Дұрыс тамақтану- денсаулық кепілі.
Мақсаты: Оқушыларды дұрыс тамақтану мәдениетімен, әдебімен таныстыру; пайдалы, пайдасыз тағамдар туралы түсінік беру. Дастархан басында сақталатын рәсімдермен, ырым-тыйымдармен таныстыру.
ә) Дәстүрді сақтауға, тамақтану мәдениетін сақтауға тәрбиелеу.
б) Мәнерлеп айту дағдыларын қалыптастыру. Сөздік қорларын дамыту.
Көрнекілігі: бүктемелер, нақыл сөздер, шарлар.
Түрі: сайыс.
Барысы: І Мұғалім сөзі:
Адамның ең үлкен байлығы- денсаулық. Ал денсаулықты, ағзаның күшін нығайтудың басты кепілі – дұрыс тамақтану. Адам ағзасы сыртқы ортаның кері әсерлеріне үнемі қарсы тұруға тырысады. Тамақтану адам ағзасы үшін аса маңызды қажеттілік.
Біздің денсаулығымыз көбінесе қалай тамақтануымызға байланысты. Дұрыс тамақтану денсаулық негізі. Ой еңбегіне, іс- әрекетке де күніне көп күш- қуат жұмсалады. Ол қуатты, ағзаға қажетті қоректік заттарды біз ішер астан аламыз.
Ас-адамның арқауы деп-бабаларымыз тегін айтпаған. Өйткені, адамның тамақсыз, ассыз күні жоқ. Дұрыс тамақтануды ұйымдастыру адам ағзасын түрлі аурулардан сақтауға көмектеседі. Салауатты өмір салтын ұстанатын адам ұтымды тамақтану қағидасын білуге тиісті. Олар: 1) тамақ құрамында қоректік заттардың ақуыз, май, көмірсу барынша толық болуы;
2) тамақ құрамында қосымша заттардың дәрумен, микроэлементтердің болуы.
3) тәулік бойы тамақтану мөлшерін сақтау;
4) тағамның санитарлық- гигеналық талаптарға сай болуы.
Егер дәрумендер тамақта жеткілікті болса, адам жақсы өседі, ал жеткіліксіз болғанда ағзаға әртүрлі өзгерістер болады. Дәрумендердің 30 түрі белгілі, олардың кейбірі ағзаға түзіледі, ал көпшілігі тағаммен бірге қабылданады. Жануар текті тағамнан гөрі өсімдік текті тағамды көбірек пайдаланған дұрыс. Мұнда дәрумендер көп. Өзімізге ұнайтын бір тамақтың түрін іше беруге болмайды. Өмір сүру үшін, денеміз сау болу үшін әр түрлі тамақпен тамақтана білу керек.
Тамақты асықпай дұрыс шайнау керек. Жүріп келе жатып, кез келген жерде тамақтануға болмайды. Ұйықтар алдында кем дегенде 2 сағат бұрын тамақтану денсаулыққа пайдалы.
Тамақтанудың гигеналық және әдістемелік қағидаларын білген орынды.
Тамақтанар алдында міндетті түрде қолды сабындап жуу.
Тамақты асықпай, жайлап ішу.
Тамақтану тәртібін сақтау.
Тұзды, ащы, тұщы тағамдарды аз пайдалану.
Қант пен тәтті тағамдарды шектеу.
Тамақ ішіп отырып, қатты дауыстап сөйлеуге, аузында ас тұрғанда сөйлеуге болмайды.
Ыстық тамақтан кейін бірден суық су ішуге болмайды.
Үлкен адамдардан бұрын асқа қол созбайды.
Тамақтанып болғаннан кейін, рахмет айтуды ұмытпа.
Ыстық тамақты үрлеуге болмайды.
Дұрыс тамақтанудың 20 пайдалы кеңесі:
Таңғы аста кофеге сүт құйып ішіңіз.
Әр уақытта таңертеңгі аста дәрумен ішіңіз.
Тамақтанар алдында әр уақытта 2 стакан су ішу керек.
Тағамдарды пайдалануда көбірек томат және майлылығы төмен ірімшікті пайдалан.
Етті пайдаланар алдында жуу керек.
Әрқашан 2 порция памидор же.
Барлығын пиязбен жеңіз.
Әркез фаст- фуд жегеннен кейін 2 стакан су ішіңіз.
Әрқашан шәй іш.
Әр күн күндізгі сағат 3 шамасында тамақтану керек.
Жемісті қабығымен жеген пайдалы.
Күніне 8 стакан су ішу керек.
Грейпфруттың ағынан қызылын жеу керек.
Әр сәрсенбіде жеңіз.
Салатты соуспен бөлек жеу керек.
Брокколи орамжапырағын жеген кезде үстіне аз ғана маргарин, зәйтүн майын, ірімшік соусын құйған жөн.
Көкіністерді көбірек пайдалан.
Жейтін тағамдардың құрамында талдау жасаңыз.
Әрқашан десерт жеген дұрыс.
Кешке ұйықтар алдында бір тәрелке шайнама жеген жөн.
Топтық жұмыс
Топ Алтын дән.
Ұраны: Дүниедегі байлықтың ең негізгісі- нан
Топ- Береке
Ұраны: Ас жүрген жер береке.
Топ Дастарқан
Ұраны: дәмі киелі.
топ : Ұннан жасалған тағамдарды айтып, қорғайды.
топ: Еттен жасалған тағамдарды ата.
топ: Сүттен жасалған тағамдарды ата.
2) Мақал-мәтелдердің жалғасын тап
3) Ырым-тыйым сөздер айтып жарысу.
4) Жұмбақ жасыру.
5) Ас, тамақтану туралы өлең шығару және эссе жазу.
Бейнеролик көрсету.
Пайдалы тамақтар Пайдасыз тамақтар
Майы аз ет Фанта
Айран Бәліш
Балық Чупа - чупс
Нан Кока -кола
Өсімдік майы Чипсы
Сәбіз Сникерс
Пияз Тәтті нандар
Орамжапырақ Шоколад
Майлы ет
6) Сауалнама.
Мұғалім сөзі: Адам баласы өмірде екі нәрсенің қадірін білмейді: 1) денсаулық. 2) жастық шақ. Кішкентай кезден адам баласы пайдалы тамақтармен, түрлі дәрумендермен уақытылы тамақтанса, сонда ғана олардың денсаулығы мықты әрі күшті, ой –өрісі кең болады.