Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Діни көзқарастың шығу тарихы мен қазақ халқының діни нанымдары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ
Күні:
Пәні: Мәдениеттану
Тобы: 1ПМ-214
Сабақ тақырыбы: Діни көзқарастың шығу тарихы мен қазақ халқының діни нанымдары
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақ мақсаты: студенттерді дін, оның мәні мен маңызы, қазақ халқының ежелгі наным-сенімдері, ислам дінінің мәні, сондай-ақ оның қазақ даласына таралу тарихы және бүгінгі күнгі маңызы туралы мағлұматпен қаруландыру.
Міндеттері:
1. Студенттерге қазақ халқының наным-сенімдері мен ислам дінінің таралуы жайлы, әлемдік діндердің бастау тегіне Тәңірлік діннің өзекті қағидалары арқау болғандығы жайлы және де тотемизм, шаманизм туралы мағлұмат беріп, меңгерту.
2. Діни көзқарастардың шығуы мен қазақ халқында орын алған наным-сенімдерге сипаттама беру арқылы, студенттердің есте сақтау қабілетін арттыру, топпен жұмыс жасату нәтижесінде ауызбіршілігін, ұшқыр ойлау, өз пікірін еркін білдіру қабілетін дамыту.
3.Студенттерге шығармашылық тапсырмалар беру арқылы эстетикалық тәрбие беру, сабақ барысындағы ақпараттарды пайдаланып еңбекті сүюге, елін-жерін, халқының рухани құндылығын қадірлеуге баулу.
Пәнаралық байланыс: тарих, құқық, философия.
Көрнекті құралдар, жабдықтар, үлестірме қағаздар: Слайд материалдары «Діни көзқарастың шығу тарихы мен қазақ халқының діни нанымдары», My-Test материалдары, мәдени-тарихи диктант, «Жұмбақ сөйлем», «Мені түсін» ойынының үлестірмелі материалдары, жұлдыздар, әр студентке арналған бағалау парағы, бейне материал.
Сабақтың әдісі: білім алу көзіне қарай топтастырылған әдістер: сөздік, көрнекілік, практикалық; таным белсенділігі деңгейіне қарай топтастырылған әдістер: түсіндірмелі-иллюстративті, репродуктивті, эвристикалық.
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: деңгейлеп-саралап оқыту, ұжымдық-топтық оқыту технологияларының элементтері.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
1.Сәлемдесу (аудитория тазалығын тексеру);
2. Кезекші есебін тындау;
3. Студенттердің назарын сабаққа аудару;
Студенттерге психологиялық қолдау көрсетіліп, бағалау парақтары үлестіріледі. (3 мин.)
2.Өткен тақырыпты тексеру:
Студенттер екі топқа бөлінеді. Өткен сабақты сұрамас бұрын топтар өздерін таныстырады. Бірінші топ – «Жебе» деп аталады. Олардың таныстыруы:
Тарихтың ашып талай қыр беттерін.
Ақтарып сырын ұқсақ деп келеміз,
Көк найза ақ білектің күшімен
Бүгінге жетті міне жер бөктерім
Азамзат өмірне қозғау салған
Қарудың дамуына негіз болған
Жебені таңдаудағы мақсатымыз
Дәлдік пен мергендікке топ ұмтылған.
Екінші топ – «Орда». Таныстыруы:
Топтың атын алдық біз, Орда деп,
Бар байлығы, бақыты, қазығымның
сонда деп,
Ертеректе хан шатыры, құрметті адам орыны
Саналыпты, он екі қанат, кигіз
үйі – Орда деп (2 мин.).
Топқа берілген тапсырмаларды тексермес бұрын, «Қазақ мәдениетінің теориясы мен тарихы» атты тарауға тиесілі болатын негізгі ұғымдар еске түсіріледі. Олар:
-
Жылнама, өркениет, көшпенділік, көшпелі-мәдениет, балбал, салт-дәстүр (3 мин.).
Үй тапсырмасы топқа берілген шығармашылық тапсырмалар арқылы тексеріледі. Олар:
1 тапрсыма.
1-топ «Қазақ даласының материалдық мәдениетінің құндылығы - тастар» туралы ақпарат береді.
2 – топ «Ежелгі қорғандар» жайлы мағлұмат айтады. 4 мин.
2 тапсырма.
Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы сурет салып, ондағы қателерді қарсы топ табуы тиіс. 4 мин.
3 тапсырма.
«Пікір талас» ұйымдастыру. Берілген тақырып – Жаһандану үрдісінің ұлт мәдениетіне жағымсыз әсері жоқ (жақтау және даттау). 4 мин.
3.Жаңа тақырыпты зерделеу
ЖОСПАР
Өткен сабаққа толықтырулар жасалып, жаңа тақырыпқа сипаттама беріледі (жаңа тақырыптың дәріс материалдары студенттерге алдын-ала берілген). «Діни көзқарастың шығу тарихы мен қазақ халқының діни нанымдары» тақырыбы 2 сұраққа бөлініп қарастырылады:
-
Дін мәні, маңызы және шығу тарихы
-
Қазақ халқының ислам дінін қабылдау тарихы
1-сұрақ: Дін мәні, маңызы және шығу тарихы
Дін – руханияттың өзекті саласы. Дін тарихын білмейінше белгілі бір аймақты мекендеген халықтардың тұрмысын, өмірін, мәдени болмысының қыр-сырын терең тану мүмкін емес, яғни кез келген ұлттық мәдениеттің рухани бастауларын, оның менталитеті мен дүниетанымын ұғыну үшін мәдени тұтастықтағы діни жүйелерді терең зерттеп, зерделеудің маңызы ерекше
Әлемдік діндер – христиан, буддизм, ислам қабылданғанға дейін түріктер мен моңғолдардың көне айрықша діні болды. Ол осы Тәңірге табыну, сену болып табылады. Маньчжурия, Қытай жылнамаларынан, араб, иранның көне жазбаларынан, VI-X ғасырларда табылған көне түрік ескерткіштерінен біздің бабаларымыздың о бастағы діні Тәңіршілдік болғанын ғалымдар зерттеп білген.
Жоғарғы Енисей аймағында
табылған тас плиталардың бетіне үстерінде ұзын киімдері бар бір топ
адамдардың Тәңірге сыйынып тұрған кезі бейнелеген сол замандардағы
суретшінің суреті табылған. Алтарь үстінде кесе тұрған сурет
Тәңірге сыйынудың бір рәсімі ретінде сурет бетінде айқын
таңбаланыпты.
Тәңіршілдікті діңгегі мықты, аспаннан аян түскен қасиетті кітабы
бар дін деп айтуға болмайды дейді ғалымдар. Әйтсе де, біздің
дәуірімізге дейінгі ІІ ғасырларда Ұлы даланы мекен еткен біздің
ата-бабаларымызда жер бетіндегі өзге халықтар секілді сенім-наным
болған. Сенім-нанымсыз өмір сүрудің өзі мүмкін емес. Төбеміздегі
төңкеріле жауып тұрған аспанның ар жағында әлемді басқарып,
адамзатты жаратқан белгісіз күш иесі бар екендіген түйсік арқылы
сезген бабаларымыз оны Тәңірі деп есептеген. Тәңірі, айналып
келгенде, барлық халықтарға ортақ бір Құдай, яғни жаратушы Ие
екендігіне еш шек жоқ. Көзге көрініп тұрғаны төбемізде көк аспан
болғандықтан, оны бабалар Тәңірінің рухы деп есептеген.
Нәтижесінде, аспанға табыну пайда болады.
Түріктердің мәдениетіне үлкен ықпалын тигізген келесі діни
наным – шаманизм болды. Шамандық дінді жүйелі түрде, оны
қалыптастырған мәдени жүйемен бірлікте, тұтастықта зерттеген
ғалымдар Д. Банзаров пен Ш. Уәлиханов болды. “Шамандық дегеніміз, –
дейді Шоқан, – әлемді, дүниені сүю, табиғатқа деген шексіз махаббат
және өлеңдердің рухын қастерлеу, аруағын ардақтау.
…Шамандық сенім табиғатқа бас иеді”. Қоғамдағы
шаман рөлін де қазақ ғалымы басқа тұрғыдан бағалайды: “Шамандар
аспан Тәңірі мен рухтың жердегі қолдаушы адамдары ретінде саналған.
Шаман сиқырлық қасиеттермен қоса білікті, талантты, басқалардан
мәртебесі жоғары: ол ақын да, сәуегей және емші, сегіз қырлы, бір
сырлы адам болған”.
