Қазақ әдебиеті | 6-сынып | с.Батыр. №10 орта мектеп | Мұғалім: Пазылова Бағила Жанбырбаевна |
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Туған жерім аялы алтын бесігім. |
Сабақтың тақырыбы: | Доспамбет жырау. «Қоғалы көлдер, қом сулар», «Айналайын Ақ Жайық» толғаулары |
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: | 6.Т/Ж1. Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау. |
Сабақтың мақсаттары: | Барлық оқушы орындай алады: Шығарманың мазмұнын толық түсінеді.Оқушылардың көпшілігі орындай алады:Толғаудағы автор бейнесін анықтайды. Кейбір оқушылар орындай алады:Толғаудағы үзінділерді жатқа айтады. |
Бағалау критерийі: | Оқушылар әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтайды. |
Тілдік мақсаттар: | Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:Көбе, шапшақ, бұздай, қом.Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Арғымақ мінген, көбелер киген, арулар құшқан, соғысып өлген. |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері: | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер: |
Сабақтың басы | 1.Ұйымдастыру кезеңі:Амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
2.Шаттық шеңбері. |
Сәлемдеседі.Керекті оқу құралдарын дайындайды. |
| «Мен саған ...» тренингі арқылы сыныпта жағымды психалогиялық ахуал ұйымдастырады. «Қоғалы көлдер», «Қом сулар» сөздерімен топқа бөлу. Сабақтың мақсатымен, тақырыбы және бағалау критерийімен танысады. |
Бір-біріне деген жылы лебіздерін білдіреді.
|
Сабақтың ортасы | 1.«Сканерлеп оқу» әдісі арқылы оқулықтың 39-бетіндегі толғаумен жұмыс жүргізу. 2. «Кубизм» әдісі бойынша тапсырмаларды орындайды. Суреттеңіз. Үзінді не туралы?Салыстырыңыз. Үзіндіні өлеңмен салыстырыңыз.Зерттеңіз. Толғауда көтерілген мәселені зерттеңіз.Қолданыңыз. Толғауда кездесетін көнерген көбе, шапшақ, бұздай, қом сөздерін қолданып, сөйлем құрастырады. Толғаудан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп, жатқа айтады.3. «Ассоциация» әдісі арқылы шығармадағы үзіндіге сүйеніп, автор бейнесін анықтайды. Мысалы, Жырау Доспамбет батыр қолбасшы елін сүйген.4. «20 сөз» әдісі. Толғаудағы көркемдегіш құралдар, көнерген сөздер, тірек сөздер, сөздіктерді жазыңдар. |
Топтар өз беттерінше іштей оқып шығады.
Тапсырмаларды орындайды. |
Сабақтың соңы | Қорытынды:Толғау не туралы? Онда қандай мәселе көтерілген? Шығарма кімнің атынан баяндалады? Жырау қандай жағдайда адамның өкінбейтінін айтады?Бағалау:Қорыту сұрақтарымен бес тапсырма. «2»балл – толық жауап.«1»балл – жартылай жауап.«0» балл – жауап жоқ.9-10 – «5», 7-8 – «4», 5-6 – «3», 3-4 – «2».Үйге тапсырма беру:Доспамбет толғауымен байланыстыра әдеби эссе жазу. |
Оқушылардың күнделіктеріне жазып алады. |