Дислалия
Дислалия- дыбыстардың
айтылуының бұзылулары, ол негізі нейро- динамикалық процестердің
әлсіздігіне, немесе тіл құрылысының артикуляциялық бөлігінің
анатомиялық құрылысының бұзылуына негізделген. Сонымен қатар
дислалияда сөздің лексикалық және грамматикалық құрылысы
сақталады.
Дислалияда дыбыс не айтылмайды
не бұзылып айтылады, немесе мүлде болмайды. Егер 1-4 дыбысқа дейін
бұзылып айтылса қарапайым дислалия деп аталады, 5 немесе оданда көп
болса күрделі дислалия деп аталады. 10-15 дыбысты бұзып айтқанда
қарым-қатынас нашарлайды, ал бұл ауызша және жазбаша тілдің
бұзылуына әкеп соғуы мүмкін. Мұндай күрделенудің механизімі былайша
түсіндіріледі. Тіл дыбыстарын айтқанда артикуляция мүшелерінің
қозғалысынан кинестикалық сезім пайда болады. И.П. Павлов екінші
сигнал жүйесінің қалыптасуында кинестикалық сезімдерге үлкен мән
беріп және оларды базалық компоненттер деп атады. Дыбыс шығаруды
қалыптастыруда осы кинестикалық сезімдер үлкен роль
атқарды.
Дыбыс айтылуы бұзылғанда
толыққанды базалық компонент болмайды, соның салдарынан дыбыстардың
шығуы дамымайды. Балалар акустикалық және артикуляциялық ұқсас
дыбыстарды сатыламайды, қиын айтылатын дыбыстары бар сөздер
меңгерілмейді. Балалардың сөздік қоры қалыптан қалыңқы болады да,
ол тілдің грамматикалық құрылысына әсер етеді, мұндай жағдайда
жұрнақ, жалғаулар меңгерілмейді. Сөйтіп, дислалияның күрделі
формалары тілдің жалпы дамымай қалушылығына
әкеледі.
Дислалияның зерттелу
тарихы
«Дислалия» терминін бірінші
рет швецариялық дәрігер Р.Шультес ХIХ жүзжылдықтың 30 шы жылдарында
енгізді және осы бұзылысқа «артикуляциялық мүшелердің кемістігіне
негізделген, дыбыс айтылуындағы бұзылулар» деген анықтама берді.
Вильнюс университетінің профессоры И.Франк 1827 ж. Дислалияға дыбыс
айтылуындағы барлық бұзылулардың түрлерін жатқызады. ХХ ғ. 60
жылдарында С.С. Ляпидевский, Б.М. Грингшпунаның жұмыстарында
жекелеген тіл бұзылулары ринолалия, дизартрияның өшкен формалары
деп бөлінеді.
Қазіргі уақытта дислалия деп
есту қабілеті дұрыс және сөйлеу тілі аппаратының инервациясы
сақталған қалпында сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуының бұзылуын
атайды.
Алдыңғы қатарлы логопед-
дефектологтар О.В. Правдина, Ф.Ф. Рау, М.Ф. Фомичева, М.Е.
Хватцевтардың дислалияның теориялық және практикалық проблемаларына
қатысты, бірнеше жұмыстары бар.
Дислалияның таралуы және
себептері
Ф.Ф Рау деректері негізінде,
дислалия типі бойынша дыбыс айтудағы бұзылулар мектеп жасына
дейінгілердің 15-25 %, оқушыларда 5-7%
кездеседі.
Г.Г Омельченко мәліметтері
бойынша, дислалия мектеп жасына дейінгі жай болады, ауылға
қарағанда қалада жиірек, қыздарға қарағанда ұлдарда көп
кездеседі.
Балаларда дислалияның болуы
артикуляциялық аппараттың перифериялық бөлімінің құрылысына әсер
етуші факторлармен- механикалық (органикалық) дислалия және
әлеуметтік- психологиялық негіздегі факторлар- функционалды
дислалиямен түсіндіріледі.
Органикалық дислалияның
себептері:
-
Тіл астындағы сіңірдің
қысқалығы;
-
Жақ сүйектері құрылысының
ақаулары;
-
Тістердің құрылысының
ақаулығы;
-
Таңдай құрылысының
ақаулары;
-
Тілдің құрылысының
ақаулары;
-
Еріндердің дұрыс
орналаспауы;
Функционалды дислалия
себептеріне жатады:
-
Соматикалық
әлсіздік;
-
Жағымсыз әлеуметтік
орта;
-
Психикалық дамудың
тежелуі;
-
Жанұядағы
екітілділік;
-
Педогогикалық
босаңдық;
-
Фонематикалық есту
қабілетінің;
Дислалияның негізгі
түрлері.
Дислалияны топтастыру негізіне
түрлі белгілер жатқызылуы мүмкін.
-
Механизімнің зақымдану
негізінде К.П Беккер, М. Совак, О.Н Правдина сенсорлық және моторлы
дислалияны жатқызады. Сенсорлық дислалияның негізінде- тіл есту
зоналары қызметінің бұзылуы жатыр, моторлы дислалия негізінде- тіл
қозғалушы аймақтың қызметінің бұзылуы
жатады.
II. Кемістіктің дыбыс айту
белгілеріне қарай дислалияның келесі түрлерін
жатқызады:
-
Ысқырық сигматизімі: ысқырып
айтылатын дыбыстардың айтылуының бұзылуы.
