Материалдар / «Дудар-ай» әні кейіпкерлерінің тарихи өмірі»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Дудар-ай» әні кейіпкерлерінің тарихи өмірі»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Дудар-ай» әні кейіпкерлерінің тарихи өмірі»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Желтоқсан 2023
195
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Астана халықаралық университетінің Педагогикалық колледжі



















«Дудар-ай» әні кейіпкерлерінің тарихи өмірі»



3 «КГ» тобының студенті

Тұрсынбаева Еңілік

Оқытушы,жетекшісі:

Махатова Айгерим Муратовна












Астана, 2023 жыл

МАЗМҰНЫ

Кіріспе..............................................................................................2 бет

Негізгі бөлім.

1. Мариям Жагорқызы туралы жалпы мәлімет..........................3-4 бет

2. Мариям Жагорқызы әннің кейіпкері ме әлде әннің авторы ма?........................................ .......... .......... .......... .......... ....... .....4-6 бет

3. Қос ғашықтың мекені қайда еді?.............................................7-9 бет

Қорытынды бөлім..........................................................................9 бет

Қосымшалар..............................................................................10-11 бет

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................12 бет

































Аннотация

Зерттеудің өзектілігі: «Дудар-ай» әнінің кейіпкерлері туралы жастарға мәлімет бере отырып, жәдігерлерін жинақтауға бағыт беру, Ақмола облысы, Қорғалжын ауданында қос ғашыққа арналған мұражай бұрышынан орын ашылуына жол ашады.

Зерттеудің мақсаты: жастардың елінің қызықты тарихи оқиғалары туралы білімдерін арттыра отырып, жәдігерлерін жинақтауға ұсыныс білдіру, Ақмола облысы, Қорғалжын ауданында қос ғашыққа арналған мұражай бұрышынан орын ашылуына ұсыныс білдіру.

Зерттеудің міндеттері:

  • Мариям Жагорқызы мәлімет;

  • Мариям Жагорқызы әннің кейіпкері ме әлде әннің авторы ма?

  • Қос ғашықтың мекені қайда еді?

Зерттеу объектісі: Ақмола облысы, Қорғалжын ауданындағы мұражай, Қазақстан Республикасының ұлттық мұражайы.

Зерттеудің болжамы:

  • Өкенұлы Дүйсен туралы жалпы мәлімет іздеп табады;

  • Мариям Жагорқызы әннің авторы емес, кейіпкері екенін анықтайды;

  • Мәрим Жагорқызы мен Дудар-айдың мекені туған жерлері туралы мәлімет жинақтап зерттейді;

  • «Дудар-ай» әнінің кейіпкерлері туралы жастарға мәлімет бере отырып, жәдігерлерін жинақтауға бағыт береді;

  • Ақмола облысы, Қорғалжын ауданында қос ғашыққа арналған мұражай бұрышынан орын ашылуына жол ашады.

Зерттеудің әдіс-тәсілдері: өз бетімен ойлау, сұрақ-жауап, бақылау, анализ, синтез, салыстыру, сипаттау.











2

1. Мариям Жагорқызы туралы жалпы мәлімет

Мариям Жагорқызы, (шын аты-жөні Рыкина Мария Егоровна) (1887, қазіргі Ақмола облысы Қорғалжын ауданы — 1959, сонда) — халық өнерпазы, ҚазКСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1945), халық әндерін орындаушы, композитор.

Қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген. Халық арасында кеңінен танымал болған «Дударай» әнінің авторы. 1920 жылы А.В. Затаевич осы әннің оннан аса нұсқасын жазып алған. Орыс қызы Мария мен қазақ жігіті Дүйсен (Дудар) арасындағы махаббат әдеби шығарманың туындауына негіз болған. «Дударай» әні орыс және қазақ ұлттары арасындағы достықты суреттейді. Е.Г. Брусиловский «Дударай» операсын (1953), Қ.Бекқожин «Мариям Жагорқызы» поэмасын (1950) жазды.

