Материалдар / Е. БЕКМАХАНОВ – ТАРИХШЫ, ҒАЛЫМ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Е. БЕКМАХАНОВ – ТАРИХШЫ, ҒАЛЫМ

Материал туралы қысқаша түсінік
курстық жұмыс Е. БЕКМАХАНОВ – ТАРИХШЫ, ҒАЛЫМ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Мамыр 2024
129
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тарих, экономика және құқық факултеті

ҚР тарихы кафедрасы








БІТІРУ ЖҰМЫСЫ



Е. БЕКМАХАНОВ – ТАРИХШЫ, ҒАЛЫМ.





Ғылыми жетекші:___________

Орындаған: _ курс студенті

______________













Қазақстан Республикасы

МАЗМҰНЫ




КІРІСПЕ 3

  1. тарау. Е. БЕКМАХАНОВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ҒЫЛЫМИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

    1. Е. Бекмахановтың балалық шағы 8

    2. Е. Бекмахановтың ғылыми ізденістерінің басталуы 13

  2. тарау. Е. БЕКМАХАНОВТЫҢ ТАРИХ ҒЫЛЫМЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

    1. Е. Бекмаханов және ұлт-азаттық қозғалыс мәселелері 19

    2. Отандық тарих ғылымының өзекті мәселелерін зерттеудегі

Е. Бекмахановтың үлесі 32

ҚОРЫТЫНДЫ 47

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ 49

КІРІСПЕ


Тақырыптың өзектілігі. Енді ғана өз билігі өзіне тиіп, ұлттық мемлекетінің іргетасын қалай бастаған қазақ халқы үшін өзінің жүріп өткен жолының ғылыми шынайы тарихын жазу қажеттілігі күн өткен сайын айқын сезілуде. Себебі ұлттың бүгінге дейінгі тарихы – оның ертеңгі тағдыры. Қазақ елі көп жылдар бойы бодандық құрсауында болып, енді егемендік алған тұста алдына әлемдегі өркениетті халықтар санатына қосылу мақсатын қойып отырған ұлт үшін өзінің өткенін білу, төл тарихынан тағылым алып, оның сабақтарын ескеру – болашақ мақсаттарға жеткізетін негізгі фактор. Яғни, қазақ халқының келешегінің қалай қалыптасуы, көп жағдайда оның ғылыми тарихының қазіргі кезеңде қалай жазылуына, оның тарихи санасының қалай қалыптасуына байланысты.

Тарихта жеке тұлғалық фактор әрқашанда жоғарғы маңызға ие болған. Тұтас бір тарихи кезең және сол уақыттарда орын алған ірі қоғамдық-саяси, экономикалық, мәдени өзгерістер кейде бір немесе бірнеше тарихи тұлғалардың өмірімен, қызметімен байланыстырылады. Осындай құбылыс Отан тарихында ХХ ғасырдың басында орын алды.

Қазақ тарих гылымының қалыптасуында жэне гуманитарлық ғылымдардың бір саласы есебінде дамуында жаңа заманның ұлы тарихшысы Ермұқан Бекмахановтың (1915-1966 жж.) үлкен енбегі бар. Қазақта Ермұқан Бекмахановқа дейін де тарихшылар болды. Бағы замандағы ғұламаларды айтпаған күннің өзінде, ел ішіндегі атағы шыққан шежірешілерді санамаған күнде де, Қазақ хандығының қалай өмірге келгенін, оның шаңырағын кім көтергенін, елдескен және жауласқан елдерін тізіп берген Мырза Хайдар мен Қадырғали Қосымұлы сияқты тарихшылар болды. Бірақ бұлар патша сарайының маңында қызмет жасаған, жазуға деген құштарлықпен бірге әкімдікті, уәзірлікті ала жүрген әмбебап тұлғалар еді.

Қазақ тарихының талай сырын баяндап, оқырманына көшпелілер тарихы туралы жарқын ой ұшқынын қалдырып кеткен Шоқанның өзі де тарихшылықты кәсіп еткен жоқ. Шоқан ғаламат дарын иесі еді, оның шағын ғана мақалалардың өзі ғылыми тереңдігімен, кеңістіктегі ауқымымен, алдындағы тамаша өрісімен әлі күнге дейін бізді тәнті қылады. Шоқан аз ғұмырында Орталық Азия тарихының көне және ортағасырлық тарихына қатысты талай күрделі мәселелерді көтерді. Бірақ ол орыстың әскери оқуын бітірген, сол империяға қызмет істеуге тиіс жан еді. Сол себепті Шоқан жазбаларының көпшілігі жұмыс үстінде, жол сапарда, қауіп-қатер, жорықтарда жазылды.

Шоқанға дейін де, XIX ғасырдың. өзінде де қазақ шежіресін жинақтап, тарихтың әртүрлі нұсқаларын сараптап жүрген азаматтар аз болған жоқ. Бұл

ең алдымен түркі-монғол халықтарының шежірешілдік дәстүрі еді. Елдің кемеңгер ақсақалдары мен қарияларынан қалған алтын сандықты хатқа түсіру де XIX ғасырдан басталды. Жазба дәстүрін ұстанған азаматтар осы көне нұсқадан, мөлдір қайнар - бастаудан нәр алатын. Ермұқан Бекмаханов та осы дәстүрді жалғастырды жэне кеңестік империя дәуірлеген уақытта төл дерекке батыл барып, оны Қазақ тарихының ең бір күрделі кезеңдері ХУШ- ХІХ ғасырлардағы. тарихын жазуға пайдаланды. Сол себепті де Ермұхан Бекмаханов сында үлкен ғалымның еңбегін бағалап, оған шынайы бағасын беру өзекті болып отыр.

Мәселенің зерттелу деңгейі Қазақ тарихымен XIX ғасырдың соңымен

XX ғасырдың басында бірсыпыра азаматтар айналысты. Олардың ішінде қазақтың өз жадында сақталған шежіре аңыздарын жинақтап, соларды жүйелеп және қорытып, көшпелдлер тарихы туралы тамаша деректерді жазып қалдырған Ж. Көпейұлы /1/, қазақ шежіресі мен Ресей тарихнамасын байланыстырған Ш. Құдайбердіұлы /2/, қазақтың тарихи аңыздарын жыр жолына түсірген Н. Наушабайұлы, Алтын Орда мен ақтабан шұбырынды заманы туралы тамаша этюдтер жазған М. Тынышпаев /3/, "Қазақ тарихының" алғашқы ғылыми нұсқасын орыс тілінде жазып көрген ерен білімді С. Аспандияров болды /4/. Бұл тізімнен тыс жүздеген адамдар қазақ тарихының әр түрлі мәселелері бойынша баспасез бетіне шықты.

Осындай өмірбаяны, дәстүрлері, дарынды өкілдері бар ғылымның бұл аса қадірлі саласы қазақ ішінде кәсіптік деңгейге тек XX ғасырдың 40-шы жылдары ғана жетті. Оны осы жоғары деңгейге кетерген адам аяулы азамат Ермұхан Бекмаханов еді.

Е. Бекмаханов қазақ жастарының ішінен алғаш рет Тамбов пен Воронеж пединституттарында арнайы тарих факультетінде оқыды. Ол қазақ ғалымдарының ішінде алғашқы болып тарихтан ғылым докторы атанып (1946 жылы) және ол атақты лагерьден кейін екінші рет басқа тақырыппен тағы да қорғайды (1957 жылы).

Е. Бекмаханов Қазақстан тарихы кафедрасын жоғарғы оқу жүйесінде алғаш рет ашып, соны меңгерген адам. Е. Бекмахановқа дейін Қазақстан жоғарғы оку орындарында тек қана СССР тарихы жэне Жалпы тарих кафедралары ғана болған. Ермұқан Қазақстан тарихы кафедрасын тек алғашқы ашушы ғана емес (1948 ж.), лагерьден келгеннен кейін қайтадан ашушы (1958 ж.). Бұл жағынан да оның нағыз ер азамат, күрескер және қайраткер екенін көреміз.

Е. Бекмаханов қазақ тарихшыларының ішінде арнайы мектеп оқушыларына арнап 7-8, 9-10 класс оқулықтарын жазған ғалым /5/. Оның бұл оқулықтары тарихқа сусаған қазақ еліне қарлығаштай қанатымен аузына су бүріккенге ұқсайды. Бұл оқулықтар Қазақстан мекептерінде 30 жыл бойы

қызмет жасады.

Е. Бекмаханов "Қазақстан тарихын" мектепте және жоғарғы оқу орындарында оқытудың алғашқы әдістемелік -тәжірибелік еңбектерін жазды. 1941-1945 жылдардағы соғыстың ауыр кезеңінде басталған бұл еңбек бірнеше оқу құралында, әдістемелік брошюраларда және 1966 жылы жарияланған "Очерки Истории Казахстана" /пособие для учителей/ кітабында жарық көрді /6/. Сол себепті біз Е. Бекмахановты қазақтың тарих саласы бойынша алғашқы ғалым -әэдіскері бола білді..

Е. Бекмаханов қазақ тарихшыларының ішінде алғаш болып Қазақстан тарихы бойынша "библиографиялық көрсеткіш" жасады. Е. Бекмахановтың жауапты редакторлығымен 1964 жылы жарық көрген "Библиография по истории Казахстана" /аннотированный указ-тель. вып. I. Дореволюционный период/ аталатын қалың кітап әлі күнге дейін өз бағасын, құнын жойған жоқ / 7/. Қазақ тарихы бойынша ертелі-кеш жазылған еңбектердің бәріне қысқаша шолу жасаған бұл кітаптан жоғары етіп әлі еңбек жазған зерттеуші бар деп айту әлі ертерек.

Қазақтың аяулы азаматы, алғашқы профессионал тарихшысы Е. Бекмаханов бұл өмірден қыршын жас, небәрі елу жасында кетті. Оңың артында мол ғылыми мұра, қалыптасқан зерттеу әдістері мен тәжірибе, казақ тарихының қилы кезеңдері мен оқиғалары туралы ой нышандары қалды. Осының бәрі қазіргі қазақтың азаматтарынан үлкен жауапкершілікгі, азаматтықты, жанашырлықты талап етті. Е. Бекмаханов тарих ғылымындағы ұлан-ғайыр және жанкешті еңбегі жөнінде соңғы жылдары баспасөзде біраз жазылды. Олардың ішінде . Тәкеновтың, М. Қозыбаевтың, К. Нүрпейісов, Т. Омарбеков сияқты ғалымдар мақалаларында Ермұхан Бекмахановтың тарих ғылымындағы еңбегі дұрыс бағаланды. Ғалымның жары Халима Бекмұхамедова көп жылдар бойы ғалым туралы естеліктерді жинастырып, оны да жылы баспадан шығарды /8/. Осыдан бірнеше жыл бұрын М. Қозыбаевтың жетекшілік етуімен Е. Бекмахановтың өмірбаяны мен ғылымдағы еңбегін саралаған кандидаттық диссертация қорғалды /9/. Аталған диссертация жұмысында Е. Бехмахановтың өмірі мен қызметі айтыла келі, әсіресе ғалымның тарих ғылымына қосқан үлкен үлесі нақтыланған еді.

Ғалымның еңбектерінің дені қазіргі кезде библиографиялық сирек кездесетін дүниелерге айналды. Осының бәрін ескеріп С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, осы оқу орнының басшысы, ұлтжанды азамат Ерлан Мұхтарұлы Арын бастап Е. Бекмахановтың ғылыми мұрасын елге таныту мақсатында мол еңбек сіңірді. Бұл жұмыс 2003 жылы басталып, алғашында «Рухнама» сериясынан Е. Бекмахановқа арналып арнайы кітап шықты. Бүл кітаптың ішіне Ә. Тәкеновтың ғалым туралы

жазған тарихнамалық шолу мақаласы, Кенесары көтерілісіне қатысты азаттық күрес туралы жазған Е. Бекмаханов тараулары, Е. Бекмаханов жайында жазылған әдебиет тізімі енгізілді /10/.

Е. Бекмахановтьщ 90 жылдығы қарсаңында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекетгік университеті ғалымның мерейтойына арнап халықаралық конференция, қазақша ас беру, ғалымның шығармаларының жинағын шығару, биобиблиографиялық көрсеткіш дайындау міндетін қойды. Нәтижесінде оқырман қолына ұсынып отырған жеті томдық Е. Бекмаханов шығармаларының жинағы жарық көрді.

Е. Бекмахановтың жеті томдығының - бірінші томына Е. Бекмахановтың өмірбаяны және шығармашылық еңбегі туралы келемді очерк енді. Оның авторлары Е.М. Арын және Ж.О. Артықбаев болды /11/. Сонымен қатар бұл томға 1943 жылы жарияланған «Қазақ ССР-іы тарихының Е. Бекмаханов жазған тарауларының орысша және қазақша түпнұскалары енді. «Қазақ ССР-і тарихының» алғашқы басылымы сол кезеңдегі идеологияға байланысты сынға ұшыраған болатын.

Екінші томға «Казахстан в 20-40-е годы XIX в.» деп аталатын ғалымның атышулы монографиясы толықтай енсе, бұл кітапты жариялағанда Қазақ ҒА сирек кездесетін қолжазбалар қорында сақталған 1947 жылғы жарияланған нұсқа мен 1992 жылы Әбу Тәкеновтың басшылығымен жарияланған нұсқалары енгізілген.

Үшінші томға Е. Бекмахановтың 1958 жылы жарыққа шыққан

«Присоединение Казахстана к России» атты монографиясы толығымен енген. Төртінші томға ғалымның мектепте, жоғары оқу орындарында «Қазақстан тарихын» оқытуға арналған әдістемелік-тәжірибелік еңбектері және 1966 жылы жарық көрген «Очерки истории Казахстана» (пособие для учителей) оқу құралы енгізілген. Бесінші томға Е. Бекмахановтың Қазақстан тарихы мәселелеріне арналған, әртүрлі басылымдарда жарық көрген ғылыми мақалалары жинақталған. Аталған томға енгізілген ғалымның кейбір мақалаларының партиялық-идеологиялық бағытта жазылуын оқырман сол уақыттың талабына байланысты деп түсінуі керек.

Алтыншы томға Е. Бекмахановтың «XIX ғасырдың 20-40 жж. Қазақстан» монографиясы бойынша Алматыда өткізілген 1948 жылғы шілде талқылауының стенограммасы енді. Редколлегияның дискуссия материалдарын жеке том етіп жариялаудағы мақсаты оқырманға ғалымның күрескерлігі және сол кезеңдегі тарих ғылымының дамуы туралы мәліметтер беру. Стенограмма материалдары К. Нұрпейісовтың жариялауымен Алматыда 2000 жылы жарық көрген бірінші басылымнан езгеріссіз берілген. Ал жетінші том материалдарын Е. Бекмаханов туралы құжаттар мен замандастарының естеліктері құрайды /12/.

Жұмыстың мақсаты – жоғарыда аталынып өткен еңбектер мен зерттеу жұмыстарын пайдалана отырып, Е. Бекмахановтың туып-өскен ортасы мен ғылыми шығармашылығына, әсіресе тарих ғылымына қосқан мол үлесіне тоқталу болып отыр. Бітіру жұмысы өзінің алға қойған масатын шешуде төмендегідей міндеттер тобын нақтылайды:

  • Е. Бекмахановтың жастық шағы мен өскен ортасына тоқталу;

  • Е. Бекмахановтың ғылыми ізденістерінің басталуын қарастыру;

  • Е. Бекмаханов және оның ұлт-азаттық қозғалыс мәселесін ашуға қосқан үлесін бағалау,

  • Е. Бекмахановтың Отандық тарих ғылымының өзекті мәселелерін зертеудегі үлесін айқындау.

Жұмыстың деректік негізін жоғарыда аталынып өтілген Е. Бекмахановтың шығармалар жинағының мәліметтері, әсіресе жетінші том материалдары мол мәліметтер береді. Сонымен бірге Е. Бекмаханолвтың жары Халма Бекмухамедованың «Вместе 20 лет» /13/ атты шағын жинағында ғалым турасында мол мәліметтер кездесіеді. Аталған кітапта әсіресе Е. Бекмахановтың мінез-құлқы, оның ғылым саласына келуі сияқты мәліметтер тобы топтастырылған. Бұлардың барлығы да Е. Бекмаханов туралы толық та тың мәліметтер алуда өзінің құндылығымен ерекшеленеді.

Жұмыстың мерзімдік шегі Ермұхан Бекмахановтың өмір сүрген жылдары, яғни 1915-1966 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Е. Бекмахановтың өскен ортасынан бастап, өмір жолының барлық тұстарын қамтиды.

Зерттеудің қолданыстық маңызы Ұсынылып отырған бітіру жұмысында жасалған ой-тұжырымдар мен қорытындыларды Қазақстан тарихы бойынша жазылған курстық жұмыстарда, қысқа мәстінді баяндамаларда және мектептегі жас ұрпақты патриоттық тәрбиеге баулуға арналған тәрбиелік сағаттар барысында пайдалануға болады.

Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен (әр бөлім екі бөлімшеден), қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. тарау. Е. БЕКМАХАНОВТЫҢ ӨМІРІ МЕН ҒЫЛЫМИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ


    1. Е. Бекмахановтың балалық шағы.


Ермұхан Бекмаханов 1915 жылы қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданыда № 10 ауылда Жасыбай деген жерде кедей шаруа Бекмахан Бегенұлының шаңырағында дүниеге келеді. Кедейлер тобына жататын бұл отбасы Абылай ханның ұрпағы екендгі, ал Ермұхан Абылайдан тараған жетінші буын екендігі соңғы тұстарда ғана ашылып айтыла бастады.

Кез-келген тұлғаның, ер азаматтың өмірінде оның туған жері үлкен орын алады. Қазақтың Ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов: “Әр адамның туып-өскен елі, жасынан жаттап өскен ғадеті, нанымы, тұрмыс қалпы – сол адамның ақыл мінезіне із қалдырмай тұрмайды. Бұл қалдырған із – көңілге кіріп, ерікті билеп, әр адамға өзінің елін сүйгізіп, елдігін іздетеді” /13/ – деп айтқандай, Баянауыл -ұшы-қиыры жоқ қазақтың сары даласының кіндік ортасында орналасқан көрікті де қасиетті мекен болды. Туған жеріне Мекке-Мәдинадай тәуеп еткен қаншыл қазақ баласы үшін Баянаула ұшқан құстың қанаты талатын, жортқан аңның тұяғы шыдамайтын қазақтың сайын даласы болды. ның, алаш баласы иеленген Арқа жерінің дүр - гауһары, жақуг тасы емес пе?! Жаздың аңызақ айларында сары далада шеліркеп келе жатқан жолаушы кек мұнар басқан Баян басын үш күндікген кереді. Қудайдың құдіреті, көк аспанды еркін кезіп жүрген қаз бауыр бұлттар екі күннің бірінде Баянның шоқтығы Ақбетті бауырына қысып, бейне бір қимас бауырын көрген

қамкөңіл апасындай қушақтап, бірнеше күн сейілмей, ажырамай қояды.

Қыздың жиған жүгіндей болып тау беткейіндегі Баянның қызғылт граниті, тау басындағы қожыр-қожыр түйе тастары да бұлттьң қойнына еніп көкшіл - сұрғылт түске енеді. Тау қойнауларынан аққан мөлдір бұлақтар жаңбыр тамшыларын алып қашып Баянның баурайындағы керімсал, тәтті көлдеріне құяды. Баянның баурайында айдыны шалқар, алтын буы аспанды тербеткен Жасыбай, Сабынды, Торайғыр келдері орналасқан. Баянның бұл көлдерсіз қадірі кем.

Баянда туып ғалым азамат болмауға амалың бар ма, мына табиғаттың аялы алақаны әр адамға ғалым бол, ой түбіне сүңгіп, самал желден сергіп, қайрат-жігер жина да, елің үшін еңбек жаса, ер азамат бол деп айтып тұрған жоқ па?!

Баяндай жан тербетер жер бола ма, Еліндей жарқын мінез ел бола ма?! Жас бала туысымен ойға бөгер,

Өскенде одан артық ер бола ма?!- /14/ деп ақын жырында келтірілгендей

Е. Бекмахановтың туып-өскен ортасы кез-келген жанды қызықтыратын еді.

Ермұханның әкесі Зында Шорманов деген байдың жалшылығында жүріп, 1921 жылы Ермұхан алты жасқа келгенде дүние салады. Анасы Бәпіш отбасының ауыртпалығын бір өзі көтеріп, жолдасынан қалған үш баласының сүйеніші болады. Ермұханның аулы туралы кез-келген қазақ баласы суретей алатын еді. Оның өскен аулы Төре аулы туралы қызғылықты мәліметтер де көп. Мәселен, бұл «төре ауылы» атанған ескі қоныс Жасыбай көлінің батыс жақ сағасына орналасқан, жергілікті қариялар көлдің жадағай өзекке жалғасып кететін алқабын «Қазан ауыз» деп атайды. Оған алдымен себеп болатыны Жасыбайдың жан-жағының бәрі биік тау мен ққз-шың болса, жалғыз ғана осы солтүстік-батыс қабырғасы қазанның аузына ұқсас жалпақ өзектің бойымен сүйірленіп кеткен. Жасыбайдың мөлдір суы осы түста ылғи да тқнық, жағалаудағы қалың құрақ-қамыспен жұмсақ айқасып тұрған момақан бойжеткен-дей. Жасыбайдың қайнарының бірі де осы Қазан ауызы.

«Төре ауылының» іргесіндегі өзекті бойлай өскен ағашты «Ханның қара ағашы» дейді. Қарағаш қалың жыныс, ит тұмсығы өтпейтін тоғай болып өскен. Осы қарағаштан таңдап «төре ауылының» тұрмысы кедей, қолдары епті адамдары ұсталық жасап жергілікті Баян елінің қажетіне керекті заттар жасап отырған. Олардың ішінде көбінесе елдің аузында мақталып жүргені қара ағаштың өзегінен ойып алған ағаш табақтар мен астаулар, кесе, көзе, қасық, ожау т.б. Төрелердің осы өнеріне бола кейде егескен кезде сөз қуған Баянның қара қазағы «ағаш кемірген төре» деп те атайды /15/.

Ермұқан ауылының қарсы алдында алпауыт тұтас алқапты алып жатқан Найзатас. Жергілікті қариялар бұл тасты Тұрсынбайдың Найзатасы деп те атайды. Бір ғажабы Найзатас - батыстан қарасаң батырлардың шаншылған найзасындай тұрса, шыгысынан алып тасбақаға ұқсайды.

«Төре ауылының» оңтүстік-шығыс жағында Жасыбай келін жағалай Жамбақы, Ат салған, Киікші, Күйікбет таулары. Осылардың бәрінен де өзі сұлу, өзі маңгаз Ақбет ерекше. Ермұқан ауылынан күннің батысына қарай суыр жон сары адырлардың бірін-бірі қуалаған тізбегі көрінеді. Малға да, жанға да жайлы құт мекен. Көл беті, көлді жағалай біткен қамыс-құрақ жаз бойы үйрек пен қазға топы, айнадай көл бетінде сырғыған биші аққулар қандай сылқым. Алыстан мұнартып көрінетін Ақбет шыңдарында бірін-бірі қуалай шапқылаған арқарлар, тоғай ішіндегі елік Қазанауызындағы төре ауылына да батыл барады. Ол кезде мылтық жоқ, аң мен құсқа кеңшілік еді. Ермуқанның жерлесі Төкен Оразов құрға тұзақ құрып, құр ойнақтың қызығын қарап отырған жас бала кездерінде дәл үстерінен елікті қуған қасқырдың келіп қалғанын жазады. Бұл осынау бай табиғи ортаға етене тән құбылыс еді.

Ермұхан Бекмахановтың анасы туарлы мәліметтер өте аз. Тек ол өз

қолымен жазып қалдырған өмірбаянында бұл турасында: «шешем колхозшы, 1932 жылы қайтыс болды» дегеннен басқа анасы туралы сыр ашпайды. Шын мәнінде оның анасы мен қарындасы сұмдық та сұмпайы аштық жылдарында ашаршылықтан қайтыс болып, олардың мәйіттерінің қайда қалғаны да беймәлім болды. Ермұхан тек туған бауыры, ағасы Діншенің қолдауымен ғана мектепте білім алады. Ермұхан Баянауылда жетіжылдық мектепті тамамдаған соң 1932 жылы Семей қаласындағы жоғарғы оқу орнына даярлайтын бір жылдық курсты оқып шығады. 1933 жылы Қазақ АКСР Оқу- ағарту халық комиссариатының жолдамасымен Воронеж қаласындағы мемлекеттік педагогикалық институтқа қабылданып, 1937 жылы тарих факультетін тамамдайды.

Е. Бекмахановтың педагогтық қызметі Алматыдағы № 28 мектептен басталады. Мектепте жүріп Е. Бекмаханов өзінің білімділігі мен білгірлігін таныта біледі. Ол әр бір шәкірттің жақсы білім алуы үшін аянюбай еңбек етеді. Мектептен басталған оның бұл алғашқы қызметі болашақ ғалымға үлкен жол сілтеген еді.

Мектепте оқытушылық қызмет жасай жүріп, 1937 жылдан бастап Е. Бекмаханов Алматы қаласындағы педагогика ғылыми-зерттеу институтында (қазіргі Ы. Алтынсарин атындағы қазақтың білім проблемалары институты) да ғылыми жұмысын бастап кетеді. Ғылыми- зерттеу институтында өзінің білімділігі мен іскерлігін танытқан Е. Бекмаханов көп уақыт өтпестен, яғни 1939 жылы аталған институттың директоры қызметіне көтеріледі. Бұл қызметті ол 1940 жылға дейін істеп, үлкен ұйымдастырушы екендігін байқатады.

Е. Бекмаханов оған қоса ҚазПи-ді (қазіргі Абай атындағы педагогикалық ұлттық университет) аспирантура бөлімін тамамдап, 1940-1941 жылдары БКП(б) Орталық комитетінің жанындағы жоғарғы партия мектебінде білім алады. Дерек мәліметтерінің көрсетуі бойынша е. Бекмаханов 1940 жылы партия қатарына өтеді /16/.

Е. Бекмаханов өмірінің қиын да сындарлы жылдары екінші дүниежүзілік соғыстың басталуымен тұспа-тұс келді. Алпауытсоғыс барша халықтың берекесін кетіріп, елдегі ауыр күндерді бастаған болатын. Соғыс қиыншылығына қарамастан жас тарихшы өзінің білімін толықтырумен болды. Халқының білімін көтеріп, сауаттылығын нығайту жлында оқу орындарында талмай жұмыс жасады. Мәселен, Ұлы Отан соғысы жылдарында ҚазПИ-дің білім жетілдіру институтында білікті маман ретінде көрінді. Үлкен ұстаздық жолды басынан кешірген болашақ ғалым 1947 жылы қазақтың қара шаңырағы ҚазМУ-де (қазіргі әл-Фараби атындағы қазҰУ) ұстаздық жолын жалғастырумен болды.

Бұдан кейінгі тұста Ермұхан Бекмахановтың өмірі өзінің сара жолын

салып жатты. 1941-0942 жылдары Е. Бекмаханов ҚазКСР Оқу халық комиссариатында мектептар басқармасының бастығы қызметін атқарды. Ал 1942-1944 жылдар аралығында – Қаз (б) КП Орталық Комитетінің лекторы , 1943-1948 жылдар аралығында ҚазКСР Ғылым Академиясының тарих, археология, және этнография институтында (қазіргі Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты) аға ғылыми қызметкер, біраз уақыт институт директоры болған С. Юшковтың орынбасары болды.

Е. Бекмаханов Қазақстан жоғары оқу орындарына арнап алғаш рет оқулықтың жобасын жасады және оны сол күйінде жариялады. Ғалымның бұл ойы сол кезеңде іске аспағанымен біздің қазіргі жасап отырған дүниенің негізін қалап кетті. Қазақстан тарихшылары бұл мәселеге тек 90-шы жылдары ғана қол жеткізді.

Е. Бекмаханов Қазақстан жоғары білім жүйесінде алғаш рет тарих факультеті студенттерінің негізінде Қазақстан тарихы бойынша мамандар дайындауды іске асырды. Ол кезеңде шешуі өте қиын мәселе еді, себебі Қазақстан тарихы бойынша мамандануға тек қана басқа ұлт өкілдері ғана емес, СССР - тарихы, Жалпы тарих кафедрасында қызмет істеп, нан тауып жүрген қазақтар да қарсы болды.

Дегенмен 90-жылдардың басына дейін университеттік білім беру жүйесінде тарих факультетінің студенттері мамандық таңдау мүмкіндігіне ие болды. Е. Бекмаханов қысқа ғұмырында жиырмаға жуық жас азаматтарға үлкен ғылымға жолдама беріп, ұстаздық- жетекшілік жасады. Олардың ішінен кейін келе қазақ тарих ғылымына үлкен үлес қосқан ғалымдар да шықгы. Бұл да Ермұхан Бекмахановтың үлкен азаматтығы, өзі жас болса да, өзгеге бас болған даналығы. Е. Бекмаханов Қазақстанда тарих ғылымын оқыту жүйесінде асппирантура институтын, оның бағдарламалары мен негізгі талаптарын қалыптастырып кетті /17/.

Е. Бекмаханов өзінің ұйымдастырушыльщ қабілетінің арқасында 1941- 1943 жылдар аралығында мәскеулік тарихшылардың Қазақстанға кегелендігін пайдалана отырып Қазақстан тарихының алғашқы академияльқ нұсқасын жасады. Соның арқасында Қазақстан тарихына қатысты жүздеген жылдар бойы жинақталған деректерді қорытып, тарихнамалық еңбектерге баға беріп, қазақ тарих ғылымының нұсқасын жасады. 1943 жылы шыққан "История Казахской ССР" КСРО құрамына енген орыс емес ұлттардың тарихына арналған алғашқы академиялық еңбек болды.

Яғни, үлкен дарын иесі, қазақтан шыққан алғашқы ғылым докторы, профессор Ермұхан Бекмахановтың өскен ортасы мен туған жерінің киелі табиғаты оның болашақтағы үлкен өмір жолына аяқ басуда үлкен рөл атқарғаны айқын. Тіпті оның жары Халима Бекмухамедова былайша есіне алады: «Егер мен Ермухан Бекмахановты кездесітрмесем, менің өмірім мүлде

бұлай болмаушы еді. Мен оның арқасында жоғарғы оқу орынының оқытушысы, ғылым кандидаты, доцент, аспиранттарға ғылыми жетекші де болдым», - деп есіне алады. Сол сияқты мол ғылым иесін қазіргі жас ұрпақтың көз алдына елестетуде Халима Бекмухамедованың естелігінен мәліметтер беруге болады /18/.

Үлкен талант иесі бұдан кейінгі тұста өзінің мол ізденісі мен тәжірибесінің арқасында ұлтының тарихына, қазақ елінің тарихына мол мұра қалдыра білді. Әрине бұның барлығы Е. Бекмахановтың ұзақ жылдар бойы айналысқан ізденісінің берген жемісі еді.


    1. Е. Бекмахановтың ғылыми ізденістерінің басталуы.


Ермахан Бекмахановтың алғашқы ғылым жолындағы ізденістері педагогика саласымен байланысты болды. Әр кез балалармен жұмыс жасаған тұста мектеп құралдарының тапшылығы мен мемодикасынан қиыншылықтардың кездесуі болашақ ғылым иесін толғандырумен болды. Сол себепті сапалы білім беру ісінде алғашқы кезекте методикалық құралдың қажет екендігі байқалы. Мәселен, қазақ мектеп оқушылары үшін тұңғыш ерте дүние тарихы мен КСРО халықтары тарихы бойыншв методикалық құрал жасауға атсалысты. Ол еңбектері 1938-1939 жылдары «Халық мұғалімі» (қазіргі Қазақстан мектебі) журналында жарық көрді. Ал Ермұхан Бекмахановтың тарих ғылымына аяқ басуы соғыс кезеңімен ұштасып, әрекеті жемісті басталы.

Е. Бекмахановтың алғашқы үлкен арнада өсіп, одан әрі ұласуына қамқо жетекшісі болған КСРО Ғылым академиясының академигі (ол кезде корреспондент мүше) белгілі тарихшы Анна Михайловна Панкратовмен кездесуі әсер етті /19/.

1941 жылдың күзінде Мәскеу түбіндегі қауіпті жағдайға байланысты Алматы қаласына Ресейдің ірі тарихшыларының бір тобы эвокуацияланып келеді. Қай тұста да өзінің іскерлігі мен білгірлігінің арқасында көзге іліккен Панкратова оларды әр қалаға бөлшектемей, астанада қалдырып, соғыстың талабына сай ғылыми жұмыстар жасау ісіне жұмылдырды. «Іздегенге- сұраған» деп айтылғандай, бұл идеяның басы-қасында сол кезде Оқу халық комиссариатында істейтін е. Бекмаханов та боды. Осылайша құрылған Ресей мен қазақстан ғылымдарының үлкен шоғыры ең әуелі мектеп оқушылары үшін соғыс жағдайында тарих пәнін оқыту методикасын тез арада жасап шығарды. Методикалық құрал дереу баспаға бе,ріліп, тіпті Өзбекстан жерінде де жарық көрді. Бұдан кейінгі тұста орыс тарихшылары мен жергілікті ғалымдардың үлкен шоғыры бірлесіп, ерте дүние кезеңінен бастап сол тұсқа дейінгі қыры да сыры мол қазақ тарихының бір томдығын жазу ісіне кіріседі.

Бұл әрине оңай шаруа емес еді. Орыс ғалымдарның көпшіліг қазақ тарихын жете біле бермейтін. Оларға Алматы қаласындағы архив қорларынкеңінен ашып, ал Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында арнайы ғылыми оқу залы ұйымдастырылады. Қонақтар қазақ халқының өмірімен де тікелей байланысты музей, театр сынды мәдени орындарға барып, зиялы қауыммен де байланыс орнатты. Сонымен бірге олардың арасында Ресей халықтары тарихының тұжырымдамаларын терең түсінетін КСРО Ғылым академиясы тарих институтының директоры, академик Гурков (ол Ташкентте тұрған), Панкратова, Дружиндер болса, ол кезде-ақ Қазақста

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!