Дүние жүзінің саяси картасындағы мемлекеттер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дүние жүзінің саяси картасындағы мемлекеттер

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары 6 сыныпта сабақ барысында алты ойлау қалпағы арқылы оқушыларды сабаққа қызығушылығын арттыру және практикалық жұмысты орындау үшін жазылған
Материалдың қысқаша нұсқасы



ҚОЙГЕЛДІ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТАЛАС АУДАНЫ ТАМДЫ АУЫЛЫ













АШЫҚ САБАҚ

Дүние жүзінің саяси картасындағы мемлекеттер.





СЫНЫБЫ: 6

ПӘНІ: ГЕОГРАФИЯ

ПӘН МҰҒАЛІМІ:Р.ИМАЛАХОВА



















Тақырыбы: Дүние жүзінің саяси картасындағы мемлекеттер.

7 практикалық жұмыс

Мақсаты:

Оқушылар дүниежүзінің саяси картасындағы мемлекеттер,олардың ерекшеліктері, дүние жүзінің саяси картасындағы орны туралы білім ала отырып, практикалық жұмыс барысында сол елдерді кескін картаға координаталар бойынша түсіреді.

Күтілетін  нәтиже: Оқушылар мәтінге талдай жасай алады, өз ойларын жеткізе біледі, өзара ынтымақтастық қалыптасады, топта пікірлесіп, ортақ шешімге келуге дағдыланады, сұрақ қоя біледі, білімге құштарлығы артады, бірін-бірі бағалай алады

Ресурстар: Саяси карта, Атлас,кескін карта,бағалау парақшасы,үлестірме материалдар.

Әдіс-тәсілдер: Алты ойлау қалпағыМиға шабуыл.

Жоспары: І Кіріспе бөлімі

  1. Ұйымдастыру.Амандасу. Сергіту сәті. (1 минут)

  2. Оқушыларды топқа бөлу(2 минут)

ІІ Негізгі бөлім

  1. Тапсырмаға дайындалу (1 минут)

  2. Әр топтың тапсырмасын қорғап шығуы (10 минут)

  3. 7 практикалық жұмысты орындау (15 минут)

ІІІ Қорытынды бөлім

  1. Теориялық бөлім.Бекіту сұрақтары (12 минут)

  2. Қорытындылау.Үйге тапсырма беру. ( 2 минут)

  3. Кері байланыс (1 минут)





Сабақ барысы: І. Кіріспе бөлім.

1. Амандасу. Сергіту сәті.

«Әр елдің амандасу рәсімін»көрсету.

 

2. Оқушыларды топқа бөлу.  Дүние жүзінің саяси картасындағы мемлекеттер  атымен топқа бөлу.

1) Қазақстан 4) Жапония

2) Ресей 5) Үндістан

3) Қытай 6) Корея

Топтан көшбасшы сайлап алу

ІІ Неізгі бөлім:

Кіріспе сөз.

Аты ойлау қалпағы әдісі бойынша оқушыларға әр қалпақтың атқаратын қызметімен таныстыру.

ә). Топқа бөліп, атқаратын міндеттерімен таныстыру.

1.Ақ (ақша бұлттар) — ақпараттар, фактілер, мәліметтер.

2.Қызыл (жалын) — ішкі сезім, эмоция, сезіну.

3.Қара (тұман) — логикалық негативті ойлау.

4.Сары (күн) - оптимизмді, логикалық позитивті ойлау.

5.Жасыл (дала) - жаңа идеялар, шығармашылық ойлау.

6.Көк (аспан) - ойлау үрдісін басқару, қорытындылау























топтағы оқушылардан оқулықта берілген 6 қадам бойынша тапсырмалар беру.

Тапсырмаға дайындалу (2 минут)

Әр топтың тапсырмасын қорғап шығуы (10 минут)

1-қадам. «Білу»

1.Саяси карта дегеніміз не? 2.Ол қандай картаға жатады?

3. Мемлекеттердің ішкі әкімшілік бөлінуін көрсету үшін карта жасалады.ол карта қалай аталады?

4.Қазір дүние жүзінде қанша мемлекет бар?

5. Аумағының үлкендігі жағынан әлемнің жеті елін атаңдар

6.Дүниежүзінде халқының саны 100 млн-нан асатын қанша мемлекет бар?

2-қадам «Түсіну»

Не себепті карта жасалады?

2. Неліктен Дүниежүзі саяси картасында Ресей,АҚШ,Канада,Қытай мемлекеттері ерекше көзге түседі?

3-қадам «Талдау»

1.Саяси карта мен физикалық картаны Венн диаграммасы арқылы салыстырыңдар

2. Атластағы дүниежүзінің саяси карасынан мәтінде берілген мемлекеттерді астанасымен тауып,кескін картаға түсіріңдер.

4-қадам «Жинақтау»

  1. Орталық Азияда орналасқан елдерді атаңдар.

  2. Халқының саны жағынан ең үлкен мемлекеттерді атап картадан көрсетіңдер.

5-қадам «Қолдану»

  1. Саяси картадағы Қазақстанмен көршілес жатқан мемлекеттерді,олардың астаналарын атаңдар.

  2. Қазақстанның саяси әкімшілік картасынан өздерің тұрған облысқа көршілес жатқан облыстардың жер көлеміне қарай жазыңдар.Орталық қалаларын атаңдар

6-қадам «Баға беру»

Сендер қалай ойлайсыңдар? Болашақта дүниежүзінің саяси картасы үлкен өзгеріске ұшырай ма? Ұшыраса оған не себеп болуы мүмкін?

7 практикалық жұмыс .(15 минут)

Тақырыбы: Берілген координаталар бойынша кескін картаға мемлекеттерді және олардың астаналарын түсіру.

Құрал-жабдықтар: Географиялық атластағы Дүниежүзінің саяси картасы,кескін карта ,глобус,түрлі-түсті қарындаштар

Орындалатын тапсырмалар:

Атластағы дүниежүзінің саяси картасын пайдалана отырып,кескін картаға Қазақстан, АҚШ,Ресей,Үндістан,Бразилия ,Нигерия, т.б. мемлекеттердің шекарасын белгілеп,олардың астаналарын жазыңдар.

  1. Кескін картаға мына астаналарды Астана, Мәскеу,Бейжің,Вашингтон,Дели,Лагос және т.б. қалаларды түсіріп,олардың географиялық координаталарын анықтаңдар.

ІІІ Қорытынды бөлім

2 Теориялық бөлім. (12 минут)

1-қадам «Білу»

  1. Жер шарында қандай ірі мемлекеттер бар?

  2. Олардың қайсысы Қазақстанмен шекаралас орналасқан?

  3. Аралдарда орналасқан қандай мемлекеттерді білесіңдер?

  4. Саяси карта денеіміз не?

  5. Мемлекеттің ішкі әкімшілік бөлінуі қандай картаға жатады?

  6. Қазір дүние жүзінде қанша мемлекет бар?

  7. Аумағы үлкен әлемнің жеті елін атаңдар.

  8. Қазақстан батыс,солтүстік- батыс және солтүстігінде қандай мемлекеттермен шектеседі?

2-қадам «Түсіну»

Неліктен қазақстан көп ұлтты мемлекет деп аталады?

3-қадам «Талдау»

Дамыған және дамушы елдерді Венн диаграммасы арқылы салыстырыңдар.

4-қадам «Жинақтау»

Дамушы елдер құрлықтың тең жартысын алып жатыр.Олар қай материктерде орналасқан?

5-қадам «Қолдану»

Төмендегі мемлекеттердің географиялық орнына қарай топтастырыңдар

  1. Теңіз жағалауында:-----------------

  2. Түбектерде:----------------------------

  3. Аралдарда:------------------------------

  4. Топаралдарда:-------------------------

Жапония,Мадагаскар,Үндістан,Гватемала,Ұлыбритания,Шпицберген,Норвегия,Жаңа Зеландия,Италия,Венесуэла.

6-қадам «Баға беру»



Қалай ойлайсыңдар?

Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздігі қандай саяси-әлеуметтік өзгерістер алып келді?



Қорытындылау.Үйге тапсырма беру. ( 2 минут)




Кері байланыс (1 минут)

«Бағдаршам» оқушылар қолдарына берілген қағазға жазып, үш түсті бағдаршам көзінің қалауына жабыстырады.

1) Қызыл: «Сабақ менің көңілімнен шықты. Мен өзіме көп пайдалы нәрсе алдым. Мен сізді де, сабақты да толық түсіндім.Өзіме тиісті баға алдым» дегенді білдіреді.

2) Сары: «Сабақ қызық болды. Мен оған белсенді қатыстым. Белгілі бір деңгейде маған сабақ түсінікті. Мен сабақта өзімді жайлы сезіндім».





































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
816
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі