Материалдар / Дұрыс іс-әрекет құндылығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дұрыс іс-әрекет құндылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпыадамзаттық құндылықтар – бұл барлық кезеңдегі адамдар үшін маңызды, аса қажетті, қалаулы өтініші емес, жынысына, ұлтына, нәсіліне, азаматтығына, әлеуметтік жағдайына, діни сеніміне және т.б. байланыссыз әр адам үшін іс жүзінде мағынасы зор құндылықтар. Жалпыадамзаттық құндылықтар қазіргі таңда адамдардың бірлігі үшін, қоғамға қажеттіліктері, адамзаттың қызығушылықтары мен мұқтаждықтары-на жауап беретін кез келген мемлекет үшін маңызы өте зор.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
7961
9 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады












Реферат


Тақырыбы:Дұрыс әрекет










Орындаған: Айтбай Ж.И

Мектеп: Тіленшін атындағы ЖОББМ














Павлодар, 2017




Жоспар

Кіріспе

I Негізгі бөлім

I . 1. Жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсінік

II.Тәжірибелік бөлім

2.1 Жалпыадамзаттық құндылықтың ішіндегі дұрыс әрекеттің менің өмірімдегі орны

III. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер






































Кіріспе


Жалпыадамзаттық құндылықтар – бұл барлық кезеңдегі адамдар үшін маңызды, аса қажетті, қалаулы өтініші емес, жынысына, ұлтына, нәсіліне, азаматтығына, әлеуметтік жағдайына, діни сеніміне және т.б. байланыссыз әр адам үшін іс жүзінде мағынасы зор құндылықтар.

Жалпыадамзаттық құндылықтар қазіргі таңда адамдардың бірлігі үшін, қоғамға қажеттіліктері, адамзаттың қызығушылықтары мен мұқтаждықтары-на жауап беретін кез келген мемлекет үшін маңызы өте зор.

Бүгінгі күнде, әлемдік білім беру кеңістігінде жастардың бойына көптүрлі мәдениетті құрметтеуге, тәрбиелеуге, рухани-адамгершілік қызығушылық-тарын оята отырып, өскелең ұрпақтың әлеуметтік белсенділігін дамыту бары-сында қоғам үлкен жауапкершілікпен баса назар аударып отыр. Сонымен қоса, еліміз білім беру жүйесін адамгершілік пен руханилықты дамытуға бағыттауда.

Қазіргі заманда ғылым мен білім, ақпараттық технология, техника қаншалықты қарыштап дамыған сайын, адамның бойындағы рухани-адамгершілік қасиеттерінің соншалықты төмендеп бара жатқанын күнделікті өмірде көріп отырмыз. Атап айтар болсақ: тастанды бала, қарттар үйі, қатыгездік, табиғатты ластау, ағашты кесу, алдап соғу, жемқорлық, өлтіріп кету, өз- өзіне қол салу, т. б. толып жатыр. Адамзаттың ең асылы –«адам» деп қарайтын болсақ, онда адамның азғындауына не себеп? Әлде заман кінәлі ме?-деген сұрақтар туындайды. Көпшілігі «Заманына қарай адамы... » деген принциппен өмір суруде. Ал, заманды құрайтын адам емес пе? Міне, сонда барлығы қайтадан адамға келіп тіреледі. Сондықтан күллі әлемді сақтап қалатын бірден- бір жол  рухани адамгершілік білім екені даусыз. Ал, адамның жүрегіне нұр құятын, риясыз сүйіспеншілікпен рухани бастауға жетелейтін, ол – ұстаз.  Рухани- адамгершілік білімнің негізі болып табылатын «Өзін- өзі тану»  жобасының  авторы С. А. Назарбаева «Өмір әдебі» деген кітабында: «Рухани кәусар бұлаққа барар жол іздеу әр адамның міндеттерінің міндеті екендігіне сенімдімін» дей келе, оған тек  жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту арқылы ғана жетуге болатынын атап көрсетті. Сонымен қатар: «Алланың алдында бәріміз бірдейміз. Әрқайсысымыздың жолымыз, өмірлік міндетіміз бар, бірақ бәрімізге ортақ міндет – жан дүниеміздегі  махаббаттың сөнбейтін шырағын жаға отырып, Адам боп қалу!» деп адамшылықты бірінші орынға қояды. Бүгінгі таңдағы жас ұрпаққа беріліп жатқан тәрбиенің түрлерін алып қарайтын болсақ, ақыл-  ой тәрбиесін математика сабағы, дене тәрбиесін дене шынықтыру сабағы  дамытатын болса, патриоттық тәрбиені тарих сабағында, эстетикалық тәрбие музыка, әдеп сабақтарында беріледі. Ал адамгершілік тәрбиесі тек сынып сағатымен шектеліп қалды. Ал, түсінген кісіге жас ұрпақ тәрбиесі үшін, жалпыадамзат үшін  «Өзін –өзі тану» пәнінің алатын орны ерекше.  Рухани құндылықтар қоғам талабына сай өзгерістерге ұшырап  жаңа нарықтық қоғам салты пайда болды. Бұл жағдайлар адамдардың арасында ізгілік, әділдік, өзара көмек, төзімділік сияқты қарым-қатынастар орнатуына ықпал ететін құндылықтар мен әр жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуы мен оларды жүзеге асыруға түрткі болатын құндылықтарды зерттеу қажеттіліктерін туғызды. Осындай жағдайларда қоғамдық мұраттар мен адамдардың тәлімдік үдерістері өзгерді, сондықтан да білім мазмұнын түбегейлі жаңғырту, әдістерді жаңарту және жастарды оқыту мен тәрбие беру технологияларын жетілдіру қажеттілігі туындады.

Қоғамның осындай қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімі жобасының авторы, еліміздің Бірінші Ханымы Сара Алпысқызы тұңғыш рет мемлекеттік деңгейдегі өскелең ұрпақты жалпыадамзаттық құндылықтарға үйрету мәселесін көтерді. Жоба авторы «Өзін-өзі тану» білім бағдарламасының мәнін ешкімге еліктемей, өзіндік тұлғасын сақтап қалу; өз мүмкіндіктерін, дарынын дамыта білу; міндетті түрде «жақсы» мен «жаманды» ажырата білу; өзінің ниетіне, сөзіне және іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау; өзімен және қоршаған ортамен жарасымды өмір сүру; адамдарға әрқашан қолынан келгенше көмектесу; өзінің ішкі «Менін» жоғалтпай, ар-ұжданымен өмір сүру; қоғамның игілігі үшін еңбек ету, үнемі кемелденіп отыру деп түсінеді. Мұның барлығы – үйлесімді дамыған адамның негізгі өмірлік ұстанымдары, яғни «Өзін-өзі тану» білім бағдарламасы болып табылады.































I Негізгі бөлім

I . 1. Жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсінік

Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойына тумасынан берілген сый яғни, жалпыадамзаттық құндылықтар-адамның ішкі жан-дүние қасиетінің өлшемі, адамның жақсылыққа ұмтылуы, басқаларға жанашарлық білдіруі, айналадағы адамдарға қайырымдылығы, өзін-өзі танып, өзін-өзі бағалау арқылы дүниені, әлемді тануы деп түсінеміз. 

Құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне баға беруден тұрады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар мен нормалар қызметін өзіне бағындырады және реттейді. Адам өзін қоршаған затты және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды. Сондықтан да дамып келе жатқан адамға қандай құндылық қажет деген сұрақ туындайды.

Табиғи құндылық –бұл адамның табиғи күші мен жан дүниесінің қабілеттілігі құндылықтары, яғни ақыл-ой, сезім, күш-жігер т.б.

Жүре пайда болған құндылықтар – бұл адамның интеллектуалды және адамгершілік тұрғыдан дамуы барысында меңгерген құндылықтар, яғни әдептілік, сыпайылық, сыйластық, жанашырлық т.б.

Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар - ол уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен, қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар.

Дұрыс әрекет- жүректен шығып, сосын сөз ретінде бейнеленетін және іс-жүзінде қолданылатын құндылық. Ондағы сүйіспеншілік – ақиқат, істегі сүйіспеншілік – дұрыс әрекет.Дұрыс әрекет – әрекеттегі Сүйіспеншілік.  
Ақиқаттан туындағанның барлығы – дұрыс әрекет.Дұрыс әркет - өмір негізі.

Адам баласы өзінің  таза жүрегінде, бұзылмаған ар-ұжданына  бір сәт назар аударса, оның бастауы  тәрбиеге деген бейімділік екенін ұғады. Бала көзін ашқаннан бері  жан-жағындағы  барлық жаратылыстың  адамға қызмет  етіп тұрғанын  және айналасындағы  әр түрлі  ғажайып істердің атқарылып жатқанын таза  жүрекпен, кірленбеген  ар-ұжданмен сезінуі тәрбие бастауының дұрыстығынан.  Рухани-адамгершілік білім берудегі дұрыс әрекетке үйретудің мақсаты – рухани-адамгершілік құндылықтарға бағытталған, ойы, сөзі мен ісі бір жерден шығатын, жетілген мінезі бар адамды қалыптастыру.  

Рухани-адамгершілік сана-сезімі оянған адам ғана мәңгі құндылықтарды уақытша құндылықтардан, шынайылылықты жалғандықтан ажыратып, бақытты болып, өзгелерді бақытты етеді. Осындай білім беру адамның жетілуін қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан, данышпан Абайдың нақыл сөздерін естен шығармау керек, ол өз заманында былай жазған еді: «Адамның мінезі – ақыл мен білімді сақтайтын ыдыс. Білімдер сақтайтын ыдыс мықты болмаса, оқудан пайда болмайды».

Күнделікті өмірде мәңгі жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлана отырып, рухани тұрғыдан кемелдену қажет. Руханилық – бұл үлкен адамгершіліктік! Руханилық – бұл адамдардың шынайы және достық өзара қатынастарында көрінетін шыншылдық, данышпандық, риясыз махаббат. Заманауи қоғам жүрегі ашық, қоғамға қызмет ететін білімді адамдарды қажет етеді.

Ойды өзгерту. Білімді жетілдіру, өмір сүруді жеңілдету  және барлық істерді  сәтті тыңдыру үшін  тек қана адамның  өз ойларын  дұрыс басқару қабілетінен  басқа ештеңе қолайлы жағдай  туғызбайды. Ақыл- парасатты  меңгеру ісінде  осы ойларды билеу  мен бағындырудан асқан қиын  нәрсе жоқ та шығар.  Адамның ақылы әрқашан  еркін және  өзіне кездесетін алуан  түрлі нысандармен  байланысқа  түсуге дайын болып,  оған сол сәтінде  қажетті саналатын  мөлшерде ғана  зейінін  бөлуге тиіс.

Әлемде кеңінен тараған келеңсіз жағдайды ескере отырып, қазіргі таңда қоғамға жетіспейтін риясыз махаббатты ояту керек. Біз қазір жеке эгоистік қызығушылық қасиеттер үстемдік ететін ғасырда өмір сүреміз.

Өзімшілдік – адамның қасиеті, риясыздық – рухани – міне осы  ақиқат адамның рухани байлығы мен тектілігін көрсетеді. Ол адамзаттың бүкіл жақсылығының қайнар көзі.

Сократтың айтуы бойынша ұстаздың негізгі міндеті –оқушының мықты  рухани күштерін ояту. Сократ тәрбиелудің жолдарын-өзін-өзі сараптаудан, өзін-өзі жетілдіруден көреді. Тәрбиелеудің  мақсаты-өзін-өзі тану.

- Әр адамның бойында бар Ар – ұждан дауысын ажырата  және ести білу қабілеттерін ояту.

-Күнделікті өмірде дұрыс әрекет ету дағдысын және жүзеге асыратын ойларын, сөздерін және іс-амалдарын бекіту.

Ақиқат жолымен жүргенде дұрыс әрекет   туындайды, оның қағидаты-өзіңе де, өзгеге де, табиғатқа да еш зиян келтірмеу. Ол үшін табиғаттың, моральдың және мемлекеттің заңдылықтарын білу, құрметтеу және орындау қажет.

Бақытты адам:

-өзге адамдардың  өзі туралы  не ойлайтынын  уайымдамайды;

-Барлығынан  жақсылық көруге тырысады.

Бүгінгі күн керемет, бірақ мен оны көре алмаймын. 

 Ежелгі Қытай ойшылы Конфуцийдің айтуы бойынша  жан-жақты толысқан, адамгершілік қасиеттері мол «жетілген адамның бойында» негізінен екі қасиет болуы қажет, олар: адамгершілік пен парыз сезімі. Басты қасиет парыз сезімі керек. Парыз – бұл моральдық міндет болып саналады. Парызды сезіне білудің өзі білім мен жоғарғы принципке, жалпы алғанда, адам бойындағы ізгі қасиеттерге тікелей байланысты болып келеді.

Конфуцийдің ойынша адамгершілігі мол кісіде мына бес қасиет болу керек:

Кісіге шын құрмет, кеңпейілділік, шыншылдық, зеректік, мейірбандық.

Конфуцийдің «Өзіңе не тілемесең, басқаға да сонны тілеме» деген ойы философия тарихында «адамгершіліктің алтын ережесі» деп аталды».








II.Тәжірибелік бөлім


Жалпыадамзаттық құндылықтың ішіндегі дұрыс әрекеттің менің өмірімдегі орны. Мен өзін-өзі тану пәнінен курска келген күннен бастап группадағы әріптестеріммен бірден тіл табысып кеттім. Курс маған келген күннен бастап ұнады, курстың мақсаты сабақтағы жалпыадамзаттық құрдылықтардың маңызын ашу. Осы курс барысында маған «Дұрыс әрекет» құндылығы түсті. Осы құндылық түскен күннен бастап мен ұзақ ойда болдым және тәжірибе барысында зерттеймін деп ойладым. Курс барысында жалпыадамзаттық бес құндылықты айтып, қызықтыра отырып жеткізген кезде менде шабыт пайда бола бастады. Осы күннен бастап өзімде біршама өзгеріс болғанын байқадым. Сабақ барысында тренеріміз Б. Момышұлының, Ш.Аманошвилидің, Махатма Гандидің, Сократтың т.б. еңбектерін өмірмен байланыстыра таныстырып, аңыздар, фильмдер, эксперимент арқылы құндылықтар мен қасиеттерді айтқанда менің өмірге деген көзқарасым мүлде басқаша болып өзгергендей болдым. Сабақ арасында біз «Даңқ музейіне» бардық, онда рухани-адамгершілік құндылықтарға байланысты көп мәлімет алдым және керемет әсер алдым. Сонан кейін іс-тәжірибе алмасу үшін №25 мектепке, педагогикалық колледжге барып практика жүзінде көріп, ұстаздар-дың, балалардың сабақ барысында құндылықтарды ашып, өмірмен байланыс-тыра отырып, дәлелдегендерін көріп жақсы әсерде болдым. Осы курсқа кел-геніме қуандым және келешекте өзіме құнды, пайдалы мағлұматтар алғаны-ма қуандым. Сонымен қоса практика кезіңде өзімнің бойымнан көптеген өзгерістерді байқадым және дұрыс әрекет құндылығының мағынасын түсін-гендей болдым. Мен осы мезгілде адамдарға, оқушыларға, туысқандарыма деген көзқарасымның және қарым-қатынасымның өзгергенін байқадым. Осы өзгерісте жүргенімді жан-жағымдағы адамдар да сезгендей болып көрінеді. Мысалы, мен өзім кез-келген нәрсеге дұрыс көз қараспен қарап өзімді дамы-тып жатқандай күйде болдым. Сосын күнделікті іс-әрекеттер мен үшін басқа қырыннан көріне бастады. Бұл менің жасап жатқан дұрыс іс-әрекетім деп ойлаймын! Әрине «Дұрыс әрекет» құндылығының түсуі кездейсоқтық емес.

Бізді ата-анам кішкене кезімізден өтірік айтпауға, біреуге қиянат жасамауға, әр қашан шыншылдыққа, әділдікке тәрбиеледі. Бала кезімізден «Таспен атқанды, аспен ат» дегенді үйреткен болатын. Сол кезде мен осы мақалдың мағынасын түсінбегенмін, ал бүгінгі күні мен курс барысында осы мақалдың мағынасын толық түсіндім. Яғни қандай қиындық болса да, дұрыс әрекет жасау керектігін түсіндім.

Мектептегі практика кезінде мен өз сыныбыма адам өміріндегі құндылықтар мен қасиеттерді толықтай түсіндірдім. Құндылықтар практикасы кезінде ата-аналармен жиналыс өткізгенде сондай бір тамаша жігер пайда болды. Әсіресе ата-аналармен жиналыс өткізгенде олардың сондай бір ынта қойып тыңдап, әр кезеңінен әсер алып, үлкен ой түйгені ұнады. Жиналыс барысында ата –аналар біз тек қана білімге көңіл бөліп, тәрбие жағын ақсатып жатыр екенбіз деп ой бөліскендерінен байқауға болады. Осы жиналыста ата-ана А.Кожахметова аңыз тыңдау арқылы, фильм көре отырып, осының барлығы өмірден алынған шындық деп ой түйді. Ата-аналардан тағы не айтады екен деген сұрақты көздерінен түсініп, менде шабыттанып өмірмен байланыстыра отырып,дұрыс әрекеттің өмірде бар екеніне көз жеткіздім деп ойлаймын.

Мен осы құндылықтар практикасы кезінде дұрыс әрекет құндылығын толықтай қолданып мағынасын аштым деп ойлаймын. Мен ойлаймын Абайдың қара сөздерін жалпыадамзаттық құндылықтар мен қасиеттерге өте бай деп ойлаймын. Атап айтқанда тоғызыншы қара сөзінде «Осы мен өзім – қазақпын. Қазақты жақсы көрем бе, әлде жек көрем бе? Егер жақсы көрсем, қылықтарын қостасам керек еді» дейді, бұл жерде Абай өз ұлтыңа, дініңе, тіліңе құрметпен қара деген, яғни бұл дұрыс әрекет.

