Материалдар / Дуальды оқыту жүйесінің тиімділігі

Дуальды оқыту жүйесінің тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Дуальды оқу жүйесінің еркшелігі туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Ақпан 2023
176
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

.Дуальды оқыту жүйесінің тиімділігі

Қазақстан үшін дуалды оқыту – кәсіби білім берудің прак­тикалық және теориялық компоненттері біріктірілген маман даярлаудың жаңа түрі. Дуалды оқытудың басты мақсаты – өндірісте жұмыс істеу дағдысы қалыптасқан түлекті даярлау. Басқаша айтқанда, алғашқы күннен бастап жұмысқа кірісіп, оны жоғары кәсіби деңгейде орындай алатын маман даярлау.

Біздің елімізде кадрларды даяр­лаудың бұл түрі 2012 жылдан бастап енгізіле бастады. Бұл бағытта бірқатар жетістік бар: нормативтік актілерде «дуалды оқыту» ұғымы бекітілген,  БҒМ бұйрықтары қайта қаралған және шығарылған, заңнамалық деңгей­де теория мен практика­ның теңгері­мі бекітілген, яғни 40% тео­риялық сабақтар және 60% өн­дірістік оқыту мен практика, техникалық және кәсіп­тік бі­лім беру оқу орындарында осын­дай бағдарламаларды іске асыру қағи­далары бекітілген, осы жүйе бойын­ша оқытылатындар­ға еңбек өтілі есеп­теледі, мамандарды даярлау үшін өнді­рістік базаны қамтамасыз ететін кәсіп­керлермен шарттар жасалды.

Дуальдық оқыту жүйесі элементтерін енгізудің мақсаттары:

Колледж ұжымының мақсаты:

1. Дүние жүзілік білім кеңестігіне теңестірілетін техникалық және кәсіптік білім берудің тиімді жүйесін жасақтау;

2. Жұмыс беруші талабына сай оқу жоспарларын және оқу бағдарламаларын жасау;
3. Еңбек нарығындағы сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті мамандар дайындау;
4. Оқу орнының оқу-материалдық базасын заман талабына сай жаңа техникалық, технологиялық лабораториялық жабдықтармен қамту;
5. Оқытушылардың біліктілігін арттыру үшін өндіріске енгізіліп жатырған жаңа технологиялары- мен және жабдықтармен таныстырып отыру мақсатында өндірісте тағылымдамадан өткізу;

6. Әлеуметтік серіктестермен байланыста оқушыларды өндірісте тәжірибеден өткізу және бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру мүмкіндігіне ие болу.

Әлеуметтік серіктестіктің мақсаты:

1. Оқу орнына қандай және қанша маман дайындау туралы ақпарат беру;
2.Оқу орнына маман дайындауға өз талаптарын қою;
3. Оқу орнымен бірлестікте оқу-материалдық құжаттарды дайындауға қатысу;
4. Оқушыларды оқу және өндірістік тәжірибеден ақылы өткізу мүмкіндігін қарастыру, шешу; 

5. Оқушыларды оқу және өндірістік тәжірибеден өткізуге жағдай жасау;
6.
Оқу орнын бітірушілерді жұмысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейту;

Оқушының мақсаты:

1. Теориялық білім мен тәжірибе арасындағы алшақтықты жойып, кәсіби құзіретке негізделген білім алу;

2. Өндірісте оқу және өндірістік тәжірибеден ақылы өту мүмкіндігін алу;
3. Колледж бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болу.

Білімгерлер өздері таңдаған мамандықтардың кәсіби тұрғыдан жан-жақты игеріп қазіргі заманауи озық технологияны меңгеріп ары қарай дамытуы керек. Сондықтан еліміздегі өндіріске қажетті мамандар әзірлеу деңгейін көтеру міндетін әлеуметтік серіктестік және теория мен тәжірбиенің үйлесімді болуынан дуалды білім беру жүйесін енгізу қажет. Дуалды оқыту кәсіптік техникалық оқу орны мен өндірісте бірге оқыту. Бұның ерекшелігі – еңбек нарығына қажетті жас мамандарды даярлауға кәсіптік техникалық колледждер ғана емес, сонымен қатар жұмыс беруші, өндірістік мекемелердің де жауапкешілігі артады. Қазіргі кезде еңбек нарығында білікті мамандар тапшылығы болып қол күші жетпей жатады. Қалыптасқан жағдайда білім беруді ұйымдастыру, яғни жас маманның өндірістік машықтандырудан толық кәсіпті игеруіне жағдай жасау. Бұл мақсатқа жетудің жолы негізгі сапалы білім беріп, дұрыс жолға бағыттаушы, білімгер- лердің кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайларды жасаушы-өз мамандығын жетік білетін кәсіби дағдылары педогогикалық дарыны бар жаңашылдыққа ұмытылатын өзіне сын көзбен қарай алатын оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері қажет.

Қорыта келгенде, егер дуальдық жүйемен оқыту әдістемесі жетілдіріліп, заңды түрде күшіне енгізілсе, жақсы нәтиже береді деп есептеймін:

1. Дуалдық жүйе - оқытудың дәстүрлі түрлері мен әдістерінің негізгі кемшілігін, яғни теория мен тәжірибенің арасындағы алшақтықты жояды;

2. Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері бітіруші түлектерін кәсіпорындарға жұмысқа орналастыру үшін жұмыстанады;
3. Жұмыс берушімен тығыз байланыста жұмыс жасайтын оқу орны болашақ мамандарға қойылатын талаптарды ескеріп отырады;

4. Әлеуметтік серіктестіктер өндіріс талабына сай, білім алушыға қойылатын біліктілік талаптарды дайындауға, кәсіптік стандарттарды, дуальдық оқыту жүйесі бойынша өзгеретін модульдық бағдарламаны, оқу бағдарламасын дайындауға және оқытушыларды тағылымдамадан өткізуге қатысады;
5. Әлеуметтік серіктестіктер мамандар дайындау бойынша мемлекеттік тапсырманы қалыптастыруға қатысады;

Үсенов Руслан Ералханович

Арал көпсалалы колледжінің өндірістік оқу шебері

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