Материалдар / Дыбыс және әріп. Мектепке дейінгі даярлық тобы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дыбыс және әріп. Мектепке дейінгі даярлық тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
материал жаңадан жұмысқа кірген жас мамандарға көмегі тиеді деген ойдамын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қырқүйек 2019
2221
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні:

Тәрбиеші: Каримова А.С.

Білім беру саласы: қатынас

Пән: сауат ашу

Өтпелі тақырып: Менің балабақшам

Тақырыбы: Дыбыс және әріп.

Мақсаттар: «Сөз» және «дыбыс» терминдері туралы бастапқы

түсініктерін қалыптастыру.

Міндеттер: Дыбыс пен әріп туралы түсінік беру, дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата алуды, жазу кезінде дұрыс отыруға, дәптер, қарындашты дұрыс ұстауға үйрету; ойлау қабілеттерін дамыту; қағылездікке,

Кіріспе бөлігі: Балалар, біз бүгін дыбыстар бағына саяхатқа барамыз.Бұл бақ «Әліпби» деп аталады.

Балалар қызығушылық танытады.

Бұл – әліпби.

Негізгі бөлім: Әліпбиді көрсету.

-Әліпбиде көріп отырғандарың әріптер, олардың саны – 42.Егер біз әліпбидегі әріптерді оқитын болсақ, ол- дыбыс.

Дыбысты естиміз, аузымызбен айтамыз, ал әріпті көреміз, оқимыз және жазамыз.

-Балалар, айтыңдаршы, пойыз тоқтағанда қандай дыбыс шығарады?

-Жақын арада аралар жүргенін қайдан білеміз?

-Түнде қасымызға маса келгенін қайдан білеміз?

-Дұрыс айтасыңдар, біз дыбысты осылай құлағымызбен естиміз. Әр естіген дыбыстың жазылу таңбасы – әріп. Әріптер мыналар (әліпбиді көрсету).

Билингвальдық компонент:әліпби – алфавит, жаңбыр жауды – дождь идет.

Сергіту жаттығуын ойын арқылы өткізуге болады.

Саусақ ойыны:

Жаңбыр жауса

Тырс - тырс,

Айтады гүл:

-Дұрыс –дұрыс.

Жаңбыр жауса

Тырс –тырс.

Айтады қыр:

- Ырыс-ырыс.

«Не қалай дауыстайды?» дидактикалық ойыны:

Ойын шарты: тәрбиеші үй жануарларының суретін көрсетіп, не істейтінін айтады.Балалар сол жануардың дауысын салады.

Қой маңырайды:

Сиыр мөңірейді:

Жылқы кісінейді:

Түйе боздайды:

Ешкі бақырады:

Бұл ойында үй жануарларының жүрісін де салуға болады.

- Балалар, әріптерді жазу үшін бізге не керек?

Үстелде отыру ережесімен таныстыру: жазу барысында денені тік ұстап, дәптерді солға қарай қиғаштап қоямыз. Қарындашты үш саусақпен - бас бармақ, сұқ саусақ, орта саусақтарымен ұстайды (көрсету). Қарындаш ортаңғы саусақтың сол жағында болады. Бас бармақ қарындашты сол жағынан, сұқ саусақ үстінен сүйемелдейді.

Қарындаштың жоғарғы ұшы иыққа бағытталады. (көрсетеді).

Саусақ жаттығуы:

Тәрбиеші қаламды екі немесе үш саусақпен айналдыртады.

Саусақ жаттығуы:

«Сорпаға тұз себейік».

Дәптермен жұмыс:

Дәптердегі номер бірінші тапсырма бойынша орындалады.

Жеке жұмыс жүргізеді.

Балалар көреді.

Естиді, қайталайды, естеріне сақтайды.

Естеріне түсіріп

-Піш-ш-ш!- деп айтады.

- Біз «ж,ж,ж» деген дыбыс естиміз.

-«З-з-з» деген дыбыс естиміз.

Қызығушылық танытады.

Қайталайды

Балалар орындықта отырып, жаңбырдың дыбысын саусақтарын қимылдата отырып айтады

Суретке қарап үй жануарларының даусын салады.

Мә мә мә

Мө мө мө

Ио ио ио

Бө бө бө

Бә бә бә

Жүрісін салады, атын айтады.

-Дәптер, қалам қажет.

Балалар қолдарындағы қаламды солай ұстайды.

Балалар қаламды оңға, солға екі не үш саусақпен айналдыра жаттығулар жасайды.

Үш саусақпен сорпаға тұз сеуіп жатқандай саусақ ұштарын қимылдатады.

Дәптерде берілген тапсырманы орындайды.

Соңғы бөлігі: Балалар, әріп пен дыбыстың айырмашылығы бар ма?

Қандай айырмашылық?

Әріпті көреміз және жазамыз.

Дыбысты айтамыз және естиміз.


Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні:

Тәрбиеші: Каримова А.С.

Білім беру саласы: қатынас

Пән: сауат ашу

Өтпелі тақырып: Менің достарым

Тақырыбы: Дыбыстар.

Мақсаттар: Дауысты дыбыстардың негізгі ерекшеліктерімен таныстыру.Сөздегі дыбыстардың бірізділігін белгілеуге үйрету.

Міндеттер дидактикалық ойындар арқылы сөйлеу тілдерін жетілдіру,ойлау қабілеттерін дамыту;жан-жануарлардың дыбыстарын тыңдатып,пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Кіріспе бөлігі: -Балалар, Сиқырлы дыбыстар орманына саяхатқа барғыларың келе ме?

Балалар бір-біріне жылы лебіздерін айтады.

Тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді

Негізгі бөлім: Жаңа тақырып

-Бұл орман көрінбейді,бірақ өте әдемі,құпия сырларға толы.Біз қайда болсақ та ол бізді ойландыра қоршап тұр,өйткені біз әр түрлі дыбыстарды естиміз,бірақ ол дыбыстар бізге көрінбейді.

Дидактикалық ойын «ненің дыбысы?»

Үнтаспадын құстың сайрағанын,масаның ызыңын,жыланның ысылын,қоңыздың гүжілін,шегірткенің шырылын, т.б. дыбыстардың аудиожазбасын тыңдату.

-Айтыңдаршы,мына сиқырлы орманнан қандай дыбыстарды естідіңдер?

Сұрақтарға жауап берген балаларға ойыншық құстар мен жәндіктерді беріп,мүмкіндігінше дыбыстарын салғызады.

-Құстар қайтті?

-маса қандай дыбыс шығарды?

-Жылан қандай дыбыс шығарды?

-Қоңыз қандай

дыбыс шығарды?

-Шегіртке қандай дыбыс шығарды?

-табиғатта түрлі—түрлі дыбыстар бар екен,сендердің естігендерің,айтқандарыңның бәрі –дыбыстар

Дыбыстарды біз айтамыз және естиміз.

Дәптермен жұмыс

1-тапсырма

-Суреттерді атап шығып,ненің қандай дыбыстайтынын естиеріңе түсіріп айтып беріңдер.

Сергіту сәті

Тікірейіп құлағы

Менен бұрын тұрады

Бойын жазып керіліп

Беті-қолын жуады.

Ертегі тыңдаймыз

Бойын жазып керіліп

Сергіту сәті

Тікірейіп құлағы

Менен бұрын тұрады.

Бойын жазып керіліп.

Беті-қолын жуады.

Ертегі тыңдаймыз

Тәрбиешінің түсіндірмесін тыңдайды.

Жайланып отырып ,үнтаспадан әртүрлі дыбыстарды естиді

-Дыбыстарды естідік.

Тәрбиешінің сұрақтарына жауап берген бала ойыншық құстар мен жәндіктерді алып,дыбыстарын салады.

Естіген дыбыстарын айтады:

-Құстар сайрады.

-маса ызыңдады-з—з-з-

-жылан ысылдады-с-с-с

-қоңыз гүжілдеді-ж-ж-

-шегіртке шырылдады-ш-ш-ш

Дыбыс туралы тәрбиешінің түсіндірмесін тыңдайды.

Дәптердегі суреттерді атайды,дыбыстарын салады.

Өлеңдң дауыстарын құбылтып айтып,мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды.

Үнтаспадан мысық пен сиырдың дауысын тыңдатып ,ненің дыбыс ыекенін анықтатады,қайталатып айтқызыды.

-Мысықтық дауысын созып салып көрейік

-Сиырдың дауысын созып айтып көрейік

-Ойлаңдаршы,мысық пен сиыр қандай ертегіде кездесуші еді?

Балалардың жауабынана соң тәрбиеші «Мақтақыз бен мысық» ертегісін сюжетті суретті көрсете отырып әңгімелеп айтып береді.

-Сендерге ертегі ұнады ма?

-Ертегі қалай аталады?

-Мақтақыз неге мысықтың құйрығын кесіп алады?

-Мысық құйрығын қайтарып алу үшін не істеді?

Дәптермен жұмыс

2- тапсырма

-мысықтың жолын ертегі желісі бойынша сызық арқылы көрсетейік

Дидактикалық ойын «Дыбысын сал»

Тәрбиеші бір жануардың атын айтып,допты балаға береді,бала сол жануардың дыбысын салады.

Мысалы:

-Қой

-М-мияу-у

-М-мө-ө

Суретке қарап отырып ,ертегіні қызыға тыңдайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Балалар дәптердегі тапсырманы орындайды

Ойын шартын түсініп алады

Бала жануардың дыбысын салады.

Соңғы бөлігі: -Балалар біз қандай орманға саяхатқа бардық?

-Дыбыстар қандай болады?

Жақсы қатысқан балаларды мадақтау.







































Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні:

Тәрбиеші: Каримова А.С.

Білім беру саласы: қатынас

Пән: сауат ашу

Өтпелі тақырып: Менің сүйікті ойыншықтарым

Тақырыбы: Сөз

Мақсаттар: Дауыссыз дыбыстардыңнегізгі ерекшеліктерімен таныстыру;сөздердегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге үйрету.

Міндеттер Сөз бен сөйлемді ажыратып, сөздің, сөйлемнің мағынасын түсіну.

Кіріспе бөлігі: педагог жағымды атмосфера туғызады.

Тəрбиеленушілер бір-біріне жылы сөздерін арнайды. Тағы қандай жақсы, жағымды сөздер 770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!