Қазақ халқының арасында шаман атауына қарағанда бақсы атауы кең таралды. Біздің пайымдауымызша, бақсылық шамандықтың инварианттылығы, яғни халық тұрмысына икемделген нұсқасы болып табылады. Бақсылар ислам діні таралғанға дейін ру-тайпалардың саяси-әлеуметтік өмірінде өте маңызды рөл атқарған. Олардың негізгі қызметі адам мен әлеумет өміріне қауіпті құбылыстарды залалсыздандыру, алдын алу болса керек.
Көне
түркілердің генеалогиялық мифтері тотемистік нанымдардың да
генотиптік сипатта болғандығын айқындайды. Түркілердің ұйытқысы
болған ашин тайпасының өкілдері өздерін көк бөрінің ұрпақтарымыз
деп санаған. (10
мин.)
Бірінші мәселеден кейін «Теңге алу» ойнатылады.
«10» теңгенің сұрақтары:
-
Дін дегеніміз не?
-
Шаман деген кім?
-
Тәңір деп ежелгі түріктер нені түсінген?
«20» теңгенің сұрақтары:
-
Әлемдік діндерді ата?
-
Шаманизм деген қандай сенім?
-
Тәңіршілдік деген не?
«30» теңгенің сұрақтары:
-
Дінмен мәдениеттің қандай байланысы бар?
-
Ежелгі түріктердің өмірлік жүйесіндегі шаманизм белгілерінен мысал келтір.
-
Ежелгі түріктердің өмірлік жүйесіндегі тәңіршілдік белгілерінен мысал келтір. 10 мин.
2-сұрақ: Қазақ халқының ислам дінін қабылдау тарихы
Қазақстанда исламның таралуының басталуы. Қазақстанның тарихы мен мәдениеті көп ғасырлар бойы ислам дінімен байланыса дамып келеді. Ислам діні қазақ халқының өзіндік руханияты мен мәдениетінің қалыптасуындағы негізгі қайнарлардың бірі болып табылады. Қазақ халқының арғы тегі болып есептелетін көне түркілер исламның қалыптасуы мен көптеген жетістіктеріне өз үлестерін қосты.
Орталық Азия мен Қазақстанға исламның енуі VII-VIII ғасырларға жатқызылады. Алғашқы араб-дін таратушылары 670 жылдардан бастап келе бастады. VIII ғ. басында Орталық Азияда миссионерлік қозғалыстың жандануы байқалады.
Исламның түбегейлі орнығуына VIIIғ. ортасында, 751 ж. Тараз қаласының маңындағы араб әскербасы Зияд ибн Салих пен қытай қолбасшысы Гао Сяньчжи арасында бірнеше күнге созылған Атлах шайқасында арабтардың жеңіске жетуі айтарлықтай ықпалын тигізді. Қытай әскері күйрей жеңіліп, Жетісу мен Шығыс Түркістан азат етіледі. Араб әскерінің бұл жеңісі Орта Азия жерінде ислам діні мен мәдениетінің орнығуының бастуы еді.
Қазіргі уақыттағы Қазақстан жеріне исламның таралуы бірнеше ғасырларға созылды. Бастапқыда жаңа дін оңтүстік өңірлерге ене бастады. X ғ. аяғына қарай ислам Жетісу мен Сырдариядағы отырықшы халықтың басты дініне айналды. X ғ. басында мұсылмандықты Қарахан әулеті билігінің негізін қалаушы Сатұқ қабылдайды, ал оның ұлы Боғра-хан Харұн Мұса 960ж. Исламды мемлекеттік дін деп жариялайды.
Бұл аймақ әр-түрлі діндердің тоғысқан жері болғандығына қарамастан ислам дінін тарату бейбіт түрде жүріп жатты. Ұлы Жібек жолы көпшілік діндер, солардың ішінде христиандық (көпшілігі несториандық пен яковшілер), буддизм, заростризм діндері үшін қолайлы аймақ болды. Далалы өңірде тұратын түркі халқы тәңіршілдікті ұстанды. Тұрғылықты халық арасына ислам еш зорлық-зомбылықсыз бейбіт жолмен таралды.
Орта Азиялық мұсылман ғылымы мен мәдениетінің дамуына ортағасырлық шығыс мәдениеті тың серпін берді. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари және Мұхаммед Хайдар Дулати атты ұлы ойшылдар ғылым мен философияның көрнекті өкілдеріне айналды.
