Материалдар / "Дін мен салт-дәстүр" 8 сынып тәрбие сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Дін мен салт-дәстүр" 8 сынып тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
"Дін мен салт-дәстүр" тәрбие сағаты
Авторы:
25 Сәуір 2023
945
60 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Дін мен салт-дәстүр» тәрбие сағаты

Сынып: 8 сынып

Кіріспе:
Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар бүгінгі тәрбие сағатына қош келдіңіздер

Мақсаты: - Ұлт тарихын білу;
- Ұлттық салт - дәстүрді дәріптеу
Күтілетін нәтиже: Оқушылар ұлттың құндылығын біледі.
Ұлт тарихының тереңдігін түсінеді.
1. Ұйымдастыру
«Шаттық шеңбері» сыныпты психологиялық дайындық
Нәтижесі: Ойынға қатысып, зейіндері жинақтау, көңіл - күйлері көтеріледі.
2. Топқа бөлу
1 – топ Дін
2 – топ Салт - дәстүр
3 – топ Әдет - ғұрып
Мұғалімнің сөзі:

Бүгінгі жас — еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің болашағы. «Тәрбие тал бесіктен басталады» демекші, құнды қасиеттерді бойға сіңіру, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халық даналығында айтылатындай ағаштың да түзу өсуі үшін оған көшет кезінен бастап күтім жасалады ғой. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, жалпы алғанда, адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өзіне нық сенімді тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыруда отбасы мен білім алатын ортасы, яғни балабақша, мектеп, ұстаздар қауымы шешуші рөл атқарады.

Бейне ролик көру

3. 1 топ: 1 оқушы

Дін (ағылш. Religion) дегеніміз сенушілерінің әрекеті мен ойлауынморалы мен сенімін белгілеуді және шектеуді көздейтін, табиғаттан тысқары, яғни тылсымтрансцендентті құдіретке, рухани нышан-түсініктерге нанатын және сиынатын, бақиперіштешайтан секілді тылсым құбылыстарды шын деп есептейтін мистикалық түсінік жүйесі, әлеуметтік-мәдени құбылыс болып, оның көбінесе тауап ететін қасиетті заты, не орыны, киелі кітабы, пайғамбары, діни наным жүйесі, сиыну ережелері мен культтары, саяси-мәдени ұйымдары болуы мүмкін.

2 оқушы:

Әлемде 10 000 түрден астам дін бары белгілі. Жер шары тұрғындарының 84 пайызы ең үлкен делінген 5 дінге сенеді олар:  ХристианИсламИндуизмБуддизм, және мәлім түрдегі Халықтық діндер.

Дүние жүзі халқының 57 пайыздайы, әлемдік үлкен екі дін - христиан мен исламға сенеді. Сонымен қатар, ешқандай дінді ұстанбайтын Дінсіздік (Irreligion) және дінге қарсы атеизм және дінге сыни қарайтын агностицизм де әлем халқының 16 пайыздайын ұстайды.

3 оқушы: Ислам діні

Ислам діні Құранды негіз еткен Ибраһимдік бір сенім жүйесі, ол 7 ғасырда Араб түбегінде Мұхамед пайғамбар жағынан пайда болды. Ол өзіне дейінгі Иудаизм және Христиан дініндегі пайғамбарларды мойындай отырып, Мұхамедті ең негізгі пайғамбар деп есептейді. Бұл дін Шығыс Оңтүстік Азияға, Солтүстік Африкаға, Батыс азияға, Орталық азияға кең таралған.

сүнниттік ислам - Ислам дінінің ең үлкен тармағы болып, Құранды негіз етеді, Суннамен жүреді, Сахабалардың хадистерін де басшылыққа алады.

шииттік ислам екінші үлкен тармақ болып, олар Әлиді Мұхаметтің мұрагері деп дәріпейді.

Ахмадия ағымы Имам Мәһдиді негізгі тұлға етіп, оның күндердің күні жерге келетінін дәріптеді.

Бұдан басқа қазір Ислам дінінде УаһһабизмСәләфизмСопылықҚұраншылдық, Мағдавия, Ибади, Мұсылман ұлты секілді көптеген ағымдар бар.

4 оқушы Христиан діні

Христиан діні Назареттік Ғайсаның өмірі мен тәлімін негіз етіп, 1 ғасыр айналасында пайда болған, Жаңа келісім деп аталатын Ибраимдік сенім жүйесі. Жаңа келісім деген сөз Исаның өз қаны арқылы Құдайдан алғашқы күнәдан арылу келісім деген мағынада айтылады. Бұл сенім жүйесі бойынша Ғайса жартылай адам, жартылай Құдай, өйткені оның анасы Мәриям осы дін бойынша Құдай жағынан жүкті болған делінеді. Сөйтіп Ғайса Құдайдың ұлы ретінде осы дүниеге адамзатты алғашқы күнәдан арылту үшін келеді. Бірақ адамзаттың түсінбестігінен крестке шегеленеді. Негізінен Христиандар Үштікке - яғни Құдай әке, Киелі рух және Құдайдың ұлы сынды үштің бірлігіне сенеді. Христиан дінің тармақтары:

Католик шіркеуі, Рим папасы бастаған, папаны Құдайдың жердегі өкілі еткен сенім жүйесі болып, 24 шіркеуді басқарады.

Православие, ол шығыстық ортодокс, шығыстық, және шығыс шіркеуі дегендерді қамтиды.

Протестантизм, 16ғ-да Католоик шіркеуінен бөлінген протестанттық реформация қозғалысының жемісі. Олар католик дінін жеңілдетіп, дінді еңбекпен, табысқа жетумен бірлестірді, гуманимзмдестірді, шіркеуді емес, Құдайды негіз еткен жеңіл сенім жүйесін жасады.

Негізгі тармақтары, АнглишанизмБаптизмКалвинизмЛутерианизм, және  Методизм қатарлылар.

Мұғалімнің сөзі:
Сонымен қатар оқушылардың есінде сақтап жүру үшін мына ережені ұсынғым кеп отыр. Мұны білу өте маңызды!
1. Сізге таныс емес, көшеде кездескен адаммен дін ұйымның жиналысына шақыратын дін тақырыбындағы диалогқа араласпа!
2. Қандай да болсын кездескен діни ұйымның сенушілері мен ілімін таратушыларға бірінші кездескенде өзіңіздің діни көзқарасыңызды білдірмеуге тырысыңыз.
3. Егер сіз алдыңызда тұрған уағыздаушыға сол діни ұйым туралы сұрақ қоюға шешім қабылдасаңыз, онда ешқандай кері әсерсіз болғаны жөн.
4. Егер сізге діни бағыттағы парақтар, брошюралар, журналдарды оқуға ұсынса рахмет айтып, сыпайы түрде бас тартыңыз.
5. Егер сіз діни жиналыстарға қатысуға шешім қабылдасаңыз, олар туралы көбірек білуге тырысыңыз, туысқандарыңызбен, достарыңызбен, жай адамдармен ақылдасыңыз.
2 топ: 1 оқушы .

Салт-әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне,ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып,өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі.Қазақтың бірнеше салттарын атап өтсек.

1.Шілдехана(салт).жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық, той.

2.Кіндік кесер(салт). Нәресте туған сәтте оның кіндігін әйелдер(кіндік шешесі) дайын тұрады.Кіндік кесу-мәртебелі, абыройлы іс.

3.Бесікке салу(салт). Жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік қасиетті,киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.

4. Қырқынан шығару(салт). Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады.ол сәбидің жан-жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.

5.Тұсау кесер(салт).Сәби қаз тұрғаннанкейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып.

2 оқушы:

Дәстүр-халықтың атадан балаға көшіп,жалғасын және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, әдет-ғұрып,мінез-құлық,тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекеттер көрінісі.



Қазақтың бірнеше дәстүрлерін атап өтсек.

1)Тыштырма(дәстүр)Сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратын тесіктен құрт,ірімшік, тәттілер өткізіп «тыштыма,тыштыма»деп ырым жасайды және оны «тыштырма» деп атайды.Тыштырманы әйелдер ырым етіп бөлісіп, бала-шағаларына үлестіріп береді.

2)Базарлық(дәстүр) -алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына (жерлес,көрші-көлем,жас балалар, сыйлас адамдарына) әкелген сыйлығы.

3) Байғазы(дәстүр)-балалардың, жастардың жаңа киім үшін берілетін ақшалай,заттай сый.

4)Тілашар(дәстүр).Баласы 7 жасқа толған соң балаға жаңа киім кигізіп,оқу жабдықтарын дайындап,шағын той өткізеді.Мұны «тілашар»тойы деп атайды.

Қазақтың салттарының бірі «Бесікке салу» рәсімін топпен көрсетеді

( «Бесікке салу» рәсімі жасалады.)

3 топ:

Ғұрып.Қазақтың өмір салты, өрен салты т.б. қолдану мен дәріптеуді ғұрып дейміз.

Қазақ халқында қалыптасқан бірнеше ғұрыптар:

1)Ат қою(ғұрып). Қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер мен әйгілі адамдардың атын қойған.Сонымен бірге бала есімін беделді кісілерге қойғызып батасын алған.

2)Айдар(ғұрып). Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп қояды.

Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Сәбилерге шаш орнына кекіл, тұлым да қойылады.

3)Кекіл (ғұрып). Жас балалардың шашын ұстарамен алып тастайды да маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды. Оны «кекіл»дейді.

 

4. Сергіту сұрақтары:

1 – топ.

1. Отыз күн тамақ ішпейтін күн. (ораза)

2. Дүние жүзінде қанша мыңнан аса мұсылман бар? (5 - мың)

3. Мұсылман дінінің негізін салушы? ( Мұхаммед Пайғамбар.)

4. Діннің қасиетті кітабы қалай аталады? (Құран)\

5. Рамазан айындағы қасиетті түн. (Қадір түні)

2 топ.

Он атаны таратып беріңіз. ( әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жегжат, жұрағат, жамағат)

Үш мақсатты ата. (Жол мақсаты-жету, дау мақсаты-біту, сауда мақсаты-ұту.)

Үш арсыз. (Ұйқы арсыз , күлкі арсыз, тамақ арсыз.)

Үш биді атаңыз. (Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би.)

Үш жүзді атаңыз.(Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.)

3 топ:

  1. Бес жақын кімдер?

Тату болса- ағайын жақын.

Ақылшы болса-апайың жақын.

Бауырмал болса-інің жақын.

Инабатты болса-келінің жақын.

Алдыңа тартқан адал асын

Қимас жақын қарындасың.

  1. Алты алаш деген кімдер?

Алаш ханның балалары: қазақ, Қарақалпақ, Қырғыз, өзбек, Түркімен, Жайылхан.

  1. Бес қаруға нелер жатады?

Мылтық, садақ,найза,қылыш,айбалта.


Қорытынды сөз
Бүгінгі «Дін тәрбие діңгегі» атты тәрбие сағатымызды қорытындылай келе
Егер елімізде нағыз таза мұсылман, Құранның жолымен жүретін халық көп болса елде береке, бірлік тыныштық болады». Ал әр адамға тән асыл қасиеттердің жиынтығы іспеттес адамгершіліктің қайнар бұлағы халық даналығында, отбасында, әдет-ғұрып пен салт-дәстүрде жатыр.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!