Мариям Жагорқызы, шын аты-жөні Рыкина Мария Егоровна – халық арасында танымал болған «Дудар-ай» әнінің авторы, ҚазКСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1945), халық әндерін орындаушы. Ол 1887 жылы қазіргі Ақмола облысы, Қорғалжын ауданында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген.

1920 жылы А. Затаевич «Дудар-ай» әнінің оннан аса нұсқасын жазып алған. Орыс қызы Мария мен қазақ жігіті Дүйсен (Дудар) арасындағы махаббат әдеби шығарманың туындауына негіз болған. Бұл ән орыс және қазақ ұлты арасындағы достықты суреттейді. Е. Брусиловский «Дудар-ай» операсын (1953), Қ. Бекқожин «Мәриям Жагорқызы» поэмасын (1950) жазды.

Екі жастың бақыттары ұзаққа созылмады. Үйлену тойынан кейін Дүйсенді патша әскеріне шақырады, ол жерде өкпе ауруына шалдығып, қайтыс болады. Кейін Мария басқа адаммен тұрмыс құрып, төрт баланың анасы атанады.

Ұлы Отан соғысы кезінде Мариям апай өз өлеңдерін соғысқа аттанған жерлестеріне арнаған. Мария Жагорқызының ұзақ ғұмыры Қорғалжың ауданы Кеңбидайық ауылында өтті.

Қазақтың халық әндерімен пара-пар келетін «Дудар-ай» әнін естімеген жан кемде кем шығар. Әннің шығу тарихына терең үңілмесе де, алдыңғы әуенін естіген бойда ыңылдай кететіні хақ. Бұл әннің авторы Мариям Жагорқызы есімді орыс қызы.

Мария Егорқызы Рыкина (1887-1959) қазақ жеріне көш аударған қарапайым шаруаның қызы. Мария Ақмола облысында өскендіктен қазақ тілін жетік меңгерген, домбыра тартуды да білген екен. Ол Дудар (кейбір деректерде Дүйсен деп айтылады) есімді қазақ жігітін құлай сүйіп, ғашықтық ғаламатынан әсем әнді дүниеге әкелген. Ән жарыққа шыққан бойда кеңінен таралып кетті. Көбі ән авторын білмегендіктен оны халық әндерінің қатарына қосып жіберген. Кейін музыка зерттеушілері А.Затаевич пен Б.Ерзакович әнді тереңірек зерттеп, шығу тарихын анықтаған.



3

Бұл әнді алғашқылардың бірі болып көмейіне бұлбұл ұя салған қазақтың біртуар әншісі Әміре Қашаубаев орындаған. Ән негізінде поэма да, опера да жазылды. Қазіргі таңда әсем әнді өз репертуарына Сембек Жұмағалиев,

Медеу Арынбаев, Жұбаныш Жексенұлы, «Арнау» дуэті т.с.с. бірқатар өнер жұлдыздары қосқан еді.

Мөлдір сезім мен шын ғашықтықтан туған әннің жарыққа шыққанына қаншама уақыт өтсе де, өз әсемдігін жоғалтпай, талай ұрпақтың санасына сезім дәнін еге алды.

2. Мариям Жагорқызы әннің кейіпкері ме әлде авторы ма?

Ел арасында кеңінен тарағаны соншалық, келе-келе авторы ұмытылып, халық әні атанып кеткен туындылар қазақта өте көп. Соның бірі – «Дударай». Бір қызығы, айтулы әнді күні бүгінге дейін Мәрия Жагорқызы Рекина жазды деп келдік. Ал шындығында солай ма? «Дударайды» Мәрия Жагорқызы жазбаса, басқа кім жазды?.

Ең алғаш бұл туынды турасындағы тұшымды деректі академик Ахмет Жұбановтың әйгілі «Замана бұлбұлдары» жинағынан жолықтырдық. Кітапты қолымызға алып парақтағанда: «Қазақ халқында ежелден аты шыққан әншінің бірі Мәрия Жагорқызы (Рекина). Ол өзінің сүйген жігіті, кейін қосылған жұбайы Дүйсенге арнап ән шығарады. Дүйсеннің бұйра шашын өлеңіне өзек етіп, әннің атын «Дудар» қояды. Ән көпшілікке белгілі, сондықтан оған комментарий беріп жатудың қажеті жоқ. Ал Мәрия Алматыға бірнеше рет келіп кетті...» деп келте қайырылған деректі оқыдық.

Бірақ кейін Ілия Жақановтың зерт­теу­лерімен танысып, шығармаларын қолға алып, «Дударай» деп аталатын эссе­ні оқығаннан кейін мүлдем жаңа, бұрын­ғы пікірлерге ұқсамайтын тың дерекке қанықтық. Бұл жөнінде автордың өзі: «...Бүкіл халыққа тарап, шырқалып жүрген бұл ән, обалы нешік, жасыратыны­ жоқ, Дүйсен мен Мәрияның қияметтік досы – Үлебайдікі. Сөз түйіні – осы! Бұл­ сөзді мың-миллион рет қайталап, оны­ бүкіл әлемге жар салуға болар еді. Бұл­ сөзді Мүслима айтты, Мәриямның қызы­ Мүслимә» деп шегелеп тұрып нүктесін қояды. Осылайша, Илья ағамыз «Дударайдың» Мариям Жагорқызының әні емес, бұл тек әншейін халық арасында лақаппен тараған қате дерек екенін тайға таңба басқандай етіп дәлелдеп берді.

Расымен де сөз мағынасын білетін адам әннің алғашқы жолынан-ақ сезім сырын Мәриям емес, үшінші жақтан басқа бір автордың баяндап тұрғанын ұға­ды. Оның үстіне қазақтың халық әніне тән иірімдерді бойына сіңірген мұн­­дай классикалық туындыны 16-17-ге­­ енді келген орыс қызының шығаруы да­ қиысынға келіңкіремейді. Мұны «Дударай» операсын жазған әйгілі композитор Евгений Брусиловский өзінің «Дүйім дүлдүлдер» еңбегінде: «Бұл ән талассыз Арқа композиторларының әні екеніне сенемін, өйткені ән табиғаты кең тынысқа, шалқар диапазонға құрылғаны өз-өзінен көрініп тұр» деп қуаттайды.

Жалпы, «Дудар-айдың» халық арасында көптеген нұсқасы тараған. Соның бірнешеуін 1920 жылы Затаевич ел аузы­нан жазып алған.


4

Тіпті бір нұсқасын Ғани Мұратбаевтан алса, екіншісін Әміре Қашаубаев беріпті деген де дерек­тер кездеседі.

Бір қызығы, кезінде бұл әнді «Мәрия шығарды» дегенге Мәрияның өзі таң-тамаша қалған көрінеді. Тіпті оған «Қазақ ҚСР-нің еңбегі сіңген артисі» деп атақ бергеніне де таңданған. Ал, шынында, бұл әннің сөзін де, музыкасын да шығарған жоғарыда дерек келтіріп өткеніміздей, өнерімен бір аймаққа ғана белгілі болған, бірақ аты халыққа көп таралмаған Үлебай Әнетұлы деген адам.

Ал сонда Үлебай дегеніміз кім? Оған да, Мәриям мен Дүйсеннің махаббатына да, «Дударай» әнінің туу хикаясына да автор нақты деректік тұрғыдан төмендегідей мағлұмат береді: «Үлебай Тінәлі руының Дәулет атасынан тарайды. Өзінің шын есімі – Рахметулла, әкесінің аты – Әнет. Әке-шешесінен жастай жетім қалған Үлебайды немере ағасы Нұрмағамбет тәрбиелеген. Үлебай сыптығыр, ұзын бойлы, ақ сары, көзі көкшілдеу, атжақты көркем кісі екен. Жасынан әзілге, ойынға ілкімді боп, шешендік сөздерді қағып ап, өлеңді суырып салып шығара берген. Жетімдік хал оны бұғанасы қатпай, ауыр мехнатқа жегіп, ол «жетім қозы тас бауыр, маңырар да отығар» дегендей, безек қағып жүріп пысыған, тез ширап ерте есейген. Өзі ағаштан түйін түйіп, тасты гүлдеткен ұста, зергер – арба, үй жиһазын, ер-тұрман әбзелін жасап, домбыра ойған, қамшы, жүген, құйысқан, өмілдірік өрген; балаларға ашамай сыйлап, түйеге қонымды етіп қом кигізген. Ауылдағы ду-ду жиын-тойларда ән шырқап, қисса толғаған. Бір ғажап өнері – аңшылық болған. Бала кезінен тұзақ құрып, қақпан ұстаған. Қақпанға түскен қасқырмен айтыстары жұрттың күні бүгінге дейін ішек-сілесін қатырады. Амал не, ол айтыстары көрінгеннің қолында кетіп, әлі таптырмай жүр. Мариям мен Дүйсеннің махаббат хикаясын бүге-шігесін білетін жан – осы Үлебай. Алғашында Үлебай Ұялыда Мәрия мен Дүйсеннің кездесіп жүрген сәтін көріп, кейде Дүйсенді «Дудар бас, орыспен ашына» деп ел көзінше әзілдеп, ажуалап, келе-келе екеуінің бір-біріне деген махаббатын түсініп, оларға шын тілектес болады. Қиын-қыстау сәттерде жол табады. Дәл осындай жастық романтикамен толықсып жүрген шағында Үлебай Мәрия мен Дүйсен махаббатын ұзақ ән-жыр ғып шығарады. (Марьям, Дүйсен, Үлебай – түйдей құрдас, туған жылдары – 1892 жыл. – І.Ж.)» Міне, «Дударай» әнінің қысқаша өмірге келу тарихы осындай.

Ал саз әлемінің сардары, ән сүйегінің, оның мүше-мүшесінің қалай жасалатынын аса жақсы меңгерген композитор Евгений Брусиловский болса: «...Өзінің түрі мен сипаты жағынан бұл жоғары регистрі күшті, орта тұсы тенорға үйлесімді нағыз ерлер әні. Бұл әннің авторы Қорғалжын төңірегінде өмір сүрген әлдебір әнші қазақ жігіті болмақ керек» деп, «Дударайдағы» сезім құбылысының қуатынан ер кісі мен әйел затының демін айқын ажыратып, көзге тайға басқан таңбадай ап-айқын көрініп тұрған бұлтартпас ақиқатты кезіндегі кеңес өкіметінің солақай саясатының салқындығы салдарынан осылай


5

«Бұл әннің авторы Қорғалжын төңірегінде өмір сүрген әлдебір әнші қазақ жігіті болмақ керек» деп болжам күйінше қалдыруға мәжбүр болған. Академик Жұбановтың да дәл сондай сезімде жүргенін келтірген деректерінен айқын аңғаруға болады. Брусиловскйдің айтып отырған сол Үлебайы жан достары Мәрия мен Дүйсен үшін әлемге аян «Дударайын» Мәрияға «қиып», ақтық демі біткенше өзінің кісілігіне, мәрттік қасиетіне ноқаттай да ақау түсірмей өткен екен мына өмірден. Бұл – танымал әннің бізге беймәлім қыры.

Мария Рекинаның балалық шағы

Мұрағат деректері бойынша, Марияның ата-анасы Ақмола өңіріне Ресейден ХІХ ғасырдың 70-нші жылдары Егор Рекин (басқа мәліметтерде – Рыкин, Рекин – авт.) отбасымен Нұра өзенінің бойына көшіп келген. Егор мен оның отбасына Нұра өзенінің жағасы қатты ұнап қалады. Нұраның оңтүстігіне қарай жағалай отырып, олар Қазоты көліне келіп тоқтайды. Көлінде балығы тулап, жағасында қыр құстары жөңкіле қалықтаған көлдің  жағасы ерекше сұлу еді.

Бұл көлдің жағасында олар қамыстан күрке тігеді. Көлдің арғы бетінде арғын тайпасының қуандық руы көшіп қонып жүрген болатын. Жергілікті тұрғындар бейтаныс адамдарды көріп ерулікке қонаққа келе бастады. Жергілікті тұрғындармен сөздері жарасып, ол таныстықтары достыққа ұласа бастады. Қазақтар оларға жағдай жасап, ауылдарына шақырып бұрын-соңды тұрмыста пайдаланып көрмеген киіз үй мен мал берді (Бүгінгі күні Астанаға жақын маңдағы Қорғалжын ауданында орналасқан).

Қазақтармен қарым-қатынастың қажеттілігі және олардың шын адал ниеттері оларға жергілікті халықтың тілін, әдет-ғұрпы мен салт дәстүрін тез сіңдіріп алуға жағдай туғызды. Тіпті олар қазақшаны тез-ақ меңгеріп қана қойған жоқ, мақал-мәтелдерді айтатын болған.

Ақмола жерінде біртіндеп тұрмыстары түзеліп, Егордың әйелі Елизавета 4 ұлды (Павел, Максим, Фёдор және Алексей) дүниеге әкелді. Жергілікті қазақтар балаларын өздерінше атап кетті. Мәселен, Павелды – Пашке, Максимды – Мақсұм, Фёдорды – Щёдор, Марияны – Мариям және т.б.

Балалар жергілікті қазақ балаларымен ертеден кешке дейін ойнады, қазақ киімдерін киді, ат үстінде жүрді. Қазақ ойындары мен сайыстарына қатысты. Қазақ балаларымен қазақша еркін сөйлесіп кетті.  Қымыз, айран ішіп, жылқы мен қой етін жегенді жақсы көрді. Біраздан соң қазақша әнді де тәп-тәуір айтатын болды. Әсіресе, 1895 жылы туған Егордың кенже қызы Мәриям ерекше көзге түскен. Оны ауылдың және жақын елді мекенінің барлық тұрғындары жақсы көріп кеткен болатын. Әсіресе ол қазақтың халық әндерін орындағандағы күміс көмей дауысы бәрін таңғалдыратын. Көп кешікпей Мәриям қазақ әндерін өзі де шығара бастайды.





6

3. Қос ғашықтың мекені қайда еді?

Дарынды әрі сұлу Мәриям қызды көруге уездегі шалғай ауылдардан жас жігіттер келе бастайды. Орыс қызына қазақ жігіті Дүйсен Үкенұлы ғашық болады. Қазақ салты бойынша жеңгелері есімін тікелей атамай Дүйсенді еркелетіп Дударай атап кеткен. Дударай ауылы Ащыкөл көліне жақын маңда болған екен.

Орыс қызы да қазақ жігітін бірден ұнатып, жастардың бір отырысынан кейін олар қол ұстасып, жүрек түкпіріндегі махаббаттарын бір-біріне жеткізді. Әнді бірге шырқаған кездері аз болмаған. Олардың арасындағы достық керемет махаббатқа ұласқан.

Әйгілі «Дударай» әнінің өмірге келуі

Қазақ халқының салты бойынша, басқа ұлттың қызына үйленуге тыйым салынған. Шариғат ондай қадамды құптамайды. Мұндай жағдайлар қоғамда бұрын-соңды орын алмаған. Жергілікті дін қызметшілері – молдалар мұндай тосын таңдауға үзілді-кесілді қарсы болды. Осылай екі жылдай уақыт өтті. Көктем мен жаз және күзгі уақыттарда Дударай ауылы Мәрияның үйінен өте алыс қашықтыққа көшіп кеткеннен кейін жағдай одан да бетер қиындай түскен. Жастар бірін-бірі айлап көрмеді. Көп ұзамай қыз ғашығына арнап ән шығарды:

Мариям Жагор деген орыс қызы

Он алты, он жетіге келген кезі,

Қазаққа Дудар деген ғашық болып

Сондағы Мариямның айтқан сөзі:

Дударари-дудым,

Бір сен үшін тудым!

Шіркін-ай, Дударайым, дудым-ай!

Сөйтіп, «Дударай» әні өмірге келеді, бұл шығарманы халық Мәриям шығарды деп есептейді. Дударай Дүйсеннің еркелеткен есімі («дудар» – бұйра шашты). Мәриямның өмірі мен қызметін зерттеуші ғалымдар әннің сөзін жазған негізгі автор, жас ақын – Дүйсеннің досы Үлебай болса, ал әнін жазған әйгілі композитор Сатмағанбет Ахметов деген дерек келтіреді. Белгілі этнограф, қазақ әндерін жинақтаушы А. Затаевич бұл әнді Мәриям жазды деген мәлімет келтіреді.

Айтпақшы бұл әнді 1927 жылы Парижде өткен ЭКСПО-да әйгілі қазақ әншісі Әміре Қашаубаев орындап, француз тыңдармандарын баурап алған болатын.

Біртіндеп бұл ән қазақтар тұратын барлық өңірде Ресейде, Моңғолияда, Қытайда айтыла бастады. Бұл әнді жиі-жиі Егор Рекиннің асыранды ұлы, кезінде совет өкіметі тұсында Ақмола облысы «Қызыл Ту» колхозының төрағасы болған Ақымжан Назаров жиі орындаған.

Қос ғашықтың шиеленіске толы өмір сынақтары және ғашықтардың бас қосуы

Мәрияның ата-анасы қызын көрші орыс селосындағы бай адамға тұрмысқа бермекші болып, құдалықты күтіп отырған.


7

Өзінің теңі емес, өзіне ұнамаған адамға тұрмысқа шыққысы келмеген ол Дудараймен-Дүйсенмен бірге далаға қашып кетеді. Олар көптеген қиыншылық пен тауқыметті бастарынан өткереді. Біраз уақыт бойы өзен бойын, қамыс түптерін тасалап, екі жақтан да келген қуғыншылардан қашып жүреді. Екі жастың бір-бірінсіз өмір сүре алмайтынын көзбен көрген ата-аналар қол ұстасып бірге өмір кешуге рұқсаттарын береді. Замандастарының айтуынша, ол ауылдағы ең жақсы келіндердің бірі болған. Ауыл ақсақалдарының батасын алып отырған. Мәрия ислам дінін қабылдап, нағыз қазақ қызы атанды. Қазақтың дәстүрлі киімін – ақ кимешек пен камзол киді. Өлең шығарып, домбырада еркін ойнап, ән айтқан.

Кейінірек ол өте салиқалы парасатты әйелдердің бірі айналды. Оған үлкен кіші алыс жол жүрерде ақыл-кеңес сұрай келген. Жастар Мәрияның батасын да алған. Айта кетер жайт, орыс отбасында Мәриядан кейінгі басқа балалар да қазақтармен отбасы құрған.

Ғашық адамынан айырылу

1914 жылы Марияның төрт бауырын әскерге алып кетеді. Ол енді ұзақ түндерді күйеуі мен майдангер бауырларына арнап жаңа «Айсәулем» әнін шырқаумен өткізеді. Дүйсен өзі тәрізді мыңдаған отандастарымен тыл жұмыстарына кетеді. Көп ұзамай ол өкпе ауруына ұшырап, қайтыс болады.

1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі жылдарында айналада соғыс жүріп, қан төгіс қырғын үсті-үстіне келіп жатқан оқиғалардың арасында ол біраз уақыт бойы ән айтуды тоқтатқан. Кейінірек ол екінші рет тұрмысқа шықты. Сапарбек, Сайлаубек, Рысалды және Мүслима деген балалары дүниеге келген.

Екінші дүниежүзілік соғыс уақытында әрбір екінші шаңыраққа қара қағаз келіп жатқанда, ол өзінің әні «Дударай» әнін қайта шырқап, қайғылы жандарын бір серпілтіп тастап отырған деседі.

Мәриям Жагорқызының шығармашылығын бағалау

Қазақ мәдениетінің ірі өкілдері М. Әуезов, С. Мұқанов, К. Бекхожин Мәриямның дарынын жоғары бағалап, Алматыға шақырады. Жоғары орындаушылық шеберлігі мен әйгілі жазушылардың қолдауымен ол «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» атанады.

Әйгілі сазгер-этнограф А. Затаевич 1920 жылы «Дударай» әнінің ондаған нұсқасын көшіріп жазып, осының негізінде кейінірек әйгілі Е. Брусиловскийдің «Дударай» операсының тууына негіз болады. Ақын әрі фольклоршы Х. Бекхожин Мәриямның көзі тірісінде Мәрия мен Дүйсенге «Мариям Жагорқызы» атты поэмасын арнаған.

1952 жылы Тың игеру басталар алдында Мәриям дүниеден озды. Оны мәңгілік мекенге шығарып салуға бүкіл аймақтан адамдар ағылып жатты. Ол небәрі 58-ақ жаста еді. Ол Астанадан 80 шақырым жердегі Сабындыға жақы Мыңшұңқыр деген жерге қойылды. Бүкіл өмірін ол махаббатына арнаған. 1980 жылы жерлестері фольклорлық «Дудар-ай» ансамблін құрып, Қазақстаннан тыс аймақтарға өнерлерін көрсетіп отырған.



8

1962 жылы Мәриямның құлпытасы қайта жаңартылды. 2011 жылы жергілікті кәсіпкер Серік Рахымбеков мәрмәр тастан жасалынған құлпытас қойды. 2013 жылы жас әнші Тасқын «Дудар-ай» әнін Қытайда өткен конкурста орындап халықты таңқалдырған болатын. Әсіресе Ақмола өңірінде өтетін тойларда «Дудар-ай» әні міндетті түрде орындалады. 

Автор: Зиябек ҚАБЫЛДИНОВ

Қорытынды бөлім

«Дудар-ай» әні кейіпкерлерінің тарихи өмірі» атты ғылыми зерттеу жұмысымдағы мақсатым – Ақмола облысындағы тарихи тұлғалардың аттары мәңгілік жас ұрпақтың есінде болсын, осы тұлғаларға арнап мұражайға жәдіргерлердің жинақталуына себепші болғым келді. Себебі тарихи тұлғаларға, сол өңірдің тумаларына арналған арнайы жәдіргерлердің, мұражайдағы шағын ақпарат бұрыштары жоқтың қасы. Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Құмкөл ауылында орналасқан Мариям Жагорқызының ғашығы, қазақ жігіті «Дудар-ай» яғни Өкенұлы Дүйсен атамыздың зираты көріп келді. Ал Мариям Жагорқызының зираты Ақмола облысы, Қорғалжын ауданығ Кеңбидайық ауылында жерленген екен. Өкенұлы Дүйсен атамызды неліктен осы әнде Дудар-ай деп атаған? Себебі ол кісінің шашы бұйра-бұйра болған соң дудар деген екен.

Жастардың елінің қызықты тарихи оқиғалары әсіресе Ақмола облысы, Қорғалжын ауданындағы туралы білімдері бүгінгі менің ғылыми жобамда кеңейді деп ойлаймын. Мариям жагорқызының ұстаған заттарын, жәдігерлерін жинақтауға ұсыныс білдіргім келеді және сол кісінің туыстарын ісздеп, ақпарат көздерін, жәдігерлерін Ақмола облысы, Қорғалжын ауданында қос ғашыққа арналған мұражай бұрышынан орын ашыуына ат салыссақ, жастар еліміздің Ақмола өңіріндегі тарихқа толы тұлғаларды жақынырақ танушы еді деп ойлаймын. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген Халық әншілері «Дудар-ай» әнін орындап жүргенде, неге сол әннің кейіпкерлерін зерттемеске? Неге сол тарихи тұлғалардың құрметіне мұражайлардан ақпарат бұрышын ашпасқа? Неге сол тұлғалардың жерленген жерлерін зерттемеске?















9

Қ о с ы м ш а л а р




Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Кеңбидайық ауылындағы зиратта жерленген Рыкина Мария Егорқызы.




.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!