізушіге коментарий: Қатысушыларға қиындық тудырса қолдау көрсету, қолынан келетіндігіне сенім арттыру. Қажет болса музыка қосу. Құралдардың жеткілікті болуын қадағалау.
Қорытынды жаттығу.
Жүргізуші: Қағаз, ручка алыңыз. Бөлменің кез-келген жеріне отырып өзіңізге тілек жазыңыз.
Жүргізуші: Енді қағазды өз қалауымызша орап, скочпен жапсырамыз.Бұл қағаз өзіңізде қалады.
Қоштасу ритуалы.
Қатысушылардың тренингтен алған ойларымен бөлісуі. Жалпы топқа қатысты тілегін білдіруіне болады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
-
Бабайцев В. Ю. Личностно- ориентированный тренинг в процессе подготовки будущих учителей к воспитательной работе с трудными детьми ( учебное пособие по технологии воспитательной работы для студентов- педагогов и учителей). - М., 1997
-
// Вопросы психологии 2008-2009 ж
-
Прутченков А. С. Трудное восхождение к себе. - М., 199
-
Психологические программы / под редакций И. В. Дубровиной. Екатеренбург., 1998 ж