Материалдар / Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңі (1-сағаты)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
Осы тақырыптағы материалдардың барлығын көріңіз!

Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңі (1-сағаты)

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге және студенттерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қырқүйек 2018
953
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

2-бөлім. Тәрбиенің қайнар бұлағы

Мектеп :

Күні: 25.05.2018 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Сейтмұратова А

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны:25

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңі (1-сағаты)

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Т/Ж2. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау

А/И 4.Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға

хат, өлең жазу


Сабақтың мақсаттары

Өлең тақырыбы мен идеясын аша отырып, өмірмен байланыстыру,авторға хат жазу.

Бағалау критерийі

  • Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды;

  • Шығарма тақырыбы мен идеясын өмірмен байланыстырады;

  • Өзіндік көзқарасын білдіреді;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:өлең тақырыбын, идеясын анықтай алады, өмірмен байланыстырып, өзіндік көзқарасын білдіре алады;

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:бежін ер, білтелі, сапы, манат, тегеріш, керсен, білтелі, бадана.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. «О,Ақтан жас, Ақтан жас» деп аталуының себебі неде?

  2. Өлеңдегі Ақтан жасты қалай бейнелеген?

  3. Өлеңді басқаша қалай атауға болады?

Құндылықтар-

ға баулу

«Мәңгілік Ел» идеясы негізінде тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы,ата-бабаларымыздың өткен өмірін зерделей отырып, болашаққа сене білуге, қиындықты жеңе білуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, қазақ тілі, музыка, бейнелеу, өзін-өзі тану

Алдыңғы білім

Бастауыш сыныптарда жыраулар туралы түсінік қалыптасқан

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

(3 мин.)


Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал туғызу.

Оқушылар «Шаттық» шеңберіне тұрып, бір-біріне жақсы тілектерін білдіреді.

Сыныппен жұмыс: Қызығушылықты ояту.Топқа бөлу.

«Сөздер сөйлейді» әдісі арқылы мұғалім шеңберде тұрған оқушыларға қиынды қағаздарды таратады, оқушылар 3-топқа бөлінеді..

І топ - Өмір

ІІ топ – Тұлпар

ІІІ топ – Сенім



І топ - Өмір

ІІ топ – Тұлпар

ІІІ топ – Сенім


Сабақтың ортасы


(3мин.)















(6 мин.)






















( 5 мин.)






















(2мин.)












(5 мин.)
























( 6мин.)


Жаңа сабақ.

Дулат Бабатайұлы туралы бейнеролик көрсетіп, оқушылардың ойын шоғырландыру үшін сұрақ қоямын.

Сұрақ:

  • Көрген бейне сюжетте кім туралы айтылған?

Оқушылардың жауабын толықтырып, жаңа тақырыпты ашып аламын.

Білу. Түсіну

«Миға шабуыл» әдісі арқылы топтасқан оқушылар орындарына жайғасып,топқа берілген сөздердің мағынасын мұғалімнің көмегімен түсіндіріліп кетеді.

Мұғалімнің сөзі:

Осы сөздерден не байқадыңдар?

Қалай ойлайсыңдар, бұл сөздердің бүгінгі сабаққа қандай қатысы бар?

-Ия, жақсы, дұрыс айтасыңдар.

Енді балалар, бейнетаспаға назар аударайық

С.Интербелсенді тақтадан «О,Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңін тыңдайды.

Тұлпар атты жаратып,

Құйрық жалын таратып,

Бежін ерді ерлетіп,

Жорыққа жортып терлетіп,

Сырты қырлы, жүзі алмас,

Салған дағы жоғалмас

Сапы асынар ма екенсің?

Босағасын борлатқан,

Керегесін торлатқан,

Тегеріші манаттан

Жібектен ызып бау таққан

Үйге кірер ме екенсің ?

Тең құрбыңмен теңеліп,

Шаруа жиып кенеліп,

Бала сүйіп, мал жиып,

Керсеніңе бал құйып,

Өмір де сүрер ме екенсің?


Жетімдіктен өтерсің

Шаң бермей әлі кетерсің,

Қажыма, Ақтан, қажыма,

Жетерсің, әлі жетерсің!


Мұғалім сөзі:

  • Өлең қалай аталады?

  • Бұл өлеңнің авторы кім?

Керемет, жақсы балалар, жауаптарыңмен келісемін.

Бүгінгі күннің тақырыбы мен мақсаты жазылады.

Ж.Ж «Дауыстап ойлау» әдісі арқылы балалар өлеңді қайтадан мәнерлеп оқиды .Жұптасқан екі оқушының бірі дауыстап оқыса, екіншісі тыңдай отырып ой түйеді.Бір-біріне түсіндіреді. Әр жұп өз топтарында талқылайды.


Дескриптор:

- мәнерлеп оқиды;

- өлеңді бір-біріне түсіндіреді;

- өлеңді топта талқылайды;


ҚБ.Әр жұп бірін-бірі смайликтер арқылы бағалайды.


Ж.Ж: «Сыңарын тап» әдісі арқылы «сауыт, керсен,қажу» сөздері тақтада көрсетіледі. Синонимдермен алмастырып сөйлем құрау.


Дескриптор:

- сөздердің мағынасын түсініп, синонимдерін табады;

- сөйлем құрайды;


ҚБ.Мұғалім тарапынан «Жарайсың, Керемет» деген мадақтаулар арқылы бағаланады.


ТЖ:«Үштік» әдісі арқылы өлеңнін негізі идеясын үш сөйлеммен анықтайды. Анықталғаннан кейін әр топ өздерінің сөйлемдерін оқиды. Қалған топ тыңдап отырып, өз көзқарасын білдіреді. Сөйлемді бір сөзбен (графикалық органайзер) сын есімдермен береді.



Өлеңнің идеясы












Дескриптор:

  • өлеңнің тақырыбы мен идеясын 3 сөйлеммен анықтайы;

  • өлеңнің идеясын 3 сын есіммен береді;

  • өмірмен байланыстырады;


ҚБ. Топтар бір-біріне пікір айту арқылы бағалайды.

С

«Сөздерді толықтыру» әдісі арқылы мұғалімнің көмегімен өлеңге жай жоспар құра отырып, оқушыларға кесте таратылады, мағынасын ашады.

1.Жетімдік

2.Бозбала шақ

3.Жастық шақ

4.Батырлық

5. Үміт

Топпен жұмыс:

Жетімдік


Бозбала шақ, ғашықтық


Жастық шақ


Батырлық, ел қорғаны


Үміт, орындалған арман



Дескриптор:

-жай жоспар құрады;

-сөздердің мағынасын ашады;


ҚБ. Оқушылар «Түсінікті болды, толықтыр» деген сөздерді көрсету арқылы бірін-бірі бағалайды.


Бекіту.

Жеке жұмыс: «Сырласу хаты» әдісі арқылы хат жазады.


Дескриптор:

  • хаттың құрылымын сақтайды;

  • 5 сөйлемнен тұрады;

  • өз көзқарасын білдіреді;

ҚБ. Оқушы өзін-өзі бағалайды.





Интербелсенді тақта

https://www.youtube.com/watch?v=TpnvNhB3zcA










































































Кесте

таратылады










Сабақтың соңы

(3 мин.)


(1 мин.)

Рефлексия. «SMS жазу»

«Мен үшін ... құнды болды, себебі ...

Келесі сабақта ... болса (талдасақ) екен»


Үйге тапсырма: оқулықта берілген үзіндіні толық жаттап келу.




Қосымша мәлімет

Саралау- оқушыға мейілінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың ақпаратты қаншалықтымеңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсы?

Пәнаралық байланыс -

Денсаулық және қауіпсіздік ережелер.

АКТ-мен байланыс.
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент).

  • Жалпы сыныпқа сұраққа дұрыс жауап беру, «Графикалық органайзер» әдісімен берілген тапсырмамен нәтиже не жауабы бойынша саралаймын;

  • Топтық жұмыстар барысында оқушылардың қарым-қатынастары арқылы саралаймын.

  • Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, кестелерді толтыруға жіберген уақыты –жылдамдығы бойынша саралаймын.


Рефлексия (жазбаша)Оқушыларды сабақ барысында сыни бағалауды топтық, жұптық, жеке жұмыстарды жүргізу барысында төменде көрсетілген кері байланыстар арқылы жүзеге асырамын.

«Смайликтер»

  • Оқушылар бір-біріне «Смайликтер» арқылы бағалайды.

  • «Жарайсың, Керемет» әдісі арқылы мұғалім тарапынан бағалайды.

  • Өзара жəне өзін-өзі бағалау

  • «Түсінікті болды, Толықтыр» әдісі арқылы бағалайды

Оқушылар олардың біраз немесе барлық бағалау критерийлеріне жеткендігін анықтайды.

Сабақ соңында оқушы рефлексиясын «SMS жазу» әдісімен жүргіземін

  • «Мәңгілік Ел» идеясы тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы негізінде ата-бабаларымыздың өткен өмірін зерделей отырып, болашаққа сене білуге, қиындықты жеңе білуге, өмірді сүюге баулу.

  • тарих, өзін-өзі тану пәндерімен байланыс;

  • бейнелеу

  • музыка

  • қазақ тілі

  • интербелсенді тақтаны пайдалану;

  • түрлі дерек көздермен жұмыс жүргізу;

  • тақырыптық презентация.


Сабақ бойынша рефлекция

Сабақтың мақсаты

мен оқу міндеттері

орындалды ма?

Бүгін оқушылар не

үйренді?

Сабақ қалай өтті?

Қандай деңгейде

өтті?

Жоспарланған

саралау жақсы іске

асты ма?

(тапсырмалар сəйкес

болды ма?)

Жаңартылған мазмұнды бағдарлама негізінде алынған тапсырмалар баланың өзін еңбектендіріп, бірлестіріп, өз бетімен білім алуына бағытталып, оқу мақсатына сәйкес келді.

Тренер тарапынан үлкен қолдау болды.



Жалпы бағалау

Мен үшін сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты):


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!