Материалдар / Дидактикалық ойындар.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Дидактикалық ойындар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Дидактикалы ойын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қаңтар 2021
325
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ШҚ ББ "Қосалқы мектеп-интернаты"КММ











Тәрбиелік сағат



Тақырыбы: «Қашықтықтан оқу ережелері»
















Қабылдаған:_________Мықтыбаева Г.

Тәрбиеші: Нурымбетова Ж.













Шымкент








Сабақтың мақсаты:



А) Ақпараттық: 

Қашықтан оқыту, қашықтан оқытуды ұйымдастыру туралы ақпарат беру

Ә) Коммуникативтік:

 Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін арттыру.

Б) Проблеманы шешу:

 Әртүрлі жағдайда проблемаларды анықтауға, жауапты шешім қабылдауға өз шешімінің нәтижесін бағалауға дайын болу

Сабақтың түрі:

Аралас

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Әңгіме, салыстыру, практикалық жұмыс

Сабақтың әдіс – тәсілдері:

Сұхбат, сұрақ-жауап, жабдықтау.

Оқытудың құралдары:

Техникалық: компьютер, интерактивті тақта, видеопроектор, ватсап,басқада интернет желілерімен кұрылғылар.

Дидактикалық: үлестірме қағаздар, презентациялық материалдар т.б.




ІІ. Жаңа сабақ

Саламатсыңдар ма балалар? Бүгінгі сабағымыз қашықтықтан оқып жатқанымыз жайлы болмақ. Қашықтықтан оқу дегеніміз не?Оны қалай оқимыз,қалай түсінеміз сол жайлы түсіндіріп ақпарат беріп өтетін боламын.

Қашықтықтан оқыту дегеніміз — мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту.

ҚО ұйымдастырудың 3 түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық) және оффлайн (асинхрондық), және кең таралған үшінші түрі вебинар

Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы.

Оффлайн режимдегі оқыту дегеніміз - интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы.

Вебинар дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренинтер өткізу формасы.

Қашықтықтан оқытудың артықшылықтары:

  • ыңғайлы уақытта, ыңғайлы жерде айналысу мүмкіндігі;

  • тьюторлар мен техникалық қызмет тарапынан қосымша қолдау;

  • компьютерде жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру;

  • уақытты үнемдеу;

  • өз қарқынында оқу мүмкіндігі.



Қашықтықтан оқыту тәсілімен оқытатын оқытушыларға және осы істе мүдделі басқа да адамдарға бірнеше талаптар қойылады:

  • Оқытушы компъютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі қажет.

  • Қашықтықтан оқытудағы мақсаттары мен міндеттері, оның алдағы уақытта ақпараттық технология және коммуникация құралдарының негізінде дамуы туралы білуі  қажет.

  • Қашықтықтан оқыту технологиясын жетік білетін, білім саласындағы қызметкерлерді, оқушыларды таныстыра білуі қажет.

  • Оқытушының ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы қажет.

  • Оқытудың телекоммуникациялық құралдарын қолдану ісіне дағдылануын қалыптастыру, атап айтқанда: тұтынушылар арасында ақпараттар алмастыру және ақпараттық жүйелердегі ресурстарды пайдалануға дағдылануын қалыптастыруы қажет.

Жинақталған түрде оқу бағдарламасын құрайтын белгілі бір тәртіптегі модульдік курстардың әдістемелерін баяндай және курстарды өткізуді ұйымдастыра білуі қажет



Қашықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты: Білім берудің біртұтас ақпараттың жүйесін құру арқылы педагогтардың білім деңгейін көтеру.

