Материалдар / драма сабақ жоспарлары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

драма сабақ жоспарлары

Материал туралы қысқаша түсінік
ересек топ балаларына арналған драма сабағынан сабақ жоспарлары. мектепке дейінгі ұйымдарға арналған. тәрбиешілерге көмек.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2018
1043
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні:

Тәрбиеші: Каримова А.С.

Білім беру саласы: қатынас

Пән: драма

Өтпелі тақырып: Менің достарым

Тақырыбы: Достар театр әлемінде

Мақсаттар: Балаларды театр мәдениетіне баулу.Ересектермен және құрдастарымен өзара әрекетте мәдениетті мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттер Ертегі туралы білімдері. Театр туралы түсініктері.

Түрлі екпінде сөйлеу, дауыс екпінінен көңіл күйді ажырата білу.

Кіріспе бөлігі: Педагог Айсұлу мен Қуаныштың қонаққа келгенін айтып, оларды достық шеңберіне шақырады.

Қосыл, қосыл шеңберге, Нағыз адал дос болып. Қосыл, қосыл шеңберге, Ең сенімді дос болып. Қосыл, қосыл шеңберге, Ең мейірбан дос болып. Қосыл, қосыл шеңберге, Нағыз шыншыл дос болып. Қосыл, қосыл шеңберге,

Нағыз қайырымды дос болып.

Негізгі бөлім: Әліппе-дәптермен жұмыс.

Мақалмен таныстыру. Мағынасын түсіндіру. Ағаш тамырымен мықты,

Адам досымен мықты. ойын: «Достасу»

Шарты: Тәрбиеленушілер шеңбер бойына жіпті ұстап тұрады. Жіпті орау арқылы кезекпен бір-біріне ұсынады. Жіп алған бала досына тілек айтып, келесі балаға береді. Ойын жіп

оралып біткенше жалғасады. (Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс.

Суреттегі кейіпкерлер қандай дыбыс шығарады? Солардың дыбысын салып, қимылын бейнелеп көрсет.

Достық туралы қандай ертегі білесің? «Достық» ертегісін ұсынады.

Педагог ертегіні суреттер көрсетіп баяндайды (Қосымшаны қараңыз).

Ертегідегі жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді ата.

Құмырсқа мен балара неге жағымды кейіпкер деп ойлайсың?

Құмырсқа қара шыбын мен шегірткеден қандай көмек сұрады? – Балара оларға не деді?

Қара шыбын мен шегірткенің іс-әрекеттері дұрыс па? – Сен досыңа қандай көмек берер едің?

Педагог ертегідегі кейіпкерлерінің қиын оқиға кезінде бір-біріне көмекке келгенін айтады.

(Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс.

Достарыңмен қандай ойындар ойнайсың? Досыңмен бірігіп ым-ишара арқылы көрсет.

Өзіңе ұнаған кейіпкердің суретін сал.

Сергіту сәті.

Достар бірге жүреміз ол ұстасып айнала жүру), Бірге ойнаймыз, күлеміз (бір-біріне қарап күлу). Бірге балық аулаймыз олдарын алға созу), Қуанамыз, билейміз (би қимылдарын жасау). Бөлінбейді іргеміз ол ұстасып, жоғары созу), Әрқашанда біргеміз (иілу, қол шапалақтау).

Осыдан кейін «Достық» ертегісіндегі балара мен құмырсқаның достығы жайлы әңгімелеседі.

(Т) Топқа тапсырма:

Педагог балараның айтқан сөзінен үзінді оқиды. Топтан бір бала шығып, түрлі екпінде мәнерлеп қайталайды (сыбырлап және ақырын).

(Ұ) Жұмбақ-ойын: «Айна».

Тәрбиеленушілер қандай кейіпкерді көрсететінін ойланады. Бір бала кейіпкердің мінез-құлқы мен көңіл күйін көрсетеді. Ал басқа балалар ертегідегі қай кейіпкер екенін және кейіпкердің қай кезеңдегі бейнесін ойнап жатқанын табады.

Сахналау. Педагог ертегіні сахналауды ұсынады. Тәрбиеленушілерге сиқырлы қоржыннан бір-бірден текше таңдап алуды тапсырады.

Тәрбиеленушілер текшедегі ертегі кейіпкерлерінің суретіне қарап рөлдерге бөлінеді.

Педагог тәрбиеленушілерге әртістер сахнада өздерін қалай ұстайтындары туралы түсіндіреді.

Олар сахналау аяқталған соң көрермендерге қарап тұрады. Ақырын бастарын изейді. Көрермендер қол шапалақтайды.

Соңғы бөлігі: Айсұлу мен Қуаныш тәрбиеленушілерге өз жұмыстарын бағалауды айтады.

Көңілді және көңілсіз бетперделерді бояу:

1. Өз жұмысына көңілі толса, көңілді бетперденің суретін бояйды.

2. Өз жұмысына көңілі толмаса, көңілсіз бетперденің суретін бояйды















Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні:

Тәрбиеші: Каримова А.С.

Білім беру саласы: қатынас

Пән: драма

Өтпелі тақырып: Жиһаздар

Тақырыбы: Мақтаншақ қоян.

Мақсаттар: Балалардың театр ойындарына оң көзқарастарын қалыптастыру. Өз ойын айта білуге, басқалардың пікірін тыңдай білуге баулу.

Міндеттер Ертегі туралы білімдері. Театр туралы түсініктері.

Түрлі екпінде сөйлеу, дауыс екпінінен көңіл күйді ажырата білу.

Кіріспе бөлігі: Балаларды өзіне айналдыра отырғызып ертегі кітабын алып, ашып балаларға«Мақтаншақ алма» ертегіні айтып береді.

Негізгі бөлім: Балалардан кейіпкердің мінезі мен қылығы жайлы сұрап жауап алады.Содан соң дидактикалық ойын ұйымдастырады«Жақсы бала ол қандай бала». Тәрбиеші орташа допты балаға лақтырып сұрақ қойып «Жақсы бала ол қандай бала» дейді. Допты қағып алған бала керіғарай тәрбиешіге қайтарып лақтырып өз ойын айтады. Ойын барлық баладан жауап алғанша жалғастырылады. «Мақтаншақ алма» ертегінің кейіпкерлерінің костюмдерін балаларға қалауы бойынша кигізіп сахналайды.

Көрермен болған балаларға кім қалай рөлді орындады бағалатады

Соңғы бөлігі: Тәрбиеші балалардан бүгінгі жасаған әрекеттер ұнады ма деп сұрайды. Оларды өнерін, еңбегін және сөйлегендерін мақтап, мадақтайды





















Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні:

Тәрбиеші: Каримова А.С.

Білім беру саласы: қатынас

Пән: драма

Өтпелі тақырып: Менің көшем

Тақырыбы: Түлкі мен тырна

Мақсаттар: Балалардың театр ойындарына оң көзқарастарын қалыптастыру. Өз ойын айта білуге, басқалардың пікірін тыңдай білуге баулу.

Міндеттер Балаларға үстел үстіндегі театр және көлеңкелі театр туралы түсінік беру, ертегілер кейіпкерлерін таныту, оларды дұрыс ажырата білуге үйрету. Көркем шығармаларға деген қызығушылығын арттыру. Ойын, тілін, білімділігін, сөздік қорларын молайту. Ертегіні қызығушылықпен тыңдауға дағдыландыру, балаларды татулыққа, ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Кіріспе бөлігі:  Балалар сендердің бір – біріңе қарап күлгендерің қандай әдемі, жүздеріңнен тек жылулық сезіліп тұр. Мен де сендерге өз жылуымды беріп «Қайырлы таң» деймін. Сендер де бір – біріңе қайырлы таң тілеп, күнмен сәлемдесіп, қонақтарға да жақсы тілек білдіріңдер.

Негізгі бөлім: Түлкі: - Мәссаған, мен қайда келдім. Өзімше үйіме бара жатыр едім.
Тәрбиеші: - Балалар қараңдаршы бұл кім?
Дұрыс айтасыңдар.
- Түлкі сәлеметсіз бе? Сен балабақшаға келдің. Сен қайдан келесің және қолыңда не бар?
- Түлкі: - Мен орманнан келемін. Бір ақымақты алдап, қулығыммен сандығын алып алдым.
- Тәрбиеші: - Бұл сандықтың ішінде не бар екен?
- Түлкі: - Өзімде білмеймін, өзі сондай әдемі сандық.
- Тәрбиеші: - Қане, ішін ашып көрейікші.
- Түлкі: - Жо-ға ішіндегіні алып қояйын дейсіңдер ғой?
- Тәрбиеші: - Жоқ түлкі алмаймыз.
- Түлкі: - Жарайды, бірге ашайық, ішіндегі менікі.
- Тәрбиеші: - Жарайды.
- Сандықты ашып, ішінде ертегі
кейіпкерлері екен.
- Балалар қараңдаршы бұл не?

Дұрыс айтасыңдар балалар бұлардың бәрі ертегі кейіпкерлері. Бұл ертегілерді білемізбе?
- Мына кейіпкер қай ертегінікі?
- Ал мынау ше?
Дұрыс айтасыңдар ал енді мына кейіпкерлерге қараңдар бұл не?
Дұрыс, бұл құстың аты Тырна.
- Балалар «Тырна мен түлкі» деген ертегі бар, сендерге қазір осы ертегіні айтып беремін. Ал сен түлкі балалармен бірге отырып ертегі қара. Балалар бұл ертегіні көлеңкелі театр арқылы айтып беремін.
- Ертегіні көлеңке театр арқылы балаларға көрсетеді
- Балалар қандай ертегімен таныстық?
- Балалар сендерге ертегі ұнады ма?
- Түлкі мен тырна не істепті?
- Балалар түлкі досын алдаған екен, сөйтіп істеуге бола ма?
Ал енді түлкі сен достарыңды алдап, қулық жасайсың ба?
Түлкі: - Жоқ, мен енді қулық жасамаймын, ешкімді алдамаймын.
Тәрбиеші: - Жарайды қане балалар мына жүректерді алып түлкіге арнап жүректен жүрекке, жақсы тілек айтайық.

Түлкі: - Рахмет, балалар. Енді мен жақсы, әдепті боламын. Сендер маған әдемі, таза жүректер сыйладыңдар, ал енді мен сендерге аздаған тәтті сыйлық беремін, қабыл алыңдар.
Тәрбиеші: - Түлкі саған рахмет.

Соңғы бөлігі: Түлкі; - Ал енді мен кетейін, сау болыңдар.
- Сау бол түлкі. Осымен сабағымыз аяқталды сау болыңыздар!



























Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні:

Тәрбиеші: Каримова А.С.

Білім беру саласы: қатынас

Пән: драма

Өтпелі тақырып: Алтын күз

Тақырыбы: Күзгі үйшік

Мақсаттар: Театрландырылған өнердің алуан түрлі тәсілдерін және жанрларын (драмалық, музыкалық, қуыршақ, аңдар театры және т.б.) меңгеру.

Міндеттер Балаларға үстел үстіндегі театр және көлеңкелі театр туралы түсінік беру, ертегілер кейіпкерлерін таныту, оларды дұрыс ажырата білуге үйрету. Көркем шығармаларға деген қызығушылығын арттыру. Ойын, тілін, білімділігін, сөздік қорларын молайту. Ертегіні қызығушылықпен тыңдауға дағдыландыру, балаларды татулыққа, ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Кіріспе бөлігі:  -Балалар,күннің шуағын көргенде сендер не сезінесіндер? -Ия,дұрыс айтасыңдар. Күн бізге жылу,жарық береді.Қане,бізде күнге ұқсап шеңбер құрайық та,бізге келіп отырған апайларымызбен амандасып алайық. Қайырлы таң! Доброе утро! Good morning!-Балалар орнымызға отырайық.
Есік қағылып,қорапша беріледі.-Балалар, қараңдаршы, біреу бізге әдемі қорапша тастап кетіптіОйын: «Сиқырлы қорапша».- Оның ішінде не бар екен?Жұмбақтар:1.Сылдырдан қорқады. Шошынып жортады. (Қоян) 2.Сұрғылт тартқан түсі бар Ақсиған көп тісі бар. Тыным таппай ұлиды, Қыстау маңын ториды. (Қасқыр) 3.Бар даусымен тақылдап, Көлшік суды мақтайды. Тәулік бойы бақылдап,Мезгілімен жатпайды. (Бақа)
-Дұрыс, балалар, жұмбақтың шешімін дұрыс таптыңдар.- Түлкі, бақа туралы қандай ертегі білесіндер?
- Түлкінің,бақаның,қасқырдың қимыл-əрекетін кім көрсете алады?

Негізгі бөлім: -Балалар,біз бұл жұмбақты жай шешкен жоқпыз.Өйткені сендерге қазір мен «Үйшік» орыс халық ертегісін оқып беремін.(Ертегіні интерактивный тақта арқылы көрсету)
- Балалар, ертегі сендерге ұнады ма?
Билингвальді компонент:тышқан - мышь, құрбақа - лягушка, қоян -заяц, түлкі - лиса, аю - медведь Сергіту сəті:«Бақалар» 
Дидактикалық ойын: «Суреттіқұрастыр».- Жарайсыңдар, сендер тапсырманыорындап, ертегі кейіпкерлеріңқұрастырдыңдар. 
- Балалар! Қойылымда ойнау үшіналдымен мəнерлі сөйлеуге жаттығайық.
Тіл ұстарту жаттығуы:Ян-ян-ян,Ұзын құлақ қоян.Кі-кі-кі,Жылмыңдайды қу түлкі.Ыр-ыр-ыр,Көкжал қасқыр.Ю-ю-ю,Қорбаңдаған аю.Ін-ін-ін,Ағашта жүр тиін

Балалар енді «Үйшік» ертегісінсахналап көрсетеміз.Қоржынынан театр баскиімдерін алады.

Соңғы бөлігі: Қорыту:- Балалар, ертегі сендерге ұнады ма?- Ертегіде қандай кейіпкерлер кездесті?- Аю қандай себеппен үйшікті бұзды?- Достары оған не деді?

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!