Материалдар / Дидактикалық ойындар арқылы балалардың қызығушылығын арттыру.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дидактикалық ойындар арқылы балалардың қызығушылығын арттыру.

Материал туралы қысқаша түсінік
Балбақшада дидактикалық ойындары қолдану ерекшеліктері. Дидактикалық ойын балаға білім берудегі әсер етудегі ең негізгі бір түрі, өйткені ойын балалардың негізгі іс әрекеті.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Тамыз 2022
684
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дидактикалық ойындар арқылы балалардың қызығушылығын арттыру.

Кіріспе

Балбақшада дидактикалық ойындары қолдану ерекшеліктері.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы бекітіліп, Елбасымыздың «Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын жүзеге асыру мақсатында балаларды мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеуді қамтамасыз ету үшін «Балапан» бағдарламасы құрылды. Бұл талаптардың жүзеге асырылу бағытындағы жұмысты үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы – мектепке дейінгі ұйымдарда баланың білімге деген құштарлығын арттырудан, ұлтымызға тән қасиеттер бойына сіңген шәкірт тәрбиелеуден бастағанның маңызы өте зор.

Мектепке дейінгі ұйымдар нақты бағдарламалар бойынша жұмыс істейді. Бағдарламаларда білім мазмұны айқындалады. Оларды оқып үйренудің бірізділігі, сағат саны көрсетілген. Сонымен бағдaрламаларда, біріншіден, оқу пәніндегі білім мазмұны белгіленсе, екіншіден, іс-әрекеттің белгілі мөлшері анықталады. Мектепке дейінгі ұйымдарда жеке пәндік педагогикалық технологиялар, дамыта отырып оқыту технологиясы, денсаулықты жақсартатын технологиялар, авторлық мектептердің педагогикалық технологиялары кеңінен қолданылады.

Жоғарыда көрсетілген педагогикалық технологияда көрсетілген – білім беру жүйесіне енгізген жаңалық; айырмашылығы оқыту мен тәрбиелеу әдістерімен құралдарының интеграциясы, тәрбиешінің шеберлігі және шығармашылығы, ол педагог әдіскер, технолог ролдерінде болады, ал тәрбиеленуші оқу тәрбие процесінің субъектісі белсенді қатысушысы болады. Кез-келген ұйымдардың педагогикалық ұжымдары балалармен жұмыс жасау үшін ата-аналардың сұраныстарын қанағаттандыратын және тәрбиеленушілердің кәсіби жағдайларына байланысты кез-келген бағдарламаны таңдауға мүмкіндігі бар.

Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындалады, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштайды. Мектеп жасына дейінгі балалар көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданатын байқауға болады. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды,

өзінің күш жігерін жұмсап, сезімін білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді.[1.6- бет]

Дидактикалық ойын балаға білім берудегі әсер етудегі ең негізгі бір түрі, өйткені ойын балалардың негізгі іс әрекеті. Дидактикалық ойындар арқылы сезімталдық және ақыл-ой қабілеттерін, байқағыштықты тәрбиелеу, ауызша талдау жасау, өз ойын жүйелі жеткізе білу, әңгімелеу, заттарды салыстыру, заттарды негізгі ұқсас белгілеріне сай жинақтау, жіктеу, пікір және ой қорытындысын жасауға дағдыландыру. Ойынды жүргізу балалардың өздеріне жүктеледі.

Дидактикалық ойындар балалар үшін өзіне тән жүру барысы, мақсаты, маңызы бар әрекет. Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану оқу іс – әрекеттің әсерлілігін, тартымдылығын, белсенділігін арттырып, баланың ынтасын күшейтеді. Ойын ережесі балалардың түсінуіне оңай, қарапайым, әрі қысқа болуы керек. Және ойынның мазмұны, ережесі балаларға дұрыс түсіндіріліп, балалардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдай білуге баулу керек. Оның үстіне дидактикалық материалдармен көрнекіліктерге жеке көңіл бөліну керек. Балалардың таным қабілетін, логикалық ой-өрісін кеңейтіп, оқу іс – әрекетке деген ынтасын арттыруда дидактикалық ойындарды пайдалану оң нәтижесін береді.

Дидактикалық ойындарды қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыратын мінез-құлық ережелері меннормаларын бекітетін құрал ретінде пайдалану, оларға байқағыштықты, зейінді дамытатын ойындар, заттардың белгілерімен таныстыруға арналған жұмбақ–ойындар, есте сақтауды дамытуға арналған ойындар, топтау іскерлігін дамыту, логикалық ойындар және т.б.

Сондықтан, дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді, баланы ойнай білуге баулып, ақыл-ой қызметін қалыптастырады, әрі адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Балалардың ізденімпаздығын арттырып, сөздік қорларын молайтады, оқуға, бірдеңені танып – білуге деген қызығушылықтарын арттырады. Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіре отырып тіл байлықтарын дамытады.

Ойын арқылы баланыңпсихикалық ерекшеліктерін қалыптастыру Адамның жан дүниесінің дамып жетілуі, әлеуметтік өмірге бейімделіп тіршілік етуі әр түрлі іс - әрекеттермен шұғылдану барысында қалыптасады. Сондай әрекеттердің бірі - ойын. Баланың психикалық даму үрдісінде ойын әрекетінің танымдык және тәрбиелік маңызы осы заманғы тәлім - тәрбиелік мыңызы осы заманғы тәлім -тәрбие психологиясында өзекті мәселе болып саналады. Ойын әрекетінде баланың денесі мен ақыл - ойы дамып, өзін қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарын танып біледі. Ойын - әрекеті тек адамдардың даму үрдісінде ғана емес, ол хайуанаттар дүниесінің тіршілігінде де кездесіп отыратын биологиялық фактор хайуанаттардың ойын әрекеті жаттығу мен тіршілік етуге бейімделіп даралық сипатқа ие болады. Ал жоғарғы сатыда дамып жетілген сана - сезім мен ақыл - ой иесі - адам баласының ойын әрекеті, бір жағынан, тіршілік етудің негізгі формасы болып саналатын болса, екінші жағынан, ұрпақтан - ұрпаққа беріліп

отыратын өмір тәжірбиесінің нәтижесі болып табылады. Міне, осы тұрғыдан алғанда адам баласының ойын әрекеті, негізінен балдырған кезінде кезінен дамып, баланың өсіп - жетілуіндегі басты және жетекші факторға айналады. Білім - тәрбие ғылымы мен адамның жан дүниесінің сырын зерттейтін психология пәні ойын әрекетін адамның эволюциялық даму үрдісінің белгілі бір кездегі тіршілік кажеттілігі ретінде қарастырады Осы бағытта негізгі бір құрамды білігі және баланың үлкендердің өмірін бейнелеу,айналадағы ортаны тану жолы екендігін көрсетеді. Ойын әрекетін бала психикасының дамуында шешуші қызмет атқаратындығы Ж.Аймауытов, Т. Тәжібаев, М. Жұмабаев, С. Торайғыров, Ш.Құдайбердіұлы сияқты қоғам қайраткерлерінің бізге мұра болып қалған еңбектерінде айрықша орын алады.

Қазақ халқының өмір тәжірибесінде баланың әр алуан ойын түрлері олардың қимыл - қозғалыстарын, ептілігі мен бейімділігін, танымы мен пайымын дамытып, өрістетіп отырады деп санаған.[3,2 –бет]

Осы заманғы педагогикалық психология ғылымының даму барысында мектепке дейінгі баланың ойыны, ең алдымен, өзінің қатар құрбыларымен, ата - аналары және өзге адамдармен қарым - қатынас жасаудың қуатты құралы саналатын болса, екіншіден балалар ересек адамдармен қарым - қатынас жасап, әр түрлі пайдасы істермен шұғылдануға дағдыланады. Үшіншіден, ойын әрекеті баланың танымдық психикалық үрдістерін қарқынды дамыту құралы болып табылады. Дұрыс ұйымдастырылған ойын әрекеті балалардың өзара қарым - қатнасын дамытумен бірге мұқтаждықтарын қанағаттандыратын әр алуан істерді жүзеге асыруға дағдыландырып, пайдалы және өнімді әрекеттер жасауға баулиды. Елімізге әйгілі психолог ғалым Т. Тәжібаевтің педагоикалық психология саласындағы ой - пікірлері қазіргі күннің талабына сай жалғасып табуы міндетті нәрсе. Соңғы кездегі психология ғылымы саласындағы зерттеулер нәтижесі балалардың танымдық қызығуын неғұрлым ертерек дамытса, соғұрлым олардың болашақтағы оқу әрекеті жемісті болады деген қорытынды,жасауға,мүмкіндік,береді. Балалардың танымдық әрекеті - олардың өткен ұрпакқтың өмір тәжірбиесін, белгілі білім жүйесін меңгереді. Осыған байланысты баланың танымдық белсенділігін арттыруда ойындардың алатын орны ерекше. Ойын - бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірбиені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қатынастырады. Бала ойынында да қоғамдық ұжымдық сипат болады. Мысалы: кез - келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар - құрбылармен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір - бірімен өзара карым - қатынас жасайды. Ал мұның өзі оның дамуы үшін ерекше маңызы бар фактор екендігі түсінікті. Ойын баланың түрлі қасиеттерін дамытатынын мұнда да баланың қабілеті, белсенділігі бір сыдырғы байқалатынын А. С. Макаренко өте жақсы көрсетті. "Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу, әрекет ету қандай орын алатын болса, - деп жазды ол, - балалар өмірінде ойын да кандай үлкен маңызды.

Ойында бала кандай болса, Өскеннен кейін жұмыста көбінесе сондай болады.Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады." [1.7 – бет]

Дидактикалық ойындар балабашада оқытудың бір түрі

Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет ойын. Ойын арқылы бала өзінің қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен адамдардың еңбегімен қарым-қатынастармен таныстырады. Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, көңілін көтеру әдісі деп қарамай жас ерекшеліктеріне сай олардың көз қарастарын мінез-құлықтарын қалыптастыру құралы деп ерекше бағаланған. Ойын негізінен балаларға дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды құралы. Ойын балаларды ұйымшылдыққа үйретеді. Ойын түрлері көп соның ішінде маңызы дидактикалық ойын. Дидактикалық ойындар 3-топқабөлінеді: 1. Заттық дидактикалық ойындар- дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойынматериалдарыменұйымдастырылады. 2.Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар.

3.Сөздік дидактикалық ойындар.

Дидактикалық ойындар сәбилер тобынан басталады. Мұнда жоғары топтарға қарағанда жеңіл түрлері ойнатылады. Мысалы кубиктерді әкелші, үстелге апарып қойшы. Бұл жерде балалар кеңістікті бағдарлауды үйренеді. Дидактикалық ойындар ересек топтарда төменгі топтарға қарағанда күрделеніп жүргізіледі. Ойын шарттары мен көрнекіліктерін пайдалану арқылы ойын әрекетін дамытуға болады. Дидактикалық ойындар баланың ақыл-ойын ойлау қабілетін қабылдауын есте сақтауын зейінін дамытуға салыстыруға жіктеуге өзін-өзі бақылауға үйретеді.

Ойын қызықты тартымды өту үшін дидактикалық ой: Бала ойнап отырған машинаның дөңгелегінешеу, түсі қандай? Кубиктерді түсіне қарай топтастыр қане сен көк ындарды дұрыс ұйымдастыру керек. Ойынға керекті құралдыр әр балаға жеткілікті болу керек, сонда ғана балаларға түсінікті болады. Дидактикалық ойындардың құралдары ұзақ уақыт сақталу үшін эстетикалық гигиеналық талаптараға сай әдемі қораптарда, қалталарда тұру керек. Ұйымдастырылған оқу іс әрекеттерінде дидактикалық ойындарды қолдансақ мақсатымызға жетеміз.

