Материалдар / Діни шешендік сөз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Діни шешендік сөз

Материал туралы қысқаша түсінік
Маған керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Желтоқсан 2020
459
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Есік гуманитарлық экономикалық колледжі













Реферат


Тақырыбы: Шерхан Мұртаза

201-топ








Жазған:

Тексерген:













2020-2021 жылы

Шерхан Мұртаза


Шерхан Мұртаза (28.9. 1932 жылы туған, Жамбыл облысы Жуалы ауданы Талапты ауылы) — жазушы, қоғам қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1992). М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1955). 1955 — 56 жылы Қазақ мемлекет көркем әдебиет баспасында, 1956 — 60 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), 1960 — 63 жылы «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінде тілші, әдеби қызметкер, редактор, 1970 — 72 жылы «Жазушы» баспасы жанындағы Балалар мен жастар әдебиеті бас редакциясының және «Жалын» альманахының бас редакторы, 1972 — 75 жылы «Жұлдыз» журналының бас редакторы,


1975 — 80 жылы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы, 1980 — 89 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, 1989 — 92 жылы «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы, 1992 — 94 жылы «Қазақстан» мемлекет телерадио компаниясының төрағасы қызметтерін атқарды. 12, 13-шақырылған ҚР Жоғ. Кеңесінің, 2-шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Сондай-ақ ол ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі. Шерхан Мұртаза шығармашылық жолын студент кезінде Л. Лагиннің «Хоттабыч қарт», М. Кәрімнің «Біздің үйдің қуанышы» шығармаларын қазақ тіліне аударумен бастады.


Ал тұңғыш кітабы — «Құрылысшы Дәку» очерктер жинағы 1958 жылы жарық көрді. Қазіргі замандас бейнесі, соғыс жылдарындағы тылдағы адамдардың қажырлы еңбегін баяндаған «Табылған теңіз» (1963), «Бұлтсыз күнгі найзағай» (1965), «Белгісіз солдаттың баласы» (1967), «Мылтықсыз майдан» (1969), «41-жылғы келіншек» (1972), «Ахметжанның анты» (1973), т. б. повестер мен «Интернат наны» (1974) атты әңгімелер жинақтары жарияланды. Өндірістің дамуы жөнінде, адам мен қоршаған ортаға қамқорлық туралы маңызды мәселелер көтерген, ғылыми-техникалық төңкеріс жайын сипаттаған «Қара маржан» (1976; ҚР Мемлекет сыйлығы, 1978) романы, мемлекет қайраткері Т. Рысқұловтың өміріне арналған («Қызыл жебе», 1, 2-кіт. 1980; «Жұлдыз көпір», 3 кіт., 1984) роман-трилогиясы басылды. Драматургия саласында жазушының «Қызыл жебе» (1987, Қ. Ысқақовпен бірге), «Сталинге хат» (1988), сондай-ақ «Бесеудің хаты» (1989) атты пьесалары қойылды.


Ол Г. Х. Андерсеннің әңгімелерін, венгр халық ертегілерін, Ш. Айтматовтың «Ботагөз», «Қош бол, Гүлсары», «Теңіз жағалап жүгірген тарғыл төбет» повестерін, «Боранды бекет», «Жанпида» романдарын қазақ тіліне аударды. Шерхан Мұртаза шығармашылық жұмыстармен қатар Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі мен мемлекеттігін нығайту ісіне де белсене араласты. Қазіргі заманның, қоғамдық өмірдің маңызды мәселелерін, ел, жер, тіл мәселелерін көтеретін көптеген мақала-эсселер жазды. Шерхан Мұртаза «Құрмет белгісі», «Отан» (1999) ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған. Жамбыл облысының, Тараз және Астана қалаларының Құрметті азаматы.


ШЕРХАН МҰРТАЗА ӨМІРІНЕН ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР


Қазақ руханиятында «Шерағаңның шекпені» деген атау бар. Бұл қазақтың заңғар жазушысы, кәсіби журналист, мемлекет қайраткері Шерхан Мұртазаға айтылған. Қазақ журналистерін қанатының астына алып тәрбиелеген, ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан Шерхан Мұртаза 28 қыркүйекте сексеннің бесеуіне аяқ басады. Қазақ әдебиетіне де өлшеусіз үлес қосқан қаламгердің өмірінен қызықты деректер толып жатыр. Әрине оқырман білетін қызықтары да, білмейтін қызықтары да бар деп ойлаймын. Ендеше жазушы-журналист ағамыздың қызықты деректерімен таныса отырыңыздар.


- Шерхан Мұртаза 1932 жылы 28 қыркүйекте Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. Жазушының шын есімі – Шері. Қазақтың айбарлы, қайратты жыртқыш аңы – барысқа байланысты қойылған.


- Алғашқы кітабі 26 жасында «Құрылысшы Дәку» деген атпен жарық көрді. Оның еңбектері ТМД және шет тілдеріне аударылған. Қаламгер Тұрар Рысқұлов жайында 5 кітап жазған. Бір қызығы Шерхан Мұртаза алдымен жазушылыға мен журналистігі емес, ақындығымен танылды.


