Материалдар / Дүниежүзілік мұхит проблемалары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дүниежүзілік мұхит проблемалары

Материал туралы қысқаша түсінік
география пәнінен сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қазан 2020
539
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжі»МКҚК


САБАҚ ЖОСПАРЫ №


Пән: География


Сабақ тақырыбы: Дүниежүзілік мұхит проблемалары

Сабақ түрі: аралас сабақ


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Дүниежүзілік мұхит проблемаларының туындауы, проблеманың мәні мен шешу мүмкіндіктері туралы түсіндіру.

Дамытушылық: Білім алушылардың сыни ойлау, шешім қабылдай білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Табиғаттың сұлулығын аялауға, табиғаттағы өзгерістерді сезуге, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу, эстетикалық тәлім-тәрбие беру

Сабақтың көрнекілігі: слайд, электрондық оқулық, карта

Негізгі әдебиет: География:Дүние жүзіне аймақтық шолу. Ә.Бейсенова К.Каймулдинова,С.Әбілмәжінова, Ж.Достай; «География » Ғ.Гарапова, Н.Жақанбаева «Шың кітап»-2006

Пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Білім алушылармен сәлемдесу, түгендеу.

Тренинг «“Тілек тіле досыңа”

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
1.Демографиялық проблеманың ғаламдық сипаты неден көрінеді?

2.Дамушы елдерге тән азық-түлік проблемасын атаңдар?

3.Қазақстанды азық-түлікпен қамтамасыз етілу жөнінен қандай елдер тобына жатқызуға болады?

4. Демографиялық және азық-түлік проблемаларының туу себебі не?

5. Демографиялық және азық-түлік проблемаларын шешу жолдары қандай?

ІІІ. Білімді тексеру:

1.Шикізат проблемасының пайда болуына қандай факторлар әсер етеді?
2.Неге кей елдерде энергетикалық және шикізат проблемасы болса да, ол ғаламдық сипат алып отыр?
3.Қазақстанда шикізат тапшылығы бар ма?
4.Біздің елімізде балама энергетика қорларын игеру жүзеге асырылды ма?
5. Қосымша деректер пайдаланып, ҚР-ны энергетикалық және шикізат проблемасын шешу жолдарын қарастыр?

6. Энергетика және шикізат проблемаларын шеше жолдары?



ІҮ.Мақсат қою:40 2

Ү. Жаңа сабақ:

Мұхит ластануы, Дүниежүзілік мұхиттың ластануы – адамдардың әрекеті нәтижесінде мұхит (теңіз) суларындағы табиғи процестердің бұзылуы. Ластаушы заттардың өте көп мөлшерде жиналуы салдарынан жылдан-жылға мұхиттың өзін-өзі тазарту мүмкіншілігінің төмендеуі – онда тіршілік ететін организмдердің құрып кетуіне немесе шектен тыс көбеюіне алып келеді. Мысалы, теңіз жұлдызының (Asteroіdea) тым көбейіп кетуінен Австралия жағалауындағы Үлкен Барьерлі рифтің түбінде “тікенді шеңбер” қалыптасуда. Сондай-ақ Дүниежүзілік мұхиттың, әсіресе мұнай өнімдерімен ластануы әлемдік мұхит пен атмосфера арасындағы газ алмасу процесіне кері ықпал етеді, соның салдарынан Жер атмосферасындағы газ қоспаларының концентрациясы үздіксіз артуда; жағалауға жақын және атыраулық аймақтарды қоса есептегендегі теңіздік ортаға заттардың немесе энергияның тікелей не жанама жолмен түсуі теңіз биотасының дамуына кедергі келтіріп, судың сапасын нашарлатады. Бұл жағдай тірі организмдер мен адамның денсаулығына қауіп төндіреді.

Соңғы жылдарда Дүниежүзілік мұхиттың пайдаланылуы күрт күшейді. Теңіз саудасының көлемі сан есе ұлғайып, флоттың тоннажы едәуір көбейді. ГФР кемелерінің әсіресе танкілерінің көлемі мен сыйымдылығын қауырт өзгертті. олардың жүк көтерімділігі 200-300 мың тоннадан асып түсті. Жағалауға түсетін реакциялық салмақ арта бастады. Интенсивті шаруашылық әсерінен мұхит ластанады. Мұнай таситын кемелер апатқа ұшырағанда, Дүгиежүзілік мұхиттағы экологиялық жағдайға ерекше зиянын тигізеді.Сондақтан бұл мұхит проблемаларын тек адамзаттың іс әрекеті шеше алады.



  1. ҮІ.Бекіту: 1.Тест
    Жер бетіндегі Дүниежүзілік мұхиттағы ең терең шұңғыма

a)    Ява b)    Мариан c)     Алеут d)    Филиппин e)     Курил-Камчат

  1. Жер бетінің қанша пайызын Дүниежүзілік мұхит сулары алып жатыр?

a)        60%-ын b)     40%-ын c)     71%-ын d)     26%-ын e)         29%-ын

  1. Дүние жүзін алғашқы болып жүзіп шыққан адам?

a)       Д.Ж.Кук b)       Ф.Магеллан c)       М.Поло d)     Х.Колумб e)    А.Веспуччи

  1. Африка қанша мұхитпен шектеседі?

a)       5; b)       3; c)       4; d)       2; e)       1;

  1. Дүниежүзілік мұхиттың жалпы ауданы қанша млн км²?

a)    320 млн км² b)    316 млн км² c)     361 млн км² d)    313 млн км² e)    363 млн км²

  1. Тереңдеген сайын мұхит суы ... түседі?

a)   Ауытқи түседі; b)   Қозғалады; c)   Төмендей түседі; d)   Арта түседі; e)   Температурасы өзгермейді;

  1. Дүние жүзілік мұхиттағы ең жоғарғы тұздылық қай теңізде?

a)   Қара теңізде; b)    Ақ теңізде; c)    Қызыл теңізде;d)   Жерорта теңізінде; e)       Каспий теңізінде;

2. «Миға шабуыл»

1. Дүниежүзілік мұхит проблемаларын шешу жолдары?

2. Дүниежүзілік мұхитты ластаушы факторлар?

3. Дүниежүзілік мұхиттағы мұнай өнімдерімен қатты ластанған аудандарды табыңдар?

4. Дүниежүзілік мұхитқа шыға алмайтын елдер мұхит суын ластауға қатысуы мүмкін бе?


ҮІІ. Қорытынды: бағалау

Рефлексия

ҮІІІ. Үйге тапсырма: § 60 оқу, мазмұнын айту




Оқытушы________________


Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары ____________________

































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!