Материалдар / Дөңгелек диограмма.Бағанды диограмма.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дөңгелек диограмма.Бағанды диограмма.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар өз сыныптастарымен диалогқа қатысады, сыныппен талқылауда коммуникативтік дағдыларын дамытады. Оқушыларға есептерді шығару үшін шығармашылықпен жұмыс жасай отырып, талап қоя біледі, топпен жұмыста қолдау көрсетеді. Жұппен жұмыста оқушылар әріптесіне қарап, идеяларымен бөлісіп және талқылауға қатысып, жауапты болуға үйренеді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
455
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Дөңгелек диаграмма. Бағанды диаграммалар. Кестелер. Графиктік редактор тақырыбына есептер шығару.


Сабақтың мақсаты:

  • Информатика сабағынан «Microsoft Excel кестелік редакторы» тақырыбын практика жүзінде қолдана отырып жалпылау. Сонымен қатар «Дөңгелек диаграмма. Кестелер.» тақырыбы бойынша алған білімдерін жүйелеу, бекіту.

  • Аталған тақыптар бойынша оқушылардың білім білік дағдыларын анықтау. «Microsoft Excel кестелік редакторы» тақырыбынан алған білімдерін математика сабағындағы диаграммалар тақырыбына қолдана алу деңгейлерін анықтау.

  • Оқушылардың информатика сабағынан үлкен жетістікпен қолдана алатындарына көздерін жеткізу.


Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ (білімін бекіту сабағы).

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздестіру, ой-қозғау.

Қажетті құрал-жабдықтар: компьютерлер, бейнепроектор, экран, принтер, тақта, тапсырмалар, үлестірме парақшалар.

Бағдарламалық жабдықтама: Microsoft Excel кестелік редакторы.


Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі 1-2 мин

ІІ.Ауызша жаттығулар 2-8 мин

ІІІ.Практикалық жұмыс 8-40 мин

IV.Оқушылардың жұмысын қорытындылау 40-42 мин

V.Оқушыларды бағалау 42-44 мин

VІ.Үй тапсырмасын беру 44-45 мин


Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1/Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. ДК-дің жұмыс істеп тұрғанын тексеру. Экран жұмысының істелуі. 2/ Оқушылардың техника қауіпсіздік ережесін қысқаша сұрап шығу.


ІІ.Ауызша жаттығулар.

Мультимедиялық бейнепроектор арқылы экранда бейнеленген сурет бойынша сұрақтар қойылады.


1 -есеп.

Берілгені: Күміс – 45%, Мыс - 30%, Мырыш - 25%.

Табу керек: Қоспа құрамының дөңгелек диаграммасын жасап орында. Математика пәнінен қойылатын сұрақтар:

1/Дөңгелек диаграмма не үшін қажет?

2/Пайыз бойынша дөңгелек диаграмманы қалай салу керек?

3/Шамалар бөлшекпен берілсе, дөңгелек диаграммада оларды қалай салу керек?

Информатика пәнінен қойылатын сұрақтар:

1/Дөңгелек диаграмма салу үшін және есептің шарты бойынша есептеу үшін қандай бағдарламамен орындауға болады?

2/Берілген программа қандай редактор?


2-есеп.


Б ерілгені:

Ертіс – 4200 км, Есіл – 2500 км, Жайық – 2400 км, Сырдария – 2200 км.

Табу керек: Өзендердің ұзындықтарын көрсететін диаграмманы жасап орында.

Математика пәнінен қойылатын сұрақтар:

1/Бағанды диаграмма не үшін қажет?

2/Бағанды диаграмманы қалай салу керек?

3/Шамалар бөлшекпен берілсе, дөңгелек диаграммада оларды қалай салу керек?

Информатика пәнінен қойлатын сұрақтар:

1/Бағанды диаграманы салу үшін Microsoft Excel бағдарламасымен салына ма?

2/Берілген кестелік редакторды орындау операциясы қандай?


3-есеп.

6 «А» сынып оқушысы 2017 жылдың 5 ақпан күні тәулік бойы Науалы ауылының ауа температурасының әрбір 2 сағаттағы өзгеруін кестеге жазып отырды (1-кесте)

Уақыт t (сағат)

08:00

10:00

12:00

14:00

16:00

18:00

20:00

Температура T 0)








1-кесте

Математика пәнінен қойылатын сұрақтар:

1/ Кесте қалай сылады?

2/Кестенің қадамы деген не?

И нформатика пәнінен қойлатын сұрақтар:

1/Кестені Microsoft Excel бағдарламасында қалай жазып орындайды?

2/Мәндерді қай жерге жазып тлолтырып шығады (тор көздерді не деп атайды?)

ІІІ. Практикалық жұмыс.

  1. 3.1.Ұжымдық жұмыс.

Тапсырма №1.

Үржар ауданы Науалы ауылындағы Қойшыбай Төлеубеков атындағы орта мектебінің 2-тоқсан қорытындысы бойынша оқушылардың оқу озаттары – 89, оқу екпінділері – 180, орташа оқитындар – 163, тоқсан бойынша диаграмма құру (3-сурет).

3-сурет


Тапсырма №2

Үржар ауданына жақын орналасқан ауылдардан атмосфераға шығаратынлас қалдық заттар. Науалы ауылы – 700 т, Ельтай – 300 т, Малақ ауылы – 200 т, Көкөзек ауылы – 450 т, Бестерек ауылы – 350 т. Атмосфераға шығарылатын лас қалдық заттарды салыстырудың бағанды диаграммасын құру (4-сурет).

4-сурет

3.2. Топтық жұмыс

Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Тапсырмалар Науалы ауылындағы әлеуметтік-экономикадағы ауыл шаруашылығының көрсеткіштеріне байланысты болады.

1-топтың тапсырмасы (Үй саны мен халық санына байланысты)

    1. Науалы ауылындағы тұрғын үй саны 1952 жылы – 478, 1989 жылы – 1014, 2001 жылы – 1001, 2007 жылы – 905, 2016 жылы – 1002 үй. Тұрғын үй санының жылдар бойынша бағанды диаграммасын құр (5-сурет).








5-сурет

    1. Науалы ауылында тұратын халық саны 1952 жылы – 1797, 1989 жылы – 5600, 2001 жылы – 4500, 2007 жылы – 4300, 2016 жылы – 3905. Халық санын жылдар бойынша салыстырудың бағанды диаграммасын құру (6-сурет).

6-сурет

2-топтың тапсырмасы (Мал санына байланысты)

2.1. Науалы ауылында өсірілетін ірі қаралар саны 1952 жылы – 893 бас, 1989 жылы – 4004 бас, 2001 жылы – 1831 бас, 2007 жылы – 2905 бас, 2016 жылы – 2186 бас. Ірі қараларды жылдар бойынша салыстырудың бағанды диаграммасын құр (7-сурет).

7-сурет

2.2.Науалы ауылында өсірілетін саулық қой саны 1952 жылы – 3401 бас, 1989 жылы – 20500 бас, 2001 жылы – 2850 бас, 2007 жылы – 5165 бас, 2016 жылы – 3185 бас. Саулық қой жылдар бойынша салыстырудың дөңгелек диаграммасын құр (8-сурет).

8-сурет


3-топтың тапсырмасы (Өндірілген өнімге байланысты)

3.1.Науалы ауылынды малдардың өндірілетін сүт өнімдері 1952 жылы – 753 ц, 1989 жылы – 21000 ц, 2001 жылы – 20501 ц, 2007 жылы – 27740 ц, 2016 жылы – 15407 ц. Сүт өнімдерін жылдар бойынша салыстырудың бағанды диаграммасын құр (9-сурет).

9-сурет

3.2.Науалы ауылында өсірілетін малдардың өндірілетін ет өнімдері 1952 жылы – 301 ц, 1989 жылы – 11500 ц, 2001 жылы – 4989 ц, 2007 жылы – 6463 ц, 2016 жылы – 4501 ц. Ет өнімдерін жылдар бойынша салыстырудың дөңгелек диаграммасын құр (10-сурет).

10-сурет

4-топтың тапсырмасы (Науалы аулынан үкіметке сатылатын өнімге байланысты).

4.1.Науалы ауылында малдардан өнідірілетін сүт өнімдерінің үкіметке сатылатын 1952 жылы – 446 ц, 1989 жылы – 184000 ц, 2001 жылы – 5896 ц, 2007 жылы – 4033 ц, 2016 жылы – 2014 ц. Үкіметке сатылатын сүт өнімдерінің бағанды диаграммасын құр (11-сурет).

11-сурет

4.2.Науалы ауылында өндірілетін жүн өнімдерінің үкіметке сатылатын өнімдері 1952 жылы – 68 ц, 1989 жылы – 1989 ц, 2001 жылы – 501 ц, 2007 жылы – 403 ц, 2016 жылы – 413 ц. Үкіметке сатылатын жүн өнімдерін жылдар бойынша салыстырудың дөңгелек диаграммасын құр (12-сурет).

12-сурет

IV.Оқушылардың жұмысын қорытындылау

Бірнеше оқушылардың суреттері мультимедиялық экранда көрсетіледі, шығарылуы ауызша айтылады.

V.Оқушыларды бағалау.

Математика пәнінің мұғалімі «Дөңгелек және бағанды диаграммалар» тақырыбы бойынша оқушылардың алған білімдерін бағалайды.

Информатика пәнінің мұғалімі «Кестелік редактор» тақырыбы бойынша оқушылардың алған білімдерін бағалайды.


VІ. Үй тапсырмасын беру.

1/Математикадан «Дөңгелек және бағанды диаграммалар» тақырыбына байланысты есептер құрастырып келу.

2/Информатикадан «Кестелік редактор» тақырыбын қайталап келу.



























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!