Материалдар / Домбыра және сырнай аспаптарындағы ансамбль үндестігі.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Домбыра және сырнай аспаптарындағы ансамбль үндестігі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерді ансамбльдің үндеу ерекшелігі мен ойнауға үйрету әдістері туралы білімін жетілдіру. 1. Музыкалық аспаптардың адам өміріндегі алатын орны туралы түсіндіре отырып білімдерін жетілдіру. 2. Аспапта ойнау арқылы студенттердің ансамбльге деген қызығушылығын арттыра отырып, сыйластыққа, ұйымшылдыққа,уақытты тиімді пайдалануға,оны әрдайым жоғары бағалай білуге тәрбиелеу. 3.Музыкалық шығармалар арқылы есту, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2020
839
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні: Негізгі аспап (баян) , Сүймелдеу және Музыкалық аспап (домбыра)


Тобы

СБ-315, СБ-405



Күні

10.11.2017

Сағат 11.35-11.50




Дәйек сөз: «Музыканы халық тудырады, ал біз, суреткерлер оны тек музыкалық аспаптармен орындауға бейімдейміз» М.И.Глинка

Сабақтың тақырыбы: «Домбыра және сырнай» әдістемелік жинағының іс – тәжірбиедегі қолданылуы.

Сабақта қарастырылатын құндылық: Ақиқат

Қалыптастырылатын қасиеттер: Жауапкершілік, сүйіспеншілік, өзін – өзі басқара білу, ізденімпаздық.

Сабақтың типі: Интеграциялық сабақ.

Сабақтың мақсаты: Студенттерді ансамбльдің үндеу ерекшелігі мен ойнауға үйрету әдістері туралы білімін жетілдіру.

1. Музыкалық аспаптардың адам өміріндегі алатын орны туралы түсіндіре отырып білімдерін жетілдіру.

2. Аспапта ойнау арқылы студенттердің ансамбльге деген қызығушылығын арттыра отырып, сыйластыққа, ұйымшылдыққа,уақытты тиімді пайдалануға,оны әрдайым жоғары бағалай білуге тәрбиелеу.

3. Музыкалық шығармалар арқылы есту, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, топтық жұмыс.

Құрал-жабдықтар,көрнекті құралдар: Домбыра және сырнай жинағы, Музыкалық аспаптар, интерактивтік тақта.


Сабақтың барысы

Бұл жинақ добыра және сырнай аспаптарына үндесе ансамбльде ойналатын түрлі композиторлардың шығармалары мен балабақша, мектептерге арналған әндер енгізілген. Студенттердің қабілетіне және аспапқа ойнау шеберлігіне қарай лайықты репертуар ұсынылған. Бұл жинақ негізінен студенттердің аспапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, оның шебер орындаушылық қабілеттерін және шығарманың сезімталдықпен түсініп, аспаптарда үндестіре ойнау техникасын қалыптастыруын негізге ала отырып жасалған. Жинаққа енгізілген әндер, халық әндері, этюд және пьесалар студенттердің шығарманы жеңіл меңгеруіне лайықталған.


Тұсау кесер. «Домбыра және сырнай» әдістемелік жинағының іс – тәжірбиедегі қолданылуы.

.

Оркестр орындаушылары дирижердың басқаруымен жұмыс істейді. Ал ансамбль орындаушылары болса, бірнеше адам бірігіп дирижерсыз ойнайды. Әр бір орындаушының жеке партиясы болғанымен, оның мазмұнын түсініп ойнау, шығарманың көркемдік жағын жоғарғы деңгейде көрсету, сипатын-стилін беру, музыкалық бейне жасау, - бірнеше орындаушының жауапкершілігінде. Сондықтан әр бір орындаушы өзінің ғана емес, басқа да партияларды естіп, түсіне білуі керек. Ансамбль музыкасын жоғарғы деңгейде шебер орындау үшін, әрбір орындаушы шығарманың көркемдік мақсатын, музыкалық бейнесін бірігіп сезу керек. Оны әрине, мұғалім бағыттап, оқушыларды дайындайды.

Сабақты ұйымдастыруда музыкалық материалдық мазмұнын ондағы бөлшектерін дәл көрсетіп, оны бейнелі түрде анықтүсіндіру оқушының жүйелі түрде ойлауына сабақтасып жатуы қажет. Ансамбль сабағының өзін де әуелі әр оқушымен жеке жұмыс істеледі. Оның өзі –оқушының техникалық мүмкіндігін ашуға, саусақ қойылымын дұрыс таңдауға дыбыс шығарудың әртүрлі тәсілдерін меңгеруге, кейбір орындау ерекшеліктерін таңдауға мүмкіндік жасайды. Ал топтық жұмыс жасау шығарманың жалпы мазмұнын түсінуге, бір тұтас күйінде естуге баулыйды. Нота мәтінін қатесіз оқу-дыбыс ұзақтығын және динамикасын дәл орындауға, автордың мақсатын, шығарманың сипатын түсінуге көмегін тигізеді.

4. Практикалық бөлім.


1. Халық күйі «Сары өзен» орындайтын ансабль

2. Балалар әні «Балапан» орындайтын Садуакасова Жайна, Әби Гаухар

3.И.Глинка «Полька» орындайтын ансамбль


Қорытындылау.

«Музыка өзіндік тамаша тіл. Қайғы мен қуаныш та да, еңбек пен демалыста да әрқашан музыка адаммен бірге»

«Ансамблде ойналған музыкаларда ғасырлар бойғы даналық үні тұнып тұр »











Музыкалық білім беру педагогикасында музыка табиғатының интонациясын меңгеру барысында жанрлық үйлесу деңгейінде қарастыруы.

Музыкалық жанр – қазіргі кезде музыкалық шағармалардың түрлері дейді (мазмұны және орындау құралдары). Ол — өмірлік, өмір сүру, орындаушылық құралдар, музыканың басқадай өнермен байланысы, мазмұнының түрі, т.б.

Сондықтан, музыкалық жанрлардың түрлері туралы тұжырымдама пайда болды: өмірлік арнауы мен өмір сүру тұрмысы(Т.В.Попова, А.Н.Сохор); орындаушылық құралдар (Т.В.Попова); музыканың басқадай өнермен байланысы (О.В.Соколов); мазмұнының түрлері (В.А.Цуккерман) және т.б.     Әлеуметтік факторға сүйене, жинақтай келе және жүйелеу барысында Е.В.Незайкинский – үш жанр формасын көрсетеді – синкретикалық (алғашқы дамымаған), эстетикалық өрсететін музыка) және жалпы – коммуникациялық (байланыс, хабар). Сондықтан, музыкалық шығарманың жанры тыңдаушы мен композитор, шындық пен өріністің) сәулеленудің делдалы. Ал, музыкалық білім беру педагогикасы (музыкатанушылар) – жанр классификациясы арқылы музыкалық материалды ұйымдастыру, реттеу негізі болып келеді.

Оқушылардың меңгеруі – оның қасиеті арқылы үлгі ретінде марш, ән, би, күй жанры, оның мазмұнында – «әуенді», «би ырғақты», «марш екпінінде», «күй ерекшелігінде», осылар арқылы симфония, соната, концерт, опера т.с.с. жанрлармен танысады. Әлде де жанр өзінің ғылыми, музыкалық – педагогикалықұғымын алған жоқ. Әлде де зерттелген жоқ: байланыс жолдары, халықтық жанры мен кәсібишілігі, «жеңіл музыка» мен «салмақты музыка», (соната, симфония, концерт, оның дамуы, өсуі жағы зерттелмеген), олардың тақырыптық негізін, жанр интонациясын табу, коспозитор стилін интерпретациялық талдау (интерпретация – музыкалық шығарманы, бейнені шығармашылықпен көрсете алу, жеткізу).

Бұл педагогикалық – музыкалық түсінік: жанр – стиль, жанр – форма, жанр – мазмұны дегенді айыруы мен сипаты.   Музыкалық стиль – музыкатануда мәнерлеушілік құралдар жүйесін түсіну деген мағына, ол идея – бейне мазмұнын іске асыру деген сөз. Композитордың көзқарасы мен әлемсезімшілігі, ғасырлар мазмұнының идеясы, музыкалық – тарихи процесінің заңдылықтары. Сондықтан, композитордың тұлғалық шығармашылық мінезі (сипаты), оның эмоциялық мінез ерекшелігі (Е.В.Назайкинский), оның шығармашылық ойлауының қасиеті (М.К.Михайлов), «әлемнің рухани көрінісі» В.В.Мендушевский). Осының бәріне әлі де бірлік, біртұтастылық керек, стиль деңгейінің жүйесі: ғасырлық (тарихи стиль), ұлттық стиль, стиль-көркемдік бағыты, авторлық, орындаушылық, жанрлық. Олардың байланысы келесі мәселелерде ашылады: жалпылығы мен ерекшелігі, жүйелілігі мен жүйесіздігі, түрі мен жекелелігінің қатынастары.

Музыкалық білім беру педагогикасында стиль бағытына ерекше көңіл аударады. Мектепке арналған музыкалық бағдарламаны қарасақ, музыканы қабылдау әрекетіне Еуропа, басқадай ұлттық, халықтық стильдер бар. Сондықтан, музыкалық материалды сұрыптау кезінде педагогтың көңілі не бір, не басқадай стильге аударады: тарихи стиль, ұлтты

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!