Материалдар / Дүниежүзі халқының тілдік әулеттері мен топтары 7 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дүниежүзі халқының тілдік әулеттері мен топтары 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
1.Дүниежүзі халықтарын тілдік әулеттерге ажыратады. 2.Дүниежүзі халықтарынының тілдік топтарға жіктелуінінің басты себептерін анықтап,талдайды. 3.Дүниежүзі елдерінің этникалық құрамының күрделі болуы елдің дамуын сипаттай алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қараша 2018
2272
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сабақ жоспарының үлгісі

Сабақты жоспарлауда орта мерзімді жоспарға жүгініңіз. Сабақ жоспарын ұсынылған үлгінің негізінде әзірлеуге болады.

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Халық географиясы

Мектеп:



Күні:

Мұғалімніңаты-жөні:


Сынып: 7

Қатысқандар:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

Дүниежүзі халқының тілдік әулеттері мен топтары



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)

7.4.1.1 дүниежүзі халықтарының этнолингвистикалық жіктелінуін түсіндіреді.


Сабақтың мақсаты

1.Дүниежүзі халықтарын тілдік әулеттерге ажыратады.

2.Дүниежүзі халықтарынының тілдік топтарға жіктелуінінің басты себептерін анықтап,талдайды.

3.Дүниежүзі елдерінің этникалық құрамының күрделі болуы елдің дамуын сипаттай алады.


Бағалау критерийі

Білу, түсіну–Дүниежүзінде таралған халықтар және тілдер туралы біледі, тілдік ерекшелігі бойынша топтарға ажырата алады.

Қолдану- мәтіндегі ақпаратты пайдалана отырып, дүниежүзіндегі кең таралған тілдерге кесте құрастырып сипаттайды.

Талдау – Халықтарды топтастырып олардың географиялық орналасуындағы ерекшеліктерін түсіндіреді, жіктейді


Тілдік мақсаттар


Лексика мен терминология:

этнолингвистика, этнос, халық, ұлт, классификация, лингвафранка.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Дүниежүзінде тілдердің саны ........ жетеді.

Классификацияны .....................

.............................ерекшеліктерін топта талқылаймыз.

Дүниежүзі тілдерінің ........ жуығын қамтитын........ тіл әулеті бар.

Дүниежүзінде ең көп таралған әулеттерінің бірі, ол.......................


Құндылықтарға баулу




-өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;

-сенімді қарым-қатынас жасау қабілеті;

- топтық және жұптық жұмыстарда бір-бірін қолдап-қуаттау, өмір бойы білім алу.


Пәнаралық байланыс

Тарих–халықтардың этникалық құрамы байланысады. Қазақстан аумағындағы этносаяси қауымдастықтың қалыптасуында байланысады

Математика –халық көрсеткіштерін есептеуде байланысады.


Алдыңғы білім


Дүниежүзі халықтарының әркелкі орналасуын, әр түрлі мәдениетке ие екендігі туралы біледі.


Жоспар


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Дереккөздер, ресурстар


Сабақтың басы

7-мин

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ұйымдастыру кезеңі.

-ынтымақтастық атмосферасы «Әр қашан күн сөнбесін» әуенін айту. Этнос, халық, ұлт терминдері бойынша топқа бөлу

-топтастыру

Үйге тапсырма сұрау «Кім жылдам» әдісі

Оқу материалдары,

Маркер,Флипчарт,



Сабақтың ортасы

30-35 мин

«Атаулар туралы үш сұрақ» әдісі

Жаңа тақырып бойынша этнос, халық, ұлт терминдерін тақтаға жазып ,оқушыларға осы атауларға қатысты сұрақтар беру.

1. Қайда?Бұл терминдерді бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестірдіңіз?

2. Қалай? Осы атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласыз ба?

3. Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсыз?

«Ойлан Жұптас Пікірлес» әдісі

1-топқа Халықтарының этнолингвистикалық

классификациясы.

2-топқа Тіл әулеттері

3-топқа Қазақстан аумағында тұратын этностар Жұмысты орындауға әр топ постер қорғайды.

Сергіту сәті. «Арқаға сурет салу »

«Ой қозғау» әдісі деңгейлік тапсырмалар беріледі.

1-тапсырма Төмендегі тіл топтарын ретімен орналастырып, сәйкестендіру.

Роман болгарлар, чехтар,поляктар

Иран молдавандар, француздар,румындер

Славян норвегтер, америкалықтар,шведтер

Герман якуттер,хакастар,татарлар

Түркі парсылар,тәжіктер,хазарлар

2-тапсырма бойынша оқушылар атлас картаны қолданып дүниежүзіндегі тіл топтарына талдау жасайды:

-Дүниежүзі халықтарының орналасуының ерекшеліктерін, себептерін түсіндіру.

- Ең көп таралған тіл әулеттерін анықтап оларға сипаттама беру.



Бағалау критерийі

Дискриптор

Балл

халықтың тілдік топтары бойынша топтастыру және олардың таралу ерекшеліктері.


Халықты тіл әулеттері бойынша топтастыра біледі.

+-

Халықты тіл әулеттері бойынша топтастыруда картамен жұмыс жасай алады

+-

Дүниежүзі халықтарының орналасуының ерекшеліктерін, себептерін талдайды.

+-

3-тапсырма \Оқулықпен жұмыс.\ Қазақстандағы аумағында тұратын этностар кестесін толтыру және оның пайыздық есебін шығару.

Ұлттар

Ұлттар саны

Пайыздық көрсеткіші %













Интербелсенді тақта













Оқулық

А-4 форматындағы қағаз.

Маркерлер,

Флипчарт,




Сабақтың соңы.




















Сабақтың қорытындысы: Оқушылар өзін-өзі бағалауын ұйымдастыра отырып,кері байланыс жасалады.

«Бес саусақ» әдісі

Бас бармақ - Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

Балалы үйрек - Мен жұпта \топта қалай жұмыс жасадым.

Ортан терек - Мен бүгін қандай білім алдым?

Шылдыр шүмек - Сабақ ұнадыма ?

Кішкентай бөбек -Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?


Үйге тапсырма: Дүниежүзі тілдердің таралуын кескін картаға түсіру.

Маркер

Флипчарт




Саралау – Сіз оқушыларға қандай тәсілмен көмектесесіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз.


Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?









Пәнаралық байланыстар.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану






Қабілеті жоғары оқушыларға тақырыптарды орындау барысында;

Сабақты қорытындылау барысында анықталады

Тақырыптың ең қиындау деген тұстарын беру арқылы шығармашылық қабілетін дамытады





Жетістік критерийлері арқылы бағалайды. Дескрипторлар арқылы бағалау жүргізіледі.

Өзін-өзі бағалайды.

Өзара топтық бағалайды.


Сабақ жоспарын әзірлеу үшін тарих пәнінің мұғалінен кеңес аламын.

Сабақтағы шаралар барысында оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі қадағаланады.

«Арқаға сурет салу » әдісі бойынша сергіту жаттығулары қолданылады


Сабақ бойынша рефлексия



Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы және қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауда сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.




















Қорытынды бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиындықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!