Материалдар / ДІН – ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҚАУІПТЕР МЕН ҚАҚТЫҒЫСТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ САЛАСЫНДАҒЫ БАСТЫ ҚҰРАЛ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ДІН – ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҚАУІПТЕР МЕН ҚАҚТЫҒЫСТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ САЛАСЫНДАҒЫ БАСТЫ ҚҰРАЛ

Материал туралы қысқаша түсінік
Еліміз егемендік алғаннан кейінгі кезең де біздің қоғамдық санада төңкеріс басталды. Бұл, әрине, біздің жаңа құндылықтарға деген көзқарастарымыздың қалыптасуына жол ашты. Өкінішке орай тәуелсіздікпен қатар, халқымызды тарихи-мәдени тамырын ажыратып, ұлттық бірлігін ыдыратуға, діни санасы мен дүниетанымын өзгертуге бағытталған үдерістер орын ала бастады. Осылайша жаһандану жағдайында қазақ қоғамының ұлттық және мемлекеттік бірегейлігін сақтау үшін өзіміздің ұлттық болмысымыз бен төлтума мәдениетімізді, рухани құндылықтарымызды танып-білу, ұлттық бет-бейнемізді жоғалтпай, болашақ ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды сабақтастықпен жеткізу өзекті мәселе болып қалып отыр
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қазан 2020
453
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ДІН ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҚАУІПТЕР МЕН ҚАҚТЫҒЫСТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ САЛАСЫНДАҒЫ БАСТЫ ҚҰРАЛ

Аяған Жанар Кейниядқызы

тарих пәні мұғалімі

Ақмола облысы, Степногорск қаласы

С. Сейфулин атындағы №5 көпсалалы мектеп лицейі


Еліміз егемендік алғаннан кейінгі кезең де біздің қоғамдық санада төңкеріс басталды. Бұл, әрине, біздің жаңа құндылықтарға деген көзқарастарымыздың қалыптасуына жол ашты. Өкінішке орай тәуелсіздікпен қатар, халқымызды тарихи-мәдени тамырын ажыратып, ұлттық бірлігін ыдыратуға, діни санасы мен дүниетанымын өзгертуге бағытталған үдерістер орын ала бастады. Осылайша жаһандану жағдайында қазақ қоғамының ұлттық және мемлекеттік бірегейлігін сақтау үшін өзіміздің ұлттық болмысымыз бен төлтума мәдениетімізді, рухани құндылықтарымызды танып-білу, ұлттық бет-бейнемізді жоғалтпай, болашақ ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды сабақтастықпен жеткізу өзекті мәселе болып қалып отыр. Тарихи сана мен тамырдан айырылу ұлттың өзінің мәндік сипатын жоғалтып, жойылып кетуіне алып келетіні белгілі. Қазақ жері, қазақ тілі, қазақ мәдениеті, ұлттық саясат, ұлттық тәрбие, діни тәрбие өзекті мәселелерге айналды. Себебі әр халықтың мәдениетіне, ұлтының қалыптасуына ықпал еткен белгілі бір діннің құндылықтары, ерекшеліктері уақыт өте елдегі діни ала-құлалықтың – біздің қоғамымызға бұрын белгілі болмаған діни конфессиялардың қазақ жұртының мәдени бірегейлігін белгілі бір деңгейде ерікті немесе еріксіз шайқалуына себепші болып отыр. Соңғы кезенде елімізде жарық көрген баспасөзге шолу жасасақ, еліміздегі діни ахуалдың ұлттық мәселеге тікелей қатысты екендігін көреміз.

Діни жағдай феноменінің негізгі ерекшелігі оның үздіксіз жаңаруы, тосын құбылыстардан көрініп отыруы. Әлемдегі елдердің басым көпшілігі діни сауаттылығына ерекше көңіл бөледі. Діни сауат сол елдің ұлттық болмысы және тарихи ерекшеліктерімен анықталады[1, 88 бет]. Діннің пайда болуы мен таралуының өзі әр қоғамда әр түрлі болады. Демек, бұл мәселені зерттеу де толассыз ізденісте болуы керек. Діни экстремизмнің алдын алу шараларының маңызды қадамдарының бірі – оның шығу себептерін табу және оны жоюдың жүйелі бағдарламасын құру болып табылады. Діни экстремизмнің жастар арасында таралуының алдын алуды ата-бабамыз ұстанып келген сара жолдың тағылымын, оның дұрыстығын жастар арасында кең түсіндіруден бастау керек.

Махатма Гандидің: «Діннің саясатпен байланысы жоқ деп ойлайтындар саясатта ештеңені зерделемейді» – дегені діннің адам өміріндегі орны айрықша, ал оның қоғаммен арадағы байланысы да айтарлықтай тығыз әрі жан-жақты екендігіне дәлел бола алатын сияқты. Біздің заманымызда мемлекет тарапынан ұтымды жүргізілген саясат қана әрбір қоғам мүшесінің бойында ұлттық құндылықтар мен дінаралық үйлесім мен келісімді дамытудың баяндылығына кепіл болмақ. Кім-кімге де белгілі, адамзат тарихындағы қаншама дау-жанжалдар мен соғыстарға діннің, яғни өркениеттің әркелкілігі себепші болған. Бүгінгі күні де жер шарының әр жерінде бірі өшіп, бірі тұтанып жатқан үлкенді-кішілі қақтығыстар мен қантөгістер астарынан да осы діни ала-құлалықтың қолтаңбасын көреміз[2, 291-бет].

Дін – қоғамның ажырамас бөлшегі, адамзат қауымдастығының сақталуына ықпалын жасай алатын институт. Жаһандану әсерінің өзінде дін өз орнын жоғалтқан емес және келешекте де көптеген қақтығыстарды шешуде, қауіптердің басылуына пайдалы күшін әкеледі деп ойлаймыз.

Дін жеке адамның рухани тазаруында, ізгілікті мұраттарды пір тұтатын жас ұрпақты тәрбиелеуде үлкен роль атқаратынын әлемдік тәжірибе дәлелдеп отыр. Өз мәнінде уағыздалған діни нанымдар бір халықты екінші халыққа қарсы қоюды мақсат етпейді. Керісінше, дін барлық адамзатты бейбітшілікке, сенімге, тәубаға, келісімге шақырады. Дәстүрлі діндердің тонын жамылған ағымдар мен бағыттар қаулап, ақиқат пен жалғанның аражігін ашуға қауқарсыз халықтың санасын улап, миын ашытты. Қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін аңғармаған азаматтарымыз рухани сусынын қандырған «ұстаздардың» соңынан ерді. Қазіргі қоғамдық санада жат пиғылдан үрейленіп, ислам дінінен түбегейлі қашқақтауды ұсынатын көзқарастардың да қылаң беруіне алып келіп отырған да осындай дін туралы «бұрыс» түсініктегілердің насихатының нәтижесі. Қақтығыстардың қалай алдын алуға болатыны біз үшін аса маңызды. Сонымен қатар, діни фактор елдің бірлігі мен тұтастығын бұзып, оның ресурстарына иелік етудің тәсіліне айналып отырғаны да ойланған адамға тосын жағдай емес. Қазіргі қоғамымызда орын алып отырған діни процестердің бәрі бірдей емес. Жаңа діндердің қоғамға ықпалын ғалымдар төмендегідей бағалайды: «Біздің қоғамымызға бұрын белгілі болмаған діни конфессиялардың Қазақстанға келуін қазақстандықтардың мәдени бірегейлігін белгілі бір деңгейде ерікті немесе еріксіз шайқалтатын жаһанданудың салдарына жатқызуға болады» [3, 293-бет]. Дін қазіргі әлемде кез-келген елдің ішкі саяси-әлеуметтік жағдайына араласып, тұрақсыздықты тудырудың факторына айналып отыр. Ел ішіндегі террорлық әрекеттердің пайда болуына бірнеше факторлар әсер етеді:

  • Халықтың әлеуметтік жағдайы;

  • Діни сауаттылықтың төмендігі;

  • Заңдардың әлсіздігі;

  • Адамдар өмір сапасының төмендігі;

  • Ішкі әлеуметтік саяси фактордың әсері.

