Материалдар / Дүние жүзі тарихы пәнінен тест сұрақтары

Дүние жүзі тарихы пәнінен тест сұрақтары

Материал туралы қысқаша түсінік
тарих пәні мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2018
2977
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Vтарау. Азия және Африка елдері (1945-2008ж.ж.) §33. ЖАПОНИЯ1.Жапонияның тізе бүгу туралы актіге қол қойған мерзімі: (1945ж. 2. 09.) 2.Екінші дүниежүзілік соғыстан соң АҚШ-тың даму жолы мен буржуазиялық бағытын ұстанған Жапониядағы саяси партиялар: (Либералдық және демократиялық)3.Әскери қылмыскерлерді жазалау үшін құрылған Халықаралық трибунал Жапонияның бұрынғы үкімет басындағы қанша адамына үкім шығарды? (28)4. Соғыстан кейінгі аграрлық реформалар жапон помещиктеріне қанша көлемде жер қалдырды? (3те немесе 3га)5. Жапониядағы 1946-1949ж.ж. аграрлық реформалар барысында дамыған шаруашылық түрі: (фермерлік)6. Екінші дүниежүзілік соғыстан соң жапон экономикасының дамуына ықпал еткен ел: (АҚШ)7.Қай жылдары жапон экономикасы соғысқа дейінгі деңгейіне көтерілді? (1950-1953)8.Ең жаңа тауарлар шығарып, басқа елдерді қаржыландыра бастаған Жапонияның ірі өндіріс және қаржы монополиялары: (Мицуи, Хитачи, Мицубиси, Сони, т.б.)9.XXғ. соңына қарай сыртқы сауда айналымы бойынша Жапония әлемде нешінші орында болды? (3-ші орында)10. XXғ. соңына қарай Жапонияның сыртқы сауда айналымындағы таза табысы қанша еді. (140млрд. доллардан асты)11. XXғ. соңына қарай әлемдегі өндіріс саласы шығаратын өнімнің қанша пайызы Жапонияның үлесіне тиді? (12%-ы)12. Жапонияның либералдық және демократиялық партиялары қай жылы бірікті? (1954ж.)13. 1993ж. ортасына дейін жапон үкіметін басқарып келген партия: (ЛДП)14. Жапонияның «таза саясат партиясы»: (Комэйто)15. 1993ж. Жапонияның коалициялық үкімет құрамына енбей қалған партиясы: (Компартия)16. 1993жылы құрылған коалициялық үкіметтің премьер-министрі: («Жаңа көкжиек» партиясының өкілі М.Хосакава)17.1998ж. аяғында Жапонияның премьер-министрі болып сайланған ЛДП жетекшісі: (Дз.Обути)18.2008ж. шілдеде болған Great-8-Үлкен сегіздік саммиті Жапонияның қай аралында өтті? (Хоккайдо аралында)19.1956ж. 19қазанда Жапония қай елмен араздықты тоқтату және дипломатиялық қатынастарды қалпына келтіру туралы Декларацияға қол қойды? (КСРО)20. Жапония мен Қытай арақатынасын реттеу туралы бітімге қай жылы қол қойылды? (1978ж.)



§34. Қытай Халық Республикасы1.Екінші дүниежүзілік соғыстан соң Қытай революциясының базасына айналған аймақ: (Солтүстік-Шығыс Қытай)2. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Қытайдағы азамат соғысы жылдары: (1946-1949)3.1949ж. дейінгі Қытайдағы Гоминьдан үкіметінің жетекшісі: (Чан Кайши)4. 1949ж.1қазанда болған Қытай тарихындағы басты оқиғалардың бірі: (ҚХР жарияланды)5. Қытай Халық Республикасын бірінші болып танып, қаржылай және әскери көмек көрсеткен мемлекет: (КСРО)6. Қытайдағы социалистік құрылыстың алғышарттары болған аграрлық реформаның іске асырылған мерзімі: (1949-1952)7.1954ж. қабылданған жаңа конституция бойынша Қытайдағы саяси билік кімнің қолына көшті? (Мао Цзэдун басқарған Қытай компартиясына)8. Қытайдағы «зор секіріс» және «мәдени революция» кезеңі: (1958-1969ж.ж.)9. Қытайдағы «зор секіріс» саясатының мәні: (коммунизмге тез өту)10. Қытайдағы коммунизмге тез өтудің басты құралы: («халық коммунасы»)11. Қытайдағы «мәдени революцияны» іске асыруда жетекшілік роль кімдерге берілді? (хунбейвиндер мен цзаофандарға)12. Мао Цзэдун дүниеден өткеннен кейін ауқымды экономикалық реформаларды іске асыруды қолға алған қайраткер: (Дэн Сяопин)13. ҚХР БҰҰ құрамындағы құқықтық орынға ие болған жыл: (1971ж.)14. Қай жылдан бастап Қазақстан Республикасы мен ҚХР арасында дипломатиялық қатынастар орнады? (1992ж. 3 қаңтар)15. Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру туралы мәлімдеме жасалған жыл: (2001ж.)16. Әлемнің 27мемлекеті мойындап отырған Қытай Республикасы атты гоминьдандық үкімет билігі орнаған арал: (Тайвань)17. ҚХР-ға 1997ж. 1шілдеде қайтарылған ағылшын отары: (Гонконг)18. 2002ж. Қытай компартиясы ОК-нің Бас хатшысы қызметіне сайланған, ҚХР төрағасы және әскери комитеттің басшысы лауазымдарын қоса атқарған мемлекеттік қайраткер: (Ху Цзиньтао)19. Қ.Р-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қай жылдардағы Қытайға жасаған ресми сапарларының барысында екі ел арасындағы аса маңызды стратегиялық келісімдерге қол жеткізілді? (2004 және 2008ж.ж.)20. «Бір мемлекет-екі жүйе» қағидасына сәйкес, ерекше әкімшілік ауданға айналған Қытай аралы: (Сянган(Гонконг))



§35. XXғ.екінші жартысындағы Моңғолия.1.1959жылы Моңғол араттарының 99 пайызын біріктірген ұжымдық шаруашылықтың түрі: (Ауыл шаруашылық бірлестігі -АШБ )2.Соғыстан кейінгі Моңғолияның жаңа конституциясы бекітілген жыл: (1960ж.)3.Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Моңғолия саяси-экономикалық дамудың қандай жолын мойындады: (Социалистік даму жолын)4. Моңғолияда социализмнің сталиндік моделінің құлаш жаюына үлес қосып, 32жыл билік басында болған адам: (Ю.Цеденбал)5. Моңғолияның заң шығару органы: (Ұлы Хурал)6. Ю.Цеденбалдан кейін моңғол елін билеген жаңа басшы: (Ж.Батмунх)7. Моңғолияда президенттік басқару институты енгізілген жыл: (1990ж.4 қыркүйек)8. Моңғолияның тұңғыш президенті кім? (П.Очирбат)9. Моңғолияның 1992жылға дейінгі ресми атауы: (Монғол Халық Республикасы)10. Моңғолияның жаңа Конституциясы қай жылы қабылданды? (1992ж.)11. Ю.Цеденбалдың қызметін ақтап, бұрынғы наградалары мен атақтарын қайтару туралы жарлық шығарған Моңғолия президенті: (Н.Багабанди)12. 1999жылы Моңғолияда қанша мал басы шығынға ұшырап, пышаққа ілінді? (2,5млн.)13.2000 жылғы сайлауда Ұлы Хуралдағы 72 мандатты жеңіп алған саяси партия: (Моңғолия Халықтық Революциялық партиясы)14. 2000 жылғы сайлаудан кейін моңғол мемлекеттік қайраткері Намбарын Энхбаярдың атқарған лауазымдық қызметі: (премьер-министр)15. Моңғолия мен Қазақстан Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар қашан орнады? (1992ж. 22 қаңтар)16. 1993ж. қазан айында моңғол еліне алғаш рет ресми сапармен барып, Достық және экономикалық қарым-қатынастар орнату келісіміне қол қойған қай мемлекеттің басшысы? (Қ.Р.Президенті Н.Ә.Назарбаев)17.Зерттеулер барысында мыс, алтын, күміс, өте мол кокс көмірі қорлары табылып, шетел капиталының назарын аударған Моңғолия аймағы. (Оңтүстік-Гоби аймағы)18. XXғ. соңында Моңғолияның саяси кеңістігінде оппозициялық топтар мен көппартиялық жүйе қалыптасып, демократиялық жаңалықтардың енуіне әсер еткен сыртқы жағдай: (Шығыс Еуропа мен КСРО-дағы өзгерістер)19. Президент Н.Энхбаярдың жарлығымен Улан-Батор қаласында 2008 жылдың 1 шілдесінде төтенше жағдай жариялауына себеп болған саяси оқиға. (Ұлы мемлекеттік Хурал сайлауы)20. Моңғолияда көппартиялық тәртіпке еркін жол ашқан заң қай жылы қабылданды? (1990ж. мамыр )



§§ 46-47. XXғ.екінші жартысы- XXIғ.бас кезіндегі халықаралық қатынастар1.Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін халықаралық қатынастарда шешуші күшке айналып, әлемге жеке билік жүргізу жолында бақталас болған екі алып мемлекет: (АҚШ пен КСРО)2.Социалистік құрылысты басқа елдерге күшпен таңып, өз ықпалын әлемге таратпақ болған алып мемлекет: (КСРО)3. Халықаралық сахнада «капиталистік лагерь» атанған топтың басында тұрған алып мемлекет: (АҚШ)4.Соғыстан кейінгі бітімдерге сәйкес Германияның шығыстағы жерлері қай елдерге берілді? (Польша мен КСРО-ға)5. 1949жылы Германия жерінде құрылған қос мемлекет: (ГФР және ГДР)6. Әлемде бейбітшілікті сақтау, қауіпсіздікті нығайту, озбырлыққа жол бермеу үшін 1945 жылы құрылған халықаралық ұйым: (БҰҰ)7. Біріккен Ұлттар Ұйымына алғашқыда қанша мемлекет енді? (51)8. Ядролық қаруларды игеру мен сынау, озық қарулардың жаңа түрлерін ойлап табу, неше дүркін ашық қантөгіс соғысқа әкеліп тіреген АҚШ пен КСРО бастаған лагерьлердің арасындағы текетірес саясат: («Қырғиқабақ соғыс»)9. «Қырғиқабақ соғыстың» негізгі орталығына айналған социалистік елдердің әскери-саяси одағы: (Варшава Шарты Ұйымы)10. 1949 жылы құрылған әскери-саяси блок: (НАТО)11. Ялта, Потсдам конференцияларында бекітілген құпия келісімдерге орай Шығыс Еуропа мен Батыс Еуропаны өз ықпалдарында ұстауға уағдаласқан қос тұлға: ( Черчилль мен Сталин )12. 1947 жылдан осы күнге дейін реттелмеген Таяу Шығыс жанжалы қай халықтардың арасында туындады? ( еврейлер мен арабтар )13. Таяу Шығыстағы Палестинаға байланысты бүкіл араб әлеміне ауыр тиген алты күндік соғыс болған жыл: (1967ж. маусым)14. «Қырғиқабақ соғыстың» Оңтүстік-шығыс Азиядағы ошағына айналған 1965-1973 жылдардағы соғыс: (АҚШ - Вьетнам соғысы)15. Оңтүстік Азиядағы Кашмир аймағы үшін жанжалға тартылған мемлекеттер: (Үндістан мен Пәкістан)16. «Қырғиқабақ соғыс» тұсында екі алып ел - АҚШ пен КСРО арасында Куба үшін туындаған «Кариб дағдарысы» қай жылы болды? (1962ж.)17. Жерде, суда және ауада ядролық сынақтарды тоқтату туралы шарт жасалған жыл: (1963ж)18. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтасу туралы Акт қай қалада қабылданды? (Финляндия астанасы Хельсинкиде)19. 1980-1988жылдары соғысқа тартылған қос мемлекет: (Ирак-Иран)20. 1998ж. соңында Иракқа қарсы «Шөл дала түлкісі» әскеи операциясын жүзеге асырған ел: (АҚШ) 21. С.Хусейн басқарған Ирак әскерлері 1990ж. тамызда қай мемлекетті басып алды? (Кувейт)22. 1975ж. билікке келіп, халқын қырып, елін азамат соғысына ұрындырған Камбоджаның қытай үлгісіндегі коммунистері: (Қызыл кхмерлер)23. 1978ж. сәуір төңкерісінде билікке келіп, КСРО-ға арқа сүйеген Ауғанстандағы саяси партия: (Халықтық-демократиялық партия)24. 1987ж. қарашада орта және шағын қашықтықтағы зымырандарды жою туралы шарт жасасқан АҚШ және КСРО басшылары: (Р.Рейган мен М.С.Горбачев)25. 1989жылы Еуропадағы қарапайым қаруларды қысқарту туралы шартқа қай қалада қол қойылды? (Венада)26. 1949-1989 жылдары Қазақстанда қанша ядролық сынақ жарылысын өткізген? (498)27. 1991ж. тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен жабылған ядролық сынақ полигоны: (Семей полигоны)28. 1996жылы ядролық сынақтарын тоқтатқан елдер: (Франция және Қытай)29. Ядролық қаруды таратпау туралы келісім жасалған жыл: (1986ж.)30. КСРО өмір сүруін тоқтатып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) құрылған жыл: (1991ж)31. Таулы Қарабақ үшін ара-тұра жанжалға килігіп отырған елдер: (Әзірбайжан мен Армения) 32. Бірінші Ресей-Шешенстан соғысы жылдары: (1994-1996)33. Екінші Ресей-Шешенстан соғысы басталған жыл: (1999ж)34. 2008 ж. Косовоның тәуелсіздігін қолдамаған елдер: (Ресей, Қытай, Үндістан)35. 2008 ж.тамыздағы Ресей-Грузия соғысынан соң өз тәуелсіздіктерін жариялаған елдер: (Абхазия мен Оңтүстік Осетия)36. Лаңкестердің Нью-Йорк сауда үйіне шабуылы қашан болды? (2001ж. 11 қыркүйекте)37. АҚШ пен Англия Иракқа қарсы соғыс ашып, С.Хусейнді биліктен аластатқан жыл: (2003ж)38. АҚШ бастаған НАТО күштері Югославия президенті С.Милошевичті тізе бүктірген кезде оған қатты наразылық білдірген елдер: (Ресей, Қытай)39. Мұнай мен газға сұранысы артып, дамуы жеделдей түскен ірі елдер: (Қытай, Үндістан, Бразилия)40. Қазіргі кезде халықаралық қатынастарда байқалып отырған шаруашылық, саяси-әлеуметтік салаларын байланыстырып, елдердің жақындасуын көздейтін процес: (дүниежүзілік ықпалдастық және жаһандану)



Дайындаған: тарих пәні мұғалімі С.Б.Тайпаков; А.Тихоненко ат. ОЖББМ.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