400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ТРЕНИНГ

Материал туралы қысқаша түсінік
Тренингке қатысушылардың психологиялық денсаулықтарын сақтау, психоэмоционалдық жағдайларын өзгерте алу дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың өмірге құштарлығын арттыру, өмір туралы ойларын білу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оңтүстік Қазақстан облысы

Мақтарал ауданы

Алғабас ауылы

«Береке»жалпы орта мектебі мемлекеттік мекемесі

Педагог-психолог

Ботабекова Асемкул Ажихановна


ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ТРЕНИНГ 

Мақсаты: Тренингке қатысушылардың психологиялық денсаулықтарын сақтау, психоэмоционалдық жағдайларын өзгерте алу дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың өмірге құштарлығын арттыру, өмір туралы ойларын білу.


« Наполеонның кейіпі» жаттығу

Қатысушыларға үш түрлі қозғалыс :

қолды кеуде тұсында айқастыру,

ашық алақанмен қолды алға созу,

түйілген жұдырықты қол көрсетіледі.

Жүргізушінің «Бір, екі, үш! », командасы бойынша: қатысушылар өзіне ұнаған кейіпті көрсету керек (ұнағанын). Мақсатымыз барлығы немесе көбі бірдей қалып көрсеткені.

Жаттығуды орындау:

Бұл жаттығу сіздің жұмысқа қаншалықты дайын екендіктерңізді көрсетеді. Егер де көпшілігі алақандарын көрсетсе, онда, бұл олардың жұмысқа дайындығын көрсеетеді. Жұдрық агрессияны, Наполеон қалыбы – тұйықтық немесе жұмыс жасағысы келмеушілікті көрсетеді.



«Тырналар»жаттығуы

Орындау уақыты – 15 мин

Мақсаты:оқушылардың көшбасшылық позициясын дамыту, қойылған міндетті бірлесіп шешу іскерлігін қалыптастыру, бір-біріне қолдау көрсету, сабақтағы психологиялық күйді жоғарлату.

Жаттығу сипаттамасы:

Оқушыларды 3-4 топқа бөлеміз,ал жерге ретімен газет төсеп қоямыз да сол газет бетінде оқушы бірінің соңында бірі басып тұру керек.Газет оқушыдан біреу ғана асық болады.Егер газет таусылған жағдайда соңындағы оқушы артында жатқан газетін алға ұсынып отыру керек,бұл мәреге жеткенше жалғасып отырады.





«Арал» жаттығуы

Мақсаты: топтағы оқушылардың бір-біріне қолдау көрсету, қиындықтан шығуға көмектесуге баулу.

Жаттығу сипаттамасы:

Бұл жаттығуды сыныпта немесе таза ауада ойнауға болады,бізге магнитафон,газет қажет болады.Газетті жерге төсеп қоямыз/ол оқушы санынан кем болу керек/,оны біз арал деп көз алдымызға елестетеміз,әуенді қосып қоямызда,ал оқушы газет айналасында билеп жүреді.Әуен тоқтатып қойған кезде бетіне үлгеріп тұрып қалу керек,ал үлгермеген оқушы суға түсті деп есептелінеді.Бір-бір оқушы, бір-бір газеттен ойының соңына дейін алынып отырады.

Талдау: ойын жаттығуы аяқталғаннан кейін қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салады.

«Почта» жаттығуы

Мақсаты: ашықтық, сенімділік деңгейін, эмоционалдық еркіндікті, ортада бірауыздылық орнатуға жағдай жасау.

Жаттығу сипаттамасы:

Бәрі шеңбер жасап орындықтарға отырады.Әркім өзі бір қаланың атын атайды.Шеңбер ортасында хат тасушы жүреді:ол Алматыдан Ташкентке немесе Минскіден Тбилисиге хат әкеле жатқанын хабарлайды.Аты айтылған қалалар тез орындарын алмастыруға тиісті.Осы кезде хат тасушы да бос орынды алып қоюға ұмтылады.Орынсыз қалған бала хат тасушы болады,ал бұрынғы хат тасушы орындыққа отырысымен қала атына ие болады.

Жаттығу аяқталғаннан кейін жаттықтырушы топқа : «Сіз өзіңізді қалай сезінесіз? Қазіргі көңіл-күйіңіз қандай? деген сұрақтар қойылады.

Релаксация музыкалық қолдаумен(презентация пайдалану, фотографиялар)

Мақсаты: релаксация, эмоционалдық ширығудан арылу.

Құрал-жабдық: ноутбук, проектор, проекциялық экран.

Музыка – ол да психотерапияға жатады. Сіздер жайланып орынығып, экранға қараңыздар және музыка тыңдаңыздар. (презентация қарау)


Сіздерге сәттілік пен ішкі тепе-теңдік тілеймін!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
1275
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі