Материалдар / Дүниетану пәнінен ҚМЖ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дүниетану пәнінен ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғаліміне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Маусым 2018
609
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Дүниетану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мен және қоғам

Күні:2018 жыл

Сынып: 1

Мектеп: «Ы.Кабеков атындағы орта мектебі» КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Капатаева Бакытжан Ризабековна

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қажет заттар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)


1.1.1.5 тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің құрылымын, олардың қайдан келетінін анықтау.

Сабақ мақсаттары


Барлық оқушылар: Тұтыну заттарына деген қажеттіліктерінің құрылымын, олардың қайдан келетінін анықтайды

Көптеген оқушылар: Тұтыну заттарының ішінен өзіне қажеттісін таңдап, пайдасын түсіндіреді.

Кейбір оқушылар:Қажетті оқу құралдарын қайдан алуға болатынын зерттеп, дәлелдейді.

Бағалау критерийлері


Тұтыну заттарына деген қажеттіліктерінің құрылымын, олардың қайдан келетінін анықтай алады.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар орындай алады:

Кітаптан, қосымша материалдардан оқушыға қажетті заттарды оқып біледі, атайды. Мектепке қажетті заттарды, ойынға қажетті заттарды, басқа да күнделікті қажетті заттарды топтастырып жазады.

Пәнге тән лексика мен терминология: таңдау, оқу құралдары

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

- Қажетті заттарды анықтай аласың ба?

-Мысал келтіре аласың ба?


Құндылықтарды дарыту


Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас жасау қабілеті, өзгелердің мәдениетіне құрметпен қарау.

Пәнаралық байланыстар


Сауат ашу, көркем еңбек, дене шынықтыру

АКТ қолдану дағдылары


Бейнежазба, слайд

Бастапқы білім


Қажет заттарды біледі, анықтай алады.

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

3 минут











3 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Оқушылар шаттық шеңберіне тұрады.

Көңілденіп күлемін

Бақытты боп жүремін

Бәрін біліп алатын

Мен бақытты баламын.

Оқушылар кітап, доп, қуыршақ топтарына бөлінеді.

«Кім тапқыр» әдісі арқылы оқу мақсаты жарияланады.

«Қабат қабат қаттама

Ақылың болса аттама»

(Кітап)

«Ұшымен қазық

Тор көздi жазық.

Үстiне өттiм,

Асыл сөз жазып»   (Дәптер)

Жұмбақтың шешуін оқушылар тауып,

қажетті заттар екенін айтады.

-Бұл заттар не үшін қажет?

-Сендер күнделікті тағы да қандай қажетті заттарды тұтынасыңдар?

-Ол заттарды қай жерлерде пайдаланамыз?










Жұмбақтар

Сабақтың ортасы

6 мин

















2 мин










4 мин




















2 мин
















3 мин



6 мин


























(Ұ)Тапсырма1 «Топтастыру» әдісі арқылы жүзеге асады.

Қажетті заттар қайдан келетінін анықта.





Қажетті заттар қайдан келеді?









Дескриптор:

Қажетті заттардың қайдан келетінін біледі.

Саралау тәсілі: Қарқын

Кейбір оқушыға:

-Оқушыға қажетті басқа да заттардың қайдан келетінін анықта.

Қабілеті төмен оқушыға қосымша уақыт беріледі.


ҚБ «Сиқырлы қалам» әдісі

Жасыл түсті қалам- қажетті заттардың қайдан келетінін білсе;

Сары түсті қалам- кейбір қажетті заттардың қайдан келетінін білмесе;

Қызыл түсті қалам- қажетті заттардың қайдан келетінін білмесе;

(Т) Тапсырма 2 «Артық затты алып таста» әдісі арқылы жүзеге асырылады.

1- топ: Оқу құралдарының арасынан артық затты алып таста.

2- топ: Ойыншықтардың арасынан артық заттарды алып таста.

3- топ:

Мектеп формаларының арасынан артық заттарды алып таста.

Дескриптор:

Оқу құралдарын анықтайды, артық заттарды алып тастайды.

Ойыншықтарды анықтайды, артық заттарды алып тастайды.

Мектеп формаларын анықтайды, артық заттарды алып тастайды.

Саралау тәсілі: Диалог және қолдау көрсету

Кейбір оқушы:

-Кітап қайда жасалады?

Қабілеті төмен оқушыға:

-Оқушыға қажетті заттарды ата.

ҚБ: «Сызғыш » әдісі қолданылады.

Ұзын өлшемді сызғыш –Суретте берілген заттардың атын атап, артық затты алып тастай алса;

Орташа өлшемді сызғыш-Суретте берілген заттардың атын атай алса, артық затты таба алмаса;

Қысқа өлшемді сызғыш- Суретте берілген кейбір заттардың атын атай алмаса;


Сергіту сәті: «Дүкенші» ойыны


(Ж)Тапсырма 3 « Біз зерттеушіміз» әдісі арқылы жүзеге асады.

Мектепке қажетті заттар мен ойынға қажетті заттардың неден жасалатынын анықта.

Жұптарға ойыншықтар мен оқу құралдары таратылып беріледі. Оқушылар заттың неден жасалғанын, көлемін, пішінін, түрін, тағы да басқа қасиеттерін ажыратады.

Дескриптор:

Мектепке қажетті заттардың неден жасалғанын анықтайды.

Мектепке қажетті заттардың барлық қасиеттерін табады.

Саралау тәсілі: Дереккөздер

Кейбір оқушыға:

Қағаздың қайдан келетінін анықта.

ҚБ: «Портфель» әдісі қолданылады.

Үлкен портфель- мектепке қажетті заттардың неден жасалғанын, олардың әр түрлі қасиеттерін ажырата білсе;

Орташа портфель- мектепке қажетті заттардың неден жасалғанын анықтаса, олардың кейбір қасиеттерін ажырата алмаса;

Кіші портфель- мектепке қажетті заттардың неден жасалғанын анықтамаса, олардың кейбір қасиеттерін ажыратуда көмекті қажет етсе;





















Түсті қаламдар





















Ұзын өлшемді, орташа өлшемді, қысқа өлшемді сызғыштар










Ойыншықтар мен оқу құралдары













Портфельдер суреттері

Сабақтың соңы

3 мин






4 мин









2 мин











2 мин

(Д) Тапсырма 4 «Дұрыс, бұрыс» әдісі арқылы жүзеге асады.

-Қалам- ойынға қажетті құрал.(Бұрыс)

-Портфель- мектепке қажетті құрал.(Дұрыс)

-Сызғыш- оқу құралы.(Дұрыс)

-Доп- оқу құралы.(Бұрыс)

-Кітап- оқу құралы. (Дұрыс)

Дұрыс деп есептелінген суреттерді флипчартқа жабыстырып, әңгіме құрастыр.

Дескриптор:

Оқу құралдарының суреттерін пайдалана отырып, әңгіме құрастырады.

Саралау тәсілі: Дереккөздер әдісі арқылы жүзеге асады.

Кітап туралы өз ойыңнан жұмбақтар құрастыр.

ҚБ: « Түсті қарындаштар» әдісі қолданылады.

Жасыл түсті қарындаш-заттарды қажеттілігіне қарай ажырата алса, сурет бойынша әңгіме құрастыра алса;

Сары түсті қарындаш-заттарды қажеттілігіне қарай ажырата алса, әңгіме құрастыруда көмекті қажет етсе;

Қызыл түсті қарындаш- заттарды қажеттілігіне қарай ажырата алмаса, әңгіме құрастыра алмаса;

Кері байланыс: «Білім шыңы»

Білімнің жоғарғы шыңы-бәрін түсіндім. Білім шыңының ортаңғы бөлігі- аздап қиналдым.

Білім шыңының төменгі бөлігі- мүлде түсініксіз болды.




















Түсті қарындаштар








Білім шыңының суреті

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Т1 Саралау тәсілі:

Қарқын

Кейбір оқушыға:

Оқушыға қажетті басқа да заттардың қайдан келетінін анықта.

Т2 Саралау тәсілі:

Диалог және қолдау көрсету

Кейбір оқушы:

-Кітап қайда жасалады?

Қабілеті төмен оқушыға:

Оқушыға қажетті заттарды ата.

Т3 Саралау тәсілі: Дереккөздер

Кейбір оқушыға:

Қағаздың қайдан келетінін анықта.

Т4 Саралау тәсілі: Дереккөздер

Кейбір оқушыға: кітап туралы жұмбақ құрастыр.



ҚБ «Сиқырлы қалам» әдісі

Жасыл түсті қалам- қажетті заттардың қайдан келетінін білсе;

Сары түсті қалам- кейбір қажетті заттардың қайдан келетінін білмесе;

Қызыл түсті қалам- қажетті заттардың қайдан келетінін білмесе;

ҚБ: «Сызғыш » әдісі қолданылады.

Ұзын өлшемді сызғыш –Суретте берілген заттардың атын атап, артық затты алып тастай алса;

Орташа өлшемді сызғыш-Суретте берілген заттардың атын атай алса, артық затты таба алмаса;

Қысқа өлшемді сызғыш- Суретте берілген кейбір заттардың атын атай алмаса;

ҚБ: «Портфель» әдісі қолданылады.

Үлкен портфель- мектепке қажетті заттардың неден жасалғанын, олардың әр түрлі қасиеттерін ажырата білсе;

Орташа портфель- мектепке қажетті заттардың неден жасалғанын анықтаса, олардың кейбір қасиеттерін ажырата алмаса;

Кіші портфель- мектепке қажетті заттардың неден жасалғанын анықтамаса, олардың кейбір қасиеттерін ажыратуда көмекті қажет етеді.

ҚБ. « Түсті қарындаштар» әдісі

қолданылады.

Жасыл түсті қарындаш-заттарды қажеттілігіне қарай ажырата алса, сурет бойынша әңгіме құрастыра алса;

Сары түсті қарындаш-заттарды қажеттілігіне қарай ажырата алса, әңгіме құрастыруда көмекті қажет етсе;

Қызыл түсті қарындаш- заттарды қажеттілігіне қарай ажырата алмаса, әңгіме құрастыра алмаса;

Кері байланыс «Білім шыңы»

Білімнің жоғарғы шыңы-бәрін түсіндім. Білім шыңының ортаңғы бөлігі- аздап қиналдым.

Білім шыңының төменгі бөлігі- мүлде түсініксіз болды.

Топтық және жұптық жұмыстар жасау кезінде қауіпсіздік техникасы ережесі сақталады.

Сергіту сәті жасалады.













Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?








Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз














Жалпы баға


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!