Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Дидактикалық ойындар
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сөйлем,дыбыс және әріп
1.Сөздерді оқы.
Тау, тас, қырат,көл, өзен, бұлақ, өсімдік,гүл, жер.
Бұл сөздердің әрқайсысында неше әріп,неше дыбыс барын анықта?
Бір буынды сөздердегі дауыстыларды ата.
2.Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жаз.
Көл....ңке, көйл...к, дөңг...лек, құд....қ, ұз...н, өс....мдік, түл...к, үш....нші, бүрк...т, жұм....с.
Көп нүктенің орнына жазылған жуан дауысты дыбыстардың астын-бір рет, жіңішке дауысты дыбыстардың астын екі рет сыз.
3.Сөйлемнің бірінші сөзін бас әріптен бастап жазып, соңына тиісті тыныс белгісін қой.
Ауылдың шығыс жағында үлкен көл бар оны Ащыкөл деп атайды балалар көл жағасына серуенге шықты көлдің жағасында гүл көп өсіпті балалар гүл терді.
4.Өлеңді түсініп оқы.
Жеті түнде жеті қабат лавада,
Тас көмірді қопарады ағалар.
Тиегелі ашық- жайдақ вагонға
Конвейерлер шығарады далаға.
(М.Әлімбай)
Өлеңдегі сөздерден дауыссыз дыбыстарды тауып, көп нүктенің орнына тиістісін жаз.
Қатаң:.......... Ұяң:....................... Үнді:......................
5.Жалаң сөйлемдерді оқы. Берілген сөздерді пайдаланып,жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырып жаз.
1.Түйе боталады. 2.Сәуле үтіктеді. 3.Ара қонды. 4.Күн жылынды.
Керекті сөздер: киім, ақ, бүгін, гүлге
Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдыру үшін сөйлемге қай мүшені қостың?
Тақырыбы: Сөз және оның құрамы
Т-1
1.Түбір сөздерге жұрнақтардың тиістісін қосып туынды түбір жаса.
Айна, күз,сыз,екі,ойын, орын, құлын, кезек., қой.
2.Мәтінді оқып, сұраққа жауап беріңдер.
Жаңа ғана үй тапсырмаларын орындауға кіріскен алдан кейін теледидар көріп отырды.Анасы енді бір қараса,Алдан далаға шығып кетіпті.
-
Ойпырым –ай, бұл не қылған бала, ұшып көкте, қонып жерде жоқ,- деп анасы ренжіп қалды.
Ұшқалақ, тұрақсыз,тиянақты іс қылмайтын, басын бастап, аяғын тастап жүретін адамды сипаттағанда осы мақалды айтады.
Ф.Оңғарсынова
3. «Ұшыпкөкте, қонып жерде жоқ» деген мақалды қалай түсінесіңдер?
Т-2
1.Ұшып,ұшқалақ деген сөздердің түбірін табыңдар.Қандай түбірлес сөздер білесіңдер?
2.Төмендегі сөздердің түбірін, қосымшасын анықтаңдар.Тиісті белгімен көрсетіңдер.
Бала-балалар, балалық; оқу-оқулық, оқушы; сурет-суреттер, суретші; күй-күйші, күйлер; тау-таулар,таулы; өзен-өзендер,өзенді; қала- қалалар,қалалық,қалашық; үй-үйлер,үйшік.
Түбір сөз бен қосымша жалғанған сөздің мағыналарын салыстырыңдар.
3.Мәтінді оқып, күрделі сөздерді теріп жазыңдар.Қарамен жазылған сөздердің түбірін және қосымшасын анықтаңдар.
Таңертең белгілі бір уақытта сағаттың қоңыраусыз –ақ өзің оянуға дағдылан.
Ертемен тұрғанда, төсек-орныңды өзің жинап әдеттен.
Заттарыңды белгілі бір орынға қоятын бол.Сонда керек нәрсеңді оп-оңай тауып аласың.Үйден әрқашан ертерек шық.Қайда барсаң да кешіккеннен гөрі екі-үш минут етре келген дұрыс.
Т-3
1.Мақал- мәтелді жаттап ал.
Мағынасын қалай түсінесіңдер?
Аттан тай озады. Тіліңмен жүгірме,біліммен жүгір.
Атадан бала озады.
Түбір және туынды сөздерді белгілеңдер.
2.Метаграмма құрыңдар.
Жол бал
Сөз мағынасын өзгертіп тұрған дыбыстарды атаңдар.
3.Сөйлемдерді оқы, біріккен, қос, қысқарған сөздерді үш бағанға бөліп жазыңдар.
Халықаралық жарыстарда күрестен Қазақстан спортшылары үлкен жетістіктерге жетіп келеді.Аққуды халық қасиетті құс санайды. Әсел үлкен-кішіге бірдей сүйкімді болып өсіп келеді. ТМД елдері басшыларының кеңесі бір шешімге келді. ҚР-ның мемлекеттік рәміздері бар.
Қора-қора қой жатыр.
Түйеқұс-өте үлкен ұша алмайтын құс.
Қоқиқаздың 6 түрі бар.
Сөйлей-сөйлей шешен боларсың.Әсел пединститутты жаңадан бітіріп, ұстаздық өмірін осы мектептен бастады.
Т-4
1.Мәтінді оқып, түбірлес сөздерді теріп жазыңдар.Түбір, қосымшаларды белгілеңдер.
Көмек
Үзіліс болды.Кітапханашы кітапханасына жаңа кітаптар әкелді.
-Балалар, кітап тасуға көмектесіңдер,- деді кітапханашы.біз кітап тасуға көмектестік.кітапхана үлкен, кең, жарық.Кітапханада кітап көп.Қоңырау соғылды.Біз сыныпқа кірдік.
-Рахмет,балалар,-деді Гүлнәр Омарқызы.
2.Жұмбақтарды шешейік.
Балықшы емес, Бала біткен соғады,
Балықты, Жеңіл шарды домалақ,
Судан жиып алыпты. Ұрсаң
Көрмесін деп оны ешкім, Ұшып жоғары,
Дорбасына салыпты. Жерге түсер домалап.
Түбірлес сөздердің астын сызыңдар.
3.Сен білесің бе?
Күні кешеге шейін Америка құрылығын саяхатшы Колумб ашты деп келдік.География пәнінен дәріс алған әр оқушы да солай деп айтары сөзсіз.Жақында Америка Құрама Штаттарында тарихи шындықтың беті ашылды.Американы Колумбқа шейін арабтар, олардың тікелей бабалары- алгонкин индеецтері ашыпты.Көсемдерінің есімі-Абдул-Рахим және Абдулла мбн Малик екен.
Әңгімеден туынды сөздерді табыңдар.
Т-5
1. «Сөздер ойыны». Жұрнақ, түбір жалғау арқылы түбірлес сөздер жазыңдар.
Қ ала көз
2.Сөздерді оқы.Бұлар қандай сөздер?
Күй, сыз, таза, жазу, ұш, іс, сый, көл, ем, ойын.
Сөздерге жұрнақ жалғап жаз.Жұрнақ жалғанған сөздерді қатыстырып бірнеше сөйлем құра.
3.Мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқы.
Қарға бұлбұлға:
-Әй, бұлбұл! Өзің бармақтай, тұмсығың тырнақтай, бәйгені сен қалай алдың?-депті.
-Е, қарға аға! Өнер мен талап үлкен-кішілікке қарамайды.Өнерсіз құр кеудеден не пайда!-депті сонда бұлбұл.
Бұлбұлдың сөзін көшіріп жазып, түбір сөздерді тиісті белгімен белгіле.Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда.
Т-6
1.Сөздерді оқы.Олардың қайсысы түбір сөз, қайсысы туынды сөз екенін айт.
Жазушы, өнер, ек, ертең, жарыс, сарғыш, ертеңгі, көңілді, іс, егін, жаз, балапан.
2.Түбір сөздерге -шы, -ші, -ды,- ді, -лы, -лі жұрнақтарының тиістісін қосып туынды сөз жаса.
Жыр, тәрбие, еңбек, сын, тау, сән, көр, көңіл, су, құрылыс, төре, футбол.
3.Берілген сөздерден бірнеше түбірлес сөз жаса.
Бас, су, жаз, бала, көр, біл.
Тақырыбы: Одағай
Т-1
1.Дұрыс сөйлем құрыңдар.
1.Қабен қарт деді екенбіз Шерубай – Нұраға О, келіп қалған.
2.Ә, білемін мен оны көмірді әжем ауылда жағады отқа Ербол деді.
3.-Ата сұрады деп анау не? Ол бір күпеде Қабен келе қарттан жатқан.
4.Көптеген тіпті дертке ем дәрі-дәрмектер алынады де көмірден бұл.
5.Сен болсаң ал тек әженнің көмір самауырынын сары ғана керек қайнатуға деп жүрсің,- күлді деп Қабекең.
2.Көп нүктенің орнына одағай сөздерді қойыңдар.
1.-.........,Шерубай-Нұраға да келіп қалған екенбіз ғой,-деді Қабен қарт.
2.........,оны мен білемін, ауылда көмірді әжем отқа жағады,-деді Ербол.
3.........,Ерболжан, бұл көмірден шықпайтын нәрсе барма, сірә.
4.......,мұны қайдан алдың? –деп сұрады әкем.
5......, кім бар үйде?
6.....,қой деймін, бұзық болма деймін!
Тиісті одағайлар: О,Ә,Е,ой, Әй,Тәйт.
3.Төмендегі одағай сөздермен сөйлем құрыңдар.
Ә-ә, бәрекелді, әттеген-ай, әттең, алақай, пәле, бәсе, ой, әй, өй, уһ, пай-пай, ойпыр-ай.
Т-2.
1.Одағай сөздермен сөз тіркестерін құрып, олармен сөйлем құрыңдар.
Әй пәле. Ой шіркін. Ау, балақай. Өй батыр.
2.Төмендегі сөйлемдердегі одағайдың астын сызыңдар.
Әй, шырағым балам, әуелі ар жағыңда әкең тұр, соған сәлем бер.
Ойпыр-ай, өзімдікі болса игі еді!-дедім сасқанымнан.
Уа, қой деймін, бала!
Ойпырым-ай, мынау не деп отыр өзі?
Пай-пай шіркін мына табиғаттың сылуын-ай!
Пай-пай мына таудың биігін –ай!
3.Төмендегі одағай сөздермен сөйлем құра.
Шәркін-ай, ойпыр-ай, әй, шырағым, әттеген-ай, қап, е, тәйірі, тәйт, дүние –ай, ух, ах.
4.Көп нүктенің орнына тиісті одағай сөздерді қойыңдар.
1. ........,...әзер жеттім.
2.терезенің алдынан......деген сөз естілді.
3......, Мұратжан-ай, қайда жүрсің?
4.......,әжем ауылдан қонаққа келді!
5......,мынау не деп тұр!-деді атам.
Керекті сөздер: аһлеп, уһлеп, ойбай, бәрекелді, алақай, ойпырым-ай.
Тақырыбы: Шылау
Т-1
1.Мәтінді оқып, мазмұнын ұғып алыңдар.Мәтіндегі қарамен жазылған сөздер қандай сөздер екенін анықтаңдар.
Кемпірқосақ
Қапырық ыстықтан кейін бұлт қоюланды.Нөсерлетіп жауған жаңбырдан соң, жаңбыр басылып, бұлт сейілді.Көкжиектен батысқа қарай батып бара жатқан күн көрінді. Дәл осы кезде сұр бұлт арасынан доға сияқты кемпірқосақ пайда болды.Оның жеті жолағы бар.Олар-қызыл, қызғылт, сары, жасыл, көк, көгілдір, күлгін.
Доғаша иілген кемпірқосақтың сыртқы жолағы қызыл болады. Жеті түстен тұратын жарық сәуле, кәдімгі күн жарығы екен.
2.Сөйлемді дұрыс құрыңдар.
1.Ыстықтан бұлт кейін қапырық қоюланды.жауған нөсерленіп жаңбырдан бұлт соң сейілді.батысқа көкжиектен қарай батып жатқан бара көрінді күн.Осы дәл сұр бұлт кезде доға арасынан кемпірқосақ сияқты болды пайда.Жеті оның бар жолағы.Түстен жеті жарық сәуле тұратын кәдімгі жарығы күн екен.
Т-2
1.Көп нүктенің орнына керекті шылауларды қойыңдар.
Мен үйге сабақ біткен.......барамын.Ауа райы күзге......суытады.Біздің мектепте мыңға.......оқушы бар.біз 9 мамыр мерекесі кезінде, соғыс ардагерлері......көп білдік.мен бұл кітпаты.......оқымаппын.Сабақ аяқталғаннан.....оқушылар үйлеріне барады.
Керекті шылаулар: таман, соң, жуық, жайында, бұрын, кейін.
2.Шылау сөздермен сөз тіркестерін және сөйлемдер құрыңдар.
1 .жүзге дейін
2 .үйге қарай
3 .сен сяқты
4 .ол туралы
Т-3
1.Сөйлемдердегі шылаулардың астын сызыңдар.
Алма бағындағы піскен қызыл алмаларды жинау үшін, мектеп оқушыларынан көмек сұрауға тура келді.
Асқар ұлы отан соғысына қатысқан ардагер атасы туралы әңгіме айтты.
Сабақтан соң әлия шешесіне үй шаруысына көмек береді.
Қызу ойыннан кейін үш-ақ ойыншы қалды.
2.Төмендегі шылаулармен сөйлем құра.
Сайын, үшін, жөнінде, жіне, ал, мен де, туралы, кейін, бұрын, соң, бірге, қатар, секілді.
Т-4
1.Сөздердің арасынан шылауларды теріп жаз.
Түсте, сайын, ерте, үшін, азамат жөнінде, үлкен, туралы, жігіт, секілді, және, тәртіп, соң, кеш, кейін, отқа, бұрын, ағаш, бірге, ойыншық, қатар, отыр, әрі, жазу.
2.Мен (бен,пен); да(де), та(те) қосымша және шылау ретінде пайдаланып сөйлем құра.
Үлгі: Көше де ешкім жоқ..Қисықтың көлеңкесі де қисық.
Т-5
1.Жұмбақты шешейік.
Таңертең де, түсте де,
Күнге бетін бұрады.
Тостағанын кішкене,
Тосады да тұрады.
Шылауларды тауып, қандай қызмет атқарып тұрғанын анықта.
2.Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды, қосымшаларды анықта.
-Біздің Гүлназ қызық -....., Мен қора ...үремін,
Қой десе.......қоймайды. Қой шетін.......жүремін.
Түймелерін үзіп ап, -Дүние....тас қатты,
Моншақ тізіп ойнайды. Тастан ....бас қатты.
-Батырға таяқ.......-жарақ.
-Ерлік....бірлік-егіз.
-Жаман....болса ағамыз,
Жақсыны қайдан табамыз.
-Төрт аяқты...бота тату,
Екі аяқты.....бажа тату.
Т-6
1.Сөйлемдерді көшіріп жазып, шылаулардың астын-бір, жалғаудың астын екі рет сызыңдар.
Әсел ауыл (да). Ауыл (да) қашық.Оқушылар мектеп (те).Мектеп (те) жақын.Көл (де) аққулар бар. Көл (де) толқыды. Тоғай (да) құстар көп. Тоғай (да) гүлдеді. Мал қора (да). Қора (да) алыс. Құлын тай (мен) жарысты.құлын (мен) тай жарысты.
2.Өлеңді оқыңдар.
Күнбағыс
Күде көкке қараса да,
Жалықпайды күнбағыс.
Ұмтылғаны тамаша ғой,
Аспандағы күнге алыс.
Шылауды тауып, олардың қандай мағына беретінін түсіндір.
3.Берілген шылаулармен сөйлем құра.
Туралы, қана (ғана),шейін, дейін, бүгін-ақ, үшін, да (де), қой (ғой).
Тақырыбы: Үстеу.Үстеудің түрлері.
Т-1
1.Ертегіні оқып, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой.