- Шерхан Мұртазаның ана тіліміз туралы айтқан қанатты сөздері. Ана тілінсіз халық болмайды. Тілінен айырылған ұлт – тарихынан, түп-тамырынан айырылған ұлт. Тілсізді ұлт деуге болмайды. Тілінен айырылған халық – ата-бабасының, туған әкесі мен анасының атын ұмытқан халық. Ал ондайларды мәңгүрт деп атайды.


- Әкесі Мұртаза 1937 жылы сталиндік репрессияның құрбаны болып кетті. Шерхан Мұртаза 8 жасында қазіргі Жуалы ауданы өзі туған Талапты ауылындағы мектептің бірінші сыныбына барған. Әкесіне ерте айырылған бала оқу мен еңбекке ерте араласады. Балалық шағы да соғыстың тауқыметті кезеңдерімен тұспа-тұс келген. Сондықтан болар жазушының түсіне жиі балалық шағы оралып отырған. Тауқыметті кезеңдерді бастан өткізген соң болар, жазушының балалық шағы бала көңілмен өтпеді.


- Шерхан Мұртазаның ел, қоғам, мемлекет, әдебиет үшін істеген еңбектері өте көп. Ал әдебиет саласындағы еңбектерін айтқанда көркем туындыларын ғана айтып қойған жөн болмас. Әдебиетте көлемді жұмыс ретінде аударма саласын таңдады. Шерхан Мұртаза әлемге әйгілі қырғыз елінің жазушысы Шыңғыс Айтматовтың туындыларын қазақ тіліне тәржімалады. Қырғыз жазушысының «Қош, Гүлсары», «Ботагөз», «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет», «Боранды бекет», «Жан пида» атты повесть, романдарын орысшадан аударды.


- Шерхан Мұртаза – әлем әдебиетінің классик жазушыларының шығармаларын аударған аудармашы. Ганс Андерсеннің әңгімелерін, венгр халық ертегілерін, Мұстай Кәрімнің «Біздің үйдің қуанышы» повесін, Э.Эрскиннің «Марыкчан балалары» романын, Л.Лагиннің «Хоттабыч қарт» повесін қазақ тіліне тәржімалады. «Қара маржан» романы үшін 1978 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын иеленді.


- Шерхан Мұртаза өзінің шығармаларында адам бейнесін табиғаттың сұлулығымен астастыра отырып, өте көркем бейнелейді әрі әр кейіпкердің ойын терең түсіне отырып, адам мен табиғаттың тынысы бір екенін көрсете білген жазушы.




- Шерхан Мұртазаның тұмарындай болған туындысы – «Қызыл жебе» эпопеясы. Бес кітаптан тұратын шығарма - қазақ халқының бір туар ұлы Тұрар Рысқұлов туралы көлемді туынды. Ұлт қайраткері Тұрар Рысқұловтың тағдыры арқылы қазақ халқының басынан кешкен қилы-қилы кезеңдерін қамтиды. «Қызыл жебе» халықтың ыстық ықыласына бөленген шығарма. Тұрар Рысқұлов сияқты күрделі тұлғаны әдебиетке әкелу жазушының үлкен ізденімпаздығы, тарихи оқиғаларды таразылауы үлкен ерлікке пара-пар деп айтсақ, асырып айтқандық емес. Шын мәнінде Шерхан Мұртаза Тұрар Рысқұлов сияқты ел тұтқасы бола білген азаматты әдебиеттендіру арқылы қазақ әдебиетіне үлкен бір сом туынды қоса отырып танытып берді. М. Әуезов «Абай жолы» романы арқылы қазақ халқының ғасырлық тарихын дүниеге паш етсе, Шерхан Тұрар бейнесі арқылы қарама-қайшылыққа тұнып тұрған қазақ халқының тарихындағы ең күрделі, ең ауыр кезеңін шынайы суреттей білді.


- Шерхан Мұртаза спортты жанына серік еткен атлет. Мәскеу мемлекеттік университетінде оқыған студенттік шағында бокспен айналысқан. Ол уақытта факультеті намысын қорғап, орта салмақтарда жүлдегер атанған. Шерхан Мұртаза спорттың бильярд және тапанша ату түрінен де жақсы болған.


- Шерхан Мұртаза алты жерде бас редакторлық қызмет атқарған. 1970 — 72 жылдары «Жазушы» баспасы жанындағы Балалар мен жастар әдебиеті бас редакциясының және «Жалын» альманахының бас редакторы, 1972 — 75 жылы «Жұлдыз» журналының бас редакторы, 1980 — 89 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, 1989 — 92 жылы «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы, 1989 жылдан-«Егемен Қазақстан» республикалық газетінің редакторы. «Қазақстан» мемлекеттік телерадиокомпаниясының төрағасы. Лениншіл газетіне бас редактор болып келгенде 30 мың таралыммен таралған газеттің оқырманын 150 мыңға жеткізді. Қазақстан ұлттық арнасындағы «Таңшолпан» таңғы ойын-суықтық бағдарламасы Шерхан Мұртазаның идеясымен ашылған.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!