Сондықтан діни тұрақтылық ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Діни тұрақтылық қоғамның топтасуына ықпал етіп, дін ықпалынан туындайтын сыртқы және ішкі қауіптерді залалсыздандыруға мүмкіндік береді. Осы жағдайда Қазақстанға «өз» исламына бағдар ұстануға тура келеді және ол «қазақы» болғанымен, дәстүрлі исламнан алшақтай қоймайды әрі өзін бүкіл мұсылман әлеміне қарсы қоймайды[4, 12-бет].

Әлемнің түрлі бөліктеріндегі, соның ішінде кейбір көрші елдердегі этно-діни қайшылықтардың күшеюі, Қазақстанға сырттан этно-діни экстремизм мен радикализмнің әртүрлі нысандарының кіруі әлеуетті қауіп туғызады. Жаһандану және халықаралық байланыстың ары қарайғы дамуы жағдайында ғаламдық геосаяси тенденциялар, сондай-ақ көрші аймақтардағы, әсіресе ТМД, Орталық Азия және Таяу Шығыстағы оқиғалар Қазақстанның ахуалына әсерін тигізетіндігі айқын болды. Кейбір көрші елдерде әлеуметтік-экономикалық қиындықтар туындап жатқанын ескере отырып, дінаралық қатынастар саласындағы саясатты құру кезінде аталған факторға көңіл аударып, экстремистер мен лаңкестердің елімізге енуіне жол бермейтіндей шаралар мемлекет пен қоғам тарапынан үнемі жүргізіліп отыруы керек. Бірде-бір мемлекет қандай құдіретті болса да терроризмнің пайда болуынан сақтана алмайды. Көптеген елдердің, әсіресе дамушы елдердің экономикасының нашар дамуы да, материалдық мүдде көмегімен жақтастар тарта алады.

Діни пиғылдағы экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет етудегі дәстүрлі діндердің мүмкіндігі, нақты айтқанда үлкен сипатқа ие:

- діни ағартушылықпен, адамдарды сенімге, жақындарына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеумен, адам өмірінің шартсыз құндылығын түсінумен, қоғамды адамгершілікке тәрбиелеумен;

- діндарлардың экстремизмге идеялық қарсы тұруын талап етумен;

- өз ізбасарларына экстремист болуға тыйым салумен;

- содырлықтың Құдайға, Аллаһқа деген сеніммен үйлеспейтіндігін күнделікті сенімді түрде дәлелдеумен;

- әділеттілік идеясын діни негіздеумен және бұл идеяны дінде жүзеге асырумен;

- мемлекетпен бірлесе отырып әлеуметтік қызметті белсенділендірумен;

- кеудесін кек пен өкініш кернеп, теракті жасауға дайын адамдарды жұмсартумен[5, 39-бет]. Eң маңыздысы, экстремизм мен терроризмге қарсы әрекеттегі дәстүрлі діндердің істей алатыны – бұл бейбітшілік, халық туралы ұғымдарын қалыптастыру. Дін қоғамдық күштің біріктіруші және жұмылдырушы күш ретінде қызмет ету қабілеті бар. Дәстүрлі діндер өнегесінің негіздері – бұл қайырымдылық, жомарттық, адамдарға ізгі ниеттілік, кешірім және әділдік. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы аумағында, әсіресе, «Иегова куәгерлері», «Салафилер» ағымы, «Кришнайттер» сектасы, «Ахмади жамағаты» «Хизб-ут-Тахрир» шетелдік ұйымы, «Евангелие» протестандық ұйымы және де басқа да түрлі харизматикалық жеке тұлғалардың топтары өз жұмыстарын жүргізуде. Бұл радикалдық діни ағымдар этникалық және конфессиялық төзімсіздікті таныта отырып, дiни араздықты тұтатады[6, 37-бет]. Пайда болған көптеген керітартпа діни субъмәдениет немесе жат діни үгіттер халық өміріне, діни көзқарастарына өз ықпалын тигізуде. Бұл мәселені екі жақты қараған жөн. Қай діннің немесе діни секталардың үгіті күшті жүрсе, сол дінге адамдар көп барады. Қазақстандағы діни жағдайға шолу жасасақ, шынымен де дінге адамдардың жартысынан көбі біреудің айтқан ақылымен немесе үгіттеумен келген. Дегенмен бұл үрдісте адамның ішкі рухани құндылығы басым орын алатынын ерекше атап өткен жөн. Бұл мәселеге қатысты белгілі дінтанушы ғалым А.Г. Косиченко: «Қазіргі кезде қазақстандық қоғам әртүрлі ішкі көзқарастар мен әсіресе сыртқы белгілерімен қайшылықтарда, егерде өзінің болмысындағы рухани құндылығын сақтай алса, бұл қиындықтарды өзінің даму барысында трансформациялай алады. Дін «кемелдену» мүмкіншілігіне ие. Бұл белестердің, тек кейде маңыздылары табиғаты бойынша өміршеңдісі ғана басым бола алады»[7, 220-бет] дейді. Қазіргі таңдағы әлемде діннің орны қарама-қайшылықтарға толы және де оның рөлін, мүмкіндіктері мен болашағын нақты болжап айту мүмкін болмай отыр.

Діндердің бейбіт өмір сүруі, экстремизмнің таралуына қарсы әрекет – Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының басты мәселелері. Дін мәселесінде дәйекті әрі жан-жақты таразыланған саясат ұстанған абзал. Қазақстанның болашағы үшін еліміздегі ұлыстардың өзара татулығы қаншалықты маңызды болса, қазақ халқының ауызбіршілігі болмыстық мәні бар мәселе. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінде өмір сүріп жатқан әрбір қоғам мүшесінің өз тағдырын өзі шешуге, қалаған діни нанымын қабылдауға, сондай-ақ, төл мәдениетін, тілін, әдет- ғұрпын ұлттық ерекшеліктеріне сай дамытуға мүмкіндігі зор. Бұл жағдайды әрбір этнос өкілдері мен діни конфессияларға еліміз жасай алды. Дінаралық, ұлтаралық түсінбестіктің алдын алғанда ғана мемлекетте тыныштық пен үйлесімділік болатыны анық. Қазақ халқы діни көзқарасы терең, рухани санасы жоғары ұлттардың қатарына жатады. Тек осы дәстүрді бүгінгі уақыттың ерекшеліктеріне сай тереңдете білуге тиіспіз.

Дін – жоғалтуға болмайтын рухани қазына. Халықтың жан дүниесін рухани жағынан сауаттандырып, саяси жағынан бейбітшілікке, бірлікке шақырып, халықты достықта мығым ұстай алатын мемлекеттiк мәртебеге көтереді. Қандай жағдай болмасын, еліміздегі әртүрлі діни құбылыстарға төтеп беру үшін діни сауаттылықпен қатар біртұтастық пен бірлігіміз керек.


Резюме

В этой статье религия рассматривается как главное средство профилактики опасности и столкновений в современном мире.


Summary

In this article the religion is considered as the main prophylactic of danger and collisions in the modern world.


ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Қ.М. Борбасов «Ұлттық дүниетанымның қалыптасуындағы діннің рөлі» // ҚазҰУ Хабаршы. Саясаттану, Философия, Мәдениеттану сериялары №2(28) 2007. – 88 бет

  2. М. Нуров Қазіргі заманғы діни ахуал және қауіптер мен қақтығыстарды шешудегі діннің рөлі // Влияние религий на современный мир: ХҒПК материалдар жинағы. – Алматы: ҚР БҒМ ФСДИ. – 2013. – 291-бет

  3. Сонда, 293 бет

  4. Д.Т. Кенжетай Қазақ мұсылмандық түсінігінің ерекшеліктері. Оқу-әдістемелік құралы. – Алматы. – 2012. – 12 б.

  5. А.Г. Косиченко Экстремизм мен терроризмге қарсы тұрудағы дәстүрлі діндердің мүмкіндіктері // Экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет етудегі дәстүрлі діндердің ролі: әдістемелік материалдар жинағы. – Алматы: ҚР БҒМ ҒК ФСИ. – 2011. – 39-45 бб.

  6. Қазіргі дәстүрден тыс діни қозғалыстар мен культтер. – Алматы, 2009. –37 б.

  7. А.Г. Косиченко Религия: сущность и актуальные проблемы / Под общ. ред. З.К. Шаукеновой. – Алматы, – 2012. – 220 с.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!