Материалдар / Домбыра және ДЭККО
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Домбыра және ДЭККО

Материал туралы қысқаша түсінік
Мугалимдерге және окушыларга! Домбыра мен эстраданы байланыстыру ушин толык материал.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қазан 2020
1365
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы.

«О. Тайманов атындағы өнер және саз мектеб» МКҚК









Баяндама:

Домбыра және ДЭККО





«Шаян саз және өнер мектебі» МКҚК

Домбыра пәні мұғалімі:

Ж. Жолдасбекова.









Кіріспе

Еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан - ақ жас ұрпақ тәрбиесіне үлкен көңіл бөлініп келеді.

Ұлт тарихын сақтау, жас ұрпақ бойынын ұлттық сапа құндылықтарды орнықтыру, рухани – адамгершілік тәрбие беру, оның ішінде ұлттық белгіміз болып табылатын домбыра өнерінің тәлімдік қызметін кең колдану аса өзекті іс болмақ.

Қазақ халқының ұлттық аспабы домбыра арқылы халық күйлері мен композиторларының шығармаларын жас ұрпақтың бойына сіңіру қазақ өнерін зеттеуші педагог Ж. Еңсеповтың жасаған еңбегі орасан зор.

Ұлттық аспап дом



быраны шет елдерге насихаттауда ДЭККО стилінің ерекшелігі өте зор. Қазақ композиторларының шығармаларын басқа елдерде заманауи бағытта паш ету бүкіл елді дүр сілкіндіріп, қазақ жастары мен басқа ұлт өкілдерінің домбыраға деген қызығушылығын тудырды. 90 – жылдардың ортасында пайда болған ДЭККО стилі өз ерекшеліктерімен домбыраның қоңыр дауысымен өз үйлесімін тапты.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдармасы бойынша мақсаты айқын, бағыты белгілі, дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін арбір қазақ жастарының атқарар рөлі ерекше. Сол үшін оқушыларды мектеп жасынан отанын сүюге, елін құрметтеп, қазақ халқының ұлттық өнерімен шел елдерге танытуда үлкен үлес қосуға ДЭККО стилінің маңыздылығы өте зор.

Осы стильді мектеп оқушыларына қолдана отырып, оқушыларды өнерге, өз аспабын сүюге, өнердің құдіреттілігін түсінуге, жан – дүниесінің музыка әлеміне терең бойлауына көмектесетін бірден – бір маңызды жолдың бірі.

Негізгі бөлім:

«Музыка ұлтқа бөлінбейді» дейміз. Иә, иә кез келген ұлтың музыка өнерін құштарлана тыңдап, бойымызды ерекше тылсым күш билейтіні белгілі.

Л. В. Бетховен «Музыка адамның жанын жарқындатып, жалындатуға тиіс» деген. Сондай – ақ, Ж.Ж. Руссо «Мелодия тек қана еліктірмейді, ол сөйлейді... Оның тілі өткір, от- жалынға толы жәй, қарапайым сөзге қарағанда, әлде қайда күштірек деуге болады» деп өз тұжырымдамасын жасаған. Иә, музыка саласын зерттеген ұлы ғұламалардың ойымен келіспеу мүмкін емес.

Домбыра мұнша шешен болдың неге?

Күй толған көкірегің шежіре ме?

Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесің

Саусағым тиіп кетсе ішегіңе. (Қ. Аманжолов)

Қазақ халқының басқа ұлт халықтарынан ерекшеліктерінің бірі - ол өзінің ұлттық музыкасының болуы. Атадан балаға жеткен, ұлт музыкасы осы күнге дейін көздің қарашығындай сақталып, қымбат қазынаға айналды. Қаймағы бұзылмай жеткен өнердің бір шыңы домбыра күйлері .

Домбыра – ерте заманнан бері халқымызбен бірге жасасып келе жатқан, оның рухани жан серігіне арналған музыкалық аспаптың бірі.

Ақын Қадыр Мырзалиев «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деп жырлады. Әр қазақтың домбыраға деген құрметі ерекше екені сөзсіз. Сонау, бағы заманның ұлы композиторлары қазақ халқының мұң – мұқтажын, қайғы - қасіретін, қуанышы мен жеңісін, туған еліне деген шексіз махаббатын күй арқылы жеткізді. Ұлы күйшілер Құрманғазы, Тәттімбет, Дина, Қазанғап, Сүгір аталарымыздың күйлерінің құдыреті шексіз.

Күй - қазақ халқының музыкалық мұраларының бірі. Ол әр түрлі аспаптарда орындалуына байланысты қобыз, сыбызғы және домбыра күйлері деп аталады. Қазіргі жастардың музыкалық қызығушылығында ырғақ басымдық алып тұрған жағдайда, олардың қабылдауында домбыра өнерін неғұрлым жақындату мақсатында жүргізілген ұзақ ізденіс пен зерттеу нәтижесінде осы еңбектің авторы Жасарал Еңсепов ДЭККО стилін дүниеге алып келді. Сөйтіп домбыра өнерінің дамуына осы заманғы технологияны пайдаланып жасалған стиль туды.

Адамзат қоғамының дамуы нәтижесінде экономикалық - әлеуметтік, рухани - мәдени өзгерістер ХХI –гасырға жаңа сипаттар дарытуда. Соның ішінде электронды құралдар мүмкіндігін, дәстүрлі музыканы насихаттауда пайдалануға талпыныстар жасауда.

Заман алға ұмтылған сайын мәдениетте өз мұмкіндігін жүзеге асыруға тырысады. Өзінің үні мен дауысын естіртуді қалайды. Сол үннің бірі ДЭККО болып табылады. Академик А. Жұбанов атап көрсеткендей, «Мәдениет дегенде қатып қалған қағида емес, ол да қоғам ыңғайына қарай азып - тозып, не озып - өркендеп, үлкен өзгерістерге ұшырап отырады». Яғни қоғам қалыптасады, өзгереді, соған лайықты өнер өзгеріп, дамуы тиіс.

ДЭККО – домбыраға арналған шығармаларды компьютер көмегімен орындау деген ұғымды береді. ДЭККО – қысқартылған атаудың бас әріптері: Домбыра – Д; Эстрада – Э; Күй – К; Компьютер – К; Орындаушылар - О деген сөздердің бас әріптерінен құралған. Мақсаты күйді орындау дәстүрінің мазмұндық және түрлік негізінде орындушылық еркіндікті ұстанып, компьютерлік технологиямен ұштастыру арқылы оның тыңдарманға ықпалын әсерлеу.

ДЭККО-ның бастау көзі- Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестірі тәжірибесі. ДЭККО үні компьютер арқылы жасалады. Компьютер жинаған мажорға домбыра жетекшілік жасайды. Компьютер сан түрлі аспаптардың дыбысын жинап тұтастырады, реттейді, бір деңгейге келтіреді. Домбыра өзге электронды аспаптарды соңына ертіп орындайды.

Күй формасының құдыретін сақтап, басты рөлді атқарады. ДЭККО стилі арқылы домбыра өнері төл мәдениетімізді жаңа қырынан көрсетті. Оның заманға сай дамуына өз үлесін қосып өркендетті, сан түрлі бағаға ие болды. «ДЭККО компьютер көмегімен домбыра үнін үйлестіру арқылы домбырамызды менсінбейтін, оған ескі ұлт аспабы деп қарайтын ұйқыдағы жастарымызды ұйқысынан оятып, дүр сілкіндірді. Бұрын соңды жастарымыздың сүйіспеншілігі бұлай оянған жоқ еді, балалар домбыра үйірмелеріне лап берді, бұл пайдасы деп білемін...»

«Тоқсаныншы жылдардың ортасына таман әуенді компьютермен әрлеу домбыраға тың тыныс берді. Ол «ДЭККО» деп аталды. Д- Домбыра, Э- Эстрада, К – Күй, К – Компьютер, О - Орындаушылар. Яғни ДЭККО сөзі - домбыра мен эстраданы ұштастырып, күйді компьютерде орындау дегенді білдіреді. Оны жасаған сазгер, күйші Ж. Еңсепов.»

ДЭККО орындаушылық стилі қазіргі өзінің даму деңгейінде көп жастардың күй тыңдау қызығушылығын арттыруына қызмет етеді. Домбыра өнері мен әсем ырғақтар арқылы табысқан оқушылар эстетикалық әрекеттің сатысы – домбыра тартып үйренуге ұмтылуда. Сөйтіп, ДЭККО – ның қазіргі үлкен пайдасы – домбыра өнерін жастардың тыңдау құмарлығын оятуы. Өйткені ДЭККО- ны орындауды оны жан – жақты зерттеп көрген және орындау техникасы өте жоғары көрсеткіштерге жеткен музыкашы ғана меңгереді. Домбыраны жете меңгеріп қана қоймай, Шығыс пен Батыстың ұрмалы ырғағын шебер орындау қажет. Басқа да классикалық аспаптарда қолданылатын тәсілдерді де білу керек.

Жеке домбырашыға күйді өз қалауынша, ойланып тартуына мүмкіндік бар. Ал ДЭККО - да компьютерден бір нотаға жаңылуға , қалыс қалып қоюға болмайды. Әрине, компьютер ырғағы өте қиын. Әуелі күйді жақсы меңгеріп алып, оның ішкі мазмұнын терең түсініп, әбден бойға сіңіріп алу қажет. Оның ерекшеліктері өлшем ырғақтарына да байланысты. Компьютермен қосылып ойнауда ұрмалы аспаптардың ырғағын, басқа да түрлі аспаптардың үнін бір мезгілде бәрін қатар жүргізе отырып, домбыра дыбысы ерекше алдыңғы қатарда болуын есте ұстап отыру маңызды шарт.

Компьютер ырғағындағы домбыраның екпіні мен жетекші үні эстрада өнеріне жаңа орындаушылық қалып әкелді. Сахнада орындау әдісінің өзгеруіне жаңадан жасалған ырғақ, жаңа өңдеуден өткен күй әуені орындаушыны қозғалу әрекетіне итермеледі. Ол енді әр пернені санап басып отқан орындаушыдан ерекшеленеді. Екпінді, әуен орындаушыны сахна кимылына әкеледі. Сөтіп орындаушылықтың да жаңа бір үлгісі дүниеге келді.

Қазіргі біздің мәдениетіміздің даму қырларына техникалық ықпалының тиюі заңдылық. Компьютер музыкалық өңдеудің жаңа тәсілін ала келді. Жасалған аранжировка өзгеше өнге айналып құлпыруына мүмкіндік берді. Домбыра өнерінде жаңа стильдің пайда болуына ықпал етті. Сан түрлі аспаптар түрін мини дискке сақтауға болады. Қолдану аясы жеңіл. ДЭККО стилінің естілу дыбысы таза. Уақыт үнемдеуге тиімді, ұжымдық оркестрден ұтымды. Бұрынғыдай оркестр орындаушыларына арнап қордалап жүретін нота партиясы, партитура, пульт, микрафон т.б. жүктерді жинап әуре болмайды.

ДЭККО – да ойнау үшін шығарманы өңдеуде күй характері, аңыз әңгімесі зерттеледі. ДЭККО нұсқасының сценариі түзіледі. Музыкалық сценариі компьютерде құрастырылады. Дәстүрлі күй формасы сақтала отырып музыкалық бояумен өрнектеледі.

Домбыра - басшы, басқа аспаптар қосшы болады. Музыкалық жобаны өңдеуші музыкант компьютерге жинайды. Дыбыс жетекшісі өңдеушімен бірге студияда әр аспаптың дауысын жеке – жеке жазып алады. Содан соң орындаушы жетекшілік жасап домбыра дыбысын қосады. Ойнауды техника жылдамдығы жоғары мүмкіндігі мол орындаушы атқарады. Өйткені барлық істелген істердің нәтижесі орындаушыға байланысты. Оның ойнау техникасына сай музыкалық дыбыстар жинастырылады.

ДЭККО стилі өзіндік мектепке айналды. Әсіресе жастардың рухына күйден нұр құйды. Мектеп оқушыларының ДЭККО - ға деген қызығушылығы күннен – күнге артып, домбыраны әр іс - шараларда насихаттай бастады. Жас ұрпақтың домбыра өнеріне қызығушылығын арттыруда ізденіс болды.



Сабақтың тақырыбы:

Домбыраны компьютерлік технологиямен ұштастыру.

Сабақтың мақсаты:

Күйді немесе шығарманы орындау дәстүрінің мазмұндық және түрлік негізінде орындаушылық еркіндікті ұстанып, компьютерлік техноголиямен ұштастыру арқылы, оқушының эстрадаға ілесуіне ықпал жасап, ырғақты сезінуіне, шығарманың мазмұнын түсініп, шебер орындауға машықтандыру.



Білімділігі:

Оқушының ұлттық мұрамыз домбыра аспабында ұлы күйшілеріміздің күйлері мен шығармаларын заманауи бағытта ойнау арқылы музыкаға деген қызығушылығын арттырып, ой - өрісін жан – жақты дамыту. Сонымен қатар сахна мәдениетіне баулу, ұлттық аспабымызды қадірлеп, қастерлеп, келер ұрпаққа көздің қарашығындай сақтауға тәрбиелеу.



Көрнекілігі:

Домбыра, кітап, ноталар, суреттер. үнтаспа және видеотаспа.



Кіріспе:

Сәлемдесу. Оқушының қал - жағдайын, көңіл – күйін және бүгінгі сабаққа даярлығын сұрау.

Домбыра аспабында түрлі қағыстарда, штрихтарда, сонымен қатар әр түрлі жылдамдықтарда қол жүргізу жаттығуларын жасату.

Үй тапсырмасы: Халық күйі «Жастар биі» шығармасын ойнату. Шығарма екі дауыста жазылғандықтан, мұғаліммен қосыла ойнату. Үй тапсырмасын орындау барысында кеткен қателіктерді оқушының өзінен сұрап, қатемен жұмыс жасау.

Үй тапсырмасын ойнауда динамикалық белгілерді пайдалана отырып, шығарманы өз деңгейінде, өз жылдамдығында оқушымен қосыла ойнау.

Сонымен қатар эстрадалық бағытта жазылған Жасарал Еңсеповтың шығармасы «Детствоны» оқушының өзіне жеке ойнату. Қатемен жұмыс жасау.



Жаңа тақырып:

ДЭККО – домбыраға арналған шығармаларды компьютер көмегімен орындау деген ұғымды береді. ДЭККО – қысқартылған атаудың бас әріптері: Домбыра – Д; Эстрада – Э; Күй – К; Компьютер – К; Орындаушылар - О деген сөздердің бас әріптерінен құралған. Мақсаты күйді орындау дәстүрінің мазмұндық және түрлік негізінде орындушылық еркіндікті ұстанып, компьютерлік технологиямен ұштастыру арқылы оның тыңдарманға ықпалын әсерлеу.

Домбыра аспабын компьютермен ұштастыру арқыла түрлі шығармаларды ойнауда оқушылардың қызығушылығы өте зор.

Ж. Еңсеповтын «Детство» шығармасы бойынша мынадай модель жасауға болады.

Ж. Еңсепов «Детство»

Shape1

Бір кездері орыс педагогы К. Д. Ушинский «Бүкіл мектеп ән салатын болса, бүкіл ел де ән салған болар еді», деп мектептерде ән сабағын дұрыс, жүйелі оқыту, бүкіл халықтың ән салуына жеткізер еді деп арман еткен екен. Бүгіндері мектептерде домбыра өнеріне үйрету лайықты бағдарламалар бойынша жүзеге асырылатын болса, онда ұлттық мәдениетіміздің аманатшысы – жас ұрпақтың домбыраға қызығушылығы артып, түптеп келгенде, халқымыздың дәстүрлі мәдениетін сақтап қалуға негіз жасалар деуге болар еді

Домбыра арқылы орындалатын шығармаларды оқушылардың қабылдауы мен түсінуі үшін музыкалық шығармаларды көптеп тыңдатып, миына сіңіру керек. Оқушының өзіне көбірек талдатып, сол музыка арқылы қандай күйге бөленетінін ескере отырып, сол көңіл – күйді домбыра тарту арқылы беруге үйрету.

Shape2

Сергіту сәті: Оқушыға видео таспа арқылы қазақ эстрадасы күйшілернің ДЭККО стилінде орындаған шығармаларын тыңдату.

Қорытынды: Оқушыға үй тапсырмасын беріп, бүгінгі сабағын бағалау. Үй жағдайында домбыра аспабына көптеп дайынлалуы керектігін, тек үлкен еңбектің арқасында ғана аспапта ойнау шеберлігін арттырып, үлкен нәтижеге жетуге болатынын оқушыға айтып отыру.















«Шаян жеті жылдық балалар саз мектебі» МКҚК домбыра пәні мұғалімі Жазира Жолдасбекованың жұмысына берілген

Пікір.

Жазира Жолдасбекова мұғалімдік саланы бастағаннан – ақ, өзінің ізденімпаздығымен, білімділігімен, тапқырлығымен, аспапта ойнау шеберлігімен жоғары деңгейден көрініп жүрген мұғалім.

Оқу жылы барысында сынып оқушыларына түрлі күрделі «Пиццикато штрихы», «Нүктелі нотамен жұмыс», «Нотаны бірден оқып үйрену» т.б. тақырыптарда ашық сабақтар, тәрбие сабақтар, мастер кластар мен тренингтер өткізіп жүр.

Домбыра мен заманауи жанрдағы ДЭККО стилін пайдалана отырып, оқушыларының төл аспабымыз домбыраға деген қызығушылығын одан әрі оятып, мектепішілік шаралар мен түрлі облыстық байқауларда жүлделі орындарға ие болып жүрген мұғалімнің бірі.

Домбыра және ДЭККО атты баяндамысы арқылы аудан мұғалімдерімен сабақ беру методикасымен бөлісіп, ойлау тұрғысынан, тәжірибе алмасу жағынан жақсы нәтиже көрсетіп, баяндамасын жоғары деңгейде қорғап шығады деген сенімдемін.

Мектеп директоры: С. Қопабаев.









































Резюме



Аты - Жөні: Жолдасбекова Жазира Сеитхановна.

Туған жылы, айы, күні: 16.04.1985жыл.

Ұлты: Қазақ.

Білімі: Жоғары

Оқу орны: Шымкент саз колледжі, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Аймақтық әлеуметтік – инновациялық университеті.

Мамандығы: Мұғалім, оркестр, ансамбль әртісі және жетекшісі, музыка(домбыра) бакалавры, педагогика ғылымдарының магистрі.

Жұмыс өтілі: 11 жыл.

Санаты: 13(бірінші)

Компьютер басқару деңгейі: Меңгерген

Байланыс түрі: 870004748585т

Мекен – жайы: Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы, Шәкәрім көшесі №12а



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!