Сабақта оқушылар жұпта, топта
диалог жүргізу арқылы бір-біріне түсіндіру талқылау баға қою арқылы
жұмыс жасауда. Себебі диалогтік оқыту ұжымдық және өзара білім
алмасуға жағдай туғызады. Оқушы диалог құру нәтижесінде білім
алады. Жұптық жұмыс ретінде де, топтық ретінде де алынған диалог
топ ішіндегі барлық оқушы мен оқушы арасында өтіп, оны топ ішінде
талқылап отыру оқушының ойын кеңейтіп, тілін дамытады және сыни
тұрғыда еркін ойлау қабілетін кеңейтеді. Яғни оқушылар - диалог
жүргізу арқылы бірін-бірі үйретуші, ал ұстаз - сол білімді
реттеуші, бағыт бағдар беруші. Топ құру барысында да өзара диалог
жүргізу арқылы дұрыс шешім қабылдауға тырысады. Оқушыларды диалог
пен дәйектеуге, талқылауға тарту белсенді жүргізілген жағдайда
олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары
болады.
Нәтижесінде, диалог барысында оқушылар белгілі бір нәтижеге жету
үшін пікір алмасу арқылы қызығушылығын арттыра отырып, негізгі
білімді пысықтай алады. Өмір ағымына өзіндік пікірмен ілісе алатын,
өзіне сенімді болып, жаңа нәрсеге тәуекелшіл, өмірді жаңаша
көзқараспен қарайтын, тіл байлығы терең оқушылар болады деген
сенімдемін.
Ы. Алтынсарин:
«Балаға айтып түсіндіргеннен гөрі, қолымен ұстап, көзімен көріп,
мұрнымен иіскеп түсіндірген сабақ ұғымды» деген.
Енді өз тәжірибемде «Қазақстан өндіріс орындары» тақырыбын «Блум
таксоманиясы» бойынша былай жоспарлап өттім. Бұл сабақты таңдаған
себебім оқушылардың газет оқуға деген қызығушылығы оянды.
Білімдерін өмірмен ұштастыра білді. Сабақты қызығушылығын ояту
кезеңінде оқушыларға Қазақстанның әр түрлі өндіріс орындары
таратылды. Өзара диалог жүргізу арқылы өз ойларындағы өндіріс
орындарын құрастырды. Ең тез әрі дұрыс құрылған топ азық –түлік
өндірісі, орташа қиындықта болған машина өндірісі, қиындық
деңгейдегі мақта өндірісі.
Өйткені азық –түлік тақырыбы бұрын өтілді, ойын жеткізуге оңай
болса, машина мен мақта өндірісі жайлы қиындық болды.
Бұл кезеңде тудырған қиындық, ол үшінші топтың мақта жайлы
түсініктері саяз болғандықтан пікір- талас болды. Бірінші топтың
көмегімен бұл қиындықты жеңді. Әр топ өндіріс жайлы түсініктерін
топта талқылап өзара түсіндіріп, аударып, үйретіп отырды. Бұл әдіс
оқушылардың қызығушылығын арттыруға, сөйлеу тілін дамытуға, сыни
тұрғыда ойлауға мүмкіндік берді.
Үйге тапсырма: Өндіріс тақырыбында газеттен немесе ғаламтордан
мақала оқып, сөздік жұмыс жасауға берілді. Газеттен немесе
ғаламтордан түрлі өндіріс тақырыбында мақала оқу арқылы оқушылардың
ізденушілік дағдысы қалыптасады. Білу мен түсіну кезеңі «Блум
таксаномясы» бойынша жүзеге асты.
Ол білу, түсіну, қолдау, талдау, жинақтау, бағалау сияқты
қадамдардан өтеді. Блум таксаномиясын таңдаған себебім, оқушылардың
өз білімдерін жетілдіру үшін қолдандым. Оқушының төмен дәрежелі
ойлаудан жоғары дәрежелі ойлауға дейін көмектеседі. Ол үшін мұғалім
түрткі сұрақ қояды.
Білу, түсіну қадамында: Топта әр оқушы үй жұмысы ретінде дайындаған
газет мақаласын топ ішінде баяндады. Сол арқылы оқушылар өз
мақалаларымен пікір алмасып білді. Үйден дайындап келген мақаласын,
қызығушылықпен баяндады, себебі топ бір мақаланы таңдау керек. Ал
мақала дайындамаған оқушы да болды. Бұл деңгейде талқылау, тарту,
түсіндіру, әңгімелеу, еске түсіру, ұсыну сияқты әрекеттерді жасады.
Төрт мақаланың ішінен өздеріне ұнаған мақаланы таңдап алды. Осы
арқылы оқушылардың түсінгендігі байқалады. Таңдаған мақала бойынша
ең негізгі ойларды талдап, постер жасады. Бұл ретте мақаладан не
білдің, не түсіндіңдер деген сұрақ төңірегінде болады.
Постер жасау кезінде бір топ негізгі ойды тірек сызба арқылы
жасады. Бұл топтың оқушыларына түсіндіргенге қолайлы болды. Екінші
топ оқушыларына сурет бойынша баяндауға қолайлы болса, ал үшінші
топта сурет те, тірек сызба да болды. Оларға баяндау әлдеқайда
жеңіл. Постер салуға берілген уақыттан көп мөлшерде жұмсалды.
Себебі: біріншіден қайсысын таңдаймыз деп көп ақылдасса, екіншіден
қалай не саламыз деп көп талқылады. Сондай-ақ бұл суретті салуға
көп уақыт бөлінді. Постер жасау кезінде топ оқушылары әрекетті
өзара бөлісіп алды, екі оқушы негізгі идеяларын іздесе, екі оқушы
сурет салуға кірісті. Сурет салу үшін түрлі түсті маркер мен А3
форматы мен таңдаған мақаласын пайдаланды. Бұл деңгейде көрсеткен
іс әрекеті: тағайындау, орындау, суреттеу, пайдалану. Қолдану
қадамында қалай қолдандыңдар, қандай негізгі идеяны суреттедіңдер
деген сауалдың төңірегінде әңгіме жүргізілді.
Әр топтан екі оқушы шығып бірінші топ екіге, екінші топ үшіншіге,
үшінші топ біріншіге барып өз мақаласын баяндап басқа топтарда
талқылау жүргізді,тәжірибеден өткізді. Топтан шыққан екі оқушының
сөйлеу тілі жаттыққаны, ойын жеткізуге тырысуы, түсіндіру барысында
қате жіберемін деген ұяңдық байқалмады. Сөздік қоры жетпей жатқан
тұстарда сыныптастары қолдап көмектесіп отырды. Яғни бұл жерде
диалог арқылы мәселені талқыға салып, білімді бірлесіп, түсінік пен
дағдыларды қалыптасу арқылы білім алды. Үміт артқан оқушылар
постерін қорғап шықты. Бұл қадамда үміт арту, саралау, зерделу,
қолданатын сұрақ үлгілерін ойлау деңгейін көрсетті.
Әр топтың спикерлері мақаласын әңгімелеп баяндады.Барлық топ
мүшелері өздерінің топшаларына қайтып келіп, үш мақала бойынша не
білгендерін, кімнің мақаласы қызықты, әрі қандай тақырыпта болғанын
талқылап, тұжырымдап жинақтады. Өздерінің түртіп жазулары мен
түсінгендігі бойынша бес сұрақ әзірледі. Бұл әрекет арқылы топта
барлық мақаланы түсініп меңгергендігі қөрінді. Сұрақ қою барысында
қысқа жауап беруді талап ететін де, сыни тұрғыда ойланып жауап
беретін сұрақтар болды. Оқушылардың жауабында «менің ойымша» деп
басталатын жауаптары да болды. Кейбір оқушылар сұрақ қою кезінде
грамматикалық тұрғыда, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі бойынша
қателесіп қойған сұрақ болды. Мұндай оқушыларға қайта бағыттау
сұрақтары қойылып түзетулер еңгізілді. Оқушылардың іс-әрекетін
критерий бойынша эксперт топ бақылап ұпай санын жазып отырды.
Эксперт топты сыныптағы қабілетті дарынды оқушылар өздері сайланып
шықты. Олар әрбір атқарылған іс-әрекетке ұпай санын берді. Бұл
қадамда жорамалдау, баға қою, анықтау, санау деңгейін көрсетті.
Қорыта айтарымыз: Дамыта оқыту – «жақын даму аймағындағы» оқыту.
Выготскийдің сөзімен айтсақ, «оқыту бала ертеңіне бағытталуы тиіс».
Әр бала мүмкіндік деңгейіндегі тапсырмаларды орындай алуы естен
шықпауы керек. «Мәселе нені үйретуде емес, қалай үйретуде» деген
халық даналығы мұғалім балаға дайын білімді емес, соны игеретін
әдіс – тәсіл мен құралды беру керектігін ескертеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ,
2012
|