Материалдар / «ЕББҚ БАР БАЛАЛАРДЫ ИНТЕЛЕКТУАЛДЫ ДАМЫТУДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДІС ТӘСІЛДЕР

«ЕББҚ БАР БАЛАЛАРДЫ ИНТЕЛЕКТУАЛДЫ ДАМЫТУДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДІС ТӘСІЛДЕР

Материал туралы қысқаша түсінік
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық қолдау моделін қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«ЕББҚ БАР БАЛАЛАРДЫ ИНТЕЛЕКТУАЛДЫ ДАМЫТУДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДІС ТӘСІЛДЕР»


100 «Жұлдыз» жалпы орта білім беретін мектебі.

Мамыр БекзияАбдуллақызы.

Аңдатпа. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық қолдау моделін қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар.

ХХ ғасырдың басында неміс педагог-дефектологы П.Шуманның «бала кемістігінің даму деңгейі неғұрлым төмен болса, соғұрлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары болу керек» деген асыл сөзінен даму мүмкіндігі шектеулі баламен жұмыс істеу өте қиын екені рас.Қазіргі кезде мектептерде кемтар балаларды қамқорлыққа алып, олардың қалыптасуына және айығуына мүмкіндік жасап, өз бетімен өмір сүруіне бағыт бағдар беруге арнайы дайындық жүргізілуде. Кемтар балалардың білім деңгейін көтеріп, өмірге қажетті білім білік дағдысын, тәртібін қалыптастыруға байланысты түрлі шаралар жасалуда. Бұл балаларды оқытатын мұғалімдердің алдына мынадай міндеттер қойылады.

1.Баланың мектепке дайындығын анықтау.

2.Тәрбиесіндегі кемістігін жою

3.Сабақты жүйелі жоспарлау

Дамуында әр түрлі кемшіліктері бар балаларды арнайы оқытуға деген сұраныс, әсіресе олардың танымдық процестерін психологиялық жағынан зерттеу қазіргі таңда өзекті мәселе болып отыр. Оқыту үрдісінде мұндай балаларға оқу материалын меңгерту үшін арнайы мектептер мен мекемелерде арнайы білім берудің мазмұны мен әдістерін жасау және оны негіздеу қажет. Әсіресе ауылдық жерлерде туа біткен, сонымен қатар еліміздегі экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуынан, тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулар салдарынан, мектепке бару бақыты бұйырмаған балалар бар. Осы балаларды психологиялық ойындар көмегімен дене кемістігін қалпына келтіріп, сол арқылы психологиялық саулығын сақтап, бала мүгедектігінің деңгейін төмендетуге мектеп психологтары аз да болса өз үлесімізді қосып алдымызға мақсат етіп келеміз. Әр психолог үйден оқитын балаға барғанда біріншіден баланың көңіл күйіне қарап, динамикалық бақылау күнделігін жүргізіп отырады. Баланы мектепішілік іс-шараға қатыстырады немесе көрермен ретінде көруге шақырады. Екіншіден баланың үйіне барғанда ата-анасымен сөйлеседі, пікірлеседі, кеңес беріп отырады. Тек қана баланың өзімен жұмыс жасағаннан көрі ата-анасымен қосылып, жұмыс жасаған балаға қатты ұнайды. Ол үшін үйден оқитын оқушының отбасылық әлеуметтік жағдайын, жас ерекшелігін ескере отырып, балаға ешқандай қиыншылық туғызбайтын өз іс-тәжірибемде қолданып жүрген, ата-анасымен бірлесе жүргізген, баланың өзіне арналған коррекциялық ойындарды ұсынамын. Әрбір мұғалім жеке балаға сабақ бергенде сабағына қолдануға болады.

Баланың қуанышы мен реніші ойында анық байқалады. Ойын кезінде баланың психологиялық ерекшелігі мынадан көрінеді:

1. Олар ойланады.

2. Эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, қиял елестері дамиды, баланың шығармашылық қабілеті мен дарыны ұшталады.

3. Ұжымдық сезімі қалыптасады.

4. Ерік қасиетін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.

Ақпараттық технологияны қолдану əдісі бойынша «Дэльфа–142,1» тренажерын қолдану.

«Дэльфа–142.1» логопедиялық тренажеры баланың ауызша жəне жазбаша сөйлеу тілін жан- жақты дамыту, түзету бағдарламасының кешенді түрі болып табылады. Ол кез келген дыбыс, əріп, буын, сөз, сөйлем сияқты сөйлеу тілінің бірліктерімен жұмыс жүргізуге, мынадай логопедиялық міндеттерді: сөйлеудің грамматикалық-лексикалық жақтарын дамыту мақсатымен тыныс алуды жəне дауысты түзету, сөйлеу бұзылыстарын түзету үрдісіне ойын элементтерін қосу, сөздік материал мен жаттығу типтерін жан-жақты қарастыруға, түрлі мақсатқа сай материалдарды қолдануға (суреттер, əріптер, буындар, сөздер, сөйлемдер), баланың жеке мүмкіншіліктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар беруге, логопедиялық жұмыспен қатар баланың қабылдауын, зейінін, еске сақтауын дамытуға мүмкіндік береді.

Тренажерлар зиятында ауытқуы бар, тірек-қимыл аппаратында бұзылысы бар, сөйлеу бұзылысы бар балалардың психологиялық ерекшеліктеріне жəне қабылдау ерекшеліктеріне сəйкес жасалады.

М. Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауына, топта да, жеке де жұмыс жасай алуына, таңдау жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады. Бұл әдістің мақсаты - балалардың табиғи мінезін, қабілетін, тәрбиешінің нұсқауымен емес, өз еркімен тәуелсіздік рухында тәрбиелеу. «Өзімнің жасауыма мүмкіндік бер»дейді мұндағы бала. Балаларға дауыстап сөйлеу бұл әдісте мүлдем жоқ. Ұйымдастырушысы балаларға әр сала жайлы қызықтыра мағлұмат береді. Балалардың жас ерекшеліктері әр түрлі, 3пен 6 жас бірге өз қалауларымен жұмыс жасайды. Бұл жастың қабілетін ашуға, үлкеннің кішіге мейірім, қамқорлығын сезінуге мүмкіндік берері сөзсіз. Қай салада жұмыс жасау бала қалауында: зертханада, жаратылыстану, аспан әлемі, асхана, қолөнер, бейнелеу, сумен, т. б. Еркін жұмыс жасау барысында жетістігін өзі көріп, қатесін де өзі жөндеуі - ішкі дүниесін тәртіпке баулып, жеке адамгершілік қасиеттерін дамытады деп ойлаймын.

Арт-терапия мүмкіндігі 

- балада когнитивтік дағды қалыптастырады: назарды, жадыны және ойлау қабілетін дамытады;

- әдеттегіден өзгеше ракурс арқылы өмірлік тәжірибесін жетілдіреді ;

- бейнелі, қимылдық және дыбыстық құралдарды қолдана отырып, қарым-қатынас жасауға үйренеді, өзі және өзгелер риза боларлықтай мәнерлі сөйлеуге дағдыланады құнды, әлеуметтік дағды қалыптастырады;

 - жаңа рольдерді меңгеріп, жеке тұлғаның беймәлім қырларын ашып, оны бақылауды үйренеді;

 - өзін-өзі бағалауын көтереді;

 - шешім қабылдап үйрену дағдысын жетілдіреді; 

- босаңсу, жағымсыз ойлар мен жағымсыз сезімдерге бой алдырмауға көмектеседі; 

- бейнелеу өнерімен, әуенмен шұғылданып, шығармашылық қабілетін шыңдайды.

Ойын терапиясы ( Воскобович, Ибука әдістемелері )

Воскобович әдістемесінің негізгі принциптер.

Воскобович ойындары кішкентай балалар мен одан жасы үлкен балаларға да арналған. Себебі ол ойындарды ауыстырып баланың ыңғайына келтіріп алуға болады. Бұл ойындар тек дамытпайды, сонымен қатар оқытады және үйретеді. Осы ойыншықтардың көмегімен бала көптеген жаңа сөздерді, сандар мен әріптерді үйренеді, олардың логикалық ойлау қабілеттері және ұсақ қол моторикасы дамиды.

Күтілетін нәтиже:

Ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.

Ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.

Эстетикалық тәрбие беру құралына айналады.

Еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.

Дене күшінің жетілуіне көмектеседі.

Глен Доманның методикасы

Г.Доман американдық   физиотерапевт дәрігер. 1960 жылы Глен   Доман миының зақымдануынан зардап шегетін балалармен  тәжірибесі туралы мақала жариялаған кезде ата-ана тәрбиесі  мен оңалту саласында төңкеріс жасады. Содан бері оның техникасы   әлемге танымал болды. 

Глен Доманның оқу карточкалары. Оқуды үйрету әдістемесі Глен Доман баланың бүкіл сөзді есте сақтауы әлдеқайда оңай деген қорытындыға келді. Доман сөздер жазылған карталарды көрсету арқылы оқуды үйретуді ұсынады. Баланың  назарын оларға аудару үшін сөздер үлкен және контрастты ақ фонда ашық (қызыл) болуы керек. Мұндай карталарды жылдам және белгілі бір тәртіпте көрсету керек. 5 картадан тұратын топқа 5 секунд уақыт беріледі. Бүкіл сабақ үшін (күніне 3 рет) - 15 секунд.  Кейінірек карталардың саны артады, ал олардағы шрифт азайып, қара түске боялады-жасы өскен сайын балада ұсақ бөлшектерді тану қабілеті дамиды.

 «Артығын тап»

  Оқушының  бейнелі – логикалық  ойлау процесін,  жалпылау мен талдау ақыл-ой операцияларын зерттеу.

Әдістемеде  балаларға  әртүрлі  заттар  бейнеленген суреттер сериясы ұсынылады. Бұл әдістеме мектеп алды даярлық топ   балаларына   арналған.

Нұсқау. Әр суретте  бейнеленген  төрт  заттың  біреуі  артық. Суретке мұқият қарап, қай зат және неліктен  артық екенін  анықта.

Тапсырманы орындауға 3 минут  беріледі.

 Осы әдіс-тәсілдердің мұғалім бойындағы қалыптасуы мұғалімнің шығармашылдыққа бет бұрғандығының көрсеткіші бола алады. Алғашында оқушы алдындағы сенімге ие болу мен танылу, жаңашылдық пен шығармашылыққа ұмтылу, өзіндік жетілу мен өзіндік даму, баламен жұмыс жасау барысындағы қиыншылықтарды оңтайлы шешу, балада білімге деген талпынысты қалыптастыру, өзін өз ісінің шебері ретінде таныту мен адал қызмет жасау түрінде байқала бастаған қызмет түрткілері құзырлылықтың, кәсібиліктің негізіне айналады. Кәсіби құзырлылық деңгейіне жеткен маман шығармашылық жұмыс нәтижесінде өзіндік тәжірибесінің ерекшеліктерін көруге, өз тәжірибесінің мақсатқа жетудегі артықшылықтарын, оған жетудің тиімді жолдарын және болжамды нәтижені сипаттап, ұзақ уақыт тиімді де, жоғары нәтижені ұстап тұру мүмкіндігіне ие болады. Тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізсеңіз, баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылар оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Білім беру мазмұнын жаңарту аясында өз кәсіби біліктілігімізді шыңдап, құзыреттілігімізді қалыптастырсақ қана тиімді нәтижеге жетеміз деп сеніммен айта аламын. Жаңа әдіс-тәсілдерді жүзеге асыру, тиімділігіне қарай пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсат — мүддесіне байланысты,өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады. 



Əдебиеттер тізімі


1. Юханнсон И. Особое детство / Пер. со швед. О. Б. Рожанской. М.: Центр лечебной педагогики,

2. Аршатская О.С. Психологическая помощь ребенку раннего возраста при формирующемся детском аутизме //Дефектология. ¾ 2005. ¾ № 2. ¾ С. 46-56.

3. Егоров С. Ф. К. Д. Ушинский. М., Просвещение, 1977

4.Педагогика. Учебное пособие для студентов педагогических вузов и педагогических колледжей / Под. Ред. П.И. Пидкасистого. — М: Педаг. Общество, 1998. — 640 с.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