Түлкі мен жолбарыс
Бұрынғы уақытта түлкі мен жолбарыс жолдас болыпты. Екеуі бір жардың басына келіп қоныпты. Жолбарыс айтыпты:
-Мен мына жардан құлап кетермін, сен түлкі, менен төмен жат,-депті.
Сөйтіп, түлкі жолбарыстың аяқ жағына жатыпты.Жолбарыс ұйықтап қалғанда,түлкі жолбарыстың үстіңгі жағына шығып жатып:
-Әй, жолбарыс, мені басып кеттің, арырақ жат!-депті.
Жолбарыс жылжи бере, жардан құлап кетті.Құлап барып, өліп қалыпты.
2.Қарамен жазылған сөздерді өздерімен байланысты етістіктермен теріп жазыңдар.
Т-2
1.Берілген үстеулермен сөйлем құрастыр.
Кеше, түнде, жазғытұры, қыстыгүні, жолшыбай, жоғары, ілгері, осында, артта.
2. «Кім көп біледі?»-ойыны.
Берілген уақыт ішінде білетін үстеулерді тез айту керек.кім көп білсе, сол жеңеді.
3.Жаңылтпашты жаттайық.
Піскен алма топ-топ түсті,
Топ-топ түсіп, көптеп түсті.
Үстеулердің астын сызып, сұрақ қой.
Т-3
1.Ертегі оқып, қайда? Қалай? қашан? Сұрақтарына жауап беретін үстеулерді үш бағанға теріп жаз.
Арыстан мен түлкі
Арыстан қартайды. Аңдарды бұрынғысындай аулай алмайтын болды. Енді аңдарды айламен аулағысы келді. Өзі үңгірде жатты да:
-Аурумын, жүруге әлім жоқ,-деп барлық аңдарға хабар таратты.
Аңдар бір-бірлеп арыстанның халін білуге келді. Арыстан аңдардың біреуін де қайтармады. Бәрі де арыстанға жем болды.
Бір күні түлкі келді. Ол үңгірден алысырақ тұрды да:
-Халіңіз қалай, тақсыр!-деп көңілін сұрады.
-Халім нашар! Неге жақынырақ келмейсің? Берірек кел, түлкіжан, бір азырақ сөйлесейік?-деді арыстан.
Түлкі:
-Мен саған жақын барар едім-ау, бірақ саған кірген із бар да, шыққан із жоқ..-деп жүріп кетті.
Үстеулердің қай сөзбен байланысты екенін сызбамен көрсетіп, оларға сұрақ қой.
2.Сөзжұмбақты шешейік.
1.Әрқашан деген үстеу сөзіне мағынасы жақын сөз.
2.Бекер деген үстеу сөзіне мағынасы жақын.
3.Жоғары деген үстеу сөзіне қарама-қарсы мағыналы сөз.
4.Бүгіннен кейінгі күнді жазыңдар.
5.тез үстеуіне қарама-қарсы сөз.
Т-4
1.Мына үстеулермен сөйлем құраңдар.
Әрең, кешке, қандай, ұдайы, таңертең, ерте, кем.
2.Өлеңді оқып, үстеулердің астын сызыңдар.
Бір аптада
Бір аптаның күндері өтті,
Дүйсенбіде гүлдер ектім.
Сейсенбіде жуа тердім,
Сәрсенбіде су әкелдім,
Бейсебіде бақша баптап,
Жұма күні тақпақ жаттап,
Сенбіде мен кино бардым,
Жексенбіде бір демалдым.
Тақырыбы: Есімдік.Жіктік есімдіктері
Т-1
1.Көп нүктенің орнына тиісті есімдерді жазыңдар.
.......үнсіз отыр. Әсел....оқушы?. ............мектепте оқимын. Сабақ ......аяқталады?
........үй әдемі.
Септелетін есімдіктерді септеңдер.
2.Мақал-мәтел жаттайық.
Өзге елге ұл болғанша, өз еліңе құл бол.
Әркімнің өзі шығар биігі бар.
Өзің қорықпасаң, жау қорқады.
Мақалдарды қалай түсінесіңдер? Есімдіктерді табыңдар.
Т-2
1.Берілген есімдіктермен сөйлем құраңдар.
Әркім, барлық, бұл, ешкім, қандай, біз, сол.
2. Қарамен жазылған сөздердің орнына есімдіктерді қойыңдар.
Қарағанды –Қазақстанның ірі қаласы.Қарағандының қысы суық, ұзақ.Қарағандыда көптеген өндіріс орындары бар. Қарағанды шахтерлер астанасы деп есептеледі.
Т-3
1.Есімдіктермен сөйлем құраңдар.
Мен ,сен, бұлар, олар, бәрі, барлық, ешкім, ешбір, әркім.
2.Көп нүктенің орнына тиісті есімдіктерді қойыңдар.
1.........мектепке кешікпей келді.
2......оқушылар.
3.......өз айтқанынан тайынбайды.
4.......өзін бақытты сезінді.
5.......мені танитын болып шықты.
Керекті сөздер: Бәрі, олар, әркім, бұлар, ешкім.
Т-4
1.Мәтінді оқып, есімдіктерді теріп жазыңдар.
Тиін мен қасқыр
Тиін бұтақтан бұтаққа секіріп жүріп, ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне секіріп түсті.Қасқыр оянып кетті.Ол тиінді жемекші болды.
Тиін:
-
Мені қоя бер!-деп жалынды.
Қасқыр:
-Мен сені қоя беремін, бірақ менің бір сұрағыма жауап бер. Мен болсам көңілсізбін, сендер, тиіндер, неге ылғи көңілдісіңдер?
Сонда тиін:
-Алдымен мені қоя бер.Мен сенен қорқамын. Сонан
соң айтамын.
Қасқыр тиінді қоя берді.Тиін ағашқа шығып алды да:
-Саған көңілсіз болатыны сен қсатандықты ғана ойлайсың.Ал біз көңілдіміз.Ешкімге қастандық ойламаймыз,-деді.
Есімдіктерге сұрақ қойып, қай септікте тұрғанын анықтаңдар.
2.Мен, біз, ол, сен есімдіктерін септеп, жіктеп, жалғауларын сызыңдар.
3.Көп нүктенің орнына тиісті еісмдікті қой.
Зәулім теректің бір қисық бұтағы бар еді. .....жолға қарай салбырай өсіп, маңайындағыларға кедергі келтіреді.....жаман қылығына қынжылған терек: сен.......өсіп шыққан бұтақсың.Көп жылдан бері....мәпелеумен келемін. Түзу өспей, қисайып кеттің.Түзу өссеңші!-деді.
-Мәпелеп өсіргеніңе рақмет!....осы бетімнен қайтпаймын.Одан бетер қисаямын!-деп, қисық бұтақ ақылға көнбеді.
......жанындағы ағаштар да азап шекті.......ақырын да қисық бұтақ тындамады.
Бір күні қисық бұтақты өгіз мүйізіне орап сындырды. Ешкімнің ақылына көнбеген қыныр бұтақ ақыры мерт болды.
4. «Есімдіктер» сөзінен жаңа сөздер құрандар.
Тақырыбы: Сан есім.
Дара және күрделі сан есім.
Есептік және реттік сан есім
1.Мәтінді түсініп оқып, сан есімдерді теріп жазыңдар.
Алматы облысы
Алматы облысы1932 жылы 10 наурызда құрылған.1997 жылы құрамына таратылған Талдықорған облысының аумағы қосылды.
Қазір облыста 16 аудан бар. Облыс орталығы- Талдықорған қаласы.Қаратал өзенінің бойында іргетасы 1944 жылы қаланған.Онда 115 мыңнан астам адам тұрады, бұл-облыс халқының, 7,4 пайызы. Талдықорған Астанадан 1480 шақырым қашықтықта. 2002 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша облыста 1 миллион 560 мыңға жуық адам тұрады. Жер көлемі -224 мың шаршы шақырым.
Іле,Лепсі, Қаратал, Ақсу, Көксу, Тентек өзендері ағып жатыр. Ірі-ірі көлдері:Балқаш (жартысы тұзды), Алакөл, Сасықкөл, Жалаңашкөл.
Облыста 748 орта мектеп, 22 колледж, 3 жоғары оқу орны білім береді.72 аурухана мекемелері жұмыс істейді.