Материалдар / Дыбыстар мен әріптер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дыбыстар мен әріптер

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды. Дыбыстың таңбасы әріп екенін таниды. Дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажыратады. Айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді есте сақтай отырып, көшіріп жазады.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөлім:

Дыбыс және әріп

Педагогтің аты-жөні:

Калиева Б Т

Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Дыбыстар мен әріптер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1.1.3.1 тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжау;

1.2.8.1 дыбыстың таңбасы – әріпті тану, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажырату;

1.4.1.1 айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп жазу және есту, есте сақтау арқылы жазу

Сабақтың мақсаты

Тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды. Дыбыстың таңбасы әріп екенін таниды. Дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажыратады. Айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді есте сақтай отырып, көшіріп жазады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Басы

«Табиғат әлемінде». Психологиялық дайындық.

Судың сылдыры, тамшы, түрлі құстардың үні мен шегірткенің шырылы, музыка әуені естілетін бейнекөріністі көрсету. Тыңдау, көру арқылы оқушыларға көтеріңкі көңіл күй, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

  • Қандай әлемге саяхат жасап қайттыңдар? Қандай дыбыстар естідіңдер? Олар ненің дыбысы?

  • Табиғаттағы, айналамыздағы тіршілік иелері бірдей дыбыс шығара ма?

  • Бұдан қандай ой түюге болады?

Сол көріністерді кім түсіріп алды деп ойлайсыңдар? Әрине, адам. Адам дәл осылай құстың үнін келтіре ала ма? Ал құстар ше? Адам сияқты сөйлей ала ма?

Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы интербелсенді тақтадағы таныстырылымнан тыңдайды, көреді, сұрақтарға жауап береді.



Құстардың, шегірткенің, судың, тамшының, музыканың,

...



Баяу, әдемі әуен

Ортасы

Кіріспе әңгіме

Балалар, бүгін біз «Дыбыс және әріп» деген жаңа бөлімді бастаймыз. Бұл бөлімде сендер әліпбидегі 42 әріптің дауысты, дауыссыз болып бөлінетінін және өзге тілден енген әріптер, екі таңба жайлы толығырақ білесіңдер. Өздерің Әліппеден таныс болған дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратып, жуан және жіңішке айтылатын жұп дауысты дыбыстармен танысып, салыстырып, ажыратуды үйренесіңдер.

Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу ауызша орындалады. Суретпен жұмыс.

Барлық көліктен шығатын дауыстар бірдей ме? Ұшақ пен жүк көлігінің, жүк көлігі мен жеңіл көліктің дыбыстары қандай?













1-жаттығу.

Әр топ мүшелері суретке қарап, олардың қандай дыбыс шығаратынын айтады, дыбыстайды. Ұшақтың гүрілі

жүк көлігіне қарағанда қатты,




«Бас бармақ» арқылы бағалайды.


Shape1

29


Shape2

30



Балалардың көңіл күйлері қалай? Оны қалай аңғардың?




2-жаттығу орындалады. Мұғалім мәтінді тақырыбы бойынша болжау жасатып, содан соң тыңдатады.

  • Балалар, тіл дыбыстарының басқа дыбыстардан өзгешелігі неде? деген сұрақ төңірегінде талдау жүргізіледі.

«Адасқан әріптер» ойыны

Су, тіл, құс сөздеріндегі дыбыстардың орындарын ауыстырып айтып көрейік. Мысалы: ус, літ, ұсқ десек, сөз мағынасын түсінесіңдер ме? Неліктен?

  • Сөз неден құралады екен? Дыбыстарды қайтеміз? Әріптерді ше? Жетекші сұрақтар қоя отырып, жауап алу арқылы оқушылардың өздеріне ереже құрастырып айтқызу өте тиімді.

Сөз дыбыстан құралады. Дыбыстарды айтамыз, естиміз. Дыбыстар жазуда әріппен таңбаланады. Әріптерді көреміз, жазамыз.

Сергіту сәті. Артикуляциялық жаттығу Дәптермен жұмыс

Мұнда мұғалім б дыбысының сөздің басында, ортасында, кейбір сөздерде ғана сөз соңында келетінін айтады.

3-жаттығу жазбаша орындалады.

Дескриптор:

  • сөздерді оқып шығады;

  • қатесіз көшіріп жазады;

  • сұрақтарға жауап береді.

ал жеңіл көлік жүк көлігіне қарағанда баяу дыбыс шығаратынын, құстың үнін, балалардың көңілді дауыстарын айтады.

2-жаттығу.

Оқушылар мәтінді тыңдап болғаннан кейін сұрақтарға жауап береді. Мазмұнына талдау жасайды.


С, т, і, л, ұ, с, қ, у дыбыстарынан сөздер құрастырады.

Мысалы: су, тіл, құс. Сұрақтарға жауап бере отырып, өздері ереже құрастырып айтуға тырысады. Содан кейін оқулықтағы ережені оқиды.

Сипаттамасы: Ауызды кең ашып, тілді алға қарай жіңішкертіп шығарып,

10–15 секунд ұстап тұру керек.




Көркем жазу

Б Б Б Б Б Б Б Б

б б б б б б б б

3-жаттығу. Берілген сөздерді көшіріп жазады. Үш сөзге ауызша дыбыстық талдау жасайды.

Ай, ине, бота, ...

Ай сөзінде екі әріп, екі дыбыс бар.




Шығармашылық тапсырманы орындау.

Шығармашылық тапсырма: Суреттер мен әріптерді сәйкестендіріп, сызықпен қосады.

ә – әтеш, с – сағат, а – алма, қ – қасық.



Соңы

«Алмаағашы» әдісі. Алмаағашына ілінген алмалардың артына бүгінгі сабаққа қатысты тапсырмалар жазылады. Бірнеше оқушы алма теру арқылы тапсырмаларды орындап, білімдерін пысықтайды.

Аяз сөзінде 3 әріп, 4 дыбыс бар. Қоян сөзінде 4 әріп, 5 дыбыс бар.

Аю сөзінде 2 әріп, 3 дыбыс бар. Шахтёр сөзінде 6 әріп, 7 дыбыс бар.



Кері байланыс

Постер жасап, оны қорғау, талдау. Топ ішінде өз ойларымен бөлісіп, кері байланыс жасау.

Топтық жұмыс ұйымдастыру. Балаларды төрт топқа бөліп, көлемді ақ қағаз беріледі. Әр топқа түрлі бағыттағы тапсырмалар ұсынылады. Тапсырма үлгілері:

  • Дыбыс дегеніміз не?

  • Әріп дегеніміз не?

  • Дауысты дыбыстар:

  • Дауыссыз дыбыстар:

Топ ішінде өз ойларымен бөлісіп, кері байланыс жасау арқылы ой қорытады.






Паровоздың

суреті салынған постер


Постер жасау үшін қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Топтық жұмыстары топта жарияланады.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!