-
Ызың сигматизімі: ызың
дыбыстардың айтылуының бұзылуы.
-
Ротоцизм: Р дыбысының айтылуы
мен оның жіңішке нұсқасының бұзылуы.
-
Ламдацизм: Л дыбысының айтылуы
мен оның жіңішке нұсқасының бұзылуы.
-
Таңдаймен айтылатын
дыбыстардың кемістігі:
-
Жіңішке дыбысты айтудағы
кемістік:
-
Ұяң дыбыстар
мүкістігі:
Егер дыбыс бұзылып айтылса,
кемістікке топтастыру бойынша аты беріледі. Егер тіл жүйесінде бар
дыбыс басқа дыбыспен алмастырылса, кемістіктің алдына «пара»
термині қосылып айтылады.
III. Егер топтастыру негізіне
бұзылу сипатын ескеретін түзету жұмыстарының бағыттарының негізі
алынса, онда дислалияның келесі түрлерін
даралайды:
-
акустика
фонематикалық; фонематикалық есту қабілетінің
қалыптаспауы салдарынан пайда болады. Осыдан барып акустикасы ұқсас
дыбыстарды қабылдай алмау және айта алмау туындайды. Мысалы:
ысқырық дыбыстар.
-
артикулярлы
фонематикалық: бас ми қабығының моторлы
аймағының сөйлеу кезінде қажетті дыбысқа тән артикуляцияны айыруы
қалыптаспауы жатады. Бұл жағдайда балалар барлық дыбыстарды
айырады, ал айта алмайтын дыбыстарының орнына артикуляциясы жеңіл
дыбысты қолданады. Мұндай дыбыс субститут деп
аталады.
- артикулярлы- фонетикалық:
тілдің дыбыстық көркемделуінің қателігіне және дыбысты айтуда
артикуляциялық органның қате бейімделуіне негізделген. Мұндай
жағдайда дыбыс тіл жүйесіне сай айтылмайды. Мұны
логопедияда аллофон дейді. Бұл жағдайда дыбыстың
барлық функциясы сақталады, балалар есту арқылы барлық дыбыстарды
таниды, басқа дыбыстардан айыра алады.
Дислалияда логопедиялық көмек
беру әдістемелері
Дислалияны түзету дислалия
түрлері мен формаларының нақты диагностикасынан кейін, логопедиялық
сабақтарда жүргізіледі. Дислалия бойынша дыбыс айтылуының бұзылуын
түзеткенде келесі принциптерді ескеру керек: түзету кезіндегі
кемістіктің құрылымын, сабақтардың жүйелілігі мен реттілігін,
іс-әрекеттің басты түрі сатылы қатынасты
сақтау.
Дислалияда логопедиялық
жұмыстар 4 бағытта жүргізіледі:
-
Дайындық
кезеңі.
-
Дыбысты жеке
айту.
-
Дыбысты
автоматтандыру.
-
Дыбысты сатылау
(дифференцияция)
-
Дайындық кезеңінде негізгі
мақсат тіл есту және тіл қимыл анализаторларының дайындығы.
Артикуляциялық мүшелердің қимылдарын қалыптастыру, ауа ағымдарының
бағыты мен қол моторикасын қалыптастыру.
Көп дыбыстар ауа ағымының
бағыты бойынша айтылады. Ол әрекет жүйелі жүреді. Логопед ауа
ағымының тілдің ортасымен өтуін, оның бағытын және жеткілікті
ұзақтығын қадағалайды.
Қолдың ұсақ моторикасын дамыту
арқылы артикуляцияны дамытуға әсер етеді.
-
Дыбысты жеке қою: дыбысты
дұрыс айту үш тәсілмен орындалады: еліктеу, механикалық және
аралас. Бірінші көру және тіл қозғаушы анализаторларға сүйену
керек. есту анализаторы дыбыс дұрыс айтылғанда ғана
қосылады.
-
Дыбысты машықтандыру
(автоматтандыру): дыбысты машықтандыру бала дыбысты жеке түрде
дұрыс айтқанда ғана іске кіріседі. Дыбысты дұрыс айтуды жеке түрде
бекіту, буындарда, сөздерде, сөйлемдерде және өз бетімен
байланыстырып сөйлеуде машықтандыру керек.
-
Дыбысты топтау: бала есту
арқылы акустикасы ұқсас дыбыстарды топтай алмағанда қажет
кезең.
Қорытынды: дислалияның түрлі формаларын
жою үшін, тіл есту және тіл қозғаушы анализаторларының қызметтеріне
жүйелі түрде жұмыс қажет.
Қолданылған
әдебиеттер
-
Волкова Л.С. Логопедия.- М:
Владос, 1998ж.
-
Филичева Т.Б. Чевелеева Н.А,
Чиркина Г.В логопедия негіздері.- М: Просвещение, 1989
ж.
-
Выготский Л.С. Проблемы
дефектологии. – М: Владос, 1995ж
-
Словар логопеда / под ред.
Селиверстова В.И. – М: Владос 1995ж
-
Введение в логопедию. Ч. 1.
Материалы для практического усвоения системы фонем русского языка.
/ сост: Фомичева М.Ф. Оганесян Е.В. – М: Институт практический
психологии, 1996ж
Логопед-
мұғалім
Абильбекова Дана
Садибековна.
ШҚО ББ «№6 арнайы мектеп –
интернаты» КММ