Қашықтан оқытудың білім саласындағы міндеттері:

  • бір-бірімен тығыз байланысты бола отырып. мемлекеттік (республикалық, облыстық) деңгейіндегі қашықтықтан оқытудың құрамына енуі;

  • құру кезінде мемлекеттің стандарт талаптарын сақтау;



Қорыта келгенде, қашықтықтан оқыту технологиясы білім берудің ортасында тұратын оқыту жүйесін құру мүмкіндігін береді. Бұл жүйеде оқытушы студенттің жүмыстарын, жеке қызығушылықтары мен сұраныстарын ескереді. Білім беру жүйесінің ортасында студент тұратынын ескерсек, оқыту жүйесі тұтасымен өзгереді. Оқытушы студентке арналған өзіндік жұмыстарды ұйымдастырумен шұғылданады. Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану да оқытушының рөлі арта түседі және өзгереді.Сырттай бөлім мен қашықтан оқытуды араластыруға болмайды деген позицияны кейбір авторлар ұстанып отыр. Олардың басты ерекшелігі, қашықтан оқыту кезінде интервативтіліктің жүйелілігі және тиімділігі қамтамасыз етіледі. Қашықтан оқытуда күндізгі бөлімде оқытылатын материалдар қолданылады. Осымен байланысты қашықтықтан оқыту технологиясын қолданып жүргізілетін білім беру сапасын бақылауды дүрыс жүргізу және жүзеге асыру мәселесі туындайды.

 





























ШҚ ББ "Қосалқы мектеп-интернаты"КММ











Тәрбиелік сағат



Тақырыбы: «Балаларға арналған қауіпсіздік ережелері»

















Қабылдаған:_________Мықтыбаева Г.

Тәрбиеші: Нурымбетова Ж.













Шымкент



Сабақтың мақсаты:

Балаларға үйдегі қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру, қауіпті заттармен, қауіпсіздік жағдайлармен таныстыру және олардан сақтана білуге үйрету; қауіпсіздік шаралары туралы білімдерін кеңейту; өз жеке басының қауіпсіздігін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.


Көрнекілікітер: дәрілік, ұшы өткір, сіріңке т.б. заттар, слайд, үлестірмелі материалдар, қарындаштар, суреттер.


Сөздік жұмыс: қауіп, қауіпсіздік.


Билингвальді компонент: қауіпсіздік ережелері – правила безопасности, қайшы-ножницы- скисорс, сіріңке-спички- матчс, ине-иголка-нидлс, от – огонь, пышақ-нож, балта – топор


Іс-әрекет кезеңдері
Ұйымдастыру-іздестеру

- Балалар, бәріміз алдымен амандасайық.
Білер қазақ баласы
Сәлем сөздің анасы
Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көреміз
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз
- Сәлеметсіздер ме!
- Балалар бүгінгі  күніміз ерекше болмақ, себебі кауіпсіздік ережелері туралы айтамыз.

Тосын сәт:
- Балалар кәне құлақ салайықшы біреу есік қағып тұрған сияқты, қәне қарап көрейік.
Ішке жылап Буратино кіреді.
- Буратино сен неге жылайсын? - қолымды пышақ кесіп кетті.
- Қалай ойлайсыздар Буратино неліктен қолын кесіп алды?
- Ия себебі пышақ қауіпті, Буратино қауіпсіздік ережесін сақтамаған.
- Буратино сенде қонақ бол қауіпсіздік ережесін үйрен.
- Балалар мен сендерге мына Буратино сияқты қауіпсіздік ережесін сақтамаған ертегі кейіпкерлерін жасырамын, ал сендер тауып көріңіздер.

1. Қай ертегі кейіпкері үлкендердің ұрықсатысыз терезеден орманға жалғыз кетеді? (Бауырсақ)
2. Ал мына ертегі кейіпкерлерін қасқыр жеп қояды, себебі олар оған есік ашады.
(Жеті лақ ертегісі)
3. Келесі кейіпкеріміз жалғыз орманға шығып, қасқырға әжесінің үйін қайда екенін айтқан үшін қауіпті жағдайға ұшырайды, ол кім? 
(қызыл  телпек)
- Ия балалар бұл кейіпкерлер нені сақтаған жоқ?
- Дұрыс қауіпсіздік ережесін сақтамаған үшін не істеді олар?
Өте керемет, рахмет                                                                                                                         
- Тағы қандай қауіпті заттарды білесіздер? - пышақ, қайшы, балға, дәрі дәрмек, ине, сіріңке т.б
- Ол құралдар қайда тұру керек?
- Ия дұрыс айтасындар, әр қайссысының өз орындарында тұру керек.


- Ендеше
«Өз орнына қой» ойынын ойнайық
Рахмет сендерге балалар.
- Ендігі кезекті жұмбақтарга берейік
- Келісесіздер ме?


Аузы жоқ, сөйлейді,
Көзі жоқ, көрсетеді.
(Теледидар)


Өзі күнде шаң жеген,
Шаң жеп әбден дәндеген.
(Шаңсорғыш)


Көйлек қыртыс-қыртыс
Ол жүріп өтсе теп-тегіс
(Үтік)


Өте керемет, бұл заттарды тұрмыстық техникалар дейміз.
– Қалай ойлайсыңдар, киім үтектеген соң, теледидар қарап, шаңсорғышпен тазалап болған соң не істеу керек?  (балалар жауабы)
– Дұрыс айтасыңдар, электрқұрылғыларды сөндіру керек.
–  Себебі олар өте кауіпті , өрт шығуы мүмкін
– Ал өрт шыққан жағдайда қай номерге қоңырау шаламыз? – 101


« Ұйқасын тап» ойыны:
•  Бір, екі, үш, төрт,  үйде  болып жатыр …….(өрт)
•  Түтін басып  кетіпті, сөндірмеген  біреу……(үтікті).
•  Қызыл  жалын лаулады, демек  сірінкемен  біреу…….. (ойнады)
•  Тек тұрғаның жарамас, тез  101 ге сен …… (хабарлас)
•  Өртке оранды шатыр, өртсөндірушіні  тез…….( шақыр)

- Ал  сендер кауіпсіз электротоғын білесіздерме?
- Ендеше зерттеп көрейік (зерттеу жұмысы жүреді, қағаз  көбелектер)
- Көрдіңдерме балалар элекктротоғының қауіпсізі де болады екен.
Жақсы балалар біздер бір неше кауіпті және қауіпсізде заттарды үйрендік.


Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз,
Иелеміз оңға бір,
Иелеміз солға бір.
Жоғары қолды созамыз,
Біз тынығып отырамыз.


Жұмбақ:
Үш көзді батыр
Жол көрсетер батыл.
Үш көзі үш түрлі:
Қызыл, сары, жасыл. Бұл не?
  (Бағдаршам)             


Ал жол ережесін, көше қауіпсіздігін білесіздерме?
- Үлкен қалаларда көше ережесін қалай сақтап жүреді?
- Ия бағдаршам және белгілер болады, соған қарап адамдар, көліктер жүреді.
- Мына белгілерді білесіздерме?
- Белгілер нені білдіреді?


Слайд көрсету


Қорытынды:
- Егер өрт шықса қайда хабарлаймыз? - 101
- Егер үйге бөгде адамдар кіріп бұзақылық жасап жатса? - 102
- Егер бір жерімізді жарақаттап, ауырып қалсақ қайда хабарласамыз? - 103
- Бағдаршамның қызыл көзі жанса?
- Жасыл көзі жанса?
- Жүріп келе жатқан көліктің алдынан жүруге…..?
- Үлкен адамдарға жолдан өтуге көмектесуге......?

- Өте жақсы рахмет, осы өткен қауіпсіздік ережелерін сіздер сақтап жүреді деп ойлаймын.

Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтауды, қауіпті жағдай туғызуы мүмкін заттар мен құбылыстар туралы.
Түсінеді: Үшкір заттармен, отпен ойнамау керектігін.
Қолданады: қауіпсіздік ережелерін.














ШҚ ББ "Қосалқы мектеп-интернаты"КММ











Тәрбиелік сағат



Тақырыбы: «Түрлі-түсті қағаздан кірпі жасау»















Қабылдаған:_________Мықтыбаева Г.

Тәрбиеші: Нурымбетова Ж .















Шымкент





Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға туған жердің табиғаты және байлығы туралы түсініктер беру. Өз беттерінше түстерді дұрыс әрі нақты пайдалануға дағдыландыру.

Тәрбиелік:

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!