Материалдар / Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Диалог дегеніміз – өзіне және өзгеге деген қарым-қатынасты қалыптастыру. Диалог шын мәнінде оқушылардың бір-бірімен сұхбаттасуынан немесе оқушы мен мұғалім арасындағы пікір мен ой қорытындысын жүйелеу мен дамытуының көмектесуіне арналған амал. Бұл әдіс оқушының ой –өрісін дамыту мен қатар жан-жақтылыққа, өз ойын еркін әрі нақты жеткізуіне мүмкіндік жасайды
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Наурыз 2022
443
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



С. Адамбеков атындағы жалпы білім беретін орта мектебі













Жоба тақырыбы:

Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың

пәнге деген қызығушылығын арттыру



Жоба бағыты: Озық тәжірибені тарату









С.Адамбеков

Қазақ тілі мен

әдебиеті пәнінің мұғалімі:

Сарсенбаева Гулнур Аманбаевна

Ұялы телефон: +7(771) 668- 11 -66

Электронды пошта: nurmahanova0000@mail.ru





Аннотация

Диалог дегеніміз – өзіне және өзгеге деген қарым-қатынасты  қалыптастыру. Диалог шын мәнінде оқушылардың бір-бірімен сұхбаттасуынан немесе оқушы мен мұғалім арасындағы пікір мен ой қорытындысын жүйелеу мен дамытуының көмектесуіне арналған амал. Бұл әдіс оқушының ой –өрісін дамыту мен қатар жан-жақтылыққа, өз ойын еркін әрі нақты жеткізуіне мүмкіндік жасайды.



Аннотация

Диалог – это формирование отношения к себе и другим. Диалог – это, по сути, способ для учащихся взаимодействовать друг с другом или помочь систематизации и развитию мнений и мнений между учеником и учителем. Этот метод также позволяет ученику развивать свое мышление и дает ему свободу свободно и точно выражать свои идеи.



Аnnotation

         Dialogue is the formation of attitudes towards oneself and others. Dialogue is, in essence, a way for students to interact with each other or to help systematize and develop opinions and opinions between the student and the teacher. This method also allows the student to develop his thinking and gives him the freedom to express his ideas freely and accurately.























Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру



Жоспар

І Кіріспе

Диалогтік оқыту – өзара әрекеттің әдістемелік құралы



ІІ Негізгі бөлім

  1. Диалогтік оқытудың тиімділігі



  1. Сабақта диалогтік оқыту арқылы оқушылардың тілдесім қабілетін арттыру







  1. Диалогтік оқытудың білім сапасының оң әсері



ІІІ Қорытынды















































Балаға күштеп білім беруден гөрі,

баланың білімге деген құштарлығын ояту

ең маңызды мақсат.


К.Д.Ушинский

Еліміздің білім беру жүйесіндегі басты тұлға – мұғалім.

« Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады »,- деп айтқан ұлы ақын Абай Құнанбайұлы. Ұстаздардың әсерлі үнмен асықпай, мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналықтың, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай болуы керек.

Ұстаз болу бала кезімнен – ақ арманым еді. Сол кезден – ақ, ұстаз мектептің айнасы, бәйтерегі екенін түсіндім. Мұғалім мамандығын таңдап, еңбек еткеніме, міне, биыл 26 жылдан асты . Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы өмірлік ұстанымым етіп әрқашан шығармашылық ізденісте, ой қозғалысында болу керектігі жадыма тоқыдым.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің қазіргі қоғамда жүгі ауыр. Себебі, болашақ ұрпаққа мемлекеттік тілді үйрету – қазақ тілі мен әдебиеті мамандарының міндеті. Бұл міндетті жемісті орындау үшін, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін меңгеріп, өз тәжірибемде тиімді пайдалана білуге тырысамын.

« Бала бойындағы білімге деген құштарлық, талап, ынта отын сөндіріп алмаңдар. Партадағы жұмыссыздық – аса қатерлі қауіп »- деген екен В.Сухомлинский.

Оқытудағы жаңа әдіс – тәсілдерді сабақтастыра жүргізген сабақ өз шыңына жетеді екен. Ал, оқушы сол білім шыңына шығу үшін жоспарланатын тапсырмалар мен қолданылатын әдістер әрбір мұғалімнің шеберлігімен, өмір мен тұрмыстың күрделілігіне, қиыншылықтарға қарамастан өз жұмысын сүйетініне байланысты.

Оқытудағы жаңа әдіс – тәсілдерді пайдаланып, жаңаша сабақ түрлерін өткізу барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығының арттатынын байқадым. Біріншіден, проблемалық сұрақтар қою, оның жауабын жеке өзі, соңынан жұппен, топта талқылау арқылы шешімін тапса, бұл оқушы тілін дамытудың, қабілетін әрі шығармашылығын дамытудың басты бір жолы болып табылады. Екіншіден, мұғалім көрнекілік жасап жатпайды. Оқушы өзі де көрнекіліктерді дайындап, сол тақырып бойынша қорғайды, түсіндіреді. Қазіргі заман оқушысының танымдылық, шығарамашылық қабілетін дамытудың тура жолының бірі – оқытудың жаңа әдіс – тәсілдері деп білемін. Әрине, бұл жұмыста кемшіліктер де жоқ емес. Бұл кемшіліктерді жою, оқушылардың білім сапасын арттыруға бағытталған жұмыс түрлерін ұйымдастыра білу мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқыту арқылы оқушыларының бойындағы шығармашылық қабілетін дамыту меніңше төмендегі бағыттардан тұрады:

-қоршаған ортаны сезіне білу;

-ақыл – парасатты игеріп, ойлау қабілеттерін арттыру;

-өзін – өзі бағалай білуді меңгерту;

-қарым – қатынас мәдениетін сақтай білу;

-қоршаған ортада өз орнын, жеке ролін анықтай білу;

-өз тілін құрметтей білу;

-сын тұрғысынан ойланып, өз пікірін айтып, өз ойын еркін жеткізу.

Оқыту мен оқудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби шеберлігіне байланысты. Заманауи білім беру оқушының білім беру үдерісіндегі дербестігіне, соның ішінде өз бетімен оқу қабілеттерін, қабілеттерін дамытуға оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел – нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір – көзқарастары жүйелі дамыған оқушы қалыптастыруға негізделеді. Яғни, педагогикалық шеберлік – ұстаздық талантпен тығыз байланысты. Педагогикалық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жан – жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөзді оқушылырға жеткізе білу, шеберлікке ие болады.

Ұстаз - өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін жан болуы қажет. Оқушыларын тек біліммен қаруландырып қана қоймай, назарын, білгендерін жадында сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін ұштауға, дүниеге деген құштарлығын, өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырып, ықыласын,

сенімін, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын тағы басқадай танымдық қасиеттерін жетілдіріп, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуді өзінің өмірлік мақсаты, ізгілік мұраты,- деп санайтын адам.

Бірнеше жылдан бері «Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру» тақырыбымен шығармашылық ізденісте жүрмін. Оқушы диалог құру нәтижесінді білім алады. Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше.



Оқушы көбірек білетін адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныптастары мен мұғалімдері, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқу жеңіл болмақ. Талданатын идеялар оқушы түсінігінің нақты бөлігі болғанымен ЖАДА аясында қарастырылғандықтан оқу табысты болмақ.

Сабақтарымның кіріспе бөлімінде үй тапсырмасын сұрап, бекіту үшін «Серпілген сауал», «Конверт сұрақ», «Маршрут», «Әдебиет лотосы» , «Веер», «Біліміңді шыңдап көр!», «Сатылай кешенді талдау» әдістерімен ой қозғаймын. Оқыту үдерісінің бастапқы кезеңінде сұрақ – жауап әдісі қолданылады. Себебі, диалог оқушыларды қарапайым ауызша сөйлей білуге үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар, тыңдай отырып ұғына білуге және өз ойын жеткізе білуге үйретеді. Диалогтік оқыту әдісін пайдаланып қана қоймай, мақсатында ішкі ойлау жүйесін (монологты) біртіндеп дамыту қажет.

Диалогтік оқытуда сұрақ қою маңызды орын алады.
Сұрақтардың түрлері: - төмен деңгейдегі, жоғарғы деңгейдегі
Сұрақ қою техникасы: - түрткі болу, сынақтан өту, қайта бағыттау
Түрткі болу: - сұрақты қарапайым етіп қою, өткенді пысықтау...
Сынақтан өту: - толық жауап беруге, ойын толық айтуға итермелейді. «Мысал келтіре аласыз ба? «деген сұрақтармен бағыттайды
Қайта бағыттау : - сұрақты басқа оқушыларға бағыттайды. «Көмектесе алатындарың бар ма?» деген сұрақ қойылады.

Сұрақ қою арқылы мұғалім:
- оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады.
- оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды

- білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады.
- оқушыларға білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектеседі.
- оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді.
- оқушыларға шығармашылық қабілетті арттыруға көмектеседі.
- оқушылардың бір – бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді.
Диалог барысында оқушылар күтілген нәтижеге жету үшін күш – жігерін жұмсайды, ынталанады, ойларымен бөліседі, пікірлеседі, білімді бірлесіп алады, өз білімдерін толықтырады. Проблеманы шешуде өз идеяларын ортаға салып, талқылайды, оған баға береді, және ұжымдық білім мен түсініктері қалыптасады. Топпен жұмыс жүргізгенде әңгімелеріне қарай ой – пайымдаулары айқындалып, олардың топ алдында, жұрт алдында сөйлеу мәдениеттері қалыптасады. Тыңдап қана қоймай, оқушылар тапсырманы белсенді орындайды, ынтасы артып, өз бетінше жұмыс жасау дағдылары артатындығы байқалады.





Picture 1 Picture 5

Сабақтың негізгі бөлімінде «Блум таксономиясы», СТО, «Екеуі де», «Джигсо», «Бірге ойлаймыз», «Ойлан, жұптас, бөліс», «Екеуі де», «Білім биржасы», «Көршіңе әңгімелеп бер», «Жалғастыр» әдістерін пайдалану арқылы Барнстың айтқанындай, сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушының білім алуына соншалықты әсер ететіндігіне көз жеткіздім. Сондай – ақ, менің шығармашылық тақырыбымның негізі болмақ.

Менің ойымша диалогтік оқыту тәсілін ауызша қазақ әдебиеті сабақтарында қолданған өте тиімді, нәтижелі болатын сияқты. Бұл жерде тақырып толық талданады, әркімнің өз идеясы, пікірі бағаланады, бір-біріне сұрақ қойып үйренеді, айтқандарын дәлелдейді, келісімге келуге ұмтылады, ұжымдық түсініске қол жеткізеді. Қазақ әдебиеті пәнінен 7«В»  сыныбында өткен А. Байтұрсынұлының «Екі шыбын» тақырыбындағы сабағымды Блум таксономиясы бойынша жоспарладым. Сабақ мақсатына көп көңіл бөлу керек екенін байқадым.

Білу кезеңінде үй тапсырмасы «Веер» әдісі арқылы оқушылар жазбаша сұрақтар жазып, басқа топтармен алмасып сұрақтарға жауап ала отырып тексерілді. Үш топқа «Екі шыбын» өлеңің оқытып, талдау үшін әр топ өз ойларын постерге түсіріп қорғады.

Picture 2 Picture 4

Постерді қорғау әр оқушының ақылға қонымды мәлімет айтуы, әркім өз идеясын қолдауы жақсы шықты. Барнс : Сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтқан. Диалог арқылы оқытуда оқушылардың сыныптастарымен  әңгімеге түсу кезінде белсенділіктерінің артып, өз ойларын қорытындылап, анық жеткізе алатындығы көрінеді. Талдау кезеңінде проблемалық сұрақтар арқылы өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру мақсатында оқушыларға



мәтіннен әркімге әсер еткен жері туралы өмірмен байланыстыра өз ойларын ауызша айтуға тапсырма бердім. Оқушылар: ақынның өлеңде айтқан түйінді идеясын нақтылады. Өлеңнің «Екі шыбын» аталу себебін анықтап, тақырыптың негізгі идеясын аша білді. Оқушылар сөйлеуге, ойын еркін жеткізуге, өмірмен байланыстыруға тырысты. Мерсер сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылар мен диалог құру арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады.

Осы сабағымда оқушылар сын тұрғысынан ойлана отырып, өлеңдегі Шыбын секілді адамдардың бұрында да, қазіргі заманда да бар екенін салыстыра айтып, өлеңге сатылай кешенді талдау жасау арқылы диалогке түсіп, өз ойларын жеткізіп, интерпретация жасай алды. Мәліметтерді интерпретациялау негізінде қорытынды жасады.

5 «Ғ»сыныбында өтілген Ы. Алтынсариннің «Қыпшақ Сейітқұл » әңгімесі тақырыбындағы сабақта оқушылар әңгіменің негізгі идеясын «Мағынаны ашу» әдісі арқылы ашып, кейіпкер арқылы еңбек адамын суреттеудегі шеберлігін көркем тілмен жеткізіп, әңгіме кейіпкері - Сейітқұлға мінездеме беріп, «Көршіңе әңгімелеп бер!» әдісімен жұптасып әңгімеден шығатын негізгі ой түйін «Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті» екенін анықтады.

Осы сыныптағы Ы. Алтынсариннің «Атымтай жомарт» әңгімесі тақырыбындағы сабақта «Хат келді» әдісімен үй тапсырмасы сұрақтарына жауап алып, жауаптарды толықтыру арқылы оқушыларды диалогке түсіріп, ойларын еркін жеткізуге дағдыландырдым. «Жалғастыр» әдісі оқушыларға өлеңді жатқа мәнерлеп оқуына, кейбір көлемді шығармаларды оқуына, үзінді жаттап айтуларына зор септігін тигізеді. Өтілген сабақтарымда А деңгейлі оқушыларым өз бетінше ізденіп, ақынның өмірі мен шығармалары туралы материалдармен танысып, оқып, тақырыптан түсінгенін дәлелдермен өзі жасаған сызбалар арқылы айта білді. Сондай – ақ, жазушыға арнаған өз өлеңін оқып, ойын қорытындалай алды. Жеке жұмыста сұрақтарға жауап беру барысында С деңгейлі оқушыларым шығарма авторын атағандарымен, ол туралы деректерге жауап бере алмаған кездері де болды. Олар қайта бағыттау сұрақтарынан кейін ғана жауап берді.









Picture 3 Picture 5

Сабақ барысындағы әлеуметтік өзара әрекеттестік оқуда маңызды рөл атқарады. « Мұғалім – оқушы » және « оқушы – оқушы » жағдайындағы қарым – қатынас түсінікті дамытып, мағынаны ашудың елеулі бөлігін құрайды.

Picture 8 Picture 2

Оқыту үдерісінің бастапқы кезеңінде сұрақ – жауап әдісі қолданылады. Себебі, диалог оқушыларды қарапайым ауызша сөйлей білуге үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар, тыңдай отырып ұғына білуге және өз ойын жеткізе білуге үйретеді. Қазіргі таңда жұптық, топтық жұмыстың нәтижесінде тапсырманы түсініп, берілген сұрақтарға жауап бере алатын болды.

Кейбір өте тұйық, намысшыл оқушылар өздігінен сөйлемейді. Оны сөйлету үшін бір жайт себеп болып, оған түрткі болу керек екенін ұқтым. «Сен мұны білесің, ойланшы...», «Біліп тұрсың, айтып көрші...» - деп ой салып, азда болса жауап берсе, оны мақтақтап, үнемі қолдау көрсетіп отырамын. Дегенмен, намысшылдығының арқасында берілген тапсырманы шама – шарқынша орындап, ойын еркін жеткізе алмаса да, айтуға тырысады. Оған сын тұрғысынан ойланатын арнайы деңгейлік тапсырмалар беру арқылы, жұптық жұмыста көбіне дарынды оқушымен жұптап, одан жауап алуға болатынына көз жеткіздім.

6 «Б» сыныбында өтілген С. Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам, адам болып» өлеңі тақырыбындағы сабағымда оқушыларды диалогке түсіріп, өлеңнің негізгі идеясын аштырып, «Нағыз адам» тірек сызбасы арқылы Нағыз адам бейнесі - “Шығамын тірі болсам, адам болып ” өлеңінде айқын көрінетіні анықталды. Топтық жұмыс жасау негізінде Күн





сәулесі арқылы әрбір оқушы өзіндік ойын айтып, өлең шумақтарын сәйкестендіріп, ақын сезімін сөзбен жеткізе білді.

Picture 14 Picture 8

С. Мұратбековтың «Жусан иісі» әңгімесі тақырыбындағы сабақта «Біліміңді шыңдап көр!» әдісімен үй тапсырмасын сұрап, пысықтап, Ә. Қайранның «Ақ жусан» өлеңін тыңдату арқылы сабақтың тақырыбын ашып, оқушылардың жусн туралы жинақтаған деректерін оқытып, талқыға салу негізінде оқушыларды диалогке түсіріп, сабақта томаға тұйық, сөйлемей отыратын балаларды тартып, өзіндік ойларын тыңдадық. Әңгімені ретімен орналастыру тапсырмасында оқушылар қызығушылықпен орындап, топқа бірігіп, үш топ өз тапсырмаларын жоғары деңгейде тұжырым жасады. Әңгіме кейіпкері Аянның протативін біліп, ол туралы жинақтаған мәліметтерін ортаға салды. «Жетім көрсең, жебей жүр» тақырыбына шағын эссе жазу тапсырмасында С деңгейлі оқушылардан үш бала жазып, оқып, сынып оқушыларын, таңдандырды.

Диалогтік оқыту – оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіріп, түрлі идеялардың болатынын түсініп, өз идеяларын дәлелдеуге көмектеседі. Диалогтік оқыту әдісін пайдаланып қана қоймай, мақсатында ішкі ойлау жүйесін (монологты) біртіндеп дамытып келемін.

Сабақ соңындағы рефлексияға «СМС жазу», «Бес саусақ», «БББ», «Білім қоржыны», «Стикер жазбасы» әдістерін пайдаланып жүрмін.

Picture 7 Picture 6

Сыныптастарын бағалау балаларға бір-біріне құнды кері байланыс ұсынуға мүмкіндік береді, осылайша, олар бір-бірінен үйренеді және бірін-бірі қолдайды. Бұл оқыту үдерісінің бағалы өлшемін ашады: қарым-қатынас жасау, талқылау, түсіндіру және бір-бірін тартысқа шақыру мүмкіндігі балаларға дербес оқу шегінен шығатын әрекетке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сыныптастарын бағалау, өзін-өзі бағалау қабілетін дамытуға көмектеседі, ол



балаларға өз прогресі үшін үлкен жауапкершілік алуға көмектесе отырып, тәуелсіз оқуға ықпал етеді.

«Оқушылар бағалау бойынша көптеген тапсырмаларды орындай алады, бұл тек мұғалімнің уақытын үнемдеп қана қоймай, оқуда, әсіресе ойлау дағдыларын дамыту барысында пайдалы болады».