Оңтүстік Қазақстандағы көшпенді түркі халқының арасында исламды таратуда Ясауии тариқатының негізін қалаушы Қожа Ахмет Ясауи ( 1166 ж. немесе 1167ж. қайтыс болған) зор үлес қосты. Әмір Темірдің Ясауиге деген құрметінің белгісі ретінде XIV-XV ғғ. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі салынды, қазіргі таңда бұл тарихи жәдігер тек Қазақстандағы ірі мұсылмандық сәулет ескерткіші ғана емес, сонымен қатар, әлемдік озық үлгілердің бірі болып саналады.
Тәуелсіз Қазақстандағы Ислам.
Өзінің «Сындарлы он жыл» атты кітабында Қазақстан Республикасының Президенті былай деп жазады: «Біз, қазақтар үшін ислам – біздің дүниетанымызды анықтайтын ең алдымен жоғары идеал мен факторы, бұрындары ұмытылып кете жаздаған бай мұсылмандық мәдениеті мен ата-бабаларымыздың рухына деген тиісінше баға берудің Рәмізі іспеттес».
Тәуелсіз Қазақстандағы ислам ықпалды қоғамдық күшке айналды. Мұсылман бірлестіктерінің саны қарқынды түрде өсуде. Егер 1991 ж. олардың саны тек 68 болса, 2000 жылдар басында 1652-ге жетті, ал 2011ж. 1-қантарында 2756-ға көтерілді. Елімізде жаңа мешіттер салынуда. 2011 ж. басында 2416 мұсылман ғимараттары қызмет атқаруда.
2006 жылдан Қазақстанда мұсылмандардың мейрамы Құрбан айттың бірінші күні демалыс деп жарияланды.
Қазақстан 50-ден астам мұсылман мемлекеттерін біріктіретін Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының мүшесі.10 мин.
2 мәселе тапсырмасы – «Мені түсін ойыны»
Топтарға берілетін сөздер – миссионер, 7 ғасыр, 670 жыл, Мұса қаған, Қарахан мемлекеті, Сатұқ Боғра хан, 960 жыл, 10 ғасыр, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қожа Ахмет Ясауи, Түркістан, Әмір Темір, Құрбан айт, Ислам Ынтымақтастық ұйымы, Ислам. 3 мин.
Осы тапсырмалардан кейін жеңген топ анықталады. 2 мин.
Денсаулық сақтау бөлімі 1 мин.
Нығайту: студенттерге деңгейлі тапсырмалар беру арқылы олардын алған білімі тексеріліп, бекітіледі.
1-тапсырма. Тест.
1. Руханияттың өзекті саласын ата?
А) Дін
В) Материя
С) ойшылдар пікірлері
Д) дұрыс жаып жоқ
2. Профессор Т.Ғабитов қандай діни жүйені бөліп көрсетеді?
А) фетишистік
В) генотиптік
С) политеистік
Д) монотеистік
3. Шамандық дінді жүйелі түрде, оны қалыптастырған мәдени жүйемен бірлікте, тұтастықта зерттеген кім болды?
А) А. Құнанбаев
В) М. Дулатов
С) Ш. Уәлиханов
Д) А. Байтұрсынов
4. Көне түркілердің наным-сенімдерінде әйел-құдай – кім ерекше құрметтелген?
А) Ұмай
В) Артемида
С) Айша
Д) Дұрыс жауап жоқ
5. Шаманизм ұғымы ғылыми әдебиетке қай ғасырда енген?
А) 15
В)16
С) 17
Д) 18
6. Әр түрлі наным-сенімдердің, көбіне табиғатқа, оның стихиялық күштеріне табынудың және оларды бұрмалап бейнелеудің біртіндеп дамуынан туған құбылыс?
А) шаманизм
В) Тәңірлік
С) тотемизм
Е) Дұрыс жауабы жоқ
7. Ғұндардан қалған бұл дәстүр кімдерге ауысты?
А) қияттарға
В) қырғыздарға
С) түріктерге
Д) дұрыс жауап жоқ
8. Кімдер ислам діні таралғанға дейін ру-тайпалардың саяси-әлеуметтік өмірінде өте маңызды рөл атқарған?
А) Бақсылар
В) хандар
С) билер
Д) емшілер
9. Мөде неге табынған?
А) жерге
В)күнге
С) малға
Д) дұрыс жауабы жоқ
10. шаманизм ерекшелігі?
А) аруақтарға табыну
В) хандарға табыну
С) күнге табыну
Д) дұрыс жауап жоқ
2-тапсырма.
Мәтінмен жұмыс:
Орталық Азия мен Қазақстанға исламның енуі V-VI ғасырларға жатқызылады. Алғашқы араб-дін таратушылары 570 жылдардан бастап келе бастады. Исламның түбегейлі орнығуына VIIIғ. ортасында, 557 ж. Тараз қаласының маңындағы араб әскербасы Зияд ибн Салих пен қытай қолбасшысы Гао Сяньчжи арасында бірнеше күнге созылған Түркістан шайқасында арабтардың жеңіске жетуі айтарлықтай ықпалын тигізді. Араб әскерінің бұл жеңісі Орта Азия жерінде ислам діні мен мәдениетінің орнығуының бастуы еді.
Қазіргі уақыттағы Қазақстан жеріне исламның таралуы бірнеше ғасырларға созылды. Бастапқыда жаңа дін оңтүстік өңірлерге ене бастады. XІ ғ. аяғына қарай ислам Жетісу мен Сырдариядағы отырықшы халықтың басты дініне айналды. XІ ғ. басында мұсылмандықты Қарахан әулеті билігінің негізін қалаушы Мөде қабылдайды, ал оның ұлы Еділ 960ж. Исламды мемлекеттік дін деп жариялайды.
Орталық Азия мен Қазақстанға исламның енуі VII-VIII ғасырларға жатқызылады. Алғашқы араб-дін таратушылары 670 жылдардан бастап келе бастады. Исламның түбегейлі орнығуына VIIIғ. ортасында, 751 ж. Тараз қаласының маңындағы араб әскербасы Зияд ибн Салих пен қытай қолбасшысы Гао Сяньчжи арасында бірнеше күнге созылған Атлах шайқасында арабтардың жеңіске жетуі айтарлықтай ықпалын тигізді. Араб әскерінің бұл жеңісі Орта Азия жерінде ислам діні мен мәдениетінің орнығуының бастуы еді.
Қазіргі уақыттағы Қазақстан жеріне исламның таралуы бірнеше ғасырларға созылды. Бастапқыда жаңа дін оңтүстік өңірлерге ене бастады. X ғ. аяғына қарай ислам Жетісу мен Сырдариядағы отырықшы халықтың басты дініне айналды. X ғ. басында мұсылмандықты Қарахан әулеті билігінің негізін қалаушы Сатұқ қабылдайды, ал оның ұлы Боғра-хан Харұн Мұса 960ж. Исламды мемлекеттік дін деп жариялайды.
3-тапсырма: «Жұмбақ сөйлем». Студенттер кестеде берілген көп әріптердің ішінен тақырыпқа сай сөйлемді шығару керек.
А |
М |
Ә |
Т |
І |
А |
Г |
Н |
А |
М |
А |
Л |
Б |
О |
Ң |
Н |
Р |
П |
Н |
Ы |
Н |
Е |
С |
А |
С |
А |
І |
А |
І |
Р |
А |
М |
І |
Л |
Ы |
Д |
Р |
С |
Р |
Х |
Б |
О |
К |
С |
Г |
Д |
Н |
Қ |
Д |
М |
Л |
Қ |
Ң |
К |
Л |
Е |
З |
Е |
Д |
А |
Т |
І |
І |
А |
І |
Е |
У |
Н |
І |
Р |
А |
З |
О |
Н |
К |
З |
Д |
Н |
В |
І |
Г |
Ш |
Ғ |
А |
К |
Е |
С |
А |
Р |
Е |
Д |
М |
Е |
Н |
Ы |
Қ |
Жалпы 30 мин.
-
Үй тапсырмасы:
-
Нағымұлы Ш. Мәдениеттану. Алматы, 2004. 253-266 бб.
-
Тотемизм, шаманизм, тәңіршілдік туралы қосымша ақпараттар іздестіріп келу (1 мин.)
-
Өзіндік жұмысы: Сабақтың әрбір кезеңінде пайдаланылған кесте, тест материалдарымен жұмыстар.
Қорыту.
Бағалау. Рефлексия (3 мин.)
Оқытушы: Чалгинбаева Г.С.