Материалдар / "Дидактикалық ойындардың бала тілін дамытуда атқаратын рөлі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Дидактикалық ойындардың бала тілін дамытуда атқаратын рөлі"

Материал туралы қысқаша түсінік
:"Дидактикалық ойындардың бала тілін дамытуда атқаратын рөлі"
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қазан 2024
169
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бала бақша-бөбек жай «Айым»»» ЖШС











4 Педагогикалық кеңес

Тақырыбы:"Дидактикалық ойындардың бала тілін дамытуда атқаратын рөлі"



Жоспар:

  1. Өткен педагогикалық кеңестің шешімінің орындалуы

  2. Тіл дамытуға арналаға дидактикалық ойындар әзірлеу

Дидактикалық ойындарды қолдану деңгейін бақылау, іс-әрекеттерге қатысу













24.04.2024ж



І. Теориялық бөлім

Қайырлы күн, құрметті әріптестер! Бүгінгі педагогикалық кеңесісізге қош келдіңіздер!

Бірінші бөлім теориялық жалпы ойын – бала өміріндегі тәрбиенің шешуші шарты. Бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы құбылыстар мен заттарды ойын арқылы түсінеді. Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын,өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет-ойын.Ойын-балалар үшін күрделі әрекет. Аса ірі психологтардың айтуы бойынша,бала ойын үстінде қандай болса,өскенде еңбек үстінде сондай болады,-дейді.Сондықтан ойын адамның өміртанымының алғашқы қадамы.Баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.  Ойынның түрлері көп, соның ішінде маңыздысы – дидактикалық ойын. Мектеп жасына дейінгі балаларға білім беруде, тілін дамытуда,  оқу қызметінде дидактикалық ойындарды пайдаланудың маңызы өте зор.

Дидактика – термині гректің «дидактикос» , яғни үйретемін деген мағынаны білдіреді.  Дидактикалық құралдар оқу міндеттеріне сай арнайы әзірленеді.

К.Д.Ушинский  мектеп жасына дейінгі балалардың ерекшеліктерін ескере келе, былай деп жазады: «Бала табиғаты көрнекілікті аса қажетсінеді. Балаға өзіне белгісіз бес сөзді жалаң үйрете бастасаңыз, көп уақытты зая кетіріп, босқа қиналасыз. Ал енді жиырма сөзді суреттермен байлансытыра үйретсеңіз, бала оны лезде қағып алады. Сіз балаға қарапайым ғана ойыңызды қанша тісіндірсеңіз де, оңай ұға қоймайды. Дәл сол ойды күрделі суреттер көрсете баяндасаңыз, ол сізді тез түсінеді.»

Дидактикалық ойын – оның аты айтып тұрғандай, баланың ақыл ойын дамытып, таным түсініктерді ажыратудағы әдістердің бірі. Ойын әрекеті арқылы оқыту – мектеп жасына дейінгі кезеңнің негізгі ерекшелігі.Білімді меңгерту және оны бекіту үшін, дағды мен әдет қалыптастыруда балаға қайталау және жаттығу қажет. Егер баланың ойлауы образды, эмоциялық әсерде болса, ол соғұрлым жақсы нәтиже береді, сондай – ақ білім қызғылықты әрекетпен байланысты болса, баланың іс – әрекетімен іштей қабысып жатса, ондай білімді бала дұрыс меңгереді.

Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:

1.Заттық дидактикалық ойындар-дидактикалық ойындармен және түрлі ойын материалдармен ұйымдастырылады. Заттық дидактикалық ойындар әртүрлі ойыншықтармен және әртүрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады. «Жаңылтпашты тез айт», «Фонетикалық жаттығулар», «Мақалды жалғастыр» т. б.

Сөздік дидактикалық ойындар, яғни ауызша ойналатын ойындарға әр топтың жас ерекшеліктеріне байланысты ойындар іріктеледі, сондай — ақ тапсырмалар арқылы балалардың білімін тереңдете түседі және сөздерді дұрыс айтуға, есте сақтауын дамытуға көмектеседі.

Мысалы:«Саққұлақ» ойыны

Мақсаты: Есту қабілетін дамыту, белсенді сөздікті толықтыру, фразалық сөйлеуін дамыту.

Қажетті құралдар: қалқа (тасалап тұратын нәрсе), қоңырау, сылдырмақ, дабыл  т. б.

Ойын барысы:Тәрбиеші қалқаның артында тұрып, кезек бойынша жоғарыда аталған заттармен дыбыс шығарып және балалардан дыбыстың қандай заттан шыққанын табуын ұсынады. Дыбыстар бала оларды табу үшін, анық және кезектесіп шығуы керек.

2.Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар.

Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар – балаларға арналған қызық сабақ. Түрлері бойынша олар әртүрлі: сыңар суреттер, лото, домино. Ойындарды ойнаған кезде шешілетін тапсырмалар да әртүрлі. Суреттер сыңарын табу ойындары. Мұндай ойындағы ең қарапайым тапсырма – алуан түрлі суреттерден бірдей сыңарларын: түстері, үлгілері және т. б. бірдейлерін табу. Содан соң тапсырма күрделенеді: бала суреттерді тек қана сыртқы белгілерімен ғана емес, сонымен бірге мағынасы бойынша да біріктіреді, мысалы: барлық суреттердің ішінен екі ұшақты табу. Суретте бейнеленген ұшақтар, түсі, пішіні бойынша әртүрлі болуы мүмкін, бірақ оларды ұқсатып заттардың бір түріне жатқызып, біріктіреді. Ересектер топтарында тапсырмалардың шешілуі күрделірек: кейбір балалар суреттегі салынған қимылдарды бейнелейді, басқалары суретте кім салынғанын, онда адамдардың не істейтінін, мысалы өрт сөндірушілер отты сөндіреді, теңізшілер теңізде жүзеді, құрылысшылар үй салады және т.б. табады.Мұндай ойындарда жеке тұлғаның осындай құнды қасиеттері: қайта түрленуге қабілеттілігі, қажетті бейнені жасаудағы шығармашылық ізденушілігі қалыптасады.

Мысалы:«Кім алғыр?»

Мақсаты: Құлақтың естігіштігін, сөздік нұсқаулықты оны айтатын дауыс күшіне қарамастан дұрыс қабылдай білуді дамыту.

Қажетті құралдар: Ойыншықтар: қуыршақ, аю, мәшине.Ойын барысы: Тәрбиеші үстінде ойыншықтары бар үстелдің жанында отырады. Бала одан 2 – 3 метр қашықтықта болады. «Мен сыбырмен сөйлейтін боламын, сондықтан бәрі естілу үшін тыныш отырып, зейінмен тыңда»:

Аюды ал жәнемәшинегеотырғыз.

Аюды мәшиненің ішінен ал.

Мәшинеге қуыршақты отырғыз.

Қуыршақты мәшинемен қыдырт.

Бала бұл тапсырмаларды естуі, тусінуі және орындауы қажет. тапсырмалар қысқа және жеңіл,ал айтылуы ақырын,бірақ айқын болу керек.

3.Сөздік дидактикалық ойындар.

Сөздік ойындар ойнаушылардың сөздері мен әрекетінен тұрады. Мұндай ойындарда балалар заттар туралы түсініктеріне сүйеніп, олар туралы білімдерін тереңдетіп үйренеді. Балалар өздігінен түрлі ойлау тапсырмаларын шешеді: олардың сипаттамалық қасиеттерін бөліп, заттарды суреттейді; суреттеу бойынша табады; ұқсастық және айырмашылық белгілерін табады; әртүрлі қасиеттері, белгілері бойынша заттарды топтайды. Бұл дидактикалық ойындар барлық жастағы топтарда өткізіледі, әсіресе балаларды мектепке дайындауға мүмкіндік беретін, мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуда ерекше маңызды: педагогты мұқият тыңдай білуді дамытады, қойылған сұраққа жылдам жауап табады, өз ойын дәл және анық тұжырымдайды, қойылған тапсырмаға сәйкес білімді қолданады.

Сөздік ойындарды педагогикалық үдерісте қолдануға қолайлы болу үшін төрт топқа біріктіруге болады.Олардың біріншісіне заттар мен құбылыстардың маңызды белгілерін бөліп қалыптастыра білуде көмектесетін ойындар: «Тапшы?», «Дүкен», «Иә – жоқ» және басқалар кіреді. Екінші топты балалардың салыстыру, беттестіру, дұрыс ақыл қорытындысын жасауын дамытуда қолданылатын: «Ұқсайды – ұқсамайды», «Кім өтірікті көбірек аңғарады?» және т. б. ойындар құрайды. Үшінші топқа әртүрлі белгілері бойынша заттарды жалпылау және топтастыра білуді дамытатын « Кімге не керек?», «Үш затты ата», «Бір сөзбен ата» және басқа ойындар біріктірілген.Ерекше төртінші топқа зейінді, аңғарымпаздықты, ой ұшқырлығын, байсалдылықты, әзіл оспақты түсіне білуін дамытатын: «Бұзылған телефон», «Түстер», «Ұшады – ұшпайды» және басқа ойындар жатады.

Дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді,баланы ойнай білуге баулып,ақыл-ой қызметін қалыптастырады,әрі адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Дидактикалық ойындарды сөйлеуді дамыту оқу қызметінде пайдалану,сонымен қатар күн тәртібінің барлық сәтінде жүзеге асырылу тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр.Дидактикалық ойындарды қолданудың тиімділігімен баланың дүниетанымын,ой-өрісін,логикалық ойлау қабілетін,тіл байлығын,шығармашылығын дамытумен мақсатқа жетеміз. Дидактикалық ойын – адамгершілікке тәрбиелеудің құралы болып табылады. Дидактикалық ойынмен ұйымдастырылған оқу қызметі балаларға көңілді әрі қызықты болады. Балабақшадағы тәрбиелеу – оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс- әрекет кезіндегі тілдік қарым – қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.




Ойын іс-әрекетінің негізгі принциптері:

  • Мақсаты мен мазмұны оқытуға сәйкес келуі;

  • Технологиясы көрнекі және құрылысы қарапайым болуы;

  • Түсінікті болуы:

  • Жүйелі түрде қолдану және түрлі кезеңдерде қиындату;

  • Ойын іс-әрекетінің әр қилылығы;

  • Ойынды әдістемелік қамтамасыз ету, құралдар мен әдістемелерді тиімді үйлестіре білу;

  • Қатынасты, ынтымақтастықты дамыту және эмоциялық климатты қамтамасыз ету;

  • Ойынды ұйымдастыру мен жүргізуде оның сценарийін алдын-ала дайындау және оқушыларды белсенділікке тарту.

Ойын арқылы оқыту технологиясының концептуалды негіздері.

Химияны оқыту әдістемесінде оқу материалын меңгеру барысында ойын әрекетіне үлкен көңіл бөлінеді. Ойын іс- әрекеті оқушылардың өздігінен білім алуында кеңінен қолданылады.

Ойын іс- әрекеті оқытудың әртүлі функцияларын іске асырады. Олар - тәрбиелік, дидактикалық, дамытушылық, әдістемелік, психологиялық.

В.В. Николинаның жүргізген зерттеулері ойын арқылы оқыту технологиясының келесі компоненттерін анықтайды:

  • мотивациялық;

  • бағдарлық;

  • мақсаттық;

  • мазмұнды-операциялық;

  • құндылықты-жігерлі;

  • бағалау;

Жоғарыда қарастырылған ойын компонттері бірнеше құрылымдық элементтерден тұрады. Зерттеушілердің көпшілігі элементтердің мынадай құрылымын белгілейді: ойын мақсаты, ережелері, ойын жағдаяттары, көріністер, ойын іс- әрекеті, нәтиже (l2- кесте).

l2- кесте. Ойын арқылы оқыту технологиясының компоненттері

Ойын технологиясының компоненті

Ойынның құрылымдық элменттері

Мотивациялық


Бағыт сілтейтін элемент, оқу жағдаяты

Бағдарлы-мақсатты

Ойын мақсаты

Мазмұнды-операциялық

Ойын ережесі, ойын әрекеті

Құндылықты-жігерлі


Бағалау

Ойын нәтижесі


Ойын технологиясын жіктеу.Жіктеудің бірнеше түрі бар. Біз дидактикалық ойындарды жіктеуді қарастырайық (14- сурет):

Shape25 Shape24 Shape23 Shape6 Shape7 Shape22 Shape18 Shape20 Shape21 Shape19 Shape17 Shape16 Shape15 Shape11 Shape12 Shape13 Shape14 Shape9 Shape10 Shape2 Shape3 Shape4 Shape8 Shape1

жобала

Shape5

іскерлік

Тренингтік

Шығармашылық

рөлдік

Кәсіби бағдарлық

имитациялық

Театрланған(режиссерлық)

Ақпартық

бақылау

Білімді бекіту

Жарыс түрінде

Дидактикалық

ойындар

















l4-сурет. Дидактикалық ойындардың жіктелуі

Дидактикалық ойындардың жүргізуге қойылатын талаптар:

  1. Ойын тақырыбының сабақтың мақсаты мен тақырыбына сәйкес келуі.

  2. Ойынның мақсаты мен бағыттылығының нақтылығы мен анықталғандығы.

  3. Ойын нәтижесінің қатысушылар мен ұйымдастырушылар үшін маңыздылығы.

  4. Ойын мазмұнының шешілетін мәселенің сипатымен сәйкес келуі

  5. Ойында қолданылатын әрекеттердің түрлері,күрделілік сипаты бойынша күшті болуы.

  6. Ойынға қатысушының ойы мен пікірінің қол жетімділігі және түсініктілігі.

  7. Ойынның стиумдық сипаты.

  8. Ойын ережелерін шектеулерінің нақтылығы мен біртектілігі.

  9. Оқушының ойын іс-әрекетінің нәтижесін реттеу мен бағалаудың ортақ тәсілдері.

  10. Ойын барысы мен нәтижесін реттеу мен бағалаудың ортақ тәсілдері.

  11. Қарым-қатынастың жағымды психологиялық климаты.

  12. Жекелік белсенділік пен шығармашылық үшін кеңістік.

  13. Ойын қатысушыларының арасындағы жарысқа деген белсенділік элементінің міндетті болуы.

Жаттығу сабақтары сабақ уақытында және сабақтан тыс уақытта жүргізіледі. Бұл түрлі сұрақтар, сөз жұмбақтар, ребус, чайнворд, бас қатырғыштар, жұмбақтар және тағы басқа.

Саяхат ойындары.Бұл ойындарды сабақта және сабақтан тыс уақытта жүргізуге болады. Ойында оқушылардың белсенді болуы-ауызша әңгімелеуден, сұрақ – жауаптардан, олардың жеке пікірлері мен ойлары арқылы көрініс береді.

Сюжеттік (рөлдік) ойын.Ойын жаттығулары мен ойын - саяхаттан белгілі -бір жағдайды сипаттап, баяндап беруімен, қатысушылардың белгілі -бір рөлге енуімен ерекшеленеді.

Ойын технологиясын ұйымдастыру

Ойын арқылы оқыту технологиясы бір-бірімен байланысқан үш кезеңнен тұрады: дайындық, ойынды жүргізу, қорытынды кезеңдер.

Бірінші кезең. Ойынға дайындық. Оқушылардың ойынға дайындығы 3-4 апта бұрынбасталады. Осы кезеңде мұғалім оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырады: тақырыбын, жоспарын, қажетті әдебиеттерді, ойын шартын, қарастыратын проблемалар шеңберін айтады, рөлдерді бөледі, кеңес беруді ұйымдастырады.

Екінші кезең. Ойынды өткізу. Ойынды жүргізудің қажетті элементі эмоционалдық екпін және ойынға қызығушылықтың болуы. Осыған орай ойын өтетін бөлмені мұқият безендіру (және әр түрлі оқытудың техникалық құралдырын пайдалану) ерекше жағдай тудырады.

Ойын барысында проблемалық жағдаят шешімін табу керек. Мұнда пікірталас және диалог сияқты тәсілдерді жиі пайдаланған абзал.

Үшінші кезең. Ойын қорытындысын шығару. Мұнда оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейіне, өзіндік шығармашылық ойлауына, сенімнің

Қалыптасуына басты назар аудару керек. Мұғалім ойынның нәтижесінде жеткен жетістіктері мен қатар байқалған кемшіліктерді де атап өткен жөн. Сонымен қатар, ойынға баға беріп, марапаттау да оқушыларды іс-әрекетке жұмылдыруға дем береді.









Әдебиеттер

  1. Сериков В.В. образование и личность. Теория и практика интегрирования образовательных систем. М.,1999.

  2. Кулинич Г.С., Николина В.В. Географические игры в обучении и воспитание учащихся. Горький ,1990

  3. Обучающие игры по химии и методика их проведения. М.,1980

  4. Кавтарадзе Д.Н. Обучение и игра . Введение в активные методы обучения. М.,1998

  5. Шакирова С.М. дидактические игры в процессе обучения.// Химия в школе.-2010,№8













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!