Міне, сондықтан да, мен сабақта «Екі жақты күнделік», «Сиқырлы қаламсап», «5 диктант», «Авторға хат» әдістерін пайдалану арқылы өтілген сабақтарды қорытындалап, бекітітіп, оқушыларды бағалауды «Басбармақ», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Критерийалды бағалау» әдістерін пайдалана отырып, мадақтау , түрлі жұлдызшалар мен стикерлер беру арқылы жүзеге асырамын .

Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында әдіс – тәсілдерді барынша қолдану арқылы біршама жетістіктерге қол жеткіздім.

- оқушылардың өз – өзіне деген сенімі күшейді;

- сапалы білім алуға құштарлығы артты;

- диалогке түсу арқылы білімді мұғалімнен емес, бір – бірінен меңгеретін болды;

- жұптық, топтық жұмыс арқылы оқушылардың бір –біріне деген көз қарасы өзгерді;

- өзін – өзі және сыныптастарын әділ бағалауға үйренді;

- балалардың тыңдау және сөйлеу мәдениеті қалыптасты;

- істеген іс – әрекетіне талдау жасай алатын болды;

- сын тұрғысынан ойлау арқылы қорытынды жасай алады.

Дегенмен сабақ барысында кейде мынадай кемшіліктер де кездесіп жатады:

- оқушыларды топтастыруда өзара келіспеушіліктердің туындауы ;

- ойды жинақтай алмау ;

- сөздік қордың аздығы ;

- сұрақтарды бір тақырып төңірегінде ғана қойылуы ;

- сабақтың тақырыбынан аса алмауы.

Мұндай кемшіліктерді жойып, келешекте Тәуелсіз елдің ертеңі болар жас ұрпаққа білім беру мақсатында талмай ізденіп, оларды зор біліммен қаруландыруға өз ықпалымды тигіземін.

Қорыта келе, оқушылардың білетін, білмейтіндігін анықтау үшін жақсы қарым-қатынас, тілдік дағдыларының болуын талап етеді.Осы жобада қарастырылған тапсырмалар жинағын пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасына ерекше оң әсер ете алады, -дегім келеді . Оқушылардың білімі мен ойлау қабілетін зерттеуге шынайы ұмтылу, шығармашылық қабілетті арттыру, оқу үдерісіне барынша қызықтыру үшін ынталандыру болып табылады.Ол ынталандыруға қалыптастырушы бағалаудың әсері мол.

Мұғалім тұтас педагогикалық үдерісте оқушылар шығармашылықпен айналыса отырып оқу сапасын арттырады. Шығармашылық іс – әрекетке қабілетті, еркін, зерек, ізденімпаз, еңбекқор, шабытты, белсенді, қызығушылығы мол, оқушының жеке дара қасиетін, жан-жақты жетілген тұлға болуға тәрбиелейтіндігі сөзсіз. Сондай – ақ, сыныптан тыс жұмыстарда, диалогтік оқыту әдісімен оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыруға мол мүмкіндік бар екендігіне көзім жетті. Майя Аджелоудың « Барлық ұлы жетістіктер уақытты талап етеді» деген сөзімен қорытындылағым келеді.



Пікір

Сарсенбаева Гулнур Аманбаевна «Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру» тақырыбындағы баяндамасын жазу барысында тақырыпты жан-жақты аша отырып, көркем тілмен ғылыми негізде баяндай білген.

Бұл баяндама қазіргі заман талабына сай жаңа әдіс-тәсілдер мен технологияларды тиімді пайдаланылған сабақтар негізінде зерделеніп жазылумен құнды. Баяндамашы диалог арқылы оқытуда өзіндік сыни көзқарасы бар , терең ойлы, сөзге шешен тұлғаны қалыптастырған. Оқушылардың бойында пікір алмасу мен өз бетімен әрекеттенуі, ойлаумен бірге тілдесім қабілеттерін арттырып, ізденімпаздылыққа баулып, әр сабақта диалогтік оқытудың нәтижесін көрсете білуімен ерекшеленеді. Сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлкен үлес қосқандығын айқын көрсеткен.



































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!