Ұлы Абай келешек ұрпаққа өткен ғасырларда әрбір сөзін дәлелдеп, тәрбиелік маңызы зор екеніне көз жеткізген, әрине бұл ұлы адамның қоғамға деген дқрыс әрекеті. Мен практика барысында көз жеткізген дұрыс әрекеттер адамдарға уәде берген соң оны орындау, адамдарға кедергі жасамау, сөзін бөлмеу, сөзі, ойы, ісі бір ізді адам әрқашанда ортаға дұрыс әрекет жасайды.

Өзімнің ішкі жан дүниеме үңіліп қарайтын болсам, мен 2013-2014 жылдары өмірден бір үлкен сынақ алдым деп айтуға болады, әрине бұл тек менің жеке өміріме, өз басыма қатысты жағдай. Осы жағдайда мен мүмкін сол кезде, сол уақытта дұрыс әрекет жасаған жоқпым ба? деген сұрақтар мені мазалады, әлі күнге дейін мазалайды да. Осындай жағдайдан кейін мен, әрине өз-өзімен жұмыс істей бастадым. Әр түрлі мамандардың көмегіне жүгініп, олар берген тапсырмаларды, жаттығуларды да орындауға тырыстым. Дәл қазіргі уақытта мен өзімнің сол кездегі іс-әрекетіме еш өкінбейтініне және оның мен үшін ол дұрыс болғанын біраз жылдан кейін түсіндім.Адам баласы болғаннан кейін айтуға бәрімізге оңай, бірақ ешқашан берілмеу керек, өз-өзімен жұмыс істей білу керек деп ойлаймын. Мынадай сөз бар ғой «Сөзбен бәрі бірдей, тек істен айырмашылық байқауға болады». Сол сияқты біздің сөзіміз бір жерден шығып, ісімізбен оны жалғастырсақ, дұрыс әрекетке жетеміз.

Қоғамға жат қылықтарды бойымыздан ысырып тастап, жақсы қасиеттермен, жақсылықтармен өмір сүре алатынымызды да дұрыс әрекет құндылығымен дәлелдеуге болады деп ойлаймын.



















Қорытынды


Құндылықтар практикасы кезінен түйіндегенім дұрыс әрекет құндылығын ашатын сыныптан тыс іс-шараларды, сабақтар және семинарларды жиі жүргізіліп отыру.с Әр  сабақ сайын баланың бойынан құндылықтарды шығара білсек, істеген ісіміздің нәтижесіне жеткен болар едік.

Қазақстан Республикасының білім беру тәжірибесіне енгізіліп келе жатқан «Өзін-зі тану» бағдарламасының мақсаты білім беру процесінің міндетін өзгерту, бірінші орынға ақиқаттың, дұрыс әрекеттің, мейірімділіктің, махаббаттың және зорлық жасамаудың ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарына тартылатын адам тұлғасын қалыптастыруды шығару болып табылады.

Қазіргі балаларға рухани-адамгершілік жағынан  қолдау ауадай қажет. Себебі: заман өзгерісіне қарай балалардың өмірге деген көзқарастары басқаша. Сондықтан да әрбір ұстаз, әрбір ата-ана бала бойына осы жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіре білу керек. Оларға үнемі ұлы ғұламалардың нақыл сөздерімен, мақал-мәтелдер айту арқылы бойына жақсы қасиеттерді сіңіруге қолдау көрсетіп отыру керек деп ойлаймын.

Әсіресе өмірмен тікелей байланысты жағдайларды үнемі есіне түсіріп, дәлелдеп, қайталап айту арқылы санасына жеткізу керек деп ойлаймын. Сондықтан адамдар бір-бірін сүю, құрметтеу, жақсы көру сезімін жетілдіру қазіргі заманда ауадай қажет. Яғни, бүгінгі күнде қоғамға рухани байлықты, адамгершілікті, ойы, ісі, сөзі бір жерден шығатын ізгі адамдарды тәрбиелеу керекпіз деп ойлаймын. Осының барлығына дұрыс әрекет арқылы көз жеткізіп отырамыз.

Сөзімді қорыта келе, Сара Алпысқызының рухани-адамгершілік білім беру жобасын қолдай отырып, ұрпақ алдындағы өз міндетімізді жоғары бағалайық демекпін.























Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық Базалық деңгей

  2. Өзін – өзі тану № 9, 2012 ж

  3. Абай. Қара сөз. – Алматы. 1993.   




































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!