Домбыра үйірмесінің жоспары.Авторлық бағдарлама

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Домбыра үйірмесінің жоспары.Авторлық бағдарлама

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепте оқушылармен сыныптан тыс жүргізілетін домбыра үйірмесінің жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бекітемін:

Мектеп директоры:



Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы

«Рыков атындағы орта мектебі»КММ


«Ойна, домбыра! » үйірмесі


Үйірме жетекшісі:Исаканова Джанна Кайсановна























Түсінік хат


Екі ішектің бірін қатты,

Бірін сәл-сәл кем бұра.

Қазақ- нағыз қазақ емес,

Нағыз қазақ-домбыра.

(Қ. Мырзалиев)

Бүгінгі таңда қазақ халқының ұлттық-мәдени қайта өркендеуі жағдайында жеткіншек ұрпақты жан-жақты жеке тұлға ретінде тәрбиелеудің заңды қажеттілігі арта түсуде.

Домбыра – ерте заманнан бері халқымызбен бірге жасасып келе жатқан, оның рухани жан серігіне айналған музыкалық аспаптардың бірі. Сондықтан домбыра үйренуде оқушының бойында икем, талпыныс, сабырлық және төзімділік болуы керек. Домбыра үйірмесінде оқушы домбыра аспабының қыр сырын ұғынып, домбыра үйренеді.

Үйірме оқушыларды ұлттық өнерге баулу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Оған домбыра аспабына қызығушылық танытқан, оны үйренуге ынталы, 5- 9 сыныптардың оқушылары тартылды. Үйірменің балаларға берері көп. Оларға ұлттық аспаптар туралы мағлұматтар беріліп, домбыра аспабының құрылысы түсіндіріледі. Домбыраны қалай ұстау, домбыра тартқанда қалай отыру керектігі үйретіледі. Домбыраның құлақ күйін келтіру, домбыра қағыстарын үйренуге назар аударылады. Аспаптың тарту техникасына көп көңіл бөлінеді. Үйірмеде топтық, жұптық және жеке оқушылармен жұмыстар жүргізіледі. Халық күйлері үйретіледі.

Үйірменің мақсаты: Домбыра аспабын ұлттық тәрбие құралы ретінде кеңінен қолдана отырып, аспапқа деген қызығушылығын арттырып, оқушыны домбырада ойнауға үйрету.


Міндеті: - Ұлттық аспап-домбыраның құрылысымен танысу;

- Домбырамен күй тартып, ән айтып үйрену;

- Домбыраны нақышына келтіріп орындау;

- Ұлттық дәстүр мен салт-сана тағылымын жас жеткіншек бойына

сіңіру;

- Ұлт өнеріне деген қызығушылық пен сүйіспеншілігін арттыру;


Күтілетін нәтиже: қазіргі заман талабына сай домбыра аспабын жақсы деңгейде меңгерген, халықтық музыка тарихынан хабардар, эстетикалық тәрбиелі, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан бәсекеге қабілетті жеке тұлға даярлау.


Аптасына 1сағаттан, барлығы 34 сағат.


2017-2018 оқу жылына арналған жұмыс жоспары.



Р/С

Өтілетін тақырыбы

Сағат саны

Күні

1

Кіріспе сабақ. Каникул кезінде алған музыкалық әсерлері.

Домбыра-ерте заманнан бері халқымызбен бірге жасасып келе жатқан жан серігі, музыкалық аспабы.

1


2

Домбыра және оның түрлерін қайталау. Үйренген шығармаларын орындату

Халық әні «Гүлдерайым» орындау

1


3-4

Домбыраның құрылысы,

оның бөліктерін қайталау. Халық әні «Гүлдерайым» орындау

2


5-6

Домбырашының отырысы мен аспап ұстауы. Үйренген жаттығуларын қайталау. «Кеңес» күйін қайталау

Дәулеткерей «Қосалақа»тыңдау

2


7-8

«Қос алқа» 1-буын үйрену

Халық әні «Еркем-ай» орындау

2


9-10

«Қос алқа» күйі. Күйші композиторлар. Күй тыңдау.

2


11-12

Дәулеткерей. «Қос алқа» күйі2-буын үйрену. Мектепішілік мерекелік шараға номер дайындау

2


13-14

Дәулеткерей.«Қосалқа» күйі2-буын орындау. Халық әні «Қоғалы-ай»

2


15-16

Қазақ халқының ұлттық саз аспаптары

Мектепішілік мерекелік шараға номер дайындау

2


17-18

«Қуанышым-қазынам» әнін үйрену

2


19-20

«Тойбастар» күйін тыңдау,1-буынын үйрену

2


21-22

«Тойбастар» күйі 2-буыны

2


23-24

Мектепішілік мерекелік шараға номер дайындау

2


25-26

«Наурыз» мерекесіне номерлер дайындау: «Тойбастар»күйі

2


27-28

Халық әндері.

2


29-30

Ә.Желдібаев«Еркесылқым» тыңдау

2


31-32

«Сарыжайлау»әні Н.Тілендиев

2


33-34

Үйренген әндері мен күйлерді қайталау. Концерт-сабақ.

2




Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Домбай Н. «Ана тілі» газеті, «Күй құдіреті» мақаласы. http://anatili.kz/


  1. Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

http://kk.wikipedia.org/wiki/Домбыра


  1. Халық әндерінің жинағы




























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2017
26952
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі