Долана өсімдігі туралы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Долана өсімдігі туралы

Материал туралы қысқаша түсінік
Долана өсімдігі туралы мақалада жазылады: Жемсеңсайдағы долананың ерекшелігі туралы ,Долана жүрек қан тамыр ауруларына пайдалы өсімдік.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Долана өсімдігі туралы

Долана-Қазақстанның таулы аймақтарында жиі кездеседі. Раушан гүлділер тұқымдасына жатады. Табиғатта мыңнан астам түрі болғанымен, оның 200-ге жуығы ғана кең таралған. Тікенекті бұталы өсімдік немесе шағын ағаш түрінде кездеседі. Дала өсімдігі биіктігі шамамен 2-8 метр болып келеді. Жапырақтарының ұзындығы 6 см, ені 4-5 см көлемінде болады. Барлық түрлері көктемде қалың гүл ашады. Гүлдері қызыл, ақ, қызғылт түсті болады. Мамыр айының соңында гүлдері шыға бастайды да, маусымның ортасына таман бітеді. Гүлдегеннен кейін кішігірім қызыл, сары, кейде қара түсті домалақ жеміс береді. Біз көрген Жемсеңсайдағы долана да сондай. Жалпы Маңғыстау жерінде долана 4 жерде өседі екен.

Олар: Қарасай (Батыс Қаратау аңғары); Кендірлі сайы ( Батыс Қаратау аңғары); Емдіқорған сайы (Солтүстік Қаратау аңғары); Түлкілі сай (Түпқараған жарты аралы) Солардың ішіндегі Жемсеңсайдағысын ғылыми орта біле бермейді. Бұл жердегі тау аңғарынан аққан тұщы судың мөлшері жеткілікті болғандықтан, долана ұйлығып қалың өскен. Сабақтары мықты, тікенекті, биіктігі 2-3 метрдей, ақшыл сарғылт, қызғылт гүлдерін көруге болады. Жемістері қызыл түсті, дәмі тәтті.

Жас көшеті жеті жылдан кейін ғана жеміс салады. Долананың шаң мен газға төзімділігін және ауа тазартатын қасиетін ескере отырып, оны қала көшелеріне молынан егеді, бірақ қала көшелеріне егілген долананың жемісін жеуге болмайды. Себебі ол газ бен көшенің тозаңын бойына жинаған. Доланадан жасалған дәрілер орталық жүйке жүйесін тыныштандырады. Жүрек бұлшық еттеріне күш береді.

Долана күтімі

Кез келген бақтың топырағында тамырланып өсе береді. Жай таңдамайды. Мен №20 мектеп алдына әкеліп егіп, оның күй таңдамайтынына көзім жетті. Жалпы дала өсімдіктерінің бір жақсысы сол қасиеті. Ашық күн көзінде өскенді қалайды. Жаздың ыстық күндерінде судың жетіспеушілігіне шыдамды, әрі қысқы суыққа да төзімді.

Көбейтілуі

Тұқымы және қалемшелері арқылы көбейтіледі. Сұрыпты түрлерін арнайы жылыжайларда ғана көбейтеді.

Пайдалы және емдік қасиеттері

А, С, Е, В дәрумендерінің өсімдік гүлдеріндегі құрамы, минералдар, эфир майлары, органикалық қышқылдар, флавоноидтар, гликозоидтер, таниндер, халин, сапаниндер олардың адам денсаулығы үшін пайдалы қасиеттерін анықтайды.

Жүрек проблемалары үшін:

- тез тамырларға әсер етеді;

- жүрек бұлшық етінің тонусын реттейді;

- ағзаға қажет оттекті қамтамасыз етеді;

- жүрек ырғағын дұрыстайды.

Нәтижесінде, жүректің қозғыштығының төмендеуі байқалады, мидың корональды қан ағымы мен қан айналымы жақсарады.

Долана гүлдері жүрек пен қан айналымы проблемаларына көмектеседі.

Жүйке жүйесінің бұзылыстары үшін:

- седативті әсер ету қабілетіне ие;

- жүйке жүйесінің қозғыштығын төмендетіп, жағымды эмоцияларға шоғырлануға көмектеседі.

- ауырсынатын ұйқысыздықты жеңілдетеді;

- ұйқыны қалыпқа келтіріп, оны қуаттандырады.

Асқорыту бұзылған жағдайда:

- гастриттің кез-келген түріне көмектесу;

- ішектердегі газдардың жұмсақталуын жеңілдетеді, бұл іштің, калиттің және жүректің күйімен бірге жүреді.

Косметологияда таптырмайтын құрал:

- терінің табиғи ылғалдылығын қалпына келтіреді;

- ішекті жеңілдетуге көмектеседі;

- жасқа байланысты өзгерістердің көріністерін жою.

Зиянды және қолдануға қарсы көрсеткіштер

Гүлдер көптеген ауруларды емдеуде баға жетпес көмекші болып табылады, бірақ барлық дәрі сияқты бірқатар қарсы көрсеткіштері бар:

1) Гипотензиямен ауыратын адамдарға сақ болу керек, өйткені гүлдердегі заттар қан қысымын төмендетуі мүмкін;

2) Брадикардиямен ауыратын науқастарға қарсы;

3) Ұзақ уақыт бойы қабылдау жүрек ырғағының нашарлауына әкелуі мүмкін;

4) Дайындалған препараттарда тамақтан кейін қабылдау керек, өйткені диареяны, асқазан мен ішектің спазмасын тудыруы мүмкін;

5) Препаратқа жеке төзімсіздік болған кезде қолдану шектеулі болуы керек. Сондықтан өсімдік негізіндегі өнімдерді қолданар алдында дәрігерден алдын ала кеңес алып нұсқаларын орындау керек.



Ақтау қаласы, №20 М. Әуезов атындағы орта мектептің 6-сынып оқушысы, Мейрамқызы Жанат





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.06.2021
1228
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі