Диалогтік оқыту әдістемесін енгізуді негіздеу.
Әлем өзгеруде. Сонымен бірге біздің елімізде білім жүйесінде өзгерістер енгізілуде. «Тәжірбиедегі рефлексия» курсы барысында менің ойға түйгенім: білім беру бағдарламасына 7-модульді кіріктіре отырып сабағымды жоспарлағанымда оқушылардың өз бетінше іздену,ойлану,зерттеу, пікірін еркін айта білу сияқты қабілеттерінің дамитындығына көз жеткіздім.Жеті модульдің ішінде оқушылардың тіл байлығын,сөйлеу мәдениетін дамытатын модульдің бірі Диалогтік оқыту екендігін ойға түйдім. Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар,олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді.Аталған авторлардың зерттеулерінде ересектермен интербелсенді қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және танымдық дамуына әсер ететіндігі айтылған.(Мұғалімге арналған нұсқаулық 38-бет) .Выготскидің жорамалдауынша оқушы диалог құру нәтижесінде жүйелі білім алатындығы көрсетілген.Оқытудың сындарлы теориясын негізге ала отырып оқушының білім деңгейін дамытуға мұғалімнің рөлі ерекше екенінтүсіндім.Диалогтік оқытуды өз сабағыма енгізуде ЖАДА (Выготский),көпіршелерді тиімді қолдана алуды мақсат еттім.Талданатын идеалар ЖАДА аясында қарастырылғандықтан оқу табысты болатынына көз жеткіздім. Диалогтік оқыту-оқушыларға бір бірімен сөйлесуге мүмкіндік бере отырып,жоғары деңгейде ойлау қабілетін дамытатындығын түсінуге болады. Жоғары деңгейде ойлана алған оқушы іс-әрекетті бағалай алатындығын өз пікірлерін айтуға мүмкіндік беретіндігін түсінуге болады.Жеті модулдің қайсысы болмасын,»Қалай оқыту керектігін үйрену» мен «Диолог арқылы оқыту» тығыз байланыста болатындығын оқып үйрендім. Бұндай үдеріс нәтижесінде мұғалім мен оқушының арасындағы еркін пікір алмасу,оқушылардың өзіне берілген сұраққа сыни тұрғыдан ойлана тұрып жауап беретіндігі дәлелденген.Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға баулу оқушылардың белгілі бір тақырыпты жан жақты зерттеп,бақылап ізденіп,талдай отырып меңгеруіне ықпал жасайтындығын түсінуге болады.Оқытудағы әңгіме арқылы (Александр 2004ж)оқушылар арасындағы білім қатынасында біржақты емес, екі жақты бағытта жүзеге асатындығын,сол арқылы сабақ жоспарында қойылған оқу мақсатынан күтілген нәтижеге қол жеткізуге болатындығын түсіндім.Бірлесіп оқу-оқушыларды диалогқа түсіре отырып жүзеге асады.Мерсердің зерттеуіне сүйене отырып сабақ барысында белгілі бір тақырыпты немесе мәселені әңгіменің үш түрі аясында (әңгіме-дебат,кумулятивтік-әңгіме,зерттеушілік-әңгіме)жүргізу-білімнің сапалылығын көрсететінін ұғындым.Әңгіме дебат барысында:1.Ой пікірлерде үлкен алшақтық болады және әрқайсысы өз шешімдерінде қалады.2.Қарым қатынас көбіне «Иә,бұл солай» «жоқ олай емес» деген бағытта жүзеге асады.3.Орта бірлесуден гөрі,көбіне бәсекелестікке бағытталған.Кумулятивтік әңгәме.1.Айтылған пікірлермен тыңдаушылардың әрқайсысы келісе береді.2.Әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізілгенімен,оған қатысушылардыңөзгелер ұсынғанқандайда болсынидеяларды төзімділікпен тыңдайды.3. Пікір қайталанады,және жасалынады бірақ үнемі мұқият бағалана бермейді.Зерттеушілік әңгіме. Қатысушылар бір біріне сұрақ қояды.Зертеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарыменшағын топтарда жұмыс істейді.Оларда ортақ (проблема ) мәселе болады,бұл мәсе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады:идеялармен пікір алмасып,бір бірінің пікірлерн талқылайды,баға береді.Оқушылар бірге ойлайды.Оқушылар өз ойларын айтады,болжамдар ұсынып талқылайды. Талқылау барысында «мүмкін», «егер», «бәлкім» деген сөздерді қолданып,өз идеясын дәлелдеу үшін «сондықтан»деген сөзді пайдаланып,топ тарапынан қолдау қажет болғанда «солай емеспе» деген сұраққа суйенеді.Көптеген талқылаулар,әдетте, әртүрлі әңгіме түрлерінен құралады. Мерсердің айтуынша,ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жету аясындағы табысты талқылауларда әңгіменің зерттеушілік түрі басымдыққа ие болады (мұғалімге арналған нұсқаулық 39-бет) Сұрақ қою барысында: Оқушы мен оқушы сұрақ қою арқылы диалог өрбиді.Мұғалім мен оқушы арасында жетелеуші сұрақтар,түрткі болу сұрақтар,басқаға бағыттау сұрақтарды қою арқылы өрбиді.Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мүғалім төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтарды кең қолдана отырып күтілетін нәтижеге қол жеткізуге болатындығы нақтыланған.Осы ретте оқушының белсенділігін арттыруда түрткі болуға арналған сұрақтар оқушының жауабын түзетуге,сұрақты қарапайым етіп қоюға ойға салу,дұрысын қабылдау, толығырақ жауап беруге итермелеуде үлкен роль атқаратындығын түсінуге болады.Сынақтан өткізуге арналған сұрақтар арқылы оқушыны сыни тұрғыдан ойландыра отырып «Сіз мысал келтіре аласызба? Деп тапсырманы орындау барысында оқушыға бағдар беріп отыруға болатындығы дәлелденген. Басқаға бағыттау: сұрақты басқа оқушыларға қайта бағыттау,мысылы, «көмектесе алатындар бар ма?»деп сұрақ қою арқылы оқушымен оқушының, мұғалім мен оқушының арасында диалог жүргізе отырып, оқушылардың белсенділігін арттыратындығын түсіндім.Сұрақ қою арқылы мұғалімОқушыларды тақырып бойынша сындарлы сөйлеуге,шынайы қызығушылығын зерттеуге ынталандыру,өз білімін басқа адамдарға сөзбен жеткізуін, сын тұрғысынан ойлауға,оқушылар бір бірінен үйренуіне,басқа оқушының пікірін қурметтеуге, және бағалауына ықпал ететіндігі менің өз сабақ жоспарым мен әдіс-тәсілдеріме өзгеріс енгізуіме өз ықпалын тигізеді. Сонымен қатар диалог барысында нәтижеге қол жеткізу үшін бірлесіп «пікір алмасу» барысында сыныптағы ең ұялшақ тұйық мінезді балалардың мінезінің өзгеруіне мүмкіндіктер туатындығы менің де белсенділігімді арттырып,оқу мақсаттары мен тапсырма түрлеріне өзгеріс енгізу керектігі туралы ой салды. Ғалымдардыңсыныптағы қарым қатынасты зерттеуді көздеген еңбектері белгілі бір өзара әрекеттестік үлгілері бұл зерттеушілік әңгіме диалог ретінде мұғалім мен оқушы білімді игеруде бірлескен іс-әрекетжұмсау мен қатар жоғары деңгейдегі ойлау қаблеттері өрістеуіне ықпалын тигізетіндігі дәлелденген.Білім беру бағдарламасы мен білім беруде Қазақстандағы кәсіби дамудың жаңа бағдарламасына сай сыни тұрғыдан ойлайтын мұғалімдер оқушының сыни тұрғыдан ойлау қаблеттерін дамытуға байланысты тыңдау мен зерттеу арқылы білім алуды қолға алса үлкен жетістіктерге қол жеткізуге болады. Мектеп қашанда қоғам талабына сай болуға ұмтылады және қазіргі қоғамға өз бетімен шешім қабылдай алатын адамдар қажет.Білім беруде диалогтың маңызы зор, мұғалім оқушылармен тікелей байланыс жасайды,ой тастайды,әр түрлі деңгейдегі сұрақтар қояды.диалогтік оқыту кезінде Мерсер мен Литлтонның пайымдауынша (мұғалімге арналған нұсқаулық 38-бет)оқушының пәнге деген қызығушылығы артады,оның білім деңгейінің өсуіне әсер етеді,берілген тақырыпты тереңірек түсінуге ,тақырыпты ашуға мүмкіндік береді. Мұалім үшін сабақта диалогтің түрлерін дұрыс қолданғанда: -Оқушыларға білім беру жеңіл болады; -Оқушы қай деңгейде екенін түсінеді; -Мұғалім қай оқушыға көмек және қолдау керектігін біледі; Сабақта лиалогтік оқытуды жүргізу барысынада мынандай ерекшеліктерді байқауға болады.Оқушыларымыз сол сабақты талдайды,шешіле сөйлейді,ізденіс үстінде сұрақ қою арқылы білім алады.Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыру мен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлкен үлес қосады.Әуел бастан оқушылардың ерекшелігі жас ерекшелігі мен пәнге деген зерттеушілік кезде қызығушылықтарын түсіне келемектептегі өткізген әр сабағымыздың мақсаты оқушыларды жан жақты ойлануына, сөйлеу мен тіл мәдениетін қалыптастыруға,өз йларын еркін жеткізуге,тіл байлықтарын,сөздік қорларын арттыру үшін сол нәтижеге жету болатын.Білім берумен оқытудың әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірбиемен байланысты.Осы жағдаяттарды ескере келе,әр сабақта диалогтық оқытудың маңызы оқушылар үшін пәнге деген қызығушылықтарын одан әрі арттырады. Себебі осы тәсіл арқылы оқушыларымыз өз ойын еркін жеткізе алады.диалогтік оқыту оқушылар арасындағы қарым - қатынасты жақсаруына ықпал етеді. Бүгінгі таңда тіл мәселесі барлық білім ошағында көп мәселе туындатады. «Балалардың сөздік қорларын әрі қарай жетілдіруге болады» деген сұрақ жалғыз мені емес барлық мұғалімдерді де үнемі ойландырады. Сондықтан диалогтік оқыту оқушылардың тілін дамытуда сұрақтардың түрткі болуына сынақтан өткізу және қайта бағыттау,тиімділігіне оңтайлы жол ашады.Диалогтік оқыту әлеуметтік сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты екендігін түсінуге болады. Диалогтық оқыту оқушылардың өзіндік ой пікірін жүйелеуі мен дамуына көмектесетін амал екенін меңзейді.Диалогтық оқытуға В.Л.Скалкин мынадай сипаттама береді: Диалог екі немесе одан да көп серіктестердің ауызша сөйлесу әрекетінің үйлесімді жемісі,ол өзара байланысы бар мәтін»,- деп көрсетеді. Осындай ғылыми негіздерге сүйене отырып мен келешекте өз сабақ жоспарларыма өзгерістер енгізе отырып, «Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді» әр сабағыма тиімді кіріктіре отырып оқу мақсаттарынан күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге болатынын түсіндім.