Материалдар / Достық пен сүйіспеншілік, 9-сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Достық пен сүйіспеншілік, 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Достық пен сүйіспеншілік, 9-сынып.Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға адамгершілік-рухани тәрбие беру, өзара қарым-қатынастағы сыйластықты ұғындыру, сүйіспеншілік қасиеттері туралы түсінік беру. Бір-біріне деген сыйластық сезімін құрметтеуге шақыру. Тәрбие сағатының міндеті: -  Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым – қатынасын нығайту. - Оқушыларды өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу. - Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін күшейтуге баулу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қазан 2021
920
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» ҚМҚК



«Бекітемін» _______________

Колледж әдіскері: Кабимолдина А.К.

«Келісемін» _______________

Сынып жетекшісі: Рамьянова А.М.



Тәрбие сағатының жоспары




Тақырыбы: «Достық пен сүйіспеншілік»

Өтетін орны: «№3 ЖОББМ» КММ

Сынып: 9 «В»

Мерзімі: 11.10.2021

Тобы: 27

Машықкер: Сембаева Назгүл

Баға: «__ » (__________________)

Баға: «___ » (__________________)





Семей 2021

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға адамгершілік-рухани тәрбие беру, өзара қарым-қатынастағы сыйластықты ұғындыру, сүйіспеншілік қасиеттері туралы түсінік беру. Бір-біріне деген сыйластық сезімін құрметтеуге шақыру.

Тәрбие сағатының міндеті:

-  Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым – қатынасын нығайту.

- Оқушыларды өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету, адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.

- Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін күшейтуге баулу.

Тәрбие сағатының ұйымдастыру формасы, түрі: пікіралмасу, тренинг

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, жағдаят шешу, видеоролик, т.б.

Техникалық жабдықталуы: компьютер, интерактивті тақта

Көрнекілік: суреттер

Қажетті жабдықтар: стикерлер


Тәрбие сағатының құрылымы


І. Ұйымдастыру кезеңі 1-3 минут - «Сәттілік тілеу» әдісі 3-5 минут

ІІ. Негізгі кезең 20 - 25 минут

-«Түсіндіру» әдісі

-«Ой қозғау» әдісі

-«Сөйлемді аяқта» әдісі

-«Мақалды жалғастыр» әдісі

-«Кейс-стади» әдісі

-«Досқа хат» әдісі

ІІІ. Қорытынды кезең 1-3 минут

  • Рефлексия

  • «Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» 1-5 минут

Тәрбие сағатының барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіздерме оқушылар! Қалдарыңыз қалай? Көңіл күйлеріңіз жақсы ма?. Бүгінгі тәрбие сағатын бастамас бұрын сіздермен тренинг өткізіп алайық. Барлықтарыңызды шаттық шеңберіне шақырамын. Бір-бірімізге бүгінгі күнге сәттілік тілейік. Мен барлықтарыңызға бүгінгі күнге көтеріңкі көңіл күй және сәттілік тілеймін.


ІІ. Негізгі кезең

Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы: Достық пен сүйіспеншілік.

Ертеде бір ақылды қария болыпты. Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп:

-Ақсақал, мен қандай жігітпін? Сынаңызшы, - депті. Қарт жігітке:

-Жолдасыңды көрсет, сонан соң айтамын, - депті. Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті. Қарт жігіттің жолдасымен ұзақ сөйлесіп, ақырында жігіттің өзін шықырыпты. Жігіт келген соң, қарт:

- Шырағым, жаман жігіт емессің, - депті.

Қалайша олай дейсіз? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой? – депті жігіт. Қарт күліп:

- «Жігітті жолдасына қарап бағала» дейді халық, - депті.


-Жігітті жолдасына қарап бағала» дегенді қалай түсінесіңдер?

Жауабы: Адам көбіне өзінің мінезіне ұқсас адамдармен жолдас, дос болады. Шын жолдас, достар бірінің жақсы қасиеттерін екіншісі үлгі тұтады, бойына сіңіреді, олар бір-біріне өте жақын, бірін-бірі тез түсінісетін болып кетеді. Осындай жолдастық, достық қарым-қатынастардың арасындағы ең бағалысының бірі – адалдық. «Адамдар бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, ортақ көзқараста болса ғана достықтары берік болады. Достық - өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі».


- Ой қозғау

https://youtu.be/gH3zqZPR4EQ

Бұл бейнероликтен не ұқтыңыздар?

Сіздің Азамат секілді адал досыңыз бар ма?

Егер сіз Азамматтың орнында болсаңыз не істер едіңіз?


«Сөйлемді аяқта»

Әрбір адамға дос керек. Өйткені ...

Сыйластық бар жерде ...

Мен өзімді адал доспын деп санаймын. Себебі ...


«Мақалды жалғастыр»

1. «Кемшіліксіз ... іздеген адам ... қалады».

2. «Дұшпан ... айтады, дос ... айтады».

3. «Жаңылмайтын ... жоқ, сүрінбейтін тұяқ ...».

4. «... жаңасы жақсы, ... көнесі жақсы».

5. «... теңгең болғанша, жүз ... болсын».

6. «Досы көппен ...,

Досы жоқпен ...».

7. «Досы ..., өзі де жақсы».

8. «.. басқа қарайды,

... аяққа қарайды».

9. «Ақылсыз ..., ақылды дұшпан ...».

10. «Досың мың болса да - ...,

... біреу болса да - көп».

Жауаптары:

1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».

2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады».

3. «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ».

4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы».

5. «Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын».

6. «Досы көппен сыйлас,

Досы жоқпен сырлас».

7. «Досы жақсының - өзі де жақсы».

8. «Дос басқа қарайды,

Дұшпан аяққа қарайды».

9. «Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық».

10. «Досың мың болса да - аз,

Дұшпаның біреу болса да - көп».


«Кейс-стади»

1. Қанат конькиін аулаға қалдырды да, өзі тамағын ішуге үйге кетті. Тамағын ішіп отырып ол конькиін Маралдың теуіп жүргенін көрді. Қанат ашуланып, аулаға жүгіріп шықты. «Қазір оның сазайын тартқызамын, біреудің затын сұрамай алушы болмасын» деп ойлады. Ашулы күйінде жетіп барды, тіпті жұдырығын да түйіп алған. Ал Марал оны көрді де, «Танысып қой, Айдар, бұл менің ең жақсы досым Қанат» деді. Қанат ұялып қалды. Қанат неліктен ұялды?

2. Аңсар пен Мирас бесінші сыныпта оқиды. Екеуі бала кезден дос. Аңсар сабақтан келген соң, түскі тамағын ішіп, үйдегі жұмыстарын бітіріп, ертеңгі сабағын оқып болған соң далаға ойнауға шықты. Футбол алаңына барса, Мирас та ойна жүр екен. Олар ұзақ футбол ойнап, үйге кеш қайтты. Мирас: мен ертең сабаққа бармаймын, үй тапсырмасын орындамадым. Мені ағайға ауырып қалды дей салшы, - деп өз өтінішін Аңсарға айтты...

- Аңсар егер адал дос болса, қандай жауап берер еді деп ойлайсыңдар?

3. Қаңтардың қара суығы. Айбек екі шелекті қолына алып, өзеннен су алып келіп, қорадағы қойларды суаруға бет алды. Шелегін суға толтырып, қораға кіре берісте Айбектің аяғы тайып, құлап түсті. Су үстіне төгілді. Орнынан әрең қозғалып, үйге кірді... Айбектің тобығы шығып кетіп ауруханада көп жатты...

- Сендер Айбектің досы болсаңдар не істер едіңдер?

4. Құрбылары Жанарға балмұздақ берген-ді.

Жанар кетті алға тез,

Алды-артына қарамай,

«Рахмет» - деп, жалғыз сөз

Айтуға да жарамай!

Сендер қалай ойлайсыңдар, осыдан кейін балалар Жанармен дос бола ма?


ІІІ. Қорытынды

«Досқа хат»

Осы сыныптағы досыңызға хат жазыңыз. Ренжіткен сәттеріңіз болса кешіріп сұрап, бүгінгі күнге тамаша көңіл-күй тілеңіз. Ішіңіздегі оймен бөлісіңіз.


  • Рефлексия

   «Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» Тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды чемоданның тұсына жазса, ал әлі де оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқыштың тұсына жазады. Сонымен қатар керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігінің тұсына жазады.





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!