Дидактикалық ойындарды ойнату арқылыбалалардың қызығушы-лықтарын арттыру, тілдерін, дамыту, сөздік, қорларын, молайту, дүниетанымын, қалыптастыру, эстетикалықтәрбие беру. Ойыншықтармен ойнатылатын дидактикалық ойындар кіші топтардан бастап ойнатылады. Мұнда балалар ойыншықтарды қолымен ұстап, көзімен көріп, сипап сезу арқылы ойнайды. Немесе ойыншық заттарды сипаттауға болады. Мысалы: Доп домалақ. Ол күнге ұқсайды. Доппен біз қызықты ойындар ойнаймыз.т.б Тіл дамыту ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде киім түрлерімен ойнатылатын дидактикалық ойындар: Киімдерді балалармен таныстырумен қатар киіну дағдыларын қалыптастыруға үйретеміз. Мысалы: «Қуыршақты

серуенге шығарайық» д/о ойната отырып киімдерді ретімен киіну және жыл мезгіліне,сай,киінуге,үйретеміз. Заттық ыдыстарды қолдану арқылы жүргізіледі : Ыдыстарды қолдана отырып жеке-және жалпы атауын айта білуге балаларды үйретеміз. Сонымен қатар « Қуыршаққа тамақ дайындаймыз» ойынын ойната отырып ыдыстарды қолданудың әдістерін үйретеміз. Мысалы: қасықты оң қолға ұстаймыз, тарелкені екі қолмен ұстаймыз. т.б.

Заттық жеміс-жидектерді қолдану: Заттық жеміс –жидектерді қолдана отырып балармен бірнеше ойындар өткізуге болады. Мысалы: «Ғажайып дорба» ойынын алатын болсақ онда жемістер мен көкеністерді сипап сезу арқылы оның пішінін анықтау түсін анықтау және атын атауға үйретуге болады.

Заттық үй жануарлаын қолдану арқылы : Заттық үй жануарларды қолдана отырап балалардың зейінін есте сақтау қабілетін дамытамыз. Мысалы: «Үй және жабай аңдарды ажырат» д/о ойыны арқылы заттық үй жануарларын қолдануға болады. Мұнда балалар жануарларды ажыратып , өз орындарынақолыменұстап орналастырады. Үстел-үсті дидактикалық ойындар арқылы : Үстел –үсті дидактикалық ойындары таңертеңгілік балаларды қабылдау кезіне ойнатылады. Балалардың есте сақтау қабілетін таңертеңгілік уақытта жақсы қабылдайды. Сондықтан заттардың атын жаттау, немесе жалғасын табу, құрастыру, орнын табуға байланысты ойын түрлері ойнатылады. Мысалы: «Қуыршақ Шолпанға киінуге көмектес», Жартыларды құрастыр» , «Тышқанның үйін тап» т.б.

Сөздік,ойындар: Суреттер арқылы: суреттермен ойналатын дидактикалық ойындар барлық білім беру саласы бойынша ойнатылады. Суреттер арқылы балалар сөйлем құрастыруға үйренеді. Белегілері бойынша ажыратады. Жалпы атауын айтып үйренеді. Мыалы: д/о « Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген» суреттерін алатын болсақ балалар оған қарай отырып өз ойларын білдіреді. Дидактикалық ойындардың қолдану жолдары. /іс-тәжірбиелік ойын/ д/о,«,Көліктерді,түсі,бойынша,орналастыр» д/о«Оюды,құрастыр» Педагогикада дидактикалық ойындарға былай анықтама беріледі: дидактикалық ойындар дегеніміз – балаларға белгілі бір білім беріп, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатын көздейтін іс - әрекет. Ендеше, бұл ойындар,оқытуға,арналған. Бала ерте жастан – ақ қоршаған ортаментанысады. Ол адамдармен, жануарлармен, әртүрлі заттармен қарым – қатынасқа түсіп, олардың ерекшеліктері мен қасиет – сапалары туралы мағлұматтар алады. Бірақ, бала тек өзінің тәжірибесіне сүйеніп оқыса, оның білімі нақты болмайтыны сөзсіз. Сондықтан білімді пысықтау, бекіту үшін дидактикалық ойындар пайдаланылады. Дидактикалық ойындардың басқа ойындардан ерекшелігі, оның негізгі мақсаты – баланы оқыту, олардың ойлау қабілеттерін жаттықтыру және дамыту,игі,қасиеттерді,тәрбиелеу.[3.5-бет] Дидактикалық ойындардың мазмұны – қандай да болмасын ақыл – ой

міндеттерін жүзеге асыру. Ережені орындау ойды, қиялды, есті дамытуға ықпал етеді. Дидактикалық ойын арқылы дүниені тану басқаша түрге ие болады, ол күнделікті оқуға ұқсамайды, мұнда қиял – ғажайып та, жауапты өз бетінше іздеу де, белгілі болмыс пен құбылысқа жаңаша көзқарас та, білімді толықтыру мен кеңейту де,жекеленген құбылыстар арасында өзара байланысты, ұқсастықты және айырмашылықты тағайындау да бар. Ал ең бастысы, балаларды еш қинамай, өздерінің қалауы бойынша дидактикалық ойын арқылы оқу материалын әртүрлі тұрғыдан бірнеше рет қайталауға мүмкіндік туады. Сонымен бірге дидактикалық ойын өзара жарыстыру мүмкіндігін туғызып, балаларға білімдерін әртүрлі жағдайда қолдануға негіз береді.

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Тіл дамыту»

Тақырыбы: «Менің сүйікті ойыншықтарым»

Мақсаты: ойыншықтарды сипаттап айтуға үйрету. Өздеріне ұнаған ойыншыққа зерттеу жүргізіп ( түсі, көлемі, материалы, жасалуына қарай алуан түрлі болатыны ) , әңгімелеп айтып беруге , ойыншықтардың жекеше , көпше атауларын айтуға үйрету. Ұқыптылыққа баулу.

Көрнекіліктер: ойыншықтар, үлестірмелі суреттер(ат, ботақан), бейнетаспа

Сөздік жұмыс: ботақан, құлыншақ.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялы

қ-қозғаушылық -Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Тобымызға апайлар келіп отыр. Бәріміз орнымыздан тұрайық. Жылулық шеңбер: Күлімдеп күн бүгін, Қарайды иаған да. Күлімдеп күн бүгін , Қарайды саған да. -Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? -Қыста далада, жерде не бар? -Қар жылы ма, салқын ба? -Біз қыста далада ойыншықпен ойнаймыз ба? Дұрыс айтасыңдар. Қыста тек шанамен ойнаймыз, ал ойыншықпен бөлмеде ойнаймыз, үйде ойнаймыз. Балалар шеңберге тұрады. Балалар көңілдене қимыл-қозғалыс жасайды. - Қыс мезгілі. - Қар бар. - Салқын. - Жоқ.

Ұйымдастырушылық-ізденістік «Менің ойыншықтарым» (Б.Жақып) Сылдыр сылдыр, сылдырмақ, Шақырады сылдырлап. Қарайды құлыншақ, Қарайды қуыршақ Үйдің ішін аралап, Добым кетті домалап. Қарайды қошақан, Қарайды ботақан. -Балалр біздің тобымызда ойыншықтар барма? -Ойыншықтар көппе, әлде аз ба? Тәрбиеші: -Балалар, ойыншықтарды үлкен ағалар мен апайлар жасайды. Ойыншық резенкеден, плассмассадан, ағаштан, мақтадан жасалады. Сіздер ойыншықпен ұқыпты ойнауларың қажет. Яғни сындырмай, бүлдірмей ойнауларың керек екен. - Балалар өздеріңнің ойыншықтарыңды алыңдар. - Бұл ойыншықпен ойнағанды жақсы көресіңдерме? - Ойыншықтармен ойнап болған соң не істейміз? -Олай болса, өз орнына жинап қоямыз. «Тез көрсет» ойыны: Балаларға құлыншақ, ботақан суреттерін таратып береді. Тәрбиеші: менде құлыншақ бар. Құлыншақ кішкентай, әдемі. Кімде құлыншақтың суреті бар? Тақтаға іле қой. - Мен құлыншақты жақсы көремін. Тәрбиеші: менде ойыншық ботақан бар. Ботақан әдемі, кішкентай. Кімде ботақан бар? Бейнетаспа көрсетіледі. -Балалар сіздер үйге барғасын -Бар.

- Көп.

- Иә.

- Жинаймыз.

- Жинап қояды.

- Менде.

- Суретті іледі.

- балада қайталайды.

- Менде.құлыншақ, ботақан деп айтыңыздар.

- Қымбатты балалар сіздерде ата-аналарыңның құлыншағы мен ботақаны болып өсе беріңіздер. Тәрбиеші: міне, балалар бізге Миржан мен Ақниеттің мамалары құлыншақ пен ботақан туралы толықтырып айтып берді. Енді балалар қараңдаршы ботаның қасына кішкентай ботақандарды әкелейік. Ал енді құлыншақтардың қасына кішкентай құлыншақтарды әкелейік. - Міне, балалар біз ботақан мен құлыншақты дұрыстап жинадық. Шеңбер бойымен тұрады. Біз ұқыпты баламыз Айтқан тілді аламыз. Ойыншықтарды жинаймыз Бәріміз бірге ойнаймыз. Мен сіздерге ата аналарыңның құлыншағымен ботақаны болыңыздар дегім келеді ,енді стол үстіндегі ботақандар мен құлыншақтарды әдемілеп бояймыз. -Міне балалар бүгінгі оқу іс әрекетіміз өз мәресіне жетті. Барлығыңыз жақсы қатыстыңыздар. Ойыншықтарды кубиктен жасалған сөреге жинайды.

Рефлексиялық

-түзетушілік Тәрбиеші балалардың көңіл күйлеріне қарап мақтап, мадақтайды. Белсенділік танытқан, жақсы ойнаған балаларға алғыс айтады. Балалар қайталайды. Балалар түрлі қимыл-қозғалыстар жасайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ойыншықты сипаттауды;

Игереді: ойыншық туралы түсінікті;

Меңгереді: өлең жолдарын жаттауды;

Қорыта айтқанда, ойын – баланың жан серігі. Ойын сырттай қарағанда ешқандай қиындығы жоқ, оп- оңай көрінуі мүмкін. Ал, іс жүзінде бала ойынға қатысу үшін басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асырылады. Баланың рухани жетілуі мен табиғи өсуі, денесінің дамуы мен ой дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді. «Ойын ойнап, ән салмай өсер бала болама» дегендей, ойынның қай түрі болсын зер салып, ой жүгіртіп қарасақ, одан мәнді де мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Ойын үстінде бала өзін еркін ұстайды, ал еркіндік дегеніміз дамудың баспалдағы. Дидактикалық ойын арқылы оқыту әдістері екі жолмен қарастырылады:


Ойын сабақтары және дидактикалық тапсырмалар.

Мен өз тәжірибемде ойын арқылы өткізілетін сабақтардың көмегімен балаларға білім беріп қана қоймай, оларға қалай ойнауды да үйретемін. Балалар ойын ойнағанды ұнатады және ынталарымен беріліп ойнайды. Мектепке дейінгі балаларды оқытуда дидактикалық ойын маңызды құрал болып табылады.



Пайдаланған әдебиеттер:

1. «Балабақшадағы эстетикалық тәрбие» кітабы Алматы «Мектеп». № 3

2. Бала мен балабақша 2014жыл. № 7.

3. «Отбасы мен балабақша» журналы 2007ж. № 3


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!