Материалдар / Диалог арқылы сыни ойлауға жетелеу
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Диалог арқылы сыни ойлауға жетелеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Лессон стади жұмыс жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Ақпан 2024
53
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
700 тг 525 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы

«Ынтымақ» қоғамдастығының мүшесі Саурықова Әлия Байұзаққызының

«Сабақты зерттеу» бойынша өткізген сабағының рефлексиялық есебі


Тақырып: Диалог арқылы сыни ойлауды жетілдіру

Мақсаты: Оқушылардың сыни ойлауындамыту, диалогтік оқыту арқылы сабақ үдерісін түрлендіру,өзара қарым-қатынасқа түсіре отырып,белсенділігін дамыту.

Күтілетін нәтиже:

1. Диалогқа түсу арқылы оқушылардың сөйлеу тілі жетіледі.

2. Сыни ойлауға дағдыланады.

3. Өзара қарым-қатынасқа түсе отырып,оқушы белсенділігі артады.

Топтағы мұғалімдер:




Химия– Жеттікбаева Айжан

Әдебиет – Саурықова Алия Байұзаққызы

Тарих – Абсаматова Мадина

Ағылшын тілі – Хасен Назерке


Lesson Study - мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Lesson Study  - оқушылардың білімдерін көтеру мақсатында өткізіледі.

Lesson Study  барысында мұғалімдер:

-Picture 1 Мұғалімдер тобы /кем дегенде 3 мұғалімнен/ қатысады;

-  Сабақ жоспарларын бірлесе құрады;

-  Үш деңгейдегі оқушыларды анықтайды;

-   Зерттеуді, бағалауды, бақылауды, талдауды бірлесе жүргізеді.

-  Оқушылармен сұхбат жүргізеді;

-   Әріптестерімен бөліседі.

Осы ретте ақпан айында 8а сыныбында сабақты зерттеуді жүргізуді жоспарладық. Ең алдымен  «Зерттеуді қандай бағытта жүргіземіз? деген сұрақ туындады.  Ол үшін мектеп психологымен бірлесе отырып, оқушыларға сауалнама жүргізілді. Сауалнама қорытындысында оқушылардың өз бетінше еркін сөйлеуі,пәндік тілде сөйлеу қиындық туғызатыны жайлы сұрақ  басымдыққа ие болды. Себебі, аталған сұраққа жауап беруде оқушылардың басым көпшілігі пәндік тілде сөйлеуден қиналатындықтарын атап көрсеткен.

Нәтижесінде «Lesson Study» өткізу үшін «Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың пәндік тілде сөйлеуін жетілдіру» тақырыбы таңдалып , күтілетін нәтижесі анықталды. «Lesson Study» жүргізу үшін сауалнама қорытындысына қарай отырып, сыныптағы А,В,С деңгейлі оқушылар таңдалып алынды.А деңгейлі оқушы –Мұратбай Диана - ол әдебиет сабағын сүйіп оқиды,оқу озаты,ізденушілік-зерттеушілік қабілеті жоғары,жауапкершілігі мол,белсенді оқушы. В деңгейлі оқушы – Сайын Санжар – сабағын жақсы оқиды, бірақ белсенді емес, сабақ сұрасаң ғана жауап береді,көп сөйлемейді, бұған себеп сөйлеу мәдениетінің төмендігі және оның мінезіндегі ұяңдығы.С деңгейлі оқушы – Зауытбаев Бауырхан таңдалынып алынды, ол сабаққа немқұрайлы қарайды,түрлі сылтаулар айтады,бірақ суретті өте жақсы салады.Сондықтан оқушылармен қарым-қатынасқа түсіп,диалог арқылы аз да болса сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын байыту және пәндік тілде сөйлеуін жетілдіру үшін М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасына сабақ өтуді жөн санадым.Сабақ құрылымы жоспарланып,оқушыларды диалогке түсіру үшін түрлі тапсырмалар мен әдіс-тәсілдер жоспарланды.


ҮPicture 3 й жұмысын сұрау мақсатында «Сұрағы бар қорап» әдісін алдым.Әр топ алдында қораптар тұрады.Ішінде таза парақшалар болады.Оқушылар сол парақшаларға сұрақтар жазып,қорапқа салады сосын келесі топпен алмастырып,бір-бірінің сұрақтарына жауап береді.Бұл әдісте «А» деңгейлі оқушы тиімді сұрақ қоя білді. «В» деңгейлі оқушы сұрақ жазу үшін біраз уақыт жұмсады,ал «С» деңгейіндегі оқушы жеңіл сұрақ жазған.Сұрақтарға жауап беру кезінде «А» және «В» деңгейіндегі балалар жақсы жауаптар айтты.Ал «С» оқушы сәл кібіртіктеп,достарынан көмек күтті.

Picture 2









«В» деңгейлі оқушының постер жазу сәті




Рисунок «С» деңгейлі оқушының сұраққа жауап жауап беру сәті




Picture 4

«Айналмалы бекет» әдісі

Picture 5








«А» деңгейлі оқушының постер

қорғауынан көрініс




Жаңа тақырыпты түсіндіру үшін «Айналмалы бекеттер» әдісін пайдаландым.Әр топқа тақырыптар беріліп,постер қорғау тапсырылды.1-топқа «Жетімкөлдің табиғаты»,2-топқа «Ана-адамзаттың асылы»,3-топқа «Аққу-киелі құс» тақырыптары берілді,әр топ өз тақырыптарына сай постерлер жасап,сағат тілімен топтарды аралай отырып,бір-бірлеріне түсіндірді. «А» деңгейлі оқушы Жетімкөлдің табиғатын керемет әдеби тілде сөйлей отырып,қорғады.Ойын еркін жеткізеді.Ал «В» деңгейіндегі оқушы

тек кітап тілімен ғана шектелді,өз ойынан ештеңе айта алмады. «С» деңгейлі оқушы сөйлей алмады.Бұдан кейін оқушыларды диалогқа түсіру үшін сұрақтар қойып ,оған жауап берулерін сұрадым.

«Кубизм» әдісі арқылы оқушылардың білімін тексердім.А,В,С деңгейлі балаларды сөйлетуге тырыстым.Кубтың қай қыры түссе сол қырындағы тапсырма бойынша мәлімет айтуы тиіс.Бұл әдісте А деңгейлі оқушы алғырлық танытты.Сұраққа еш ойланбастан толық қанды жауап берді.Сабақтың қай кезеңі болмасын бұл оқушы тек белсенділігімен көзге түсті.Сабақтың өн бойы «А» деңгейлі оқушы өзінің тапқырлығымен,ұшқыр ойлы логикасымен,жеке даралығымен көзге түсіп отырды.Сабақтың соңында оқушылар бағаланып,үйге тапсырмалар алды.Бірлескен топ мүшелерімен соңынан отырыс өткізіп,сабақ талданды және келесі сабақтың жоспары құрылды.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!