Материалдар / Дөңгелек үстел 11 сыныптар «Мәдени – генетикалық код, салт-дәстүр»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дөңгелек үстел 11 сыныптар «Мәдени – генетикалық код, салт-дәстүр»

Материал туралы қысқаша түсінік
тарих пәнінің жас маман иелеріне пәнді жаңа технологияларды пайдалана отырып сабақты жоспарлауға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Маусым 2019
3282
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





35 «Болашақ» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Дөңгелек үстел



Рисунок 3

«Мәдени – генетикалық код, салт-дәстүр»

Тақырыбы:







Жакипов Н.Б.


Ұйымдастырушы пән мұғалімдері:







2018-2019 оқу жылы



Армысыздар құрметті қонақтар!

Бүгінгі дөңгелек үстеліміздің тақырыбы: «Мәдени – генетикалық код, салт-дәстүр» Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» атты жолдауының аясында өткізіліп жатқан дөңгелек үстелді бастауға рұқсат етіңіздер.

Дөңгелек үстелді өткізудегі мақсатымыз – ата-дәстүрін ардақтау – қазақтың халық педагогикасының ұлттық ұжданы. Егер жеті атасына дейін ата тегін, тарихын білмейтін ұрпақ болса, оны «Жеті атасын білмейтін жетесіз» деп халық кінәлайды, айыптайды, жазғырады, жазалайды. Қазақта «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа» деген мақал бар сондай-ақ «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп, халық атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келесі ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелейді. «Ат тұяғын тай басар» деп кейінгі ұрпақтың ата салтын бұзбауын талап еткен

Жүргізуші журналист рөлінде: Сапаралиев Зәуірбек

Армысыздар қонақтар және қатысушылар! Бүгінгі дөңгелек үстеліміздің тақырыбы бәрімізге белгілі. Мен сөздің әлқиссасын Елбасының сөзімен бастағым келіп отыр.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де Мәңгілік Ел деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю, бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп табыстау… Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні – осы!» деген болатын

Ендеше бүгінгі дөңгелек үстелге келіп, өз пікірлерімен бөлісетін қатысушыларымызбен таныстырып өтейін:

Тарихшылар: Сейдазым Азамат, Худайбергенова Мақпал, Мырзагелді Айдана.

Әдебиетшілер: Тілеу Сымбат, Құрбанова Аружан

Этнографтар: Құрбан Абылай, Жаңабай Мадина

Саясаттанушылар: Карим Бағда, Арал Балнұр

Мәдениеттанушылар: Анарбекова Дина, Ерханова Әсел

Дінтанушы: Лесбекова Мөлдір

Ұлт көшбасшысы, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа жолдаған «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Дәстүр мен мәдениет - ұлттың генетикалық коды. Патшалықтың, төңкеріс дүмпуі мен тоталитаризмнің барлық ауыртпалығы мен қиыншылықтарына қарамастан, біздің еліміздің аумағында тұратын қазақтар және басқа да халықтардың өкілдері өздерінің мәдени ерекшеліктерін сақтай алды. Біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді осы әралуандылығымен және ұлылығымен қосып қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек» деп айқын көрсеткен еді.

Ендеше, пікір алмасуды бастамас бұрын, алдымен ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлерімізден видео роликтер тамашалап алайық.

Видео роликтер: «Қамшы іліу», «Шеге шапан» салты жөнінде

Picture 6 Picture 9

Жүргізуші: Алғашқы сөзді тарихшы маман Сейдазым Азаматқа бергім келіп отыр. Сіз не дейсіз?Бүгінгідей өз тізгініміз өз қолымызға тиіп, зайырлы, унитарлық, ұлттық мемлекет құрамыз деген тұста ұлттық саясатымыз, ұлттық идеологиямыз қандай болуы керек?

Сейдазым Азаматқа: «Ұлттық мәдениеті (салт-дәстүрі) жоғары дамыған ел кез келген өркениетті деген елден оқ бойы озық тұрады» деген түрік ағайын-дардың ұстанған берік қағидасы бар. Олардың замана ағыстарында жұтылып кетпей, ұлтттық этнопедагогика, ата дәстүрді осы күнге дейін сақтап қарыштай дамуының мәнісі де осында. Бүгінгі күндері адамгершілік пен имандылықты ту еткен түрік мектептері, лицейлері дүние жүзін оң тәлім-тәрбиелік тұрғыда «жаулап алып» отыр. Осындай өзінің түп–тамыры, ата-тек болмысынан айны-майтын, Көк Тәңірі мен аруақты ата-бабаларға, әулие-әмбиелерге сыйынып, ұлттық рухын, ар-намысын асқақ та бекем ұстайтын халық қана біртұтас ұлт болып ұйысып, баянды болашаққа түзу жол түзе алмақ. Үш ғасырлық бодандық пен жетпіс жылдан астам уақыт кеңестік өпірем саясат кезінде жоғалтқан есеміздің орнын толтырып, рухани мерейімізді қандырып, қазақы салт-дәстүр, әдет-ғұрып, жөн-жоралғы, әдеп пен иман секілді тектілік қасиеттерімізді жаңғырта дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Нағыз Қазақ болудың, Мәңгілік Қазақ елі болудың алғы шарты.

Picture 2

Жүргізуші:Келесі тархшымызХудайбергенова Мақпалбұл мәселе жөнінде не айтар екен, сіздің пікіріңізді тыңдасақ.

Тарихта “жаңа кезең” деп саналатын кезең болады. Ондайда белгілі бір саяси құрылыстардың ғана емес, күллі қоғамдық тіршіліктің тұтастай түгел өзгеруі талап етіледі. Ендеше адамзат қоғамында болып жатқан әлгіндей құбылыстарға байланысты біздің өз ұлттық болмысымызда, ұлттық санамызда қандай өзгерістер болуы ықтимал? Бұған жауап табу үшін өзіміздің өткен жолымызға, ұстанып келген салт-дәстүрімізге көз жүгіртпей болмайды. Ұлттық сана дегеніміздің өзі де әр адамның жеке азаматтық санасы сияқты, әр ұлттың өз тіршілігін өзі бағдарлауы, өзінің барар жерін, шығар биігін өзі белгілеуі, өзінің алдына өзі мақсат қоя білуі деп түсінеміз. Осыған орай Ә.Кекілбаев айтқандай, “дәстүр-әдеппен, әдет-ғұрыппен, мың жылдап қалыптасқан дағдымен күресу есуастық. Бірақ оның бәрін жаңа жағдайға лайықтамай, жаңғыртпай, сол қалпында ұстануға тырысу – өз аяғыңды өзің тұсап, өз қолыңды өзің кісендеумен бара-бар”- деген еді.
Ендеше жақсы қасиеті мен тәрбиелік мәні бар дәстүрімізді қайтадан жаңғыртып, жарқыратып аша түсуді қолға алған жөн деген ойдамын. Біздің ұлттық салт-дәстүріміз бен психологиямызда тәуір қасиеттермен қатар арылатын кемшіліктеріміз бар екенін білеміз. Олардың қауіпті де, қауіпсізде жақтары болып келді. Қауіптенбейтін жері – ошарылып отырып қалуға, тоқмейілсіп тоқырап қалуға жол берілмейтіндігі. Қауіп шақыратын жері – кеңістіктегі тұрақсыздықтың рухани тұрақсыздыққа ұрынуы, елгезектіктің ұшқарылыққа ұласуы ықтимал екендігі. Біздің жаңа заманға кішіпейілдігіміз сондай: кейде өз қоғамымызда атымен жоқ шатақтарды өзіміз іздеп таба қойғышпыз. Мысалы, отызыншы жылдары таптық қатынастар әлі кеңінен етек жая қоймаған біздің қауым тап жауларын құрту жолындағы күресте басқа жұрттың бәрінен озып кеттік. Өзіміздің тамырымызға өзіміз балта шаптық. Сол сияқты жаһанданамыз екен деп өзіміздің ең жоғарғы адамгершілігімізді асқақтатып келе жатқан адам тәрбиесінде үлкен маңызы бар салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымызға да өзіміз шабуыл жасаудан сақтанған жөн
.

Picture 7

Жүргізуші:МәдениеттанушларАнарбекова Дина, Ерханова Әсел сіздердің пікірлеріңізді тыңдасақ

Қазақтың салт-дәстүрі мен мәдениетінің үш мың жылдық тарихының барлығына, оның түрлі жалғастық пен сыбайластық нәтижесінде кейінгі ұрпаққа, бүгінгі кезеңге қандай деңгейде келіп отыр деген ой кім-кімді де мазалайтын болуы керек. Мәдениетті ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптан бөлек алып қарау, ол үлкен қателікке ұшыратады. Мәдениеттің көзі болып келген ата-бабаларымыз бірін-бірі өте жоғары сатыда сыйлап, соның арқасында рухани құндылықтарды бойларына жинап, тұқымнан тұқымға дарыта білді. Бізге жетіп жүрген ұлттық дәстүр мен әдет-ғұрыптың бәрі де осыны аңғартады. Қазіргі кезеңде өз ұлтымыздың мәдени деңгейін алып қарасақ көңіл толыңқырамайды. Мәдениетіміздің асыл мұраларын жәдігер (экспонат) түрінде ғана көріп шын мәнінде жастарымыз түсінбей таңданатын сияқты. Батысқа еліктеушілік біздің басқа халықтардан жоғары тұрған салт-дәстүріміз бен мәдениетіміздің өресін күннен-күнге тарылтып, шектеулі ассоциялар туғызуда. Әрине, қазіргі батыс елдерінің жоғары дамыған мәдениетін, өнердегі, ғылымдағы жетістіктерін жоққа шығаруға да болмайды. Солай бола тұрғанымен үлгі алуға болмайтын жағымсыз жақтары жетіп артылады. Дәл осындай біздің халқымыздың түсіне де кірмейтін көргенсіз әрекеттерді насихаттайтын шығармалардың немесе бейнетаспаға түсірілген фильмдердің ішімізге кіріп кеңінен жайылып орын алуы, оған деген әй дейтін әже, қой дейтін қожалардың дәрменсіздігі, жастардың әулекі құштарлығының күшеюі шошынтарлық жағдайға жатады. Ал батыстыңөзіндемұндайжапатармағай-лықтарғажолберілебермейді.

Picture 8

Жүргізуші:келесі сөзді дінтанушыЛесбекова Мөлдірге берсек. Ол да өз ойымен бөлісе отырса

Діннің қоғамдағы ролінің қаншалықты жоғары екендігі кез-келген халықтың деңгейі, ру­­хани қуаты діни идеяның халықтың ой-санасынан қаншалықты терең орын алуына байланысты екендігін көрсетіп отыр. Басқаша айтқанда, халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрінің, жалпы мәдениетінің қай бағытта дамитынын айқындайтын – діні, діни танымы. Егерде кез-келген халық өзінің дәстүрлі дінінен, діни таным негіздерінен ажырайтын болса, онда ол халық өзінің рухани мәдени болмысынан ажырайды. Жаңа қабылдаған діннің талабына қарай жаңа мәдениет пен дәстүр қалыптастыруға мәжбүр болады. Осы тұрғыдан келгенде Президент Жолдауындағы «Дәстүр халықтың генетикалық коды» деген тұжырымын – қазақ халқының болашағына алаңдаушылығы деп түсінген дұрыс. Сондықтан, дін халықтың міндетті түрде салт-дәстүрімен сабақтас болуы шарт. Олай болмаған жағдайда ол дін халықтың рухани, мәдени болмысы мен салт-дәстүріне қауіп төндіретін факторға айналады. 
Picture 10

Жүргізуші:Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек? Саясаттанушы мамандарымызКарим Бағда, Арал Балнұр бұл жайында не айтар екен?

Біз Президенттің: «Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болаша-ғымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік Ел!», деген ұлағатын ұдайы басшылыққа алуға тиіспіз. Түйіп айтсақ, Мәңгілік Ел – шамшырақ идея, ал Қазақ елі мен Қазақ мемлекеті сол ұлы идеяның қозғаушы күші. Біз қазіргі таңда алғашқысын ел рухының мәңгі сөнбейтін жарық жұлдызына айналдыр-сақ, соңғысының керегесін керу үстіндеміз. Сондықтан бүгінгі кезең дана тарихтың ұлттың ұлағаты болып қайта оралған кезеңі, қазақ халқы өзінің төл арманымен табысып, ұлттық тағына сеніммен отырған шағы.

Ал әлемге қарасаң, тар жолды тайғақ кешкен таңдаулардан аяқ алып жүргісіз. Олардың әрқайсысы талай-талай қыл көпірден өткен және әр ұлттың тағдырын шешуде. Ұлттық мүдделер мен адамзаттық мүдделер арпалысып жатыр. Сол айқасқа өзіне жаһандық деген ат қойып алған еуропалық таңдаудың айдарынан жел еседі. Әлеуетті елдердің өзі онымен санасуға мәжбүр. Қытай сонау Цинь династиясы дәуірлеп тұрған кездің өзінде «Қытай даналығы іргелі (фундаментальді) қағидаттар үшін, Батыс кемеңгерлігі – іс жүзінде пайдалану үшін» деген ұстанымда болыпты. Ал оның әлді көршісі «Жапондық рух пен Батыстың техникасы» таңдауына тоқтаған. Бұдан екеуі де ұтылған жоқ. Өйткені, Еуропаның жетістіктерін барлық салада ұлттық құндылықтарды сақтай отырып игерді. Кей ретте Батыс өркениеті арқылы ұлттық өркениетті байытты.

Еуропаның бүгінгі артықшылықтары қандай десек, олар мыналар: халықаралық банктер жүйесіне ие; барлық беделді валюта айналымына бақылау орнатқан; әлемде негізгі тұтынушы, дайын өнімдердің басым бөлігін береді; ірі әскери әрекеттер жасауға қабілетті, теңіз жолдарын бақылауында ұстап отыр, осы заманғы ең озық техникалық зерттеулермен айналысады, аэроғарыш индустриясында жетекші орында, т.б.

Америка Құрама Штаттарының әлеуеті бұдан бір де кем емес. 1990 жылы орта дәулетті америкалықтың байлығы орта ахуалды қытайдан 75 есе артық болған. Қазіргі күнде де кеміген жоқ. Бүгінде Қытайдың ішкі жалпы өнімі әр тұрғынға шаққанда АҚШ-тың ішкі жалпы өнімінің 19-ақ пайызын құрайды. Бұл көрсеткішке Гонконг, Сингапур мен Жапония 1950 жылы, Тайвань 1970 жылы, Оңтүстік Корея 1975 жылы жеткен болатын.

Мәңгілік дегеніміз ұлттық болмысқа адалдық, салт пен санадағы тұрақтылық және тарихтың тәлім екені мемлекеттік деңгейде ескерілді.Ғасырлар жазып, дәуірлер өңдеген, қария тарих құптаған ұлттық дәстүр толқыннан толқын қуып, барлық буынның ұлағатына айналса, ұлттың түрлі мәдениеттердің ықпалында кетпей, табиғи тазалығын сақтауына ықпал етсе, мәңгілікке бет бұру дегеніміз осы емес пе?! Тарихи жолынан адасқан ұлттың түбі – құрдым..

Осы айтылғандарды саралай келгенде, Елба­сының: «Дәстүр мен мәдениет – ұлттың генетикалық коды», деген пайымы одан сайын салмақты бола түседі. Генетикалық кодынан айырылған ел – қаңбақ. Тамырынан үзілгендердің бәрі тексіз. Бүгінде мемлекеттігі мен туған тілін сақтап отырғандар – сол текті елдер.

Picture 11

Жүргізуші:кезекті әдебиетшілерімізТілеу Сымбат, Құрбанова Аружанға берсек ұрпақ тәрбиесіндегі салт-дәстүрдің маңыздылығын ашып берсе

Салт-дәстүрлердің ұрпақ тәрбиесіне мәні зор. Халқымызда бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптар баланың дүниеге келген күнінен бері жүргізілетін тәлім-тәрбиелерінен бастап, есейіп азамат болып кеткенге дейін кіреді. Мысалы: шілдехана, сүйінші, балаға ат қою, бесікке салу, бөбекті қырқынан шығару, тілін ширату, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндет той, тіл ашар, ұл бала мен қыз баланы жанұя болуға, шаруашылыққа, еңбекке, өмірге бейімдеу.

Бесік – тәрбие бастауы. «Кең жайлау жалғыз бесік жас балаға». «Ел болу үшін, бесігіңді түзе» (М.Әуезов) деген сөздің мән-мағынасына ой салсақ, ол – тәрбие ұрпақты дүние келтіруден басталады; сол тәрбиенің дәстүрлік, салт-саналық бастаулары мен бағдарларын жан-жақты пайдаланып даналықпен дамыта білу керек деген өсиеттің мәнін ұғамыз. Нәрестелік кезінен басталатын тәрбиенің қалыптасқан ұлттық рәсімдері мен тәлімдік тәсілдері ұлттық салтпен қолданылып, жан-жүйеге тәлім-тәрбиелік әсер етеді.

Шілдехана. Нәресте туған күннен бастап, үш күнге дейін, нәрестені әрі күзетіп, әрі ананы қуаныш – шаттыққа бөлеп, ойын-сауық өткізу рәсімі.

Тұсау кесу – әдет-ғұрыптық, ырым-рәсімдік қуаныш мәжілісінде айтылатын жыр. Тұсаукесер бала өміріндегі үлкен белестің бірі. Өйткені баланың бауырын жазып, қаз-қаз тұрып, бір аттап, екі аттаған кезде тұсауын кеседі. Өзге ұлттың баласының тұсауын кеспесе де жүгіріп кетеді, ал біздің қазақтың баласы тұсауы кесілмесе сүріншек болады екен. Көбінесе, бір жасқа толып, еркін жүре бастаған балбөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіріп, оның ата-анасы қуанышқа ортақ жақын адамдарды жинайды да, сыйлы адамға балбөбектің тұсауын кестіреді.

Picture 12

Жүргізуші:этонграфтарҚұрбан Абылай мен Жаңабай Мадинасөз кезегін берсек

Қазақ мемлекеттігінің бас­тауы жарты әлемді билеген Ғұн империясына тұспа тұс келсе, салтанат құрған кезі – Түрік қағанатының алтын ғасыры. Мұндай айбынды мемлекет дәл сол тұста бірен-саранды. Ал алып елге ең қажеті ішкі бірлік болатын. Ол мәңгіліктің түпқазығы еді.

Кім біледі, ғалымдар құндылығы жағынан атақты Орхон ескерткіштеріне теңеп жүрген Ұлытаудағы Таңбалы тас осы кездің мұрасы шығар. Оның тұрған жері де ерекше. 47 метр тереңдіктегі аңғарда аумағы 6 шаршы метр жартас бар. Соған 445 рудың (тайпаның) таңбасы ойылған. Қарап тұрып өзіңнен өзің сұрайсың. Неге 445 тайпа?  Оларды ортақ ойға ұйытып, этностық белгілерін бір тасқа қашатқан қандай мұрат? Ұлытау неге таңдалды?

Жауап біреу: бұл түркі қағанаты көксеген «Тұтас түркі елі» идеясын қолдаған тектес жұрттардың өзара пәтуасы, бөлінбеске берген анты. Соған сүттей ұйыған, Ұлытауды төрткүл дүниенің алтын төріне балаған көк түріктердің айнымас серті.

Дәл сол сенім мен дәстүрді біз жоғалтып алмай, жаңғыртуға тиіспіз. Ол бір жағынан рухтар жалғастығына жетелесе, екінші жағынан ұлттық тамырдың үзілмеуіне, ұлттық қасиеттердің баяндылығына бастайды. Ұлттық мемлекет құруға құлшындырады.

Асылында Мәңгілік Елдің тұғыры – ұлттық мемлекет. Англияның тарихи тұлғасы Уинстон Черчилль: «Өркениеттің негізгі қағидаты – билеуші таптың халықтың көне дәстүрлері мен ерік-жігеріне бағынуы», деген ғой.  Осы дуалы ойды сәл өзгертіп парықтасақ: «Мемлекеттің негізгі ұстанымы – ұлттың тарихи арман-аңсауы мен мұраттарына адалдық» дер едік. Ал біздің тарихымыз, көне сақтар мен ғұндардың, Көктүріктер мен Қазақ хандығының ұлттық мемлекет құру идеясына суарылған. Сол идея жүзеге асқан ғасырларда Ұлы Дала дәуірлеген, мемлекеттіктен айырылған замандарда ұлардай шулаған.

Осы жерде айрықша айта кетейік, республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында «Қазақ Елі» идеясын жайдан жай көтерген жоқ. Мәңгілік Ел мұратын жүзеге асыратын ұлттық саяси институт ретінде әлеуметтік-философиялық айналымға енгізді. Тілге байланыстыра отырып, баршамызға терең ой салды. Елбасының: «Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді Қазақ Мемлекеті деп атайтын боламыз» деуінде және «Дәстүр мен мәдениет – ұлттың генетикалық коды» екенін қадап айтуында терең мән бар. Бұлардыңбәріұлттықмемлекетттіңбелгілері.

Picture 13

Жүргізуші:Құрметті дөңгелек үстелге қатысушышылар «Мәдени – генетикалық код, салт-дәстүр» тақырыбында ой бөлісіп, сыр шертістік.Қорыта айтқанда, «Ата салтың – халықтық қалпың» демекші, өз жұртының қадір-қасиетінен мәлімет беретін ғұрып қасиетпен, оған мейлінше құрметпен қарап, оны ардақтай білейік. Бүгінгі дөңгелек үстелімізді Көшкинбекова Нурсаяның оқыған өлең жолдарымен аяқтасақ. Барлықтарыңызға рахмет!

Шыңға биік Ел көз тіксе асқарлы,

Шайыр жазбай,кім жазады дастанды

Тарихыңда толғаулы

Рух жаңғырар, жаңа дәуір басталды.

Көк түріктің ұрпағына уа құтты

Ту көтерер тағы бір таң атыпты

Жолын таппай қаңғырған Ел қаншама

Кодын сақтай, жаңғырғанЕл Бақытты.

Бұл жаңғыру-өрге бастау ұлтымды,

Бұл жаңғыру-төрге бастау ғұрпымды.

Ұлттық кодым –менің ұлттық құлпым,

Кім көрінген қолды етпесін кілтімді.


Бұл жаңғыру- ұлыларды ұлықтау,

Ұлы Абайдың даналығын ұмытпау.

Кісен ашып Құрманғазы күйімен,

Болмысымды бұлжымастай құлыптау.


Бұл жаңғыру –кемелденіп жаңғыру,

Кеуде соққан күллі әлемді таң қылу.

Жыр алыбы Жамбылдарды жыр қылу,

Ән алыбы Шәмшілерді ән қылу.


Бұл жаңғыру бастамасы ғажаптың

Бұл жаңғыру –астанасы ләззаттың

Жалғаны көп сахнасында жаһанның

Мәдениетін мойындату қазақтың.

Бұлжаңғыру-тарихисәтсауапты,

Сауаптыіскебәріміздежауапты

Тұлпарымызозсындесекбәйгеде,

Ұрпағымызболсындесексауатты.


Бұлжаңғырутуғанжердітүлету,

Ендаланыңкең құшағынгүлету.

Шығыс, Батыс, Оңтүстік пен Солтүстік

Бар қазақтыңарманжырынбірету.


АсудыасыпҚазақстанардағым

Аспанмененастасыптұрарманым

Ер бастады

Ел қостадыЖарылқа

ТәңірИем,

ТуғанЕлдіңбағдарын




Picture 14

Талқыланды:

Дөңгелек үстелді қорытындылау барысында сөз алғаноқу ісінің меңгерушісі: Бектемисова Қарашашапай Президентіміздің «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Мәдени – генетикалық код, салт-дәстүр» тақырыбында туған елдің тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын білу,оны құрметтеу, әрбір адамның парызы екенін атап өтті.Пікір алысу барысында оқушылардың өзідерін еркін ұстауы, ойларын толық жеткізе алу, бір-бірін сыйлап кезекпен сөйлеуі ұнағандығын айта келіп, оң бағасын берді. Оқу ісі меңгерушісі: Пулатов Қауымбай ағай салт-дәстүрсіз ел болмайтынын айта келіп, әр ұлт өз салт-дәстүрімен мақтана алатындығын, соның ішінде қазақта жеті атасын білу – қазақтың таза қандылықты білдіретіндігінің тәрбиелік мәнін атап өтіп, оң баға берді.Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Алипбекова Гаухар апай іс-шараның безендірілу барысындағы кемшіліктерге келешекте жол бермеу керектігне тоқталып, іс-шараның барысына оң бағасын берді.



35 «Болашақ» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Picture 7

Тақырыбы:

«Тәуелсіздік ақ таңы»



Picture 7



Сынып жетекші: Ауезова С.А.






2018-2019 оқу жылы




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!