400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 16 материал табылды

«Диалогтық оқыту»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің бірі «Диалогтік оқыту» модулінің мазмұнымен және оның оқытудағы тиімділігі туралы түсінік беру, диалогтік оқытуды қолданудың шарты мен түрлі амал- тәсілдерін ұғындыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы

Ш.Бекмухамбетова атындағы мектеп- гимназия

ҚР Білім беру ісінің үздігі, математика пәнінің мұғалімі Ихсанова Асия Тапашевна

Тақырыбы:

«Диалогтық оқыту»

Сілтеме

Мұғалімге арналған нұсқаулық. 98-103 беттер аралығы.


Жалпы мақсаты

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдердің бірі «Диалогтік оқыту» модулінің мазмұнымен және оның оқытудағы тиімділігі туралы түсінік беру, диалогтік оқытуды қолданудың шарты мен түрлі амал- тәсілдерін ұғындыру.

Оқу нәтижелері

Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейлерінің өсуіне үлес қосады. (Мерсер мен Лилтон 2007 ж.)

Негізгі идеялар

Құрдастар арасындағы өзара қарым-қатынас,оқытудағы әңгіме оқуда маңызды рөл атқарады

Ұйымдастыру

I.Тренинг.Мұғалімдер бір-біріне үлкен жүрек

сыйлау арқылы жылы лебіздер айтады.

II. Топқа бөлу. Түрлі-түсті конфеттер таратылады. Конфеттің туріне қарай топқа бөлінеді.

Қызығушылығын ояту.

  1. Видеоролик көрсету. «Диалог близнецов»

Сұрақ: Осы видеороликтен не көрдіңіздер , не түсіндіңіздер?

  1. Таныстырылым жасау.

Диалогтық оқытудың мақсатын, нәтижесін көрсету.


Мағынаны тану

1.Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады. Ғалым әңгіменің үш түрін ажыратып, сипаттама берген:

Әңгіме-дебат;

Кумулятивтік әңгіме;

Зерттеушілік әңгіме.

Әңгіме-дебат барысында:

1) ой-пікірлерде үлкен алшақтық болады және әрқайсысы өз шешімдерінде қалады;

2) ресурстарды біріктіруге бағытталған аздаған талпыныс жасалады;

3) қарым-қатынас көбіне «Иә, бұл солай», «Жоқ, олай емес» деген бағытта жүзеге асады;

4) Орта бірлесуден гөрі, көбіне бәсекелестікке бағытталған.

Кумулятивтік әңгіме барысында:

1) айтылған пікірлермен тыңдаушылардың әрқайсысы механикалық түрде келісе береді;

2) әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізілгенімен, оған қатысушылар өзгелер ұсынған қандай да болсын идеяларды төзімділікпен тыңдайды;

3) идея қайталанады және жасалынады, бірақ үнемі мұқият бағалана бермейді.

Зерттеушілік әңгіме барысында:

1) әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады;

2) әркімнің идеясы пайдалы деп саналғанымен, мұқият бағалау жүргізіледі;

3) қатысушылар бір-біріне сұрақ қояды;

4) қатысушылар сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді, осылайша әңгімеде дәлелдеме «көрінеді»;

5) топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады (олар келісімге келуі де, келмеуі де мүмкін, ең бастысы – келісімге ұмтылу).

Топтық жұмыс.

Мини текстпен жұмыс

  1. Зерттеушілік әңгіме

  2. Кумулятивтік әңгіме

  3. Әңгіме-дебат

Үш топқа 3 есеп беріледі. Әр топ өздеріне берілген есептерді

-Зерттеушілік әңгіме бойынша

-Кумулятивтік әңгіме бойынша

-Әңгіме –дебат бойынша

талқылайды,зерттеушік жасайды, шешімін табады.

Әр топ жұмыстарын постерге түсіреді, қорғайды.

Кері байланыс

«Пікір ағашы»

Мұғалімдер «Пікір ағашына» бүгінгі коучинг туралы пікірлерін стикермен білдіреді




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